Этиканың жалпы түсінігі



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Этиканың жалпы түсінігі.
1. Этиканың жалпы түсінігі.
2. Этиканың тарихы.
3. Этиканың категориялары.
Этиканың пайда болуы және жетілуі “Этика” терминінің этимологиясы латын тілінін "ethos" деген сөзіне барып тіреледі. Ол бастапқыда "хайуанның үңгірі", "құстын ұясы", "аңның апаны" сынды мағынада пайдаланылған сөз. Бір сөзбен айтсақ, тірі жаннын өзіне тиесілі өмір сүру мекені дегенді адатқан. Бірте-бірте ол сөзбен "бірлесе тіршілік етуші адамдар тобының орналасқан орны, мекен-жайы" дегенді де белгілейтін болды. Қазақ тіліне келер болсақ онда этика қазірде әдептану деп аударылып жүр. Ал бұл ұғым Араб тілінде пайда болған, “Ахлақ” деген мағынаны білдіреді. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философия ілімі ретінде қалыптасуы антика грек философияның қойнауында жүзеге асқан Аристотелдің “Никомах этикасын ”, “Эвдем этикасын” деген еңбектермен әлемге әйгілі болды. Көне Гректер адмгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келген.
Этика терминін философия сясына тұңғыш енгізген әрі осы тақырыпта қаламын көсілте жазған адамзаттың ұлы ұстаздарының бірі- Аристотель еді. Аристотель этика деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады. Бұл тұста еске сала кететін бір жай- Аристотельдің ізгіліктер туралы ілімінің негізгі қағидалары. Ол бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізген түрден тұрады: этикалық және дианоэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса, дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл- парасатына тиесілі дүниелер. Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал, дианоэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.Римдіктер философияның маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын этиканы өз тілінде моральсөзі арқылы аударады. Көне латын тілінде салт-дәстүр, әдеп-ғұрып деген мағынаны білдіретін сөз. Ендіше мораль терминін латын тіліндегі этиканың синонимі деуге болады.
Орта ғасыр батыс Европа мәдениетінде адамға болсын, әлемге болсын екі жақты көз- қарас қалыптасқан. Орта ғасырлық және жаңа дәуірдің Европаның байланыстырушы кезең Ренесанс болатын. Ренесанстық гуманизм антикалық гуманизммен салыстырғанда адам қадір қасиетін жасампаздық мүмкіншілігін ғажайып деп тауып, құдайға жақындатқан жаңа сападағы гуманизм болды.
Жаңа дәуір этикасы толығымен діни- сокральды консепцияның ықпалымен, адамның ақыл парасатын қойған роционалистіктік этика.
Этиканың категорияларының барлығы табиғи құбылыстарға қатынасы жоқ, ол тек адамға байланысты. Этиканың негізгі категорияларына достық, махабаттық, жомарттылық, мейрімділік, ар- намыс, ұят, абырой, парыз бен қарыз, әділеттік, бақыт, жүздесу т.б.
Достық – адамдар арасындағы байланыстың ең ізгі, ең қалаулы, ең келісті түрі.
Махаббат- достықтың, тату тәттіліктің, құрмет ізеттіліктің асқар шыңы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ.
Бақыт – этиканың іргелі категориясы болып табылады. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсаттардың бірі деп біледі.
Жүздесу – жеке тұлғаның қалыптастыратын адами құбылыс әрі оның болмысының негізгі қасиеті. Ол жеке тұлғаның өз бойынан басқаны таба білу метофизикалық мүмкіншілігі. Жүздесу – адами табиғаттың болмыстық алғы шарты. Адамдық қарым-қатынас – жүздесу – оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп жарып, өзгешелеп алады.
Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:
1.Теоретикалық этика;
2. Нормативті этика;
3. Эмпирикалық этика;

Лекция бойынша қарастыратын сұрақтар:
1. Этика – дегеніміз не?
2. Этика – нені зеттейді?
3. Этика - терминін кім енгізді?
4. Мараль сөзінің этикамен байланысы.
5. Этиканың құрлымдық бөліктерін атап көрсет.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қ. Жарықбаев, Т. Ғабитов Әдептану негіздері Алматы 1997ж
2. А. Құлсариева Этика Алматы 2003ж
3. Т. Ғабитов, Ж. Мүталипов, А. Құлсариева Мәдениет тану негіздері Алматы 2000ж
Тақырыбы: Мораль – Қоғамдық сана ретінде

1. Мораль дегеніміз не?
2. Мораль және этикет?
3. Қазақ мәдиниетіндегі моральдық көзқарастың қалыптасу тарихы.

Мораль деп белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормаларымен приціптерімен жиынтығын атаймыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым қатнаста болу қаблетін танытады. Басқаша айтқанда мораль – ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы.
Табу немесе тиым салудың адамзатқа белгілі алғашқы қос түрі мыналар болады:
Интенсестік табу
2. Конибализм табу
3 Инсест деп жақын туыстар, қандастар арасындағы жыныстық қарым қатнасты, яғни қыз алысып-қыз беруді айтады. Конибализм-адам етін азық ету дегенді білдіреді. Өзі сияқты адамды қорек қылудың адамшылыққа жатпайтындығын түсінген шақтан бастап биологиялық бағдарлаудан мүлдем тысқары шынай адами қарым-қатнастар мүмкін болды. Осы сияқты тағы бір ұғымдардың бірі – талион. Адамзаттың ерте даму сатыларында барлық халықтарда болған әмбебаб әдеп ғұрып. Талионның мағнасын қанды кек алу деген мағнада келеді.
Ендеше мораль генезисі туралы мәселе адамзат тарихының қапас тунегінде, тіпті сәулесі жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті . Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, қандай да бір іздің өзін табу қиын болғандықтан, ғылым өзінің болжамшылдық гипотезасын алға тартады.
Этикет сөзі француз тілінде аударғанда рәсімді реттеушілік нұсқау қағаз, этикетика, рәсім өткізу тәтібі деген мағнаға ие. Мысалы, 18 ғасырда этикет деп манахтардың сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын атайтын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі мағнада қолдануын қажет етті. Этикет хан сарайларындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: қашан кімнің тұру керектігі, манахты кімнің қашан қалай киіндіретіндігі, балдардың өткізу тәртібі және т.б. Этикетке ұсақ түйеп деп мән беруге болмайтын, өткені сол қатнастағы ұсақ түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстармен шиеленістер туындап отырады.
Қазақ мәдиниеті түркілер өркениетімен араб мұсылман өркенитінің тоғысуында дүниеге келген екі мәдени аймақтың ықпалын өз бойында ала жүрген Әл-Фараби адамгершілік туралы ой толғаныстарын бастағанды жөн деп табамыз.Шығыс перепатизмнің жолын қуушылардың бірі, адамзаттың екінші ұстазы деген атаққа ие болған Әл-Фараби этиканы жақсылықпен жамандықты ажратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырады. Жүсіп Баласағұнның құтты білік деген еңбегінде адамгершілік принціптерін, түркілердің әдеп ғұрыптарын өз дәуірінің талап тілектері тұрғысынан көрсете білген. Шығармадан Жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік және т.б. түсініктері қарама қарсы қойылады. Абай этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көп көңіл аударады. иман термины қазақ санасына мұыылманшылық арқылы енген.
Лекция бойынша қарастыратын сұрақтар:
1. Мораль ұғымын қалай түсіндіруге болады?
2. Этикет дегеніміз не?
3. Этикетпен этиканың арасындағы айырмашылық?
4. Қазақ мәдениетінде мораль ұғымын қалай қарастырады?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж. Алтаев Қазақ халқының рухани мұралары Алматы 1998 жыл
2. Қ. Бисенов Философия тарихы Алматы 1992 жыл
3. Ж.Базарбаев, Ж.Нұсқабаев Инабат Алматы 1995 жыл

Тақырып: Адамның моральдық танымына ислам дінінің әсері
1. Имандық инабаттылық мұраты
2. Имандылық қайнар көзі сенім
3. Дін және мораль
Мораль дін құқық өнер және т.б. сияқты қоғамдық сананың бір формасы. Қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Көптеген ерекшеліктермен қатар, мораль басқа қоғамдық сананың формаларымен тығыз байланысты. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы маңызы зор.
Дін – адамның адамдығының басты көрсеткіші. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіретін маңызды орын. Ғибадаттың көпшілігінің жамағатпен жасалуы қоғамға қаншалықты мән беретіндігін көрсетеді.
Сонмен қатар жалпы ұлы дүниежүзілік діндердің қай- қайсысы болмасын, адам қоғамдағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Дін тарихы- адамгершілік құлықты қалыптастыруға тырысады.
Буддизм – рухты мәңгі деп танитын дін. Ол адам өмірінің мәнін бір жақты қызық қуып, ләззат алудан да, не бір жолата өмірден безінген тәнін азаптаушы тақуалықтан да, таппайды. Будизмде өмірдің азаптауынан құтылатын төрт жолды көрсетеді:
1.Өмір дегеніміз - азап;
2. Азаптың себепбі бар, ал азаптың көзі – адамның қалау – тілегінде, ниетінде;
3. Азаптан құтылу мүмкін, ондай болмыстың өзімен-өзі теңескен бақытты күйін нирвана деп атайды.
4. Азаптан құтылу жолы бар, ол жол – ортадағы тура жол деп аталады да оның мәні адам қалауын тәрк етуге болып табылады.
Бірінші сатыда адам өмірден оқшауланып, әлемге жайбарақат қараудан да арыла алған жанның ішкі тыныштығынан туындайтын қуанышқа бөленеді. әлемге жайбарақат қарау барысында экстаз күйінде болады. Үшінші сатыда жоғарыда аталған тыныштық қуанышынан босану, бүкіл жандық тәндік сезімдерден құтылу күйіне жетеді; ал соңғы саты кемелді жайбарақаттық күйі – нирвана.
Иудаизм діні – діндердің ең көнесі болып табылатын, одан кейін христан дінімен ислам келеді. Бұл дін бойынша еврейлер Яхвемен анттасқан, жаратқанның артықша туындысы, таңдаулысы деп танылады. Мойсейдің декологымен, яғни оның қағидасына бағынышта өмір сүреді. Төртінші өсиет бойынша еврейлер аптаның сенбі күнінің барлық әрекеттерді қалдырып тек құдайға жалбарынуға арналғандығын есте ұстауы керек. Келесі өсиет бойынша ата-ананы қадірлеу керек. Ал алтыншысынан оныншы өсиетке дейін адамдар арасындағы қарым –қатынастарды реттеуге қатысты нормалар қарастырылады.
Христандық дін сүйіспеншілік, төзімдіні болып табылады. Христандық қасиетті үштік – сенім, үміт және сүйіспеншілік қаншалықты бұл діннің мороль мәселелерін жоғары қойғандығын көрсетеді. Христостың құдай патшалығы өз ішінде! деген сөзінде ерекше мән жатыр. Күнделікті өмірде ақ пен қара қалай аралас жатса, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен зұлымдық та солай біте қайнасып кеткен.
Ислам діні де христан діні іспеттес ұлтшылықты нәсілшілдікті жақтамайды. Құдай алдында, адам алдында таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары тұрады. өзінің түбірлес діні – христандық сенім сияқты исламда бейбітшілік, татулық, тыныштық діні. Ол кешірімділікпен қош көрушілікті уағыздайды. Исламның этикалық тұрғыдан қарастырғандығы өзгешелігі, оның адамгершілік құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен бөліп жармай, бірлікте қарастырылуы болып табылады. Құранда адамды дел сал етуші, мен айналдырушы апиындық өсімдіктерді пайдалануға, арақ шарапқа тиым салынған. Конфуци – ұлы уағыздарының басты өмірлік қағидасы ата-ананы құрметтеу мен үлкендерге ізет көрсете білу.
Қарастыратын сұрақтар.
1. Діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы ролі қандай?
2. Будизмнің ортадағы тура жолының мәнісі неде?
3. Христандық сүйіспеншілікті қалай түсінесің?
4. Ислам дініндегі халал және харам туралы түсінікті сипатта?
5. Конфуцилік рәсімшілдіктің адам сүйгіштікпен байланысын көрсет?
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Т. Ғабитов, Ж. Мүталіпов, А. Құлсариева Мәдениеттану негіздері Алматы 2000ж.
2. А. Құлсариева Этика Алматы 2003 ж.
3. Қ. Бейсенов Философия тарихы Алматы 1992 ж
Тақырыбы: Іскерлік этикасы.
1. Кәсіби этика туралы түсінік.
2. Кәсіби этика негізгі түрлері.
Қазіргі заман айдары нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату сатып алу, алу – алмасу әрекетіне жатық, өз ісін жетік білетін қағілез жанды айтады. Іскер де адам баласы болғандықтан адамдар қоғамында өмір сүретін боглғандықтан оны тек өз пайдасына көздеген, ешкімен санаспайтын жан деп дұрысболмаған болар еді. Іскерліктің де өзіне тән этикеті – іс әрекет ұстанымдары бар.
Іскерлік бір ұшы – кәсіпкерлікке барып тиеді. Адам алған білімі бойынша қоғамда белгілі бір қызмет бабына сай жұмыс істейді. Мысалы, дәрігерлік, педагогикалық инженерлік, механик, биолок, сияқты кәсіпкері бойынша қоғамда белгілі бір қызмет атқарады. Кәсіби этика белгілі бір ережеге, норма бойынша іс-әрекет немесе жұмыс жүгізуін қамтамасыз ететін кәсіби этика. әрбір ғылым саласының қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметі өте маңызды. Әрбір ғылым қоғамға өзіндік үлес қосады. Кәсіби этика бойынша өзінің дәрежесін алуы яғни қоғамда белгілі бір атқаратын қызметімен іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Іскерліктің маңызды принципімне сенім жатады. Істес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды. Жалпы сенім адамдардың қарым-қатанынасын мүмкін ететін фактор. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал, үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын қыстау жағдайда болмасын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлерде әлде кімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімді жоғалатпайды әрі өзлері де сенімнен шығуға тырысады.
жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақалда жағымды ізетті сөз бастаудың адамдар арасындағы қарым-қаиынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу - әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеу, елдің тілін таба білу іскер адамға пайдалы. Ал ікер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Басшы-бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместінен туындайды. Ұлық болсаң кішік бол! деп халық даналығы бекер ақыл айтпаған, қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болсақ соғұрлым шынайы ниетке ие болсаң. Басқаны тыңдай білу – үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылмаған келіспеушілігің бола тұра оппонентіңді (қарсыласыңды) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиеліліктің нышандарының бірі. Бағынушының ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш білдіре алса, оның көнегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандағы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.
Әдеп амандасудан басталады. Амандасу – адамдардың бір –біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде сәлеміміз түзу, сәлемнен кете қойған жоқпыз деген сөз түсініктерінің басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіретіндігі.
Қарастыратын сұрақтар.
1. Әріптес пен сыбайлас ұғымының айырмашылығы?
2. Кәсіпкер дегеніміз не?
3. Сенімділік ұғымы?

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Қ. Жарықбаев, Т. Ғабитов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этикалық ізгіліктер
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Этика түсінігі және оның заты
Қазақ этикасының зерттелуі
Этика саласындағы стандартты операциялық процедураларды анықтау және оның дамуын зерттеу
Этика ұғымы және оның мәні. Гиппократ этикасы және деонтологиясы
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Информатика және этика
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Этика ұғымы және оның заты туралы
Пәндер