МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МҮСІНДЕУ ТЕХНАЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МҮСІНДЕУ ТЕХНАЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ

Өскемен қаласы әкімдігінің Ахмер орта мектебі КММ мектеп алды даярлық
сыныбының тәрбиешісі. Есембаева Индира Оспанкызы

Қазақстан Республикасының ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және
рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл
өзгерістер, сөз жоқ, мектепке дейінгі білім беру саласына соның ішінде
балабақшада балаларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын,
сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:
Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде
ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу
мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар,
тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін
зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала
ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер
арқылы суреттегені де мәлім.[4, 11б.]
Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму
заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психология атақты
кеңес психологтары Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, А.В.
Запорожец, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, В.С. Мухина, М.И.
Лисина еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын
зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие.
Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж.
Брунер еңбектерін жатқызуға болады.
Бастауыш мектеп мұғалімінің балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
дамуын жан-жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс-әрекетін,
ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға, тілді
меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды. Баланың мектепке
жетекші іс-әрекет түрі ойын болып табылатыны белгілі. Соған байланысты
бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылармен жұмыс барысында баланың ойлауын,
тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез-құлық ерекшеліктерін
меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге
асыра алуы тиіс. Ұлы француз жазушысы А.Фанс бірде мүсінші О.Роденге
өз коллекциясынан бір ежелгі сазбалшық статуэтканы (мүсіншені)
көрсете отырып, былай десе керек: Сазбалшық тынымсыз қимылдаған
саусақтардан... әлі жып-жылы сияқты... Суретші...сазбалшықты жақсы
көреді-ол саусақтардың астында жанып тұр.
Мүсіндеу ‒ бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеу үшін сазбалшықты
арнайы дайындайды. Бұндай дайындаудың алуан әдістері бар, ең
қарапайым әрі жақсысын белгілі советтмүсіншісі А. Голубкина ұсынған
болатын. Кеңістікте жан ‒ жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма.
Өнердің өзге салаларындағы сияқты суреттер мұнда да өзінің
дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын, өзгеше формадағы образдар
жасау арқылы білдіреді. Мүсіндеу туындылары үнемі көлемді
кеңістікті береді және ол өзінің осынау ерекше сипаты мен болмысын
саз балшық, пластилин тәрізді жұмсақ материалдар немесе ағаш, тас
тәрізді қатты материялдар бойынша да көрсете алады. Мүсіндеудің
жұмсақ материялдардан жасалуын жалпы мүсіндеу, пластика деп, ал
қатты материалдардан жасалуын қашау деп атайды.

Мүсіндеудің өзіндік ерекшелігі оның мазмұнан және айтар ойын
жеткізу құралдарынан айқын көрінеді.

Оның негізгі мазмұны ең алдымен адамды бейнелеу болып
табылады.

Жануарлар әлеміде мүсіндеудің объектісі болуы мүмкін. Мысалы,
мүсінші ‒ анималист В. А. Ватагин өз творчествосын жануарлар дүниесін
бейнелеуге арнады.

Мүсіндеудің мазмұнының ерекшелігі неліктен бұлай болған?

Осынау тірі организмдер формасы көлемімен, мәнерімен,
үйлесімділігімен, сондай‒ақ сан алуан түрлі қозғалыс‒қимылымен
сипатталады. Сондықтан да мүсіндеудің өзгешелігі сол форманың барлық
ерекшеліктерін әр алуан қырынан көрсету мүмкіндігі болып табылады.
Адамды қоршаған ортаны, жансыз табиғатты мүсіндеуде, пластикада өте
сирек ұшырасады. Өсімдіктер, әр түрлі заттар кейде мүсіндегі
негізгі образды толықтыратын деталь немесе декоративті элемент
ретінде пайдаланылады. Жансыз заттардың, әсіресе, тетігі
қозғалмайтын, белдігі айналмайтын машиналарды, мүсіндеу үнемі тиімсіз
болып келеді. Скульптура өнері үшін, керісінше осы машиналарды
басқаратын адамдардың ішкі жан дүниесін бейнелеу маңызды.

Мүсінші де, суретші де заттардың көлемін бейнелейді. Суретте
бұл екі өлшемі бар жазықтықта жүзеге асады. Суретші осының
арқасында ғана көлемді беру үшін шартты құралдарды пайдаланады. Үш
өлшемді иллюзия оған жарық пен көлеңкені дұрыс пайдалануға
көмектеседі.

Тәжірбиенің көрсеткеніндей балаларды екі жасынан бастап үйретуге
болады. Осы жастағы балаларда өздерін айнала қоршаған заттарды
саз балшықтан мүсіндеуге деген құштарлық пайда болады. Алайда,
бейнеленген заттың болар‒болмас нобайы ғана ұқсайды. Екі ‒ үш
жастағы сәбилер үшін мүсіндеуге заттардың формасы мен құрлысынан
гөрі сол материалдың жабысқақтығы, созылмалылығы, көлемі, салмағы
тәрізді белгілері анағұрлым маңызды болмақ. Бұл кезең сурет
салудағыдай бейнелеуге дейінгі шақ деп аталады да, бірақ сурет
барысына қарағанда мүсіндеу сабақтарында тез өтеді.

Мұны балалардың көлемді, көрнекі материялдармен танысумен, сол
материялдың икемге көнгіштігі қызықтырумен түсіндіруге болады, оның
әрекеттері бұрынғыдан гөрі қонымды бола бастайды. Жоғарыда айтып
өткеніміздей, бұл кезеңде балаларды сол материялдың қасиеттері
қызықтырады. Олар үлкен саз балшықтың жұмбазынан үзіп алады да
тақтайшада қолдарыменилеп, біріне‒бірін жапсырып ойнаумен болады.
Егерде олар материялды ересектердің басшылығымен игеретін болса,
онда олар бейнелеуге тезірек бейімделе бастайды. Алақанға салып
домалатудың немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада атқарылатын жұмыстармен танысу
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
Әрбір сыныптың тәрбиесінің жоспарын құрып, талдау
М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
Интерактивті оқыту
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерінің түрлері
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Балалар бақшасындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту
Пәндер