НАНОТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМЫТУ САЛАЛАРЫ



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
НАНОТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМЫТУ САЛАЛАРЫ

Жанат Әсел Жанатқызы
№ 8 қазақ гимназиясы, 10 сынып оқушысы

200 жыл бойы ең кішкентай шама атом екендігіне ешкімнің күмәні
болмады. XX ғасырда ғылым ең кішкентай элементар бөлшектерді
(электрон, протон, нейтрон) ашып, бұл барлық әлемнің негізгі түсініктерін
өзгертті. Барлық ғылымның негізінің негізі Аристотель постулаты - объект
бір мезгілде А немесе А емес болуы мүмкін емес дегенімен, ол жарықтың
бірмезгілде бөлшектер ағыны және толқын болатындығын түсіндіре алмады
Ньютон механикасы әлемнің барлық заңдылықтарын мінсіз түсіндіретін
болғанды және салыстырмалы теорияның тууына еш себеп жоқ еді. Бірақ бұл
теорияның ашылуы ғылымның түбірлі өзгерісіне әкелді. Өзінің таңғаларлық
жұмысымен Энштейн Ньютон механикасынан толығымен бас тартқан жоқ, ол тек
заңның қолдану шегін көрсетті.
Бір сөзбен айтқанда бәрі ағады, бәрі өзгереді, енді міне, адамзат
тағы да біздің үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген жаңа революциялық төңкеріс
пен технологиялық жаңалықтар табалдырығында тұрмыз. Болашақта өмір
сүретіндер және оны жасайтындар, бүгін-ақ өзінің білімі мен өсуіне мән
беріп, қолдаған шешімдеріне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Себебі XXI
ғасырда білім мен мамандық ерекше белсенділікке ие. Біз оларға дайынбыз ба?
Соңғы уақытта салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болған
нанотехнология термині бәріне белгілі. 1931 ж неміс ғалымдары Макс Кнолл
мен Эрнст Руска электронды микроскоп жасады. Соның арқасында
нанообъектілерді зерттеуге мүмкіндік берді. 1959 ж американдық ғалым Ричард
Фейнман нанотехнология туралы еңбегін жарыққа шығарды. Ал 1985 ж
американдық физиктер Роберт Керл, Хэрольд Крото және Ричард Смолли
диаметрі 1нм денелерді зерттеу технологиясын жасады.
Алайда, біздің өркениетімізге оның келешегі соншалықты күрделі
екендігін біле отырып, әсіресе, жастар арасында нанотехнологияның негізгі
идеяларын кеңінен тарату керек. Жаңа ғылымның аты бәріне белгілі технология
(грек тілінен techne - өнер, шеберлік, Іоgos-ғылым) деген ұғымның алдына
қосымша нано деген сөздің қосылғанын оңай байқауға болады. Нано
қосымшасы (грек тілінен NANOY-қортық, гном) - жалпы бір нәрсенің
миллиардтан бір бәлігін (10-9) көрсетеді. Мысалы: нанометр- метрдің
миллиардтан бір белігі. Салыстыру үшін, 1 нм шаштың қалыңдығынан 100 мың
есе аз екендігін айтуға болады.
Нанотехнология - белгілі атомдар мен молекулаларға манипуляция жасай
отырып, белгіленген атомдық құрылымдық өнімдерді шығару әдістерінің
жиынтығы.
Нанотехнология сөзі жақында ғана пайда болғанымен, наноөлшемді
құрылғылар мен құрылымдар жаңа емес. Негізінен олар жер қашаннан бері пайда
болса сол кезден келе жатыр. Мысалы теңіз ұлуының қабыршағының беріктілігі
соншалықты тіпті күштің әсерінен болған сызаттар оның ішкі жағына
таралмайды. Бұл ұлудың қабыршағының наноқұрылымды кірпіштерден
тұратындығымен түсіндіріледі және нанобелшектердің өте берік болатындығының
табиғи дәлелі. Ұзақ уақыт бойы ғалымдар геккон деген кесірткенің тегіс
беттерде, тік әйнектің бетінде, төбеде еркін жүретіндігін түсіндіре
алмаған. Баста оның алақанында жабыстырғыштар бар деп ойлаған, бірақ кейін
ондай ешнәрсенің жоқ екені белгілі болды. Бұл құбылыстың жұмбағы қоғамды
таңқалдырды, себебі геккон қозғалыс кезінде молекулалық физика заңдарын
қолданады ғой! Ғалымдар геккон алақанын микроскоппен зерттегенде, оның
шаштың диаметрінен 10 есе кіші шаштардан тұратыны белгілі болды. Әр шаштың
ұшында мыңдаған жастықшадан, ал әрбір жастықша жүздеген қылдан тұрады екен.
Әрбір қылдың ұшы алақан тәрізді және диаметрі 200 нм екені белгілі болды.
Нанотехнология нанометрлік өлшемдегі денелермен жұмыс істейді.
Нанометр-бұл өте-өте кішкентай шама. Нанометрдің размерін атомның
размерімен салыстыруға болады. Сонда, нанотехнология денелермен емес оның
құрамындағы молекулалармен және атомдармен жұмыс істей алады.
Қазіргі кезде материал тануға нанотехнологияны енгізудің негізгі
проблемасы жаңа материалдарды алу ғана емес, оларды өңдеу әдістері. Мысалы
материалдың кристалдық түйірлерінің өлшемін 10 есе кішірейтетін болсақ,
оның беріктілік қасиеті 3 есе жоғарлайды, ал ары- қарай кішірейтсек шамадан
тыс пластикалық қасиетке ие материалмен соқтығысамыз. Нанотехнология жеңіл,
жұқа, берік, қоршаған ортаға байланысты өздерінің қасиеттерін өзгертетін
ақылды материалдар, өте жоғары және төмен температураға шыдамды космоста
айдаланатын. материалдар шығаруға мүмкіндік береді.
Нанотехнология қазіргі кезде үш бағытта жетілуде:
1) Молекулалардың және атомдардың өлшеміндей электронды схемалар жасау;
2) Молекулалардың және атомдардың өлшеміндей мехонизмдерді жасау;
3) Молекулалардан және атомдардан денелер жасау.
■ Нанотехнология әдістері биотехнология, қоршаған ортаны қорғау,
медицина және т.б аймақтардың дамуына маңызды жаңа құрылғылар мен
материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
■ Нанотехнология - физика, химия, материалтану, биология, медицина,
технология, жер туралы ғылым, компьютер технология, экология, социология
пәндерін біріктіретін бағыт.
■ Нанотехнология проблемасының шешімі ғылыми инженерлік бірлестігінің
осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нанотехнологияның Қазақстан мен шет елдерде дамуы
Нанотехнология туралы
Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері
Нанотехнология негіздері факультативті курсын әзірлеу
Нанотехнология жайлы
Нанотехнология медиицна мен физикада
Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері. Нанотехнологияның тарихы
Нанотехнологияларды елімізде дамытудың алдыңғы шарттары__
Наноматериялдар
Нанотехнологияға кіріспе
Пәндер