Бастауыш мектеп оқушыларының оқу белсенділігін арттырудың жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу белсенділігін арттырудың жолдары.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы ОЖББ мектебінің психологі

Қобланова Гүлжихан Ермекқызы

Мен өз тәжірибемнен түйгенім, бастауыш мектеп оқушыларының оқу белсенділігін арттыру үшін, ең бірінші кезекте, әр баланы терең танып білу керек, оның даралық қасиеттері мен психологиялық ерекшеліктеріне орай жеке даралық қатынас құру. Екіншіден, бастауыш мекеп оқушылары үшін мұғалім бейнесі ұлы тұлға, барлығын білетін, ешқашан қателеспейтін, ерекше жан және мұғалімнің айтқанын заң ретінде қабылдайды. Сондықтан, осы «мүмкіншілікті» пайдалана отырып, баланың оқуға белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын педагогикалық мадақтау және жазалау сияқты бағаларды тиімді қолдану қажет. Яғни баланың даралық ерекшелігі мен білімді меңгеру қабілеттілігіне орай, қандайда бір іс-әрекетті орындауға кішігірім күш жетпей жатқан кезде мақтап, демеп жіберіп, ал, өз кемшіліктері мен қателіктерін жөндеуге ниеті болмаған жағдайда жазалап қою арқылы оқуға ынтасын арттыруға болады. Әрине, бастауыш сынып оқушысы мақтауды жаны сүйеді, дегенмен оны, орынсыз пайдалану кері әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан, баланың орындаған әрбір ісі мен тапсырмасының нәтижесіне жете мән беріп, мақтауға ие болудың себебін жан жақты нақтырақ түсіндірген тиімді бола түседі. Үшіншіден, әр сабақта оқытудың түрліше әдіс тәсілдерін қолданған дұрыс. Бастауыш мектеп оқушыларының ойын баласы екенін ескерсек, әрбір сабақтағы жаңа білімдерді меңгертуді ойын сипатында ұйымдастырған баланың оқуға белсенділігін одан әрі ынталандыра түсер еді. Бастауыш мектеп оқушысы үшін ойынның рөлі зор. Сондықтан оқу барысында ойынның кез келген элеметтерін қолдану баланың психологиялық ерекшелігі олардың едәуір ойланып қалады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі арттады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады, ұжымдық сезімі қалыптасады, ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. Енді балалардың оқу белсенділігін арттырудың азғантай болса да элементтерін келтірейік.

«Өз есіміңді ерекше ата » ойыны. Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы. Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге, олар біздің мінезімізге, сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Кәнеки, өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік. Жаттығып алайық. Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады.

«Сиқырлы саусақтар »ойыны. Таң қалу (екі қолдың бас бармаған көтеру) . Өзіңді көрсету (бір саусақпен) . Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру) . Қорқыту (сұқ саусақпен) . Жеңіс (екіқолды жоғары көтеру) .

«Сөз моншақтар» ойыны. Жүргізуші балаларға бір сөзді айтады, ол сөздің басында қандай әріп естілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.

Мектептегі психологиялық қызметтің міндеттерінің алдыңғы қатарына: жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту, бала бойындағы бар қабілеттерді анықтап, оған жағдай жасау, балалардың психофизиологиялық денсаулығына, әр баланың психологиялық және эмоционалдық саулығына оңтайлы жағдай жасау жатады. Ұжымда кәсіби жетістіктерге жетуге мүмкіндік пен психологиялық қолдау жасау, педагогтардың шығармашылық потенциалын ашуға және оны дамытуға көмек беру негізінде жүйелі түрде шығармашылықпен ойлауын, бәсекеге қабілеттілігін психологиялық тұрғыдан дамыту. «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие -тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуінде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде» деген қазақтың мағыналы, мәнді тіркестері жай айтылмаған. Өмір шындығына жүгінсек тәрбие бастауы, оның қайнар көзі ананың ақ сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.

Мен өз тәжірибемде «Жақсы сөз, жарым ырыс» - деген қағиданы басшылыққа аламын. Сондықтан, «Біз сөйлей білеміз бе?» деген сұраққа жауап іздеп көрейін. Адам баласының психикасына күнделікті өмірде әсер ететін мән-жайлар аз емес. Солардың бірі жүрекке жағымды сөз болса, екіншісі ауыр сөздер деп ойлаймын. Жалпы сөздің адам сана-сезіміне тигізетін әсері жөнінде, данышпандар айтқандай, «Сөз деген ұлы әмірші, қол, аяғы, денесі болмаса да, ол аса ғажайып іс атқара алады. Өйткені, ол үрейді де басады, қайғыны да тоқтатады, қуанышқа батырып, аяныш сезімін оятады. »

Сондықтан мұғалім мен оқушы, бала мен ата -ана арасындағы өзара қарым-қатынастарды жақсарту, атап айтсақ, әңгімелесу, сырласу, ой бөлісу т. б байланысты. Осы жоғарыда айтылған әңгімені қорытындылай келе, баланың тұлға болып қалыптасуына ата-ана мен мұғалімге тікелей байланысты.

Баға қоюдың шәкірт психологиясына әсері.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы ОЖББ мектебінің психологі

Қобланова Гүлжихан Ермекқызы

Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс.

Баға мен бағалау жүйесінің кемшілігі бала жанын жаралауы мүмкін.

Бала өмірінде бағаның маңызы қандай?

Ол ең алдымен психологиялық мінездемемен, өзін-өзі бағалаумен, жетістіктерді жетілдірумен, қобалжуына, эмоциялық жағдайына, қоршаған ортамен қарым-қатынасына тығыз байланысты.

Психологтарға өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдар өмірде жолы болғыштығымен бірге, мақсаттары орындалып, жетістіктерге қол жеткізсе, керісінше өзін-өзі төмен бағалайтын адамдардың өмірде жолы болмай, көздеген мақсаттарына жете алмай жат атыны жақсы белгілі.

Әрбір төмен баға баланың өзін-өзі төмендетуіне себеп болады. Сол себепті өзін оқуда ештеңеге жарамсыз деп санап, басқа жолға түсіп кетуі мүмкін.

Сонымен қатар, жоғары бағалау баланың жетістіктерге жетуіне, әрі қарай жақсы дамуына тікелей әсер етеді.

Психологияда «талаптану деңгейі» термині бар. Ол бір оқушыда жоғары, біреуінде төмен болады. Сондықтан талаптану деңгейі жоғары оқушы «2» алса, ол осы бағасын жоюға тырысып, намыстанып, келесі сабаққа дайындалып келеді. Талаптану деңгейі төмен оқушы жаман баға алса, өзін басқалардан төмен санайды. «Мен бәрібір ол екіні жоя алмаймын» деген ойда қалады.

Әрбір бала алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күні «Мен үздік» боламын деген оймен келеді. Егер мұғалім баланы қатаң бағалап, әсіресе бастауыш сыныптарда төмен баға қойса, оқушы қолын бір сілтеп, ештеңеге қызыөпай қалуы мүмкін. Ондай бала келешекте ешнәрсеге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін.

Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РОЛІ
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Жеке тұлганың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz