Менің сүйікті мамандығым



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Эссе

Менің сүйікті мамандығым.

Мен бұл мамандықты неге таңдадым ? Бұл мамандық жан-жақты
зерттейді. Мен- дем беруші, бағыт көрсетуші, құтқарушы психологпын. Менің
басты бағытым, өмірге еш өшпенділіксіз, қорқынышсыз қарауды балалардың
санасына жеткізу. Балаларды алға ұмтылуға, алда ғажайып нәрселердің бар
екендігін, жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру !
Мен үшін психолог мамандығы не? Ол кең мағыналы.
Мектеп психологы- бұл:
❖ үйретуші, оқытушы емес, баланың өз-өзін танып-білуге көмектесуші
адам;
❖ бала жанын ұғатын, жанашыр, үлгі- өнеге болар тұлға;
❖ баланың қабілетін ашып, дамытуға мұрындық болатын қамқоршы;
❖ баланың болашағына сеніп, мүмкіндігін арттыру жолын білетін қолдаушы;
❖ мақсатқа жету құпиясын ашуға көмектесетін жетекші;
❖ баланы өз-өзіне сенімін күшейтіп, алға ұмтылдыратын жаттықтырушы;
Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем
беріп,олардың жан-дүниесіне үңіліп,олардың бүгіп, ұялып, сыртқа шығара
алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын. Мен оқушылардың, балалардың
күнделікті өмірден бір сәтке болса да шығып, өздерін жаңа қырдан танып,
өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып, өмірдің әр сәтін тек
жақсылыққа, артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына, жастық шақтарын босқа
өткізбей, өмірден дұрыс жол таңдап, тек қана алға ұмтылуларын қалаймын. Осы
жерде ұлылардың Өзіңді біл, таны, аш сол кезде әлемді де біліп, аша
аласың сонымен қатар Жаныңды ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекет дертімен
былғанудан сақтаңыз деген нақыл сөзді айтқым келеді.
Мен- жол көрсетушімін.
Қасыңда келе жатқан адам. Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай
сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жүгіртіп, соларды
іздейміз. Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп
тауып,сол адаммен өзінің көңіл-күйін, ішкі сезімін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс - тәсілдерім
Менің өмірлік жоспарым
Тренингте қолданылатын жаттығулар
Түлектердің мамандық таңдау мәселесі
Менің кәсібім - менің мақтанышым
Қазақстаның дамуы мен көркеюіне менің үлесім
Ауызша сөз нормаларын оқытудың психолингвистикалық негізі
Білімдіден шыққан сөз
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ТІРЕК СЫЗБАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Кәсіби бағдар берудің мазмұны
Пәндер