ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ


Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ӘОЖ 1(574) (091) +130. 3 Қолжазба қүқығында
РАҚЫМЖАНОВ БАҚЫТЖАН ҚАДЫРҐЛЫ
Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымына тарихи-философиялық
талдау
09. 00. 03 - философия тарихы
Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші: филос. ғыл. докторы, профессор Әбжанов Т. Ы.
Қазақстан Республикасы Алматы, 2005
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ШӘКӘРІМНЩ ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТШЩ ЕРЕКШЕЛІГІ
Шәкәрімнің ойшыл ретіндегі қалыптасу, тарихи жолдары 11
Таным процесіндегі ойшылдың дүниеге
шығармашылық көзқарасы 47
2 ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Шәкәрім дүниетанымындағы адамга қарай бетбүрыс 65
Қоғамдық ортаны жасаудағы адамның ролі 86
ҚОРЫТЫНДЫ 105
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 115
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық еңбек философия тарихы мамандығы бойынша жазылған зерттеу болып табылады. Оның ішінде қазақ халқының дана ойшылы Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымы тарихи-философиялық талдаудан өткізілді. Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымына тән даналық үлгілер жүмыста айқындалып, қазіргі гуманитарлық салаға ғылыми нәтижелер ретінде үсынылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ философиясын зерттеу, еліміз егемендігін алып, әлемге тәуелсіз мемлекет ретінде танылғаң заманда айрықша жолға қойылып отыр. Әрбір халық өзінің даму тарихында қайталанбас мәдениет қалыптастырып, сол арқылы оның өзіне тән дүниетанымдық болмысы сомдалады. Көшпелі өмір салтында қалыптасқан халықтық дүниетаным болашақ қазақ ойының дамуы мен өркендеуіне жол ашқан еді. Қазақ философиясы осы бір дәстүрлі дүниетанымнан бастау алып, дамып келеді.
Қазақ өнер арқылы өзін-өзІ таныған халық. Содан болар халқымыздың озық ойлы үлдары даналыққа кәсіп немесе міндет ретінде емес, оны өмірмен, өнермен үштастыра қараған, Дәл осындай дарынды түлғалар еліміздің тарихында аз емес. Сонау Қорқыттан бастағанның өзінде, Ж. Баласағүн, А. Иассауи, кейінгі жыраулар заманындағы ойшылдар, шешен-билер, кешегі ағартушылық мәдениет өкілдерінің қай-қайсысын алсақ та, ең алдымен олар дүниені тануға үмтылған ойшыл, әрі өнерпаз, дарынды түлғалар болған. Бүлар туған елімен бірге қиын-қыстау заманды басынан өткеріп, тарихпен бірге жасап келеді. Халқымыздың даналық рухын тану жолында қазақ ойының дамуына ерекше үлес қосқан ойшыл-түлғаларымыздың философиялық дүниетанымын зерттеу, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Еркін ойшылдыққа жол ашылған еліміз егемен заманда қазақ философиясының ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы ірі өкілдерінің бірі Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымын тарихи-философиялық түрғыдан зерттеудің маңызы зор деген ойдамыз. Шәкәрім дүниетанымын тарихи-философиялық түрғыдан зерттеу, ойшылдың шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді біртүтастықта, жүйелілікте қарастыра отырып, оның ойлау мәдениетІнің ерекшелігін тануға жол ашады.
Қазақтың қай ойшылын алып қарасақта, олардың шығармашылығы белгілі бір тарихи кезеңмен байланысты, қоғамдық қарама-қайшылықтардың негізінде қалыптасқандығын көруге болады. Шәкәрім Қүдайбердіүлының философиялық дүниетанымы мен шығармашылығы XIX ғасырдың екінші жартысы және XX ғасыр басындағы замана қайшылығымен, халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Оның үстіне, ойшылдың даналық дүниетанымы қазақ халқының үлттық философиясында ерекше орын алады, Шәкәрім дүниетанымының Шығыс пен Батыс халықтарының философиялық ілімдерін өз бойында жинақтап және сол ілімдердің негізінде қалыптасьш, жаңа жол - ар іліміне қарай бағыт сілтеп, Шығыс пен Батыс мәдениетінің аясында сүхбат қүруы, оның шығармашылығының маңыздылығын көрсетеді. Бүғінгі
жаһандану кезеңінде, әлем халықтарының мәдениеті бір-бірімен сүхбат қүру мүмкіндігіне ие болған заманда, Шәкәрімнің философиялық дүниетанымын бүл түрғыдан зерттеу ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оның шығармашылығында рухани сүхбаттың ерекше орын алғанын үмытпаған жөн. Сонымен қатар халқымыздың дана түлғаларының адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі заманға сай зерттеудің жас үрпаққа берер тағылымы мен тәлімі мол. Әсіресе, Шәкәрім көрсеткен ар іліміне бүгІнгі біздің қоғамдық өмірде қажеттілік туып түр.
Қазіргі замандағы маңызды мәселелердің бірі адамның еркіндігі туралы болғандықтан, адамдардың ішкі жан дүниесіндегі ар-үждан мен адамгершілік қасиеттері қоғам өмірінде басты орынға қойылуы тиіс. Бүл жолда тарихтан тәлім алып, оны философиялық түжырымнан өткізе білсек қана елдігімізді бағалап, тәуелсіздігімізді сақтап қалу мүмкіндігіне ие боламыз. Осы жолда үлттық рухтың ерекше формасы - үлттық философияны зерттеу, қазақ деген халықтың өзін-өзі тануына жол ашпақ.
Зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын дәйектеу барысында төмендегідей түжырымдарды келтіруге болады. Біріншіден, халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған танымал ойшыл түлғаларымыздың дүниетанымын тарихи-философиялық талдаудан өткізу халқымыздың даналық рухын тануда өзіндік үлес қоспақ; екіншіден, қазақ философиясы тарихының әрбір кезеңі мен ерекшелігін тануда ғылыми түжырым қалыптастырады; үшіншіден, дүниетанымның тарихын зерделеу қазақ мәдениетінің үрпақ сабақтастық байланысын нығайтып, біртүтас рухани күшке ие болуына жол ашады; төртіншіден, өткенді тану қоғамымыздың болашағын берік қалыптастыруға қызмет етпек.
Осындай ізгілікті істерді жүзеге асыруда Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымын философиялық түрғыдан зерттеу өз үлесін қосады деген пікірдеміз. Диссертациялық жүмыстың тақырыбы философия тарихы бойынша ғылыми зерттеу ретінде дүниетанымның даму ерекшелігін жан-жақты сараптамадан өткізуге негіз болады. Жүмыстың басты қүндылығы үлтымыздьщ ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығын жүйелеу болғандықтан бүл еңбек Шәкәрімдей ойшылдың дүниетаньшына жан-жақты тарихи-философиялық талдау жасауға арналады. Шәкәрім Қүдабердіүлы өмір сүрген заманнан бір ғасырға тарта уақыт өткенімен оның шығармашылғындағы көптеген идеялардың дәл қазіргі заманда өз мәнін жоғалтпағандығын айта кету керек.
XX ғасырдағы кеңес үкіметінің отарлаушылық саясатының салдарынан Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымын зерттемек түгілі, оған халық жауы деген жала жабылып, оның шығармаларының жарыққа шығуына тиым салынып, ойшылдың рухани мүрасының халқынан елу жылдан астам уақыт қол үзіп қалғаны белгілі. Тек бүгінгідей еліміз егемен заманда, мемлекеттің тарапынан "Мәдени мүра" бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынған кезеңде, Шәкәрімдей ғүлама ойшылдың даналық дүниетанымын жан-жақты зерттеуге жол ашылып, соның салдарынан ойшылға деген кеңестік дәуір пікірінің өзгеруіне жағдай туып отыр. Диссертациялық еңбектегі ғылыми зерттеудің
құндылық мәні де осындай жаңа замандық көзқарастың нәтижесі болып табылады.
Шәкәрім Қүдайбердіұлы қазақ ойшылы болғанымен оның дүниетанымдық түсініктеріне қарап, ойлау мәдениетінің адамзаттық деңгейге көтерілгендігін көреміз. Сондықтан ғүламаның айтып кеткен даналық тағылымдары мен дүниетанымдық түсініктерін жан-жақты адамзаттық деңгейде зерттеу неғүрлым үтымды да қажетті жағдай болып отыр. Шәкәрімнің адамзат қоғамының сан қилы қарама-қайшылыққа толы мәселелерімен таныс болуы, оның ғылыми, философиялық сауатының, интеллектуалдық деңгейінің жоғарылығы, ойшыл идеяларының айрықша даналық үлгілерінің ауқымдылығын аңғартып, қазіргі біз өмір сүріп отырған заманда жеке адам және түтас қоғам өміріндегі сан қилы мәселелердің мәніне көз жүгіртуге ерекше септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, диссертациялық зерттеу жүмысының тақырыбы Шәкәрімдей қазақ ойшылының дүниетанымын тарихи-философиялық түрғыдан талдауға, зерттеуге арналады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шәкәрім Қүдайбердіүлының бай, мол мүрасын жарыққа шығаруға алпыс жылға тарта уақыт тиым салынып келгеннен кейін оның ақталып халқымен қайта қауышқанына көп уақыт болмағаны баршамызға белгілі жағдай. Міне, осы аз уақыттың ішінде оның шығармашылығын зерттеу барысында ғалымдар біршама жетістіктерге жетті деп айтуға болады.
Шәкәрім шығармаларының жарық көре бастаған кезі, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңынан бастап-ақ, оның дүниетанымын педагогика, әдебиеттану, дінтану, философия ғылымдарының тарапынан зерттеу жүмысы басталып кетті. Әсіресе, ойшылдың дүниетанымын философиялық түрғыдан зерттеген А. Амребаев [1], А. Айтпаева [2], Г. Әбдірасылова [3] және тағы басқа ғалымдар диссертациялық жүмыстар қорғады. Біз осы еңбегімізде аталмыш ғалымдардың ғылыми түжырымдарымен санастық. Сонымен қатар диссертациялық жүмыста Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылығы жайындағы әдебиетшілер мен философтардың, атап айтқанда Қ. Мүқаметханов [4], М. Мағауин [5], Ғ. Есім [6], Б. Әбдіғазиүлы [7], Г. Барлыбаева [8], С. Ізтілеуова [9] сияқты ғалымдардың жекелеген еңбектері мен зерттеу мақалаларындағы пайымдаулары ескерілді.
Біз зерттеу жүмысымызда, адам мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың Шәкәрім шығармашылығындағы көрінісіне тарихи-философиялық түрғыдан талдау жасадық. Философиялық дүниетанымның мәнін ашып көрсетуде басшылыққа алған негізгі қағидамыз - ақыл-ой иесі, өз заманының озық ойлы кемеңгері - Шәкәрімді ойшыл ретінде тудырған да осы қоғам қайшылығы. Сонымен қатар ойшылдың көтерген философиялық мәселелері философия тарихы арқылы, адамзат өміріндегі өмірмәндік проблемалар ескеріле отырып зерделенді.
Ойшыл қашанда өзінің парызын, нақты бар болмысымен, халқының, ар-үжданның алдында абыройлы атқара білген. Ол бүл жолда өмір мектебінен өтіп, дәстүрлі қазақ мәдениетінен, Шығыс пен Батыс ілімдерінен бірдей сусындап, оған ақыл көзімен қарайды. Қашанда біржақты болудан өзін аулақ
ұстаған Шәкәрім адамның таным процесіндегі өзіндік санасының ерекшелігіне айрықша назар аударып, оны өз шығармаларында "жүрек таразысы" деп атаған[10, 66 б. ] - Сондықтан да біз зерттеу жұмысымызда ойшылдың таным процесіндегі ойлау мәдениетінің қалыптасуына және ерекшелігіне де назар аудардық. Диссертациялық жүмыста ойшылдың дүниетанымын тарихи-философиялық түрғыдан зерттеу арқылы, оның шығармашылығы мен дүниетанымының қазақ философиясындағы орнын айқындау бағытында ізденістер жасалды. Сонымен қатар ойшыл көтерген көптеген философиялық мәселелердің, философия тарихындағы маңыздылығы мен бүгінгі замандағы мәніне баса назар аударылады.
Шәкәрім өмІр сүрген замандағы ойшылды толғантқан әлеуметтік мәселелерді философиялық түрғыдан талдау барысында Ә. Бөкейханов [11], Ж. Аймауытов [12] сияқыт Алаш қайраткерлерінің Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылығы мен өміріне байланысты естелік әңгімелері қолданылды. Бүл туралы сөз болғанда Ахат Шәкәрімүлының "Менің әкем халық үлы -Шәкәрім" атты ғүмырбаяндық шығармасын ерекше атап өтуге болады [13] . Аталмыш шығарма Шәкәрім өмірінің айтарлықтай маңызды кезеңдеріне қатысты жағдайларға талдау жасауда ерекше көмекші қүрал болды деп айта аламыз. Ахат Шәкәрімүлының ғүмырбаяндық шығармасынан Шәкәрім өмірінің ең бір қарама-қайшылыққа толы кезеңдері туралы қүнды мағлүматтар алуға болады.
Дегенмен Шәкәрім Қүдайбердіүлыньщ дүниетанымын әрі қарай жан-жақты зерттеу барысында көптеген қайшылықтардың туындайтыны заңды қүбылыс. Ойшылдың дүниетанымына тарихи-философиялық талдау беру барысында қазақ даласының ойшылдарының даналық ой-толғамдарын, халқымыздың дүниетанымын талдаудан өткізген авторлардың еңбектеріне сүйендік. Әсіресе, М. С. Бурабаев [14], Т. Х. Рысқалиев [15], А. Қ. Қасымжанов [16], Н. Л. Сейтахметова [17], А. Қ. Қасабек [18], Ғ. Есімов [19], С. Н. Ақатай [20], және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Ескере кететін негізгі жайттардың бірі Шәкәрім Қүдайбердіүлының Шығыс пен Батыстың дүниетанымынан бірдей сусындаған ойшыл екендігі. Сондықтан оның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау беру барысында Батыс пен Шығыс мәдениетінің ерекшеліктерін салыстырмалық сараптамадан өткізген авторлардың зерттеу жүмыстарына және жалпы философия тарихы бойынша зерттеу жүргізіп, көзқарас қалыптастырған ғалымдардың еңбектеріне сүйену қажеттілігі туындап, ғылыми методологиялық жағынан отандық авторлардың еңбектерінің көп көмегі тиді. Әсіресе, зерттеу барысында бағыт-бағдар болған еңбектердің қатарына Ж. М. Абдильдиннің [21], Ә. Н. Нысанбаевтың [22], Қ. Әбішевтің [23], Т. Әбжановтың [24], А. А. Хамидовтің [25], Г. Г. Соловьеваның [26], Г. К. Шалабаеваның [27], А. Г. Косиченконың [28], Г. В. Малининнің [29], М. З. Изотовтың [30], С. Е. Нүрмүратовтың [31] ғылыми-философиялық зертеулері жатады.
Қазақ философиясының тарихы әлемдік философияның бір бөлігі болғандықтан оны зерттеу қолға алынып, отандық ғалымдар көптеген
жетістіктерге қол жеткізді. Сол жетістіктердің әдістемелік, теориялық бағдарларын өз жүмысымызда қажетінше пайдаландық. Бірнеше тарихи кезеңдерден түратын, қарама-қайшылыққа толы қазақ философиясын методологиялық жолмен зерттеу бүгінгі күні біршама нәтижеге жетті деп айтуға болады. Қазақ халқының дүниетанымына зерттеу жүргізіп, оған обьективті баға беруге үлес қосқан, өзіндік өзгеше пікір қалыптастырған еңбектердің қатарьша Ж. М. Абдильдиннің [32], Ә. Н. Нысанбаевтің [33], Қ. Ш. Нүрланованың [34], С. Е. Нүрмүратовтың [35], Ж. С. Орынбековтіц [36], О. А. Сегізбаевтің [37] Ғ. Ақпанбеттің [38], А. Тайжанүлының [39], М. Ш. Хасановтың [40], Т. Қ. Айтқазиннің [41], Қ. Ш. Бейсеновтің [42], Д. Кішібековтің [43], Қ. Рахметовтің [44], Т. Х. Ғабитовтің [45] шығармалары мен ғылыми мақалаларын жатқызуға болады.
Шәкәрім Қүдайбердіүлы дүниетанымының болашақта әр түрлІ қырынан, жан-жақты зерттелетіндігіне дау жоқ. Бүгінгі күнге дейін Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымын зерттеуде біршама жүмыстар атқарылғанымен үсынылып отырған бүл еңбекте бүрын-соңцы назар аударылмай келген мәселелерге көңіл бөлінді және Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымы алғаш рет тарихи-философиялық талдаудан өткізілді. Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымына философиялық түрғыдан зерттеу жүргізген ғалымдарды жоғарыда айтып өттік. Дегенмен диссертациялық жүмыстың нысаны болып отырған тақырыптың зерттелу деңгейі отандық ғылымда алғашқы қадам деңгейінде деп айта аламыз. Шәкәрімдей ойшылдың дүниетанымын тарихи-философиялық түрғыдан зерделей түскен сайын оның ерекше ойлау мәдениетіне бойлай түсетінімізге күмән жоқ. Бүл еңбек халқымыздың рухани мәдениетін игеру барысында жаңа деңгейден көрініс беріп, ерекшеленеді деген сенімдеміз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты - қазақ философиясындағы Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымын тарихи-философиялық түрғыдан зерттеп, түжырым жасау. Ойшылдың тарихи санасының қалыптасуындағы рухани қайнар көздердің маңызы мен ролін ашып көрсету. Шәкәрімнің ойлау мәдениетінің ерекшелігіне, оның дүниетанымдық түсінік үлгілеріне талдау жасау ғылыми еңбектің басымдылық танытатын бағдарларының бірі болып табылады. Осы мақсатгарға сәйкес дисертациялық жүмысында автор төмендегідей мІндеттерді алға қояды:
Ойшылдың дүниетанымының қальштасуына ықпал жасаған рухани
қайнар көздерді көрсету;
Шәкәрімнің әлеуметтік-философиялық көзқарасының қалыптасуына
ықпал жасаған қоғамдық қарама-қайшылықтарға философиялық түрғыдан
талдау жасау;
Таным процесіндегі Шәкәрімнің ойлау мәдениетінің ерекшелігін,
даралығын бағамдау;
Ойшылдың философиялық дүниетанымындағы, санадағы тарихи
кезеңнен, тарихтағы санаға өту процесіне тарихи-философиялық түрғыдан
сараптама жасау;
Қоғамның адамды қалыптастырудағы маңызы мен адамның қоғамды
жасаудағы роліне Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылығы арқылы
талдау жасау;
Шәкәрім Қүдайбердіүлы көтерген философиялық мәселелердің
философия тарихындағы және еліміздің болашағындағы, бүгінгі қоғам
өміріндегі мәнін көрсету.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Диссертациялық зерттеу философия тарихы мамандығы бойынша дәсүрлі методологиялық негіздерге сүйенген. Атап айтқанда, жүмыста автор абстрактылықтан нақтылыққа өту және тарихилық пен логикалықтың бірлігі принциптерін қолданды.
Ғылыми зерттеудің теориялық негізін қүраған отандық және шет елдік мамандардың философия тарихын обьективті түрғыда қарастыруынан туындаған шығармалары болды. Олардың біраз бөлігі жүмыстың пайдаланылған деректер тізіміне енгізілді. Сонымен қатар диссертациялық жүмыста автор өзін философияны материализм және идеализм деп қалыпқа салған көзқарастан аулақ үстайды.
Диссертациялық еңбектің ғылыми жаңалығы.
Жүмыстың ең басты жаңалығы - Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымын тарихи-философиялық талдаудан өткізу болып табылады. Шәкәрім Қүдайбердіүлының дүниетанымына тарихи-философиялық талдау Қазақстандық философия білімі ауқымында алғаш рет жүргізіліп отыр. Автор бүл еңбегінде философиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып төмендегідей негізгі ғылыми нәтижелерге қол жеткізді:
Шәкәрім Қүдайбердіүльшың дүниетанымына ықпал жасаған замана
қайшылығы мен әлеуметтік жағдай жаңа замандық көзқараста талданып, оның
ойшылдың шығармашылығына қалай арқау болғандығы және өзіндік
санасының қалыптасуына қаншалықты әсер еткендігі көрсетілді;
Шәкәрім Қүдайбердіүлының тарихи санасының қалыптасу негізі оған
ықпал жасаған рухани қайнар көздер көрсетіліп, ол қайнар көздердің
ойшылдың дүниетанымына қай жағынан ықпал етіп, кейін Шәкәрімнің
шығармашылығындағы көтерілетін философиялық мәселелердің аясында
олардың идеялық мағына жағынан қалай дамығандығы айқындалады;
Алғаш рет Шәкәрімнің философиялық дүниетанымы ойлау мәдениетінің
ерекшелігі туралы мәселе арқылы қаралып, адамның дүниеге шығармашылық
көзқарасының мәні ашылды;
Шәкәрім Қүдайбердіүлы дүниетанымындағы философиялық мәселелер
"Үш анық" шығармасының желісінде зерттеліп, дәстүрлі философия тарихы
арқылы ойшылдың тарихи-философиялық көзқарасындағы адамға қарай
бетбүрыстың мәні анықталды;
Ойшылдың дүниетанымы алғаш рет адам мен қоғамдық қатынастар
арасындағы диалектикалық байланыстар түрғысынан зерттеліп, оған деген
Шәкәрімнің көзқарасы айқындалды. Шәкәрімнің әлеуметтік-философиялық
көзқарасы қоғамдық қатынастардың адамды емес, адамның қоғамдык
қатынастарды жасаудағы ролі ерекше деген идеяның негізінде күрьілғандығы анықталды;
- Зерттеу жұмысында ойшылдың дүниетанымы арқылы шығармашылықтағы санадағы тарихи кезеңнен, тарихтағы санаға өту қажеттілігі туралы мәселе алғаш рет көтеріліп, Шәкәрім Құдайбердіүлының дүниетанымының қазіргі замандағы маңызына түсініктемелер беріледі. Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырьшдар: Түжырымдар төмендегі қағидалар түрінде үсынылады:
Әрбір ойшыл өзі өмір сүрген белгілі-бір тарихи кезеңнің қарама-
қайшылығы мен маңызды мәселелерінен тыс қала алмайды. Осы қарама-
қайшылық, қоғамдық қатынастар Шәкәрімнің шығармашылығында көрініс
тауып, оның саяси-әлеуметтік көзқарастарына тікелей ықпал жасап, ойшылдың
қоғам қайраткері ретінде қалыптасуына әсер етті. Әсіресе, Шәкәрім өз
заманындағы қарама-қайшылықтан шығудың жолын іздеп өзіндік санасын
қалыптастырды;
