12 жылдық оқыту үлгісіне көшу жағдайында информатика бойынша бейінді бағытта оқыту тұжырымдамалық идеялар мен тәжірибелер


Әйтеке би ауданы Еңбекту орта мектебі
Тақырыбы: 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу жағдайында информатика бойынша бейінді бағытта оқыту: тұжырымдамалық идеялар мен тәжірибелер
Дайындаған: Абдикаримов Н. А
тамыз мәслихаты
2013 жылы
12 жылдық оқыту үлгісіне көшу жағдайында информатика бойынша бейінді бағытта оқыту: тұжырымдамалық идеялар мен тәжірибелер
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Әлемнің бірқатар елдерінде 12 жылдық білім берудің белгілі бір халықаралық стандарты қалыптасқан. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы 12 жылдық білімге көшу жүзеге асырылады. 2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезеңдеп көшу басталды. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуының қарқындылығы;
- ақпараттық қоғамға көшу;
- мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы;
- қоғамның демократиялануы ;
- эканомиканың қарқынды дамуы, бәсекелестің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге эканомикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», деп оны 12 жылдық білім беруге баса назар аударған еді.
12 жылдық білім берудің мақсаты:
- Өз ойын еркін айта алатын ;
- Өзін көрсете білетін;
- Өзін-өзі дамыта алатын;
- Жоғары білімді;
- Ұлттық тілді;
- Тарихты жетік меңгерген;
- Бәсекеге қабілетті;
- Отандық, әлемдік мәдениеті бойында қалыптасқан;
- Шығармашылығы дамыған ТҰЛҒАны қалыптастыру .
Бұл мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:
- Тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру;
- Құзіреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;
- Оқушының ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
Сондықтан жалпы орта білім беру мектептерінде баланы әмбебап білім, білік, дағдылармен қаруландыратын, өзіндік іс-әрекетке үйрететін және білім беру мазмұнының сапасын анықтайтын басты құзіреттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйе құрылуға тиіс. Бұл жүйе әр жастағы тұлғаны туындаған кез-келген мәселені шешуде қолдана алатын жаңа әдістерді игеруге, қалай оқу, қалай ойлау керектігіне үйретуге негізделуі шарт.
Оқу - бұл, ең алдымен, бұл үрдіске қатысатын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім - оқушы мен оқу материалы арасындағы дәнекер. Ендеше, мектептің дайындығы, көбіне, мұғалімнің әр оқушының ерекшелігін байқап, түсініп, ескере алу қабілетіне және өз шәкіртіне көмектесе алу біліктілігіне байланысты.
Мұғалім дайындығының екі аспектісін атайтын болсақ, олар:
1. Баланың даму ерекшелігін білу, оқушылардың қиындықтарын ғана байқап қоймай, олардың мықты жақтарын анықтауға көмектеседі.
2. Оқыту методикасы жағынан жақсы дайындалған болу, жағдайды дұрыс бағалап, оны шешудің тиімді әдістерін табуға көмектеседі.
Демек, мұғалім
а) жаңа оқу материалымен таныстыруда әр түрлі әдістерді қолдана білуі керек;
ә) оқытуда, әр оқушының өз өмірлік тәжірибесі мен даму деңгейіне сәйкес, білімді меңгеруіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды қолдануы керек;
б) оқушыларға өз жетістіктерін көруге жағдай туғызуы керек.
Бұл мақсат-міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесі оқытудың жаңа технологияларын: жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін т. б. қолдана отырып, оқытуды ұйымдастыруы қажет. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі жаңашыл шешім- бейінді оқытуды енгізу болып табылады. Бейінді-бағдарлы оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылығының және қабілетінің дамуына жағдай жасайтын, олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Бейіндік оқыту жараталыстану-математикалық, әлеуметтік - гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейінді оқытудың негізгі міндеттері төмендегідей:
- пәнді қандай да деңгейде тереңдетіп оқытып, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру;
- орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіріп, мұғалімнің кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде болуын талап ету;
- жоғары сынып оқушыларының өзіндік әлеуметін анықтап, сәйкес кәсіби білім беру аясында білім алуын жалғастыру үшін қажет қабілеттіліктердің қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сатысына бейінді оқыту енгізілді. Бейінді оқыту - 12 жылдық білім беруге негізделген.
Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде информатика пәні бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары төмендегідей мақсаттарды көздейді:
1. Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу;
2. Болашақ мамандық ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерді орындау барысында осы мамандық иесі ретінде өзіндік сыналуына жағдай туғызу;
3. Бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру;
4. Оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау;
Мысалы, курстың жеке бөлімдері тереңдетіп оқытатын арнайы «Web-дизайн» курсын алып қарастырсақ.
Информатиканың бағдарлы курсын оқыту оқушылардың бағдарламалау әдістері туралы, сонымен қатар визуалдық: жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен қолданбалы бағдарламалық жасақтамаларды өңдеу технологияларын, ақпараттық-логикалық моделдер құру және деректер базасын өңдеу технологиясын парақтар құру құрылымы туралы жалпы түсінікті қалыптастырады. Осының барлығы ақпараттық технологиялар әдістерін меңгеруіне негіз болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web-беттер құруға, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады.
Қазіргі кезде компьютерлік дизайн, Web-дизайн, администраторлар, программистер сияқты мамандықтарды таңдау заман талабына айналып отыр. Кез келген қарапайым құжаттардың өздерін компьютерлік бағдарламаламалар арқылы өңдеу талап етілуде. Интернетте ақпартты жариялау үшін Web-дизайн негіздерін білуді қажет етеді. Демек, осы Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандық иесіне қажет болады.
Берілген курс мазмұны 10 сынып оқушыларының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан 10 сыныпқа, барлығы 34 сағатқа негізделген. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсетуге және Web-беттерді құруға мүмкіндік береді.
Курстың мақсаттары:
- оқушыларды өздері белгілі бір мақсатқа жету кезінде құрған Web-беттерді қолдана отырып, ақпарттық Интернет желісінде тиімді жұмыс істеуге үйрету;
- ақпараттың Интернетте берілу тәсілдерін үйрету;
- сайт құру және түрлі жобалар жасау арқылы оқушылардың логикалық және танымдық ойлау қабілеттерін арттыру;
Оқушылар «Web-дизайн» курсында мыналарды үйрену керек:
Internet арқылы ақпаратты іздеуді және қарап шығуды;
Internet-те және электрондық поштамен жұмыс істеуді;
Web-бетті құруды, Web-беттің дизайын жасауды;
Графикалық оъектілерді орналастыруды;
Кестелермен жұмыс жасауды;
Маркерленген және нөмерленген тізімдерді құруды;
Гиперсілтемелерді қолдануды;
Сілтеме картасын жасауды;
Қолданбалы бағдарламалар көмегімен Web-құжаттар жасауды.
Элективті курстарды жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологиялық мүмкіндіктерді, мысалы электронды оқу құралын пайдалануға тиімді болады. Информатика сабағында элективті курстарды қолдана отырып, бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігін қарастыру.
Информатика сабағында бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігі - олардың сабақтың кезкңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын - ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Педогог және психолог ғалымдар ойын іс-әрекетін жан - жақты зерттеп, баланың дамуына, тәрбиеленуіне, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құрылымы ретінде қарастырылды. Ойын бірнеше қызмет атқарады:
- ойын - сауық;
- комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
- әлеметтендіру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz