Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі


Кіріспе
Су ресурсы - халықтың негізгі тіршілік көзі. Қазіргі уақытта суды ысырапсыз, үнемді, тиімді пайдалану жер-жерде жүзеге асырылып келеді, әсіресе, бұл суға тапшы елдердің қолға алып отырған жұмысы. Алайда сонымен қатар суармалы жерлер мен арналардың түзүлу процестеріне, су көздерінің гидрохимиялық жағдайларының өзгеруіне қажетті деңгейде көңіл бөлінбеу салдарынан суармалы алқаптардың тұздануы, суармалы кезеңде су тапшылығының немесе көктем айларында су тасқындарының орын алу жағдайларына әкеп соқтыруда.
Қаралып отырған дипломдық жоба, суармалы алқаптарда өндірілетін ауыл шаруашылық дақыл түрлері мен олардың аудандарын, аймақтың климаттық, топырақтың мелиоративтік, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын ескере отырып анықталған қажетті су мөшерін қамтамасыз ететін гидротехникалық құрылымды жобалауға негізделген.
Гидротехникалық құрылым Жаңа-Арық каналының 84 пикетінде, бекітілген алқаптарға берілетін Жаңа-арық-12 м 3 /сек, Талдыарық-2, 5 м 3 /сек және Қаратабан-2 м 3 /сек су мөшерін реттеуге арналған түйінді құрылыс болып табылады. Құрылымды жобалау барысында анықталатын негізгі талаптар каналдардың дұрыс жұмыс жасауы, яғни арнада судың тұнбауы, арналардың шайылмауы, реттегіштердің қажетті өтімділіктерді қамтамасыз етуі болып табылады. Сонымен қатар суармалы алқаптарға берілетін су мөлшерлерін реттемей беру дақыл өнімділігі мен суармалы алқап топырақтарының мелиоративтік жағдайына кері әсер етеді яғни, алқатардың құрғап немесе батпақтану әсерінен қайта тұздануға әкеп соқтырады.
Гидротехникалық құрылымдарды жобалау барысында ескерілітін талаптардың бірі олар құрылымды пайдаланудың қарапайымдылығы мен ұзақтылығы және өзін-өзі ақтау мерзімінің барынша қысқа болуы яғни тиімділігі.
1. Қызылорда облысының табиғи-климаттық жағдайы
1. 1 Климаты
Арал теңізінің құрғау иәтижесінде аймақтың климаты нашар жағына қарай біраз өзгергені белгілі. Бұл ұзақ жылдар бойы ауа ылғалдылығының төмендеуі, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын түсуінің төмендеуі байқалады. Осының бәрі топырак пайда болу процесінде бірақ өзгерістер тудырды, екпінді шөлейттену және тағы басқалар байқалады. Сондықтан, аймақтың климаттық жағдайларына біршама бағалаулар беру қажеттігі туындайды.
Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәліметтер баршылық болғанымен, олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы климат жағдайынын ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең үлкен жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды. Жергілікті жерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, ауаның айлық орташа температурасы бойынша, Кызылорда облысынын жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоңыр топырақты шөлейт дала аймағына жатқызады. (Боровский, Потолебинский, 1958 ж. ) .
Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауанын жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы қарсыз кысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы 25 о -28 о . Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44-47°. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орта температурасы - 13, 4 о , ал солтүстігінде «Аққұмда» - 6, 8 о десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6, 6 о С .
Облыс территориясының онтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында ең төменгі абсолюттік температура 40-45 о С-ға дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелуі (амплитуда), яғни жоғарғы және төменгі температураның айырмасы -85-90 о С.
1-Кесте
Қызылорда облысының климаттық көрсеткіштері
1. 2. Топырақ-мелиоративтік жағдайы
Даладағы зерттеулер мен лабораториялық қорытындыларға сүйене отырып, тексеріліп отырған территорияда төмендегі топырақтардың түрлері кездеседі.
Бұл өңірде күрделі топырақ - мелиоративтік зерттеулерді В. М. Боровский, М. А. Потолебинский, А. И. Волков, Ю. М. Попов және басқа ғалымдар орындаған. Нәтижесінде облыстың топырақ жамылғысын төмендегідей топтарға бөледі:
- Аллювиальды - шалғынды топырақтары.
- Аллювиальды - шалғынды ескі тоғай топырақтары.
- Кебірлер.
- Шалғынды - батпақты топырақтар.
Аллювиальді - шалғынды топырақтар су бөлінетін биіктерде азғантай массивтерде орналасқан, ауданы 69, 5 га, бұл барлық ауданның 8% құрайды. Гумустың құрамы өте аз 0, 7 млн. 4% аралығында тербеледі.
Топырақта қоректік элементтер өте төмен, жалпы азот, топырақ салмағының - 0, 19-0, 20 көп емес, жылжымалы фосфордың құрамы 100г топырақта 2, 30мг/экв шамасында. Топырақтағы калийдің мөлшері орташа.
Бұл топырақтар салыстырмалы түрде қарағанда өте көп сортаңдалмаған, сонымен қатар, аз тұздалған, орташа және аздап кебіртектері де кездеседі.
Топырақ суының деңгейі 3, 5-5, 5м тереңдіктерде кездеседі, тұздылығы 3-10г/л[1] .
Шалғынды - батпақты топырақтар. Бұл топырақтардың ауданы 154 га болмаса барлық ауданның 18% құрайды. Бұлар тегіс су бөлгіштер мен арналардың төменгі деңгейлерінде орналасқан.
Топырақ суларының деңгейі 4-5м тереңдікте кездеседі. Тұздылығы 10-35 г/л аралығында тербеледі.
Топырақта кездесетін өсімдіктер құрамы: ақбас, мия, жантақ және т. б.
Бұл топырақтардың сортаңдылығы әртүрлі өте аз сортаңдылықтан өте көп сортаңдылыққа жетеді[2] .
Механикалық құрамы, жоғарыдағы айтылған топыраққа қарағанда ауырлау.
Қалған 74% құрайтын топырақтар, кебірлер. Бұл топырақтар барлық жерде жайылған.
Гумус қабатының қалыңдығы 20см-ге дейін жетеді, құрамы 3% дейін.
Топырақта қоректік заттар (элементтер) өте аз төмен (азот, форсфор) ал калий орташа.
Сортаңдықтың түрі хлорлы-сульфатты.
Топырақтың пайда болу қабаты аллювиальді саздақ және сазды топырақтар.
Топырақ сулары 4-5м тереңдікте жаңбыр тұздылығы орташа және күшті.
Өсімдік құрамы өте кедей көпшілігі тұзға төмен беретін түрлері, кермек, мия және т. б.
16
1. 3. Геологиялық және гидрогеологиялық жағдай
Қарастырылып отырған жер аумағының топырақ жыныстары құрамының геологиялық және литологиялық құрылысы 4 литологиялық аудан көрсетілген геологиялық-литологиялық картаның негізінде суреттеледі.
Литологиялық аудан-құмдақ линзалары араласқан саздақтармен құралған көлемі жағынан айтарлықтай үлкен емес жер аумағы алып жатыр. Бұл қабаттың қалыңдығы 0, 0-1, 0 м. Бұдан төменірек зерттелген тереңдіктің 7, 50 м. Көрсеткішінде шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар жатыр.
II. Литологиялық аудан-ең кең таралған жер аумағы. Негізінен саздақтардан, құмдық линзалары араласқан саздан құралған, қабаты 1, 0-2, 0 м. Одан төменірек -7, 50 м-ге дейін шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар бар, кейбір жерлерде бұл құмдар бар, кейбір саздақ немесе сазбен араласып жатады.
III. Литологиялық аудан-солтүстік батыс және шығыс бағытында жер аумағын алып жатыр. Саздақ, құмдақ линзалары араласқан сазбенен құралған, қабаты 2, 0-3, 0 м. Одан төменірек 7, 50 м-ге дейін шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар алып жатыр. Кейбір жерлерде бұл құмдар саздақтармен араласып жатыр.
IV. Литологиялық аудан-негізінен жер аумағының солтүстік және батыс бөліктерінде таралған. Саздақтармен, құмдақ линзалары бар саздан құралған, қалыңдығы 3, 0 м-ден асады. Одан төменірек 7, 50 м-ге дейін шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар жатыр.
Аэрация аймағындағы топырақтардың гранулометрикалық құрамы және суландырылуы лабораториялық жағдайда бұзылған структуралы 42 үлгісін зерттеу арқылы анықталады.
Сазды бөлшектер (d<0, 001мм)
Кесінділерден көрініп тұрғандай саздар пласт тәріздес қабаттар мен линзалар түрінде жайылған қабат қалыңдығы 0, 0-2, 0 м.
Процентпен бергенде фракциялардың құрамы мынадай: Төменгі көрсеткіш- жоғарғы көрсеткіш
Сазды бөлшектер (d<0. 0001м. )
Шаңды бөлшектер (d 0, 001-0, 05мм)
Құмды бөлшектер (d<0. 05мм. )
2. Саздақтар.
Пласт тәзіздес қабаттар түрінде жайылған. Қабат қалыңдығы 0, 0-ден 3, 0- ге дейін ауытқиды.
Процентпен бергенде фракциялардың құрамы келесідей:
Сазды бөлшектер (d <0, 001мм)
(59, 23-21, 29) /43, 4
Шаңды бөлшектер (d 0, 001-0, 05мм)
Құмды бөлшектер (d >0, 05мм)
Зерттеліп отырған учаске орналасқан аймақ геоморфологиялық байланыста Сырдария өзені суы әрекетінен қалыптасқан аллювиальды жазықта орналасқан. Нысан ауданының топырақ жыныстарының құрамында геологиялық құрылысы аллювиальды төрт қабатында, ал плюценді қызыл түсті саздың тереңдігі 40-60 м болатын жерде төселіп жатыр. Қарастырылып отырған жер аумағының топырақ жыныстары құрамының геологиялық және литологиялық құрылысы 4 литологиялық аудан көрсетілген геологиялық-литологиялық картаның негізінде суреттеледі. Литологиялық аудан-құмдақ линзалары араласқан саздақтармен құралған көлемі жағынан айтарлықтай үлкен емес жер аумағы алып жатыр. Бұл қабаттың қалыңдығы 0, 0-1, 0 м. Бұдан төменірек зерттелген тереңдіктің 7, 50 м. Көрсеткішінде шаңды және ұсақ түйіршікті құмдар жатыр[3] .
Аллювиальды төрт қабатының су тұтқыш қабаты кеңінен таралған болып келеді. Су тұтқыштың жалпы тереңдігі 30-40 м-ге тең. Сонымен қатар бұл құмдар плюценді саздан тұрады.
Кең таралған жер аумағында көбінесе балшықты топырақ пен саз қабаттары кездеседі. Олардың тереңдігі 3 м-ден 9-м-ге дейін болады. Ауданның үлкен жерлерінде ені су өтпейтін жерлер кездеседі. Бірінші су өтпