Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Эксперименталды психологияның пәні.
  2. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз эксперименталды күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның эксперименталды процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психологиялық функциялары шығу жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардық сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Олардың қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.

Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде экспериментке ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін қаситтер психикалық эксперименттің тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.

Эксперименталды психология - студенттерді дайындау, олардың біліми деңгейін көтеру жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Эксперименталды психологиясы пәні негізінде студенттерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасқан заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.

1. Эксперименталды психологияның пәні.

Зерттеу пәні - жеке адамның психикалық дамуындағы эксперименталды психология.

Эксперименталды психологияның мақсаты онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық эксперимент мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерде жүйелі түсініктерді қалыптастыру.

Эксперименталды психологияның міндеттері:

  1. Жас ұғымының психологиялық ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу;
  2. Эксперименталды психологияның жалпы және жеке әдістерімен танысу.
  3. Балалардың психикалық эксперименталды проблемасы, бұл эксперименттің қайнар көздері мен заңдылықтары эксперименталды психология үшін әрқашанда басты проблема.

ХХ ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі

түсіндіруші екі ағымы айқындалады. Бұл бағыттар бір бірінен бала эксперимент негізінде қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері Эксперименттің биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық эксперименталды концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

А. В. Брушлинский еңбектерінде биологиялық фактор мен әлуметтік факторларды логикадағы дизьюнктиптік «не мынау?., не анау?» процестері емес екенін дәлелдеп берді. Осыған сүйене отырып, шынында биологиялық не әлеуметтік факторлардың бірі ғана шешеді деу қате. Бұлардың әрқайсысы өзінің орнында қажет. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғанынан берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды деуге болмайды. Керісінше адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. Сондықтан кейбір пікірлер бойынша биологиялық фактор баланың өзі оның іштен туа берілген несібесі. Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан несібелерді оятып соларды дамытуда негізгі роль атқарады. Осылай деу әлеумет ортасының соның ішінде тәрбиенің ролін бірден бір жоққа шығара алмайды.

Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі - жоғары нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда эксперименттің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның Эксперименталды процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.

4. Балалар психологиясы нәрестемен жасөспірімдердің есею процесін зерттеп қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зерттейді.

Бала психикасының дамуындағы қозғаушы күшке биологиялық және әлеуметтік факторларды айтуға болады. Баланың дамуы мен жеке басының қалыптасуына оқыту мен тәрбие істерінің ықпалы өте зор. Себебі әр жастың өзіне тән оқыту, тәрбиелеу, білім беру заңдылықтары бар.

Психиканың жас өзгерістері 4 аспектіні қамтиды:

  1. Онтологиялық - адамның биологиялық және әлеуметтік сәйкестік заңдылықтары;
  2. Құрылымдық - динамикалық әр жастағы психикалық құбылыстардың айырмашылығын және сапалы өзгерістердің байланысын зерттейді;
  3. Хронологиялық - адамның жас динамикасын және психикалық эволюциясын процесс ретінде қарайды, яғни адамның уақытына және өміріне байланысты қарайды.

2. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы.

Эксперименталды психологиясының қысқаша тарихы ХХ ғасырдың ортасына дейін Эксперименталды психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей сол пәннің қол астында болып келді. Бұған түрткі болған себептер: Ч. Дарвин (1809-1882) негзін құрған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталу заңдылығы. Осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында дамып шыққан рецепторлар физиологиясының өріс алуы. Г. Гельмтонның жүйк жүйесінің жқмысын рефлекторлық тұрғыда дәлелдеу. Мұнымен қатар эксперименталды психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына біріншіден әсер еткен балаға туылғандардың күнделіктер жазып соған талдау беруі, екінші жағынан балалар психологиясын зерттеуде эксперимент тәсілдерін кеңінен қолдау әсер етті.

Бұл зерттеулер көбіне балалардың шартты рефлекстері туралы зерттеу жүргізілді. Екіншіден сол кездегі бала психологиясын зерттеуде үлес қосқандар: Н. А. Рыбников (1880-1961), К. Н. Корнилов (1879-1954), П. П. Рионский (1880-1941) Д. Б. Эльконин.

Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның зерттеу обьектісі болды.

Ф. Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық әдісті енгізді. Гальтонды барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді. Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі қасиеттерінің (физикалық және психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін, яғни факторлық анализ негізін ұсынды.

1900 жылы В. Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» еңбегінде әр түрлі адамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді. Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А. Ф. Лазурскийдің зерттеулері индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А. Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.

В. М. Бехтерев және Л. Франкпен қызметтестік әсерінен А. Ф. Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А. Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды.

Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В. М. Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т. б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы - биохимиялық, вегетативті және бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.

В. М. Русаловтың айтуынша, психологтарды алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер. Жүйелік анализ принциптеріне негізделе отырып, В. С. Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті:

  1. биохимиялық;
  2. соматикалық;
  3. нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті) ;
  4. психодинамикалық (темперамент) ;
  5. тұлға қасиеттері;
  6. әлеуметтік рөлі.

Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С. Л. Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл барлық сыртқы әсерлерді жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар жиынтығы ретінде ол бейімделу қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады:

  1. жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері;
  2. тұлға бағдары;
  3. адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі;
  4. адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер.

С. Л. Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды-дифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады. (С. Л. Рубинштейн, 2000, б. 511. )

С. Л. Рубинштейн индивидуалдылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара әрекеттесуінде қарастыруды ұсынды.

С. Л. Рубинштейн көзқарасын ары қарай дамуы Б. Г. Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол индивидуалдылықты ашық және жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егертұлға- адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал, индивидуалдылық -тұлға мен іс-әрекет субьектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б. Г. Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше, индивидуалдылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие :

І деңгей- индивид деңгейі; оған енеді:

жыныс, жас, конституция, нейродинамикалық қасиеттер;

психофизиологиялық қасиеттер және органикалық қажеттіліктер;

нышан және темперамент.

ІІ деңгей- іс-әрекет субьектісі деңгейі:

когнетивті сипаттар, коммуникативті қасиеттер, еңбекке қабілеттілік іс-әрекет ерекшелігі ретінде;

қабілеттер.

ІІІ деңгей- тұлғалық деңгей:

статус, әлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы;

жүріс-тұрыс мотивациясы;

мінез және бейімділік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В. Вундттың психологияда сіңірген еңбегі
Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері
Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
Психологиялық экспериментті ұйымдастыру
Вильгельм Вундт
“Психология бойынша практикум” пәні бойынша дәрістің тезистік мазмұны
Интерпретациялық әдістер
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz