Ы. Алтынсариннің бала тәрбиелеудегі еңбектері
Кіріспе
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім, қызығулары, әдет-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан. Сөз маржандарында адамның жас өзгешеліктері негізінен балалық, жастық, кемелдік және кәрілік шақ секілді басты-басты төрт кезеңнің тұрғысынан қаралатындығын байқауға болады. Адамның моральдық бейнесі, психикасы оның іс-әрекеті үстінде дамиды, ал іс-қимылдың алғашқы іргетасы балалық кезде қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиетке еңбексүйгіштік, тілалғыштық, имандылық т. б. баулуды үнемі негізгі мәселе деп ойлап келген. Осыдан да болу керек, сәби, бөбек тәрбиесі мақал-мәтелдерден елеулі орын алған. Бала тілі балдан тәтті, Балалы үй— базар, Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры, Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан шығады, Бала — адамның бауыр еті— деген мақал-мәтелдерге арнаулы түсінік беріп жатудың қажеті бола қоймас. Халқымыз тәрбиесі кем балаға жаны ашып: Әдепсіз бала—сорлы бала, Жаман бала — күйік, Талабы жоқ жас ұлың, жалыны жоқ шоқпен тең, Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы,— деп әдепсіз, өзінің де, өзгенің де мазасын кетіретін, талапсыз, ынжық, жалқау, салдыр-салақ, қорқақ, күйгелек, өздігінен еш нәрсе істей алмайтын, түйе үстінен сирақ үйтетін, ебедейсіз балалардың келешегінен күдіктенеді де, ата-анасының айтқанын екі етпейтін, тіл алғыш, зерек, әр нәрсені танып, білуге құмар, елгезек, ықыласты, тәртіпті балаларды басқаларға үлгі етеді. Мәселен, Өнерлі бала сүйкімді, Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай, Балаң жақсы болса, екі көздің шамшырағы, Адам болатын бала алысқа қарайды, Кісі болар баланың кісесінен белгілі, Болар адам жеті жастан бас болар, т. б. осы секілді халық нақылдарында мінез-құлқы, психологиясы дұрыс бағытта қалыптасып келе жатқан, оқу-өнерге құмар, талабы таудай, еңбек сүйгіш, тыңғылықты, жинақы, өмірге бейім балалар сөз болады.
Бала біткеннің бәрі де ес білгеннен бастап білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам деп әрекет етуге ұмтылады. Ол өзін қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуді қалайды. Бұл баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге табиғи құштарлығы. Олар үшін жай нәрсенің өзі жаңалық. Бұлар әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Кептеген мақал-мәтелдердің мән-мазмұны осы айтылған идеяны да бейнелейді.
Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен, жеке басының үлгісімен, тәрбиелейді. Ойын баласында үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік басым. Мақал-мәтелдер бұл жөнінде төмендегіше тұжырымдаған: Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, Баланың тентек болмағы үйінен, Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең көрсетер бір өнер, Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді, Ұлың өссе, ұлы үлгілілермен ауылдас бол, Анаға баланың алалығы жоқ, деп халық бала тәрбиесін тек құрғақ, сылдыр сөзбен жүргізгеннен гөрі іс-әрекет, үлгі-өнеге арқылы жүргізудің пәрмендірек келетіндігін, сондай-ақ бала тәрбиесіне оның құрбы-құрдастарының, жора-жолдастарының да ықпалы болатындығын еске алып отырған. Сондай-ақ балаға жасалатын ерекше мейірімділіктің де, керемет қаталдықтың да, баланы бір-бірінен алалап қараудың да теріс нәрсе екенін, ал баланың жеке басын құрметтеп, елеу, оның психологиясының дұрыс қалыптасуына жағдай жасайтынын нақыл сөздермен дұрыс көрсеткен.
Халық ұғымында адамның негізгі өмір кезеңінің бірі — жастық кезең — бозбала шақ. Мақал-мәтелдерден бұл тақырып та елеулі орын алған. Ер бала он бесінде отау иесі, Жастық — жалын, Жастықты қайтара алмайсың, Болар елдің баласы он сегізінде баспын дер,— деген толғаулар жастық, бозбалалық шақ — адамның ақыл-ойы қауырт өсетін, қажырлы іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа аса құштар, албырт, романтикалық кезі екенін өте дәл бейнелейді. Жастық шақтың басты белгісі — адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да елеулі езгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, оның сана-сезімі өседі, психикасы шыңдала, қатая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, жеке басындағы ойлар, адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды.
Халық даналығы жастарға қызығы мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де таптырмайтын адам өміріндегі ең қызықты кезеңді бос өткізсең — оның орнын еш уақытта толтыра алмайсың деп, бұл кезде адамда ғылым-білімді, өнердің сан алуан түрлерін меңгере алуға мүмкіндік мол болатынын, сол себепті кең оқып, үйреніп, біле берудің керектігін әдейілеп ескертеді, оларды еңбек сүйгіш, көпшіл, белсенді, өнегелі болуға шақырады. Мәселен, Жігіт адамға жетпіс өнер де аз, Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын, Менмен жігіттің соры, төменшіл жігіттің қоры, Кішіпейіл, кең жайлау —жігіттің зоры, Өзім білем деген жігіттің басына ойран салғаны, көп біледі деген жігіттің басына қорған салғаны, Селтеңдеген жігіттің серкесінің соры, Жасында көргені жоқ, өскенде айтары жоқ, Жас күнінде еңбек қылсаң есейгенше жетілерсің, Жұмыссыз жастың жүргені сөкет,— деген толғаулар біздің жоғарыда айтқандарымызға жақсы дәлел.
Ыбырай Алтынсариннің психологияға қосқан үлесі
Қазақтың аса-көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, 9 жасында (1850 ж.) - Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан әдебиет, тарих, пәлсапа т. б. ғылым салаларынан кітаптар оқиды. Кейіннен дүние жүзі әдебиеті классиктері В. Шекспир, И. Гете, Д.Байрон, А. Пушкин, Н. Гоголь, М. Лермонтов, Ә. Фирдауси, Г.Низами, Ә. Иауаи т. б. шығармаларын өздігінен оқып білім алады. Бұл жәйт Алтынсариннің ой-өрісін кеңейтеді, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетіне деген құштарлығын арттырады.
Мектепті үздік бітірген ол, 1857—59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады да, 1860 ж. Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанағаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел-елді аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі ашылады. Өзінің досы Қазан университетінің профессоры Н.И. Ильминскийге 1861 ж. қаңтардың 19-да жазған хатында: Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар... Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын,— деп, өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскенін зор қуанышпен хабарлайда; Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттері небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері: Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой т. б. гуманистік идеяларын басшьілыққа, алды, оларды қазақ даласында мектеп өміріне енгізген тұңғыш педагог болды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж. Руссо: Бала тәрбиесінің көзі еңбекте, тәрбиені отбасындағы еңбекке үйретуден бастау керек десе, орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский: Тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек... ол тілі және әдет-ғұрпы арқылы көрініс табады деді, ал орыстың ұлы жазушысы әрі педагогы Л.Н. Толстой 1862 жылы Ясная поляна журналының № 1 санында жариялаған Халыққа білім беру туралы атты мақаласында Германия, Франция, Англия, ертедегі Индия, Египет, Греция елдеріндегі оқу-ағарту ісінің даму тарихына шолу жасай келе: білуге құмарлық әр адамның бойына іштен туа бітетін қасиет. Халықтың білімге құштарлығын адамның ауаға құштарлығындай қажеттіліктен туындайды... Халыққа білім беруді өрістеткіміз келсе бұл істі жеке шенеуніктердің қолынан алып бүкіл қоғамға керек деген еді.
Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіл әлемдік тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол: Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді. Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек деп жазған еді, ал Н. И.Ильминскийге жазған бір хатында: ...мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың,— десе Жеміс ағаштары атты әңгімесінде тәрбиеде үлкен мән бар. Ақыл-кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің деп, әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Ы.Алтынсариннің мектепте татарша діни жаттамалы оқуды орташа балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, оларды халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал-мәтел негізінде оқытып-тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге, жақсы адамгершілік қасиеттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізді.
Ы. Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының XIX ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі, азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық-зорлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді. Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни оқуға, сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген христиан дінін таратуға қарсы болды.

Ы. Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазып, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. Мәселенің мәнді- жері — деп жазды ол,— қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу — қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді.Ұлан-байтақ қазақ даласында дүнияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту — оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол: Орыс-қазақ мектептері— қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім берілетін болсын... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмінің де күлі көкке ұшады деп, дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе бастады.
Ұзақ жылдар бойы бізде Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы деген пікір уағыздалып келді.
Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында: ...Торғай облысының халық мектебінің инспекторы Алтынсарин өзі орыс алфавитін қолданып жазып, қазақтардың халық өлеңінің тексін маған әкеп тапсырды... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.
Ал Ильминскийдің орыс алфавитін орыс-қазақ мектептеріне Ыбырайдың есімін бетке ұстап насихаттауда көздеген мақсаты, біріншіден, ғасырлар бойы ислам діні жайлаған қазақ даласына сол елдің оқыған, зиялы азаматының атымен ұсыну нанымдырақ деп есептесе, екіншіден, орыстандыру саясатын біреудің қолымен от көсеу арқылы іске асыру тактикасы болатын. Н. И. Ильминский миссионерлік пиғылын өз жақтастары арқылы да насихаттап отырды. Мысалы, өзінің бұрынғы шәкірті, Ор мұғалімдер курсының меңгерушісі А.Бессонов арқылы жүргізгені белгілі.
Бұл жөнінде Ы. Алтынсарин: Бақсам, ол мұғалімдер мектебінің 3 және 4-кластарында, оқушылардың қарсы болуына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, ол оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастапты да, екінші жағынан, оқушылар одан бас тарта бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін және оларды кластан желкелеп шығаруға дейін барыпты деп жазды. Осы уақиғадан соң Ы. Алтынсарин төтенше бұйрық жазып, мұғалімдер дін сабағын жүргізуді мүлде тоқтатсын, ал орыс-қазақ мектептерінде дін сабағы оқытылатын уақытта, қазақ балалары жекеленсін деп мұғалімдерге ескерту жасайды, ал Красноуфимск қаласындағы ауыл шаруашылық мектебінде оқып жатқан қазақ шәкірттерінің наразылығын естіп ызаланған Ыбырай өзінің досы В. В. Қатаринскийге 1889 ж. мамырдың 10-да жазған хатында: тағы бір наразылық, яғни қазақ оқушыларының наразылығы, Красноуфимскіде ауыл шаруашылық мектебінде туып отыр. Мұның себебі: мұсылман дәстүрін мүлде елемеу, яғни шошқа етін асып беру, оқушыларға шошқа бақтыру, орыс балаларымен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұның бәріне ұнамсыз нәрсе ғой... Сондықтан әзірше іс насырға шаппай тұрғанда сонда барып, оқушыларға түсіндіріп, наразылықты жойғым келеді. Ал егер қажет болған жағдайда директордың өзімен де сөйлескім келеді деп хабарлады.
Осы фактілердің бәрі Ыбырайдың патша әкімдерінің отарлау, жергілікті халықты орыстандыру саясатына іштей наразылығын, оның ашық қарсылық білдіруге шамасы келмей, туған халқын осы кесепаттан аман алып қалу үшін дипломатиялық саясат ұстауға еріксіз мәжбүр болғанын дәлелдей түседі.
Орыс-қазақ мектептерін әр болыс сайын ашуды өкімет орындары алдына бірнеше рет қойған және осындай мектептердің миссионерлік саясаттан тысқары болуын талап еткен Ы. Алтынсаринді орыс шенеунигі ұнатпаған. Орынбор генерал-губернаторы Проценко оны қудалап, мұндай мектептерді жауып, Ыбырайды инспекторлық қызметтен босатып, сотқа беруді ұйғаруы да тектен-тегін емес. Бұл жөнінде Ы. Алтынсарин: ...Генерал сол мектептерге көп қаржы шығын болды деп есептейді, осыған шыққан қаржының мөлшерін өзі білмейді деп қынжыла жазды.
Оқу-ағарту ісін ұйымдастыруда үнемі патша әкімдерінің, кедергілеріне ұшыраған Ыбырай өзінің Н. И.Ильминскийге 1881 жылы қарашаның 4-де жазған хатында: ...Қазақ халқы оқу-білімге сусап отырған халық, әттең, бұл іске оқыған адамдардың ғана жаны ашымайтыны есіне түскенде күйінесін. Бұл жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз... Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір, өз ойымызды орындап келеміз— деп реніш білдірді. Ы. Алтынсариннің ағартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тигізд. Инспекторлық қызметке кіріскеннен кейін ол дүниеауи мектептерді ашуды мықтап қолға алды. Ол Елек, Николаевск (Қостанай), Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық қазақ-орыс мектептерін ашты, олардың жанынан мектеп кітапханасын ұйымдастырды. Бұдан соң Алтынсарин болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алып, генерал-губернатордың атына болыстық қазақ мектептері туралы записка жазды. Мұнда осындай мектептердің тек казақ даласына ғана емес, Ресейдің барлық жазда көшіп, қыста отыратын аймақтарына қолайлы екендігін айтып, мектептің жаңа түрін ашу жөнінде ұсыныс жасайды. Ол оқытушы кадрларын даярлау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Бұл жөнінде 1882 жылы шілдеде Н. И. Ильминскийге жазған хатында: Халық мектептері үшін ең керектісі — оқытушы. Тамаша, жақсы педагогика құралы да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды,— деп жазды. Мұғалім өз шәкірттерін жан-тәнімен жақсы көрсе, оқу-тәрбие ісіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz