Директ-костинг әдісі туралы



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

"Есеп және аудит" кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Басқару есебі II

Тақырыбы: Директ-костинг әдісі

Орындаған:
Тексерген:

Семей
2018
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ДИРЕКТ-КОСТИНГ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... 6
0.1 Директ-костинг әдісінің пайда болуы, мәні, ерекшелігі және дамуы ... ... ..6
0.2 Директ-костинг әдісі туралы Қазақстандық және шетелдік авторлардың көзқарастары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлері ... ... ... ... ... ... 10
0.3 Директ-костинг бойынша шығындарды классификациялау ... ... ... ... ... ... 12

1 ДИРЕКТ-КОСТИНГ ӘДІСІ БОЙЫНША ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ШЫҒЫН ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ...15
0.1 Директ-костинг бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ..15
0.2 Директ-костинг әдісі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау...20

3 ДИРЕКТ-КОСТИНГ ӘДІСІНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН БАСҚАРУ ШЕШІМІНІҢ НЕГІЗІНЕ ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...26
3.1 Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.2 Директ-костинг әдісі негізінде басқару шешімін қабылдау ... ... ... ... ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Соның ішінде, басқарушылық есептің ауқымды аймақтарының бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру, нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтардың басқарушылық есеп жүйесіндегі өндірістік есепте алатын маңызы зор.
Әсіресе қазіргі біздің елдегі нарықтық қатынастардың дамуы шарттарында басқарушылық есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтижесінде басқарушылық есеп және оның жүйесі - калькуляциялаудың мәселелері өзгеріп дамуда.
Директ-костинг әдісі - бұл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық есеп жүйесі.
Директ-костинг әдісінің негізгі идеялары Шет елдердің Дж. Фостер, К. Друри, Дж. Риса, Р. Энтони және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып жазылған. Ал ТМД елдерінің М.А. Вахрушкина, К.Ш. Дюсембаева, Т.П. Карпов, В.Э. Керимов еңбектерінде қарастырылған.
Директ-костинг әдісі негізіндегі басты принцип - айнымалы және шығындарды бөлек есептеу және тұрақты шығындырды есеп беру кезеңінің зияны ретінде қарастыруы. Осы жүйе бойынша өзіндік құнды калькуляция-лау технологиясы өндірістің кез келген көлемінде тұрақты шығындарды өзгермейтін көлем деп белгілейді.
Директ-костинг әдісінің бірнеше айрықша ерекшеліктері бар:
* өндірістік есепті айнымалы және тұрақты деп бөлуі;
* өнімнің өзіндік құнын шектелген шығын бойынша калькуляциялау;
* табыс туралы есеп берудің көп кезеңдерден тұруы.
Осыған байланысты осы курстық жұмыстың тақырыбы өзекті деп
айтуға болады.
Директ-костинг әдісін пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынньң қаржы жағдайын тұрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Әдістің ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік құнын тек айнымалы шығындармен шектеп, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жұмысын, есеп және бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар жақсырақ бақыланатын болады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, директ-костинг әдісінің пайда болуы және дамуы, директ-костинг әдісі бойынша шығындарды классифика-циялау, директ-костинг әдісі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру міндеттері бойынша толық ақпараттар беріліп, директ-костинг әдісі дамуы тарихы мен шығындарының жіктеу, жүйеге сәйкес өндірістік есепті ұйымдастыру тәсілдері көрсетіледі.
Екінші бөлімде, директ костинг әдісі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, ал үшінші бөлімде, кәсіпорынның зиянсыздығын талдау, ұйымның зиянсыздық деңгейін түрлі тәсілдермен зерттеп, талдау жасалынады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - басқарушылық шешімдерді қабылдау-дағы жүйенің маңыздылығын ашу, қазіргі еліміздегі нарықтық қатынастар-дың қалыптасуы және бухгалтерлік есепті реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретіндігін, директ-костинг әдісін қолданудың тиімділігі мен дұрыстығын талдау.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- жүйенің теориялық аспектілерін қарастыру;
- өндірістік есепті ұйымдастыруды көрсету;
- шығындардың осы жүйе бойынша жіктемесін зерттеу;
- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін жетілдіру;
- жүйе негізінде кәсіпорын зиянсыздығын талдау.

1 ДИРЕКТ-КОСТИНГ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Директ-костинг әдісінің пайда болуы, мәні, ерекшелігі және дамуы

Алғаш рет шығындарды тұрақты және айнымалы деп неміс ғалымдары Т.Е. Клипштейн, О.Шманбах және Г.Гесс бөлді. Бірақ олар бұл классифика-цияның шарттарын нақты құра алған жоқ. Шығындарды өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты және айнамалыға бөліп нақты құрған 1923 жылы Дж. Кларк болды. Ол өндірістің жиынтық шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу қажеттігіне негіздеді. Тұрақты шығындарға ол негізгі капитал амортизациясын, әкімшілік және техникалық персоналға кететін шығындарды жатқызады. Дж. Кларктың айтуынша айнымалы шығындар - бұл өндірістік өнім көлеміне тәуелді материалдар мен шикізаттар бағасы, электроэнергия, жұмыс күші құралдар эксплуатациясы.
1930 жылдары директ-костинг идеясының дамуына К.Руммель, В. Раутенштараух, Дж.Ульямс және Ч.М. Кноппель көп үлес қосты. Олар директ-костинг принципі бойынша шығын есебін ақпараттық құрал ретінде пайдалануды, практикалық меңгеруді, аралық бюджет және өндірістің критикалық көлемін дайындап шығарды. Соңғы графикте көлем, өзіндік құн және пайда көрсеткіштері арасындағы байланыс жақсы көрінеді. Бұл жүйенің негізгі идеясын 1936 жылы американдық экономист Д.Ч. Хоррис құрды.
Директ-костинг әдісінің АҚШ-та пайдалана басталуы 1953 ж. американдық бухгалтерлер ассоциациясы бұл әдісті жариялауымен байла-нысты болды. 1961 ж. осы ассоциация директ-костинг қолданған 50 ірі фирманың талдауын жариялады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін директ-костинг әдісін ұйымдас-тыруда неміс ғалымы Г.Г. Плаут үлкен үлес қосты. Ол жүйеде жоспарлы шығын есебі мен шекті шығын есебін біріктірген стандартты директ-костинг интегралды жүйесін құруға бас бұрды.
Халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі өзінің даму процесінде 5 эволюциялық кезеңнен өтті:
- саудалық (1800 жылға дейін);
- кәсіпкерлік (1900 жылға дейін);
- ұйымық (1950 жылға дейін);
- оптимизациялық (1950-1975);
- стратегиялық (1975 жылдан бастап).
Басты кезеңдердің бірі оптимизациялық кезең болып табылады. Бұл кезең бухгалтерия тактикалық мәселелелерді шешумен қатар ЭЕМ-де есеп беруді пайдалану негізінде басқарудың стратегиялық мәселелерін шеше бастады және директ-костинг есеп әдісі негізі болып табылатын өндіріс көлеміне байланысты шығындардың тұрақты және айнымалы болып бөлінуімен сипатталады.
Қазіргі уақытта әлемдік практикада директ-костингтің екі нұсқасы қолданылады:
* есепте тек айнымалы шығындар пайдалануға негізделген қарапайым директ-костинг;
* дамыған директ-костинг, бұл жағдайда өндірісте және өнімді өткізуде өзіндік құнға айнымалы шығынмен бірге тұрақты шығын есепке алынады.
Қарапайым директ-костингтің екі сипаты бар:
1. Бұл әдіс тұтас кәсіпорындағы шығару, өткізу және шығындарды талдау үшін қолданылады.
2. Бұйымның өзіндік құнына кіретін шығын векторының критерийі де олардың айнымалы болып келеді.
Дамыған директ-костинг қарапайым директ-костинг артықшылығын сақтайды, бұйымдар бойынша маржа анықтауға негізделген бірақ оның кемшіліктерін сақтамаған, егер бұйымдар мен байланысты тұрақты шығындардың спецификалық сипатын ескеретін болсақ. Дамыған директ-костинг және маржиналдық есеп нұсқаларын шетел кәсіпорындарының практикасында қолданылатын талдау шығын басқару тиімділігінің жоғары-лағанын және оларды соңғы нәтижемен өлшеуге болатынын көрсетеді.
Бұндай салыстыру мыналар бойынша:
- ұйымдар;
- пайда орталығы;
- рентабельділік орталығы;
- өзіндік құн орталықтары;
- өнімді өткізудің географиялық зоналары;
- тұтынушылар категориялары;
- ноу-хау;
- қызметтің басқа да ішкі және сыртқы сегменттері.
Директ-костинг идеясы бүгінде шығындар мен қаржылық нәтиже бойынша бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында көрсетілген. Бұл шығын стандартына сәйкес есеп беру периодының ұзақтығына тәуелді және кәсіпорынды басқарумен байланыстыруды бұйымның өзіндік құнына қоспауға, ал кәсіпорынның жиынтық табысын жабуға болады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік баға құруды орталықтандыру шарттарында ақталған бұйымдар арасындар үстеме шығындарды таратумен байланысты толық өзіндік құн есебі қолданылады. Кәсіпорындағы мүліктің әртүрлілігі бойынша, мемлекет кәсіпорынды приватизациялау процесіне байланысты баға құрудың еркін механизмі мен өндіретін өнімнің ассортиментін өзіндік жоспарлау орын алған.
Осындай директ-костингті пайдаланудың басты шарты нарықтық экономиканың қалыптасуы. Бұл бухгалтерлік есептің өзгеруін қажет етеді, ең алдымен бухгалтерлік есептің жедел, аналитикалық ақпараттың таратылуына бағытталған.
Сондай-ақ директ-костинг ерекшелігіне өзіндік құнды калькуляциялау-дың объектілігі және қарапайымдылығы жатады, себебі осы әдісті қолданғанда тұрақты шығындар тарату шартты емес, сонымен қатар әрбір кездердегі өзіндік құнды, айнымалы шығынды абсолютті және салыстыр-малы маржа бойынша салыстыруға, жоғарыда айтылғандар бойынша бұйым-ның рентабельділігін анықтауға болады.
Директ-костингті қолдану, біріншіден, көптеген қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды тұрақты және айнымалыға нақты тарату қиындығы. Шығындардың тұрақты және айнымалы деп бөлінуі тұрақты және мәңгілік емес, ол қызметтің шарттарының өзгеруіне байланысты қарастырылады. Сонымен қатар бір шығын әртүрлі шарттарда, өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты басқаша да болуы мүмкін. Мысалы, жұмыскердің еңбекақысы бір жерде айнымалы, екінші жерде жартылай айнымалы, ал үшінші жағдайда өнім көлеміне байланысты мүлде өзгермейді.
Екіншіден, директ-костинг өндірілетін өнім қанша тұрады және толық өзіндік құны қанша деген сұраққа жауап бермейді. Үшіншіден, қысқартыл-ған баптар номенклатурасы бойынша есеп жүргізу отандық есептің қажет-тіліктеріне жауап бермейді. Сонғы кездердегі басты мәселенің бірі нақты калькуляциялауды құру. Бұл кемшілікті жоққа шығаруға болады, себебі өнім бірлігінің өзіндік құнын 100% нақты есептеген шығындарды калькуляция-лаудың жүйесі жоқ. Төртіншіден, директ-костинг қолданған кезде салық органдарымен арадағы қатынас қиындай түседі, себебі салық салынатын өндіріске шығын мен пайда есеп айрысу жолымен анықталады. Халықаралық есеп стандарттарына сәйкес директ-костинг есеп беру және салықпен есеп айрысу үшін қолданылмайды. Ол ішкі техника-экономикалық талдау және жедел басқару шешімін қабылдау үшін қолданылады. Бесіншіден, бұл жүйені қолдану барысында өнімге қойылған баға кәсіпорынның барлық шығын-дарын жабуды қамтамасыз етеді. Ал кейбір бұйымдардың бағасын төмендеткен жағдайда бөлінбейтін тұрақты шығын маржамен жабылмай қалу қауіпі туады, сол кезде кәсіпорын зияндар зонасына түседі.
1.2 Директ-костинг әдісі туралы Қазақстандық және шетелдік авторлардың көзқарастары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлері

Бұл жүйенің мәні туралы арнайы әдебиетте біржақты көзқарас жоқ екенін атап өту керек. Біраз авторлар директ-костинг - бұл өндіріс шығындарының есебінің жүйесі деп есептейді. С.С. Стуков оны "өндірістік шығындардың қысқартылған номенклатурасы бойынша тек айнымалы шығындар бөлігінде есепті жүргізу деп атайды. Басқа авторлар директ-костинг әдісін калькуляциялауға жатқызады. Қазақстандық автор С.С. Сатыбалдин былай деп жазады: "Біздің көзқарасымыз бойынша, осы әдістің мазмұнын әлдеқайда дұрысырақ сипаттайтын термин айнымалы шығындар-дың өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады", дегенмен осы сілтеме алынған оның монографиясының тарауы Директ-костинг әдісі бойынша өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау" деп аталады. Осы жүйені калькуляциялаудың бір әдісі деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач "директ-костинг" терминінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасы "қиылған өзіндік құн" емес, "пропорционалды өзіндік құн" деп есептейді. В.Ф. Палий өз еңбегінде директ-костинг әдісін "тікелей шығындар бойынша калькуляциялау" деп, ал С.А. Стуков "шектелген өзіндік құнды есепке алу әдісі" деп атайды.
Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор директ-костинг әдісі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау-дың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді.
Директ-костинг әдісі, өндіріс шығындарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды бірге байланыстырады деген де көзқарас бар.
Директ-костинг әдісін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты және айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. Директ-костинг әдісін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды, себебі өндіріс шығын-дары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықталады. "Сонымен қатар, - деп жазады профессор В.К. Радостовец - шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу есептің бақылау және талдау мүмкіндіктерін күшейтеді, ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді". Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу шарттылығының кемшіліктері директ-костинг әдісінің аналитикалық артықшылықтарымен жабылады, олардың негізгілері:
- шығарылған өнімдердің сүрыпталымы мен табысын үйлестіру;
- жаңа өнім бағасын анықтау;
- өндіріс тиімділігін бағалау;
- қосымша тапсырыс қабылдау, жабдықтарды ауыстыру тиімділігін бағалау және тағы басқалар болып табылады.
Директ-костинг әдісі - бұл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық есеп жүйесі. С.С. Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өндірістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бұл директ-костинг әдісінің екінші ерекшелігі болып табылады. Бұл көзқараспен С.А. Николаева келіспейді, ол "бұл жүйе бойынша өндірістік есеп қаржылық есептен бөлек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" - деп санайды. С.С. Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойындаған және олардың интеграциясына негізделген директ-костингтің харрисовтық жүйесін дұрыс көрсетеді. Американдық оқулықта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. Оның мәні - өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі. Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының көзқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр .
Профессор С.С. Сатыбалдин, АҚШ-та тәжірибе алмасуда болып, осы мәселені терең және жан-жақты зерттеді. Ол директ-костинг әдісінің ерекше-ліктерін дұрыс көрсеткен. Ол оның үшінші белгісі деп өнеркәсіптік фирма-ның табыстары туралы көп сатылы есеп процесін атайды.
Директ-костинг әдісі бойынша жасалған табыс туралы есепте айнымалы шығындардың, өткізу бағасының және өткізілетін өнім санының өзгеруі салдарынан негізгі қызметтен түскен табыстың өзгеріске ұшырағаны көрінеді. Жүйеде алынатын ақпараттар баға мен көлемнің ең тиімді әдістерін табуға, негізгі қызметтен түсетін табыс көлемін болжауға мүмкіндік береді. Бұл директ-костинг әдісінің төртінші ерекшелігі болып табылады.

