Тіл – уақытты (минут пен сағатты) көрсетіп тұратын көрсеткіш


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

1. Тіл туралы түсінік.

Тіл деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар.

  1. Тіл - жан - жануарлардың дәмді сезетін және адамның сөйлеу дыбысын атқаратын мүшесі.
  2. Тіл - уақытты (минут пен сағатты) көрсетіп тұратын көрсеткіш.
  3. Тіл - адамдардың бір - бірімен қатынас жасайтын, өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін

Тіл, ең алдымен, адамдар арасындағы қатынас құралы болғандықтан, ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызмет атқарады. Тілдің адамдар арасындағы қатынас құралы болуы деген сөз - адамның бір-біріне ойын жеткізіп, түсінік алуы, сөйтіп, бір-бірімен қатынас жасауы, сөйлесуі. Мысалы, мүғалімнің сабақ түсіндіруі, одан оқушының жаңа үғымдар арқылы білім алуы, түсінбегенін мұгалімнен сүрауы немесе оқушының сабақ айтуы, білгенін түсіндіруі, мүғалімнің сұрақ қоюы, оқушының оған жауап беруі - осының бәрі тілдің қатынас құралы болуы арқылы іске асады.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Қазақ тілі түркі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар: қазак, қырғыз, өзбек, үйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай, балқар, әзірбайжан, түрікмен, чуваш, саха, тува, хакас, алтай, құмық, гагауз, т. б.

Қазақ тілі - Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Ресей, Қытай, Ауғанстан, Манғолия т. б. ) тұратын қазақтардың ана тілі

Ана тілі

Ана тілі - бар білімнің кайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы.

Алаканы мейірімді анаңның,

Үстазыңның жаркын жүзі - жайдары.

Ана тілім - тастамайтын әліппем,

Болғаным жок әріптерін танып мен.

Өз тілімді жаксы көру арқылы

Достасамын басқа барлык халықпен.

(Ә. Дәуренбеков)

2. Дыбыс және әріп

Алфавит

Дыбысты айтуға, құлақпен естуге, ал әріпті көруге және жазуға болады. Мәселен, бала, бор, қалам, сия сөздерін айтқанда, ондағы б, а, л, о, р, қ, м, с, и, я сияқты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысумен жасалғандықтан, құлаққа еркін естіледі. Бұл сөздерді құрастырып тұрған ең кішкене бөлік - дыбыстар. Осыған орай сөздің ең кішкене бөлігін дыбыс дейміз.

Тілдің дыбыстық жүйесінің өзіне тән орнықты дербес заңдары бар. Мәселен, сөздерді айтып қана қоймаймыз, оны кейде дауыс жетпейтін жерге жеткізуге де тура келеді. Сөздерді ондай деңгейге жеткізу құралдары - радио, телеграф, телефон, және теледидар. Бұлар болмаған жағдайда қолданылатын әдіс - жазу, таңба.

Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Мәселен, қазақ халқы өз тарихында көне түркі, араб, латын, орыс графикасына негізделген шартты белгілер - әріп таңбалар пайдаланды.

Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері - латын, орыс, араб, қытай жазуы үлгісінде жасалған таңбалар.

Сөзде дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы (а-ш-ш-ы) ; аяқ (а-й-а-қ) сөздерінде, сондай-ақ орыс тілінен енген альбом, руль, съезд сөздерінде дыбыс санынан әріп саны артық. Әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Сонымен бірге әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі. Осылайша әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз.

Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олар: Аа (а), Әә (ә), Бб (бэ), Вв (вэ), Гг (гэ), Ғғ (ға), Дд (дэ), Ее (йэ), Ёё (йо), Жж (жэ), Зз (зэ), Ии (и), Йй (қысқа й), Кк (ка), Ққ, (қа ), Лл (эл), Мм (эм), Ни (эн), Ңң (эң), Оо (о), Өө (ө), Лп (пэ), Рр (эр), Сс (эс), Тт (тэ), Уу (у), Ұұ (ұ), Үү (ү), Фф (эф), Хх (ха), һһ (һа), Цц (цэ), Чч (чэ), Шш (ша), Щщ (ща), ъ (айыру белгісі), ЬІы (ы), Іі (і), ь (жіңішкелік белгісі), Ээ (э), Юю (йу), Яя (йа) .

Алфавит деген сөз - грек алфавитінің алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа - грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы бөлып, алфавит деп аталып кеткен.

Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Мәселен, сынып оқушыларының тізімі және адамдардың аты жазылған барлық тізімдер алфавит ретімен жазылса, алфавитті жақсы меңгерген адамдар ғана оны жеңіл пайдаланады. Сондай-ақ, басқа тілді меңгеруде түрлі сөздіктермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дүрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн. Мәселен, бірінші әріп біркелкі әріптен басталған сөздер алфавиттік ретпен беріледі, олардың екінші, үшінші әріптері де реттілікті сақтайды. Мұны сөздердің ішкі алфавит тәртібі деп атайды. Мәселен:

қабақ - қас пен кездің арасы;

қабан - жабайы шошқа және еркегі;

қабат - қатар, рет, дүркін;

қағаз - ағаш, шүберек массасына жасалған жазуға арналған зат.

қада - діңгек;

қаз - қүс.

Мүндағы сөздердің басқы әрпі мен екінші әріптері алфавит тәртібін сақтаған.

1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңдер. Алфавит тәртібін сақтап, сөз ішіндегі ешқандай дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңдер.

Қала, жер, орындық, сары, адам, щетка, балык, вагон, иық, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, чех, разъезд, дүйсенбі, тарақ, мал, нан, химия, съезд, бас, альбом, эпос, қол, руль, цирк, яғни, юрист, қаһарлы, щи, біз, фильм, ыстық, үлкен, акт, педагог, грамматика, түз, әкім, сырнай, осы, сіңір, бет, шолақ, асфальт, география, етік, тың, фонетика, жұлдыз, табыс.

3. Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметін көңіл аударған жон. Мәселен, о дыбысы мен д дыбысын алайық, біріншіден өкпеден шыққан ауа о дыбысын айтқанда кергісіз шықса д дыбысын айтқанда тілдің күрек тіске соғылып, кедергіге ұшырайтындығын байқаймыз. Дыбыстарды оқып айтылуына назар аударамыз.

а-б, ә-в, о-д, ө-г, ұ-з. а, ә, о, ө, ұ дыбыстарын айтқанда жақ ашылып, ерін дөңгелектеніп, алдыға созылып, ауа өкпеден кедергісіз шығады. Б, в, д, г, з дыбыстарын айтқанда дыбыстау мүшелер дірілдеп, еріндер бір - біріне тиіп өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады.

Айтылғанда ауа ауыздан кедергіге ұшырамай шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады

Дауыстылар да үн басым, олармен ән салуға болады. Сондықтан музыканы тануда до, ре, ми, фа, соль, ля, си дауыстылардың қасиетіне негізделген.

Қазақ тілінде 11 дауысты, (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, и) орыс тілінен енген э, ё, ю, я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты дыбыс бар.

Дауысты дыбыстардың тағы бір ерекшелігі оны буын құрайтындығы. Қазақ тілінің буын жүйесі бойынша сөзде қанша дауысы болса, сонша буын болады.

Мысал үшін: ү й, ү н, қ ы с, ә е , б а а а р, д ә і е р, м ұ а і м.

  1. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі дыбыстардың тиістісін қойып жаз. Буындарға бөліп оқы.

а. (ұ, ү, у) Ағаш б . . . ршігі, т . . . с көрді, б . . . гінгі, күн аға т . . . зақ қ . . . ру, тә . . . сіз ел, ғарышқа . . . шу.

ә. (ә, а, ө) с . . . йлей бер, т . . . ң болды, . . . рмекші . . . рмек құрды, м . . . н оқушымын, к . . . мір қара алтын, бұл - . . . ке ақылы.

  1. Дауысты дыбыстарға сөздер тауып жаз.
  2. Ән айтып үйренейік. Дауысты дыбыстардың айтылуына назар аудар.

Ақ мамам

Менің мамам, ақ мамам,

Балын маған сақтаған.

Әнін маған сақтаған

Бәрін маған сақтаған,

Менің мамам, ақ мамам.

4. Дауысты дыбыстардың жіктелуі.

Қазақ тіліндегі дауыстылар дыбыстау мүшелерінің әркелкі мөлщерде қатысуына қарай әр түрлі болады. Дауыстыларды:

  1. Еріннің қатысына қарай:еріндік, езулік;
  2. Иектің (жақтың) қатысына қарай: ашық, қысың;
  3. Тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке деп бөлеміз. Кейде дауыстыларды тіл алды, тіл арты деп де атайды. Бұл әсіресе орыс тілінде жиі ұшырасады. өйткені оларда жуан, жіңішке дауысты деген ұғым жоқ.

Қазақ тілінде буынның жуан, жіңішкелігі дауыстыларға байланысты. Тілдің, жақтың (иектің), еріннің қатысына қарай дауысталардың жіктелуін жинақтап, мына секілді кестемен көрсетуге болады:

Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жіктелуі: Еріннің қызметіне қарай
Жақтың (иектің) қызметіне қарай
Тілдің қызметіне қарай
Дауысты дыбыстардың жіктелуі:

Еріндік дауыстылар

о, ө, у, ұ, ү

Езулік дауыстылар

а, ә, э, е, ы, і

Ашық дауыстылар

а, ә, е, э

Қысаң дауыстылар

ы, і, ұ, ү, и

Жуан дауыстылар

А, о, ы, ұ (и), (у)

Жіңішке дауыстылар

ә, ө, ү, і, е, (и), (у)

Бұл кестедегі и, у әріптерімен таңбаланып тұрған дыбыстар сөз немесе буын ыңғайына қарай бірде жуан, бірде жіңішке болып өзгереді. Мысалы: тарих, Иса, бару, қызыл ту . Сонымен бірге и мен у кейде дауысты, кейде дауыссыз болатындығын де ескерген жөн.

Дауыстыларды талдаудың үлгісі:

а
-
езулік, ашық, жуан дауысты;
а: ә
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: езулік, ашық, жіңішке дауысты;
а: е
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: езулік, ашық, жіңішке дауысты;
а: ы
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: езулік, қысаң, жуан дауысты;
а: і
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: езулік, қысаң жіңішке дауысты;
а: о
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: еріндік, ашық, жуан дауысты;
а: ө
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: езулік, ашық, жіңішке дауысты;
а: ұ
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: еріндік, қысаң, жуан дауысты;
а: ү
-: -
езулік, ашық, жуан дауысты;: еріндік, қысаң, жіңішке дауысты;

и мен у - қосынды дауыстылар;

Ашық, қысаң дауыстыларды жете түсіну үшін былайша көрсетуге де болады:

Бір нәрсенің бетін ашқан секілді иектің төмен түсіп ашылуынан дауыстылар қалай қысаңға айналатына былай байқалады:

Бұл сызбаның сол жағындағы топтан езу еріндікке қарай қалай өтетінін көз алдыға келтіру қиын емес.

  1. Көп нүктенің орнынаө, еәріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.

Күр . . . к, өлк . . . , бөб . . . к, Ақт . . . бе, көл . . . ңке, көб . . . л . . . к, көрк . . . м, өск . . . л . . . ң, бөлш . . . к, төрт . . . у, Ботаг . . . з, Ақб . . . п . . .

  1. Көп нүктенің орнынаұ, ү, ыәріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.

Күнд . . . з, ұз . . . н, бүг . . . н, күлк . . . , бүрс . . . г . . . ні, бұр . . . н, Барат . . . ғ . . . н, құр . . . қ, бүлд . . . рген, мұр . . . ндық, түлк . . . , жұлд . . . з, бүлдірг . . . , құм . . . рсқа, жұд . . . р . . . қ, үск . . . р . . . к, ұр . . . ншақ, түй . . . ншек, кузг . . . суық, түнг . . . салқын.

5. Дауыссыз дыбыстар.

Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда:

  1. Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Мысалыа, о, д, тдыбыстарды салыстырып айтып көріңіз;
  2. Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;
  3. Даустыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне таралып түспейді;
  4. Дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;
  5. Дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;
  6. Дауыссыздармен буын құрай алмаймыз.

Сонымен, айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар, олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Сонымен бірге в, ф, ц, й, ч, щ - қазақ тілінің әсерімен енген дауыссыздар.

6. Дауыссыздардың жіктелуі

Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады. Дауыссыз дыбыстарға салдыр мен үн барлық дауыссыздарда бірдей емес. Мысалы, бай, бас, күн сөздердегі б, й, к дыбыстарын екі құлағыңызды басып тұрып айтып көріңіз. Сонда к дыбысынан ешқандай үн байқай алмаймыз, тек қана салдыр барын байқаймыз. Й дыбысынан, керісінше, ешқандай салдыр байқалмайды, онда үн басым. Б дыбысы екеуіне де ұқсамайды, онда үн мен салдыр қабат байқалады, бірақ салдыр басымырақ болады.

Осы әдіспен дауыссыздардың барлығын тексерсек, дауыссыздар: 1) тек қана салдырдан тұратын 2) салдыр мен үннен тұратын дыбыстар болып екіге бөлінетінін байқаймыз. Оған төмендегі дыбыстар жатады.

Салдырдан тұратындар
Салдыр мен үннен тұратындар
Салдырдан тұратындар: к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ
Салдыр мен үннен тұратындар: й, л, м, н, ң, р, (у), б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Енді қайтадан сол әдіспен салдыр мен үннен тұратын дыбыстарды айтып байқағанымызда, бірқатар дыбыстарда салдырдан гөрі үн басым болса, енді бірқатарында үннен гөрі салдыр басым болып шығады. Сонда олар былай жіктеледі:

Үннен салдыр басым дыбыстар
Салдырдан үні басым дыбыстар
Үннен салдыр басым дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Салдырдан үні басым дыбыстар: й, л, м, н, ң, р, (у)

Фонетикада тек қана салдырдан тұратын дыбыстарды қатаң, үннен салдыры басым дыбыстарды - ұяң, ал салдырдан гөрі үні басым дыбыстарды үнді деп атайды. Сонымен, қазақ тіліндегі дауыссыздар үнніңқатысына қарай мына төмендегі үшке бөлінеді:

Қатаң:
к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ
Қатаң:: Ұяң:
к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Қатаң:: Үнді:
к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ: й, л, м, н, ң, р, (у)

Дауыссыздар жасалу орнына қарай мына төмендегіше жіктеледі.

  1. Ерін дауыссыздары:п, б, м, (у) ;
  2. Тіс пен ерін дауыссыздары:ф, в;
  3. Тіс дауыссыздары:т, д, ц, с, з;
  4. Тіл ұшы дауыссыздары:ч, ж, н, л;
  5. тіл алды дауыссыздары:ш, р, и, щ;
  6. тіл ортасы дауыссыздары:к, г;
  7. тіл арты дауыссыздары:қ, ң, х, ғ;
  8. көмей дауыссызы; һ.

Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл: п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың: ф, в, с, ғ, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді.

7. Буын

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі - олардың буын қурайтындығы дедік. Демек, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а-та, ша-га-ла, ке-ре-мет, т. б. Буынның айтылудағы өлшемі мен жазылудағы түрі бірдей болып келе бермейді. Мәселен, метр, литр сөздері жазылуда бір буын болғанымен, айтылуда - екі буынды сөздер. Сондай - ақ, кооператив сөзі жазылуда - бес буын, айтылуда - төрт-ақ буын. Қазақ тіліндегі екі дауысты қатар келгенде, айтылуда бірінің түсіп қалуы да осыған байланысты. Мысалы: келе алмады, бара алмады дегендер айтылуда ықшамдалып, келалмады, баралмады болып айтылады. Жазуда бұл ескерілмейді.

Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:

  1. бір дауысты буын, яғни жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла, ә-ке, о-рақ, ұ-ран, ат, ер, ін;
  2. екі дыбысты буын: бала;
  3. үш дыбысты буын: көз, бал, ұлт, ант;
  4. төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт;

дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда үзік - үзікке бөлініп, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын ашық буын, тұйық буын, бітеу буын болып үшке бөлінеді.

Бір дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан (ол қатаң да, ұяң да, үнді де болуы мүмкін) басталып, дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын дейміз.

Ашық буын
Ашық буын: Бір дыбысты ашық буын
Екі дыбысты ашық буын
Ашық буын:

Е, со-лай-ма?

А, не дей-сің?

А-та, ә-ке, і-ні, а-на.

Па, шіркін! Тамақ же.

Мә, мы-на-ны ал!

Ба-ла, ша-ға-ла

Екі немесе үш дыбыстан құралып және дауысты дыбыстан басталып, бір немесе екі дауыссыз дыбысқа аяқталған буында тұйық буын дейміз.

Тұйық буын
Тұйық буын: Екі дыбысты тұйық буын
Үш дыбысты тұйық буын
Тұйық буын: Ат, өт, ор, өр, ер, ұн, үн, ыс, іс
Ант, аңқ, өрт, ұлт

Ортасы дауыста дыбыс болып, екі жағы дауыссызбен келген үш не төрт дыбысты буынды бітеу буын дейміз.

Бітеу буын
Бітеу буын: Үш дыбысты бітеу буын
Төрт дыбысты бітеу буын
Бітеу буын: Мал, сол, төс, құс, бұл, қыс, тіс, т. б
Төрт, қалт, жалт, тарс, тырс, мырс, т. б

Егер дауыста дыбысты А әрпімен, ал дауыссызды В әрпімен белгілесек, буынның түрлерін төмендегіше жинақтап көрсете аламыз:

  1. ашық буын - А, ВА
  2. тұйық буын - АВ, АВВ
  3. бітеу буын - ВАВ, ВАВВ
  1. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлеріне ажырат. Үлгі: А-та, . . .

Жаз, жайлау, ұялшақ, Қазақстан, ұйымдасу, ою, төрт, саяхат, қиық, қуаныш, тату, туысқан, Отан, инелік, көгершін, жауқазын, өмірбаян, данышпан, жайлау, халық, төлқұжат, сазгер, әуежай, әнұран, ұжым, көз, оқу, сыйлық, молшылық, куәлік, уәде, мейман, ау.

  1. Бірінші сыңары тұйық буын, екінші сыңары бітеу буын болатын бірнеше сөз ойлап жаз.

Үлгі: Өт-кір, ыс-тық, . . .

  1. Берілген ашық буындарға бітеу буын жалғап жаз.

Үлгі: Ба-қыт, . . .

ма-- кө-- тө-- те--

қа-- бұ-- о-- кү--

са-- ше-- ө-- е--

та-- тұ-- а-- кі--

  1. Бірінші сыңары тек бітеу буыннан жасалған бірнеше сөз тауып жаз.

Үлгі: Сақ-шы, Құр-ақ, . . .

  1. Торкөздерді аз буыннан көп буынға көше отырып сөз тауып жаз.

Бір буынды сөз

Екі буынды сөз

Үш буынды сөз

Төрт буынды сөз

Бес буынды сөз

Алты буынды сөз

8. Үндестік заңы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақытты оқытудың әдістемесі
Бастауыш математика курсындағы шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемесі
Шамалар мен өлшем бірліктер
Екінші сыныптарға математиканы оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдістері
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары
«Мектепке дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері»
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Бірінші сынып математикасында дамыта оқытудың теориялық негіздері
Мәскеу уақыты бойынша сағат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz