Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі



Мереке ШОШАКҰЛЫ,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы

Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі

Ақпарат түсінігі курстың орталығы болып табылатындықтан ақпараттар
бағыты негізгі (базалық) курстың толық мазмұнын қамтиды. Курстың кез
келген тақырыбында ақпараттар мен ақпараттық үрдістерді ұсынудың әртүрлі
нұсқаулары туралы айтылады. Бұл жүйедегі әрбір түсінік базалық курста екі
аспект бойынша қарастырады: компьютерлік және компьютерлік емес.
Компьютерлік емес аспект адамға, қоғамға, табиғатқа қатысты жалпы позициялы
компьютерленген байланысты емес ақпараттарды қарастырады. Бұл аспекте
ақпараттарды анықтау және өлшеу, ақпараттық модельдер, ақпараттық үрдістер
және табиғат пен қоғамда басқару үрдістері сияқты сұрақтар оқып –
меңгеріледі. Компьютерлік аспект ЭЕМ архитектурасыда компьютердің
функциялануының ақпараттық жақтары, сонымен қатар ақпараттары мен
бағдарламалаумен жұмыс істейтін компьютерлік технологияларды оқып –
меңгеріледі.
Бұл мазмұндық бағытың қарастырылатын сұрақтары:
- ақпаратты анықтау;
- ақпаратты өлшеу;
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты беру;
- ақпаратты өңдеу болып табылады.
Информатика курсында ақпарат түсінігі орталық ядро болып табылады.
Алайда, егер қолда бар оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жүргізетін
болсақ онда бұлардың әрқайсысында мұндай жайттар орын ала бермейтіндігі
туралы ой пайда болады. Оның екі келесі себебі бар.
Бірінші себеп – оқулықтардың көбінде авторлық концепцияларда ақпарат
ұғымы ең басты орынды емес. Мұнда ең басты түсініктер мен объектілер
алгоритм және компьютер болып табылады.
Екінші себеп – ақпарат түсінігінің объективті күрделілігінде. Бұл
түсінік ғылымда фундаментальдық түсініктер қатарына жатады және
философиялық сипатқа ие, сонымен бірге тұрақты ғылыми дискуссия пәні болып
табылады.
Мектептік информатика бойынша әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдарында
ақпаратты анықтау нұсқаларын талдайық.
А.П. Ершов және басқа да оқулықтарда мұндай түсіндірудің қажеті жоқ
деп есептесе керек. Оқулықтың алғашқы жолдарында ақпарат түсінігі келесі
тұжырымдарда ескеріледі: Информатика ақпарттарды өңдеу мен жинақтау
заңдары мен әдістерін зерттейді. Оның дамуы ақпаратты өңдеу және сақтау
үшін арналған электронды – есептеу машиналарының, қуатты әмбебап
құрылғылардың пайда болуымен байланысты. Оқулықтың барлық мазмұны ЭЕМ
деген не және алгоритм деген не? сияқты әртүрлі сұрақтарға арналған.
Екінші буынның А.Г.Кушниренко және т.б. оқулығының 1.6 бөлімінде
Ақпарат – информатиканың алғашқы, анықталмаған түсінігі деген анықтама
келесі түрде жазылған: Ақпарат деген не, бұл термин информатикада алғашқы,
анықталмаған болып табылады. Өзінің анықтамасы жоқ болғандықтан, ақпарат
көлемін өлшеп және оны өңдеу қажет. Мысалы, планиметрияда түзу мен нүктенің
қатаң анықтамасы жоқ болғандықтан, теоремаларды дәлелдеу және есептерді
шешу үшін үшбұрыш салу қажет.
А.Г. Гейне оқулығында ақпарат түсінігі бірінші тарауда алғаш рет
Ақпарат – адамның тұрақты серігі. Бұл қоршаған ортада бағыт алуға
көмектесетін мағлұмат деген мәтін кездеседі.
И.Г. Семакин оқулығында ақпарат түсінігі екі тұрғыда қарастырылады.
Біріншісі субъективті тұрғы деп аталады. Мұнда ақпарат оның өмір мен адам
қызметтеріндегі рөлі көзқарасы бойынша қарастырылады. Демек, ақпарат – адам
қоршаған ортадан алатын, адам ие болған білімдер мен мағлұматтар.
Екінші кибернетикадан алынғандықтан кибернетикалық тұрғы деп
атауға болады. Тек осы тұрғы ғана ақпараттар мен жұмыс істейтін машиналарды
құруға мүмкіндік береді. Бұл көзқарас бойынша ақпарат – бұл кейбір
алфавиттерден алынатын символдар (сигналдар) тізбегі. Бұл жағдайда
ақпараттық үрдістердің барлық түрлері (сақтау, беру, өңдеу) техникалық
ақпараттық жүйелерде болатын символдар әрекеттерімен сәйкес келеді.
Тақырыпты оқып – меңгеру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Оқылатын
сұрақтар:
- ақпарат адам үшін не болып табылады;
- декларативті және процедуралық білімдер (ақпарат);
- ақпаратқа кибернетикалық үрдісіндегі адамның сезу органдарының рөлі.
Субъективті тұрғы. Субъективті тұрғы (тұрмыстық, адами) көзқарасы
бойынша ақпарат түсінігін ашу барысында ақпарат туралы интуитивті
ұстанымды қарастыру қажет. Яғни, диалог түрінде оқушыларға сұрақ қоя
отырып, олар жауап бере алатындай жағдайда әңгіме жүргізіледі.
Кибернетикалық тұрғы. Информатика мен кибернетиканың арасында тығыз
байланыс бар. 1940 жылдардың аяғында кибернетиканың негізін ғалым Норберт
Винер қалаған. Кибернетика қазіргі информатиканың пайда болуына негіз болды
және оның дерек көздерінің бірі болып табылады. Қазір кибернетика
информатикаға құрамдас бөлігі ретінде енеді.
Кибернетика машина, тірі организмдер, қоғамдық жүйелер сияқты
күрделі жүйелермен жұмыс істейді. Кибернетика мұндай жүйелер мен олардың
компоненттері арасындағы өзара әрекеттер үрдістерімен айналысады. Мұндай
басқару үрдістері сияқты әрекеттестіктерді қарастыра отырып, кибернетиканы
тірі және тірі емес жүйелердегі басқару үрдістерінің жалпы қасиеттері
туралы ғылым ретінде анықтауға болады.
Ақпараттарды өлшеу тәсілдері. Ақпаратты өлшеу мәселесі ақпаратты
анықтау мәселесімен тікелей байланысты. А.Г. Куширенко оқулығында: Қазіргі
кездегі есептеу техникасында ақпарат магнитті және магнитті емес екі түрлі
сигналдар тізбегінің көмегімен кодталады. Мұндай кодтау екілік кодтау деп
аталады деп жазылған.
Ақпаратты өлшеудің мазмұндық тұрғысы. Оқылатын сұрақтар:
- адаммен қабылданатын хабарламаның ақпараттылығы неден тәуелді;
- ақпаратты өлшеу бірліктері;
- хабарламадағы ақпараттар саны N-ге тең ықтималдықты оқиғаларға тең.
Мазмұндық тұрғыда ақпарат түсінігі келесі тізбек бойынша
қарастырылады: ақпарат – хабарлама – хабарламаның ақпараттылығы – ақпаратты
өлшеу бірлігі – хабарламаның ақпараттық көлемі.
Ақпаратты өлшеудің кибернетикалық (алфавиттік) тұрғысы. Оқылатын
сұрақтар:
- алфавит, алфавит қуаттылығы деген не?
- алфавиттегі символдың ақпараттық өлшемі деген не?
- алфавиттік көзқарас бойынша мәтіннің ақпараттық көлемін қалай өлшеуге
болады?
- байт, килобайт, мегабайт, гигабайт деген не?
- ақпараттық ағым жылдамдығы және арнаның өту қабілеттілігі.
Алфавиттік тұрғы – бұл ақпараттық техника, компьютерлерде айналымда
болатын ақпаратқа қатысты қолданылатын ақпаратты өлшеудің жалғыз ғана
тәсілі.
Бұл тақырыптағы негізгі ұғым болып алфавит ұғымы табылады. Алфавит –
бұл ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын символдардың ақырлы жиыны.
Алфавиттегі символдар саны алфавит қуаттылығы деп аталады.
Ақпараттарды сақтау үрдісі. Оқып-меңгерілген сұрақтар:
- ақпараттарды тасымалдаушылар;
- жады түрлері;
- ақпарат қоймасы;
- ақпарат қоймасының негізгі қаситтері.
Ақпарат тасымалдаушы – бұл ақпаратты тікелей сақтайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыс желісінің негізгі түсініктері
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық технологияларды меңгеруге дайындау мәселесі
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Пәндер