0.3 Директ-костинг бойынша шығындарды классификациялау

Басқару есебінің басты объектісінің бірі өнім өндіруге және оны өткізуге кеткен еңбек шығыны болып табылады. Экономикалық әдебиеттер-де оларды өндірістік шығындар деп атайды. Олар қандайда бір мақсатқа пайдаланылатын ресурстардың құнының ақшалай өлшемі болып келеді.
Шығын есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте зор. Зерттелетін объектілер тану әдістерінің бірі - классификациялау болып табылады. Классификация - бұл объектілерді ортақ белгелері негізінде кластарға бөлу. Неғұрлым классификация белгілері көп болса, соғұрлым объектіні тану деңгейі жоғары болады.
Шығындар классификациясы - басқару шешімін қабылдау, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру, ақпарат алу және оларды жедел басқару үшін анықталған белгілері бойынша оларды топтастыру. Ол өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, өндірістік шығынды талдау және есепті ұйымдастыру негізінде жатыр. Классификация бір шығынды екінші шығыннан ажырата-тын барлық белгілерді көрсетеді.

1-кесте. Өндірістік шығындарды классификациялау
Классификация белгілері
Шығындардың бөлінуі
Экономикалық элементі бойынша
Шығындардың экономикалық элементі
Өзіндік құнның баптары бойынша
Өзіндік құнды калькуляциялау баптары
Экономикалық рөлі бойынша
Негізгі, үстеме
Құрамы бойынша
Бір элементтік, комплекстік
Тиімділігі бойынша
Өндірістік, өндірістік емес
Жоспарда қамтылуы бойынша
Жоспарлық, жоспарлық емес
Өндіріс көлеміне байланысты
Тұрақты, айнымалы
Пайда болу уақыты бойынша
Ағымдық, біруақыттық
Дайын өнімге байланысы бойынша
Аяқталмаған өндіріс, дайын өнім

Экономикалық элементтері бойынша шығындар қаржылық есепте топтастырылады. Бұндай топтастыру қаржылық есепте қарапайым әрекеттер бойынша соңғы нәтижені анықтауға мүмкіндік береді. Элементтер бойынша дегенде өндірісті ұйымдастыруға және технологияға кеткен біртекті шығын-дар түрлері айтылады. Шығындар баптары бойынша басқару есебінде топталады. Өндірілген өнімнің құнын есептеу үшін өндіріс процесінде шығын қалай көрсетілгені ғана емес және олар қандай мақсатпен жұмсалғанын білу керек. Олардың бағыты және технологиялық процеске қатынасын да білу қажет. Бұндай топтау өзіндік құнды оның құрамдас бөліктері арқылы және өндірістің кейбір түрлері бойынша талдауға мүмкіндік береді. Шығындар келесі баптар бойынша топталады:
* материалдар;
* еңбекақы;
* сақтандыруға есептеулер;
* үстеме шығындар.
Отандық тәжірибеде элементтер бойынша шығындарды топтау барлық өндірістік кәсіпорында қолданылуы міндетті түрде болып табылады. Бұл ең алдымен өндірістің салаларына сәйкес өзіндік құнға кіретін шығынның біртектілігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Шығындар өндірістің көлемінің өзгеруіне қарай тұрақты және айнымалы шығын болып бөлінеді. Айнамалы шығын деп өндірістің көлемі немесе өндірістік күштің өзгеру деңгейіне байланысты жалпы сомасы өзгеретін шығындарды айтады. Оларға, мысалы, негізгі материалдар мен шикізаттарға шығындар, техникалық мақсаттарға отын және энергия, негізгі өндірістік жұмысқа еңбекақы жатады. Өнімнің бірлігіне есептегенде бұл шығындар өзгермейді.

1 ДИРЕКТ-КОСТИНГ ӘДІСІ БОЙЫНША ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ШЫҒЫН ЕСЕБІН ҰЙЫМ-ДАСТЫРУ

2.1 Директ-костинг бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру

Өндірістік есепті ұйымдастыру, біріншіден, пайдаланатын бухгалтерлік шоттар жүйесі, екіншіден, өз шығындарын топтаудағы кәсіпорынның қолданатын шешімдерін айтуға болады. Бухгалтерлік есеп жүйесінің ерекшелігі оның 2 сала бойынша бөлінуінде: қаржылық және басқару есебі.
Қаржылық есеп пайдаланушылары жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар инвестор, кредитор және т.б. қаржылық ұйымдарына есептік ақпарат-тың дайындалу процесі. Оның мақсаты - сыртқы пайдаланушыларға қаржы-лық есеп беру.
Басқару есебі басқаруды жоспарлау үшін және кәсіпорынның әрекетін өндірістік-коммерциялық бағалау үшін ақпарат дайындау процесін қамтиды. Бұл процеске басқару ақпараттарын жинау, дайындау, талдау, сақтау жатады.
Әлемдік тәжірибеде өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегілерден шыға отырып, әртүрлі әдістермен анықталады.
1. шығындар және нәтиже туралы мәліметтерді қолдану сферасы:
* басқару функциясы бойынша: жабдықтау, өндіріс, өткізу, әкімшілік;
* жауапкершіліктің 4 типі бойынша: шығын, түсім, пайда, инвестиция;
* қызметтің сегменті бойынша: өткізу каналы, елдегі аудан, сатушылар категориясы;
2. калькуляциялау түрі бойынша: оптималды, нормативтік, бюджеттік, орташа өзіндік құн;
3. өнімнің өзіндік құнының құрылымы бойынша: толық, қысқартылған;
4. шығынды калькуляциялау әдісінен шыға: стандарт-кост, коэффицент әдісі, қарапайым және дамыған директ-костинг.
Шығын түрі бойынша есеп. Бұл есептің бағытында шығындарды біртекті элементі бойынша және калькуляциялау баптары бойынша топтас-тырылады. Бұл топтастыру өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауға өте қажет. Шығын түрлері бойынша есептің міндеті берілген уақыт аралығында-ғы түрлері бойынша жүйелік шығын есебі. Ол кәсіпорын шығындарын вертикальды құрылымын көрсетеді. Бұндай есепті ұйымдастыру кәсіпорынға өндірілетін өнімнің өзіндік құнының құрылымын - шығынның өзіндік құнының жекелеген элементтерінің пайыздық қатынастары есептеуге мүмкіндік береді. Өзіндік құнды құрылымдық талдау нәтежесінде кәсіпорын-да оны төмендету бойынша резервтерді анықтау мүмкіндігі туады. Материал-дық өнімнің өзіндік құнын төмендету резерві болып материалды рационалды пайдалану есептеледі.
Егер түр бойынша шығындар есебі өндірістік шығындардың соңғы бақылауының бірінші шарты болса, өндірістік шығындардың ұйымдастыру-дың екінші бағыты - шығындарды орны бойынша есептеу. Шығындардың пайда болу орны - бұл өндірістік шығындар басқару және бақылау үшін өндірістік шығындар есебін нормативтеу және жоспарлауды іске асыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі. Шығындардың пайда болу орны жұмыс орындары, участок, бригада, цехтар, кәсіпорын бөлімдері болып келеді. Әрбір осындай участоктардың өздерінің тіркеу номері болады. Номер арқылы кәсіпорындағы шығындар пайда болу номенклатурасы бекітілді. Пайда болу орны бойынша топтау кәсіпорынның горизонтальды құрылымын көрсетеді. Бұндай есеп кәсіпорын жетекшілігіне мыналарды қамтамасыз етеді:
- шығындалған ресурстардың мақсаты бағытталуын, кәсіпорындағы жұмыс тиімділігін, соның ішінде оның құрылымдық бөлімдерін жан-жақты бақылау;
- үстеме шығындарды өнімнің жекелеген түрлері арасында бөлу;
- өнімнің қызмет өндіріс өз құнын анықтау.
Өндіріс шығындардың есебінің үшінші бағыты жауапкершілік орталықтар бойынша есеп. Бұл есепті өнімнің өз құнын бақылауды жақсарту мақсатында әрбір шығынға жауапты тұлғаны қою деп түсінуге болады. Жауапкершілік орталығы кәсіпорынның сегменті ретінде болуы мүмкін, ал қызметтердің нәтижесі үшін оның жетекшісі жауап береді. Жауапкершілік орталығы бойынша есепті ұйымдастырудың мақсаты сметадан ауытқу жауапкершілігі жауапты тұлғаға жүктелу үшін әрбір жауапкершілік орталығынан түсім мен шығыстар туралы мәліметтер жинау.
Шығыс есебінің төртінші бағыты - шығынды тасымалдаушылар бойынша есеп дегенде батыстық өндірістік есепте шығындарды олардың тасмалдаушыларына жатқызады. Шығындарды тасымалдаушы - нарыққа өткізуге дайындалған кәсіпорынның қызметі, өнімі. Технологияға байланыс-ты шығындарды тасмалдаушылар бұйым немесе жартылай фабрикат, біртекті бұйымдар тобы, біратаулы өнімдер сериясы, құрылыс объектілері бола алады. Директ-костинг өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кезінде тұрақты шығындар тасмалдаушылар арасында таратылмайды.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастыра-ды. Мұндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Директ костинг
Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен маңызы
Шығындардың бөлінуі
Зиянсындық нүктесі
Абзорпшен-костинг
Басқару есебінің директ-костинг жүйесі
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Кәсіпорынның табыстылығы
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
«Директ – костинг» әдісі
Пәндер