Шәкәрім Қүдайбердіүлының тарихи санасының қалыптасуына дәстүрлі
қазақ мәдениеті, Шығыс және Батыс халықтарының философиялық ілімдері
айтарлықтай ықпал жасады. Ойшылдың философиялық туындылары Шығыс
пен Батыс мәдениетінің арасында рухани сүхбат қүрды. Осылайша ол қазақ
философиясын жаңа мәселелер мен мәні терең философиялық сүрақтар арқылы
қуаттандырып, қазақ философиясында өзіндік ойлау формасын
қал ыптастыр ды;
Әрбір адамның ойшыл ретінде танылуына оның өзіне дейінгі рухани
ілімдерден нәр алып қана шектелуі жеткіліксіз. Бүл санадағы тарихи кезең ғана
болып саналады. Ойшыл үшін шығармашылық жолда санадағы тарихтан,
тарихтағы санаға айналу процесінің маңызы зор. Ол философия тарихына ену
деген сөз. Осы түрғыдан алғанда Шәкәрім өз шығармаларында замана
қайшылығын суреттеп қана қойған жоқ, ол одан шығудың жолын іздеп, ерекше
жол ретінде ар ілімін көрсетті. Осылайша оның шығармашылығы қазақ
философиясының тарихына айтарлықтай қайталанбас бітім-болмыспен енді;
Тарихтағы санаға айналу процесінде адамның өзіндік санасының алатын
орыны ерекше. Шәкәрім үшін өзіндік сана бүл дүниеге
ойдыц көзімен қарау.
Бүл ойшылдың ойлау мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан таным
процесінде адамның ойлау ерекшелігі, тұжырым қабілеті неғүрлым
даралылығымен бағаланып, айрықша формаға ие болады. Шәкәрім
Қүдайбердіүлының философиясындағы "Үш анық" концепциясы ойшылдың
өзіндік санасының қайталанбайтын формасы болып табылады;
Шәкәрім Қүдайбердіүлы өзінің философиялық концепциясы "Үш
анықты" жасау барысында дәстүрлі философия тарихын үтымды пайдаланып,
керек кезінде сыни көзқараспен де қараған. Ойшыл философия тарихына деген
біржақты, абстрактылық көзқарастан аулақ болып, "жүректің таразысы" деген
үғым арқылы нақты ойлауға шақырады. Бүл жерден де оның өзіндік санасының
ерекшелігін аңғарамыз;
Ойшылдың дүниетанымының болмыстық негізіндегІ ең басты
мәселелердің бірі адамның қоршаған ортаға және өз-өзіне деген қатынасы
жайында. Бүнда ол адамның еркіндігі туралы мәселені көтереді. Шәкәрім осы мәселеде Батыс философиясындағы, жаңа дәуір ойшылдарының адамды жасаудағы қоршаған ортаның рөлін асыра дәріптеген теорияларының қарама-қайшылығын аңғарып, қоғамдық ортаны жасаудағы адамның мәніне айтарлықтай назар аударып, еркіндіктің философиялық мәнін адамдардың ішкі жан дүниесі арқылы ашып, адамды ең басты орынға қойды. Ойшыл адамды өзгерту арқылы дүниені өзгеруге болатындығына сенді. Осы түрғыдан алғанда, Шәкәрім үшін адам қоғамдық қатынастардың жемісі дегеннен көрі, ол қоғамдық қатынастарды жасаушы ең басты мән, қүндылық болып саналды. Сондықтан ең негізгі мәселе адамнан басталмақ.
Зерттеу жүмысыныц теориялық - практикалық мәнділігі.
Тәуелсіз еліміздің еркіндік рухындағы ғылыми көзқарастардың
дамуында зерттеу жүмысының өзіндік орны бар. Бүл жүмыс соңғы жылдары
орындалған зерттеулерді негізге ала отырып сарапталды. Шәкәрім
Қүдайбердіүлының дүниетанымын тарихи-философиялық түрғыдан
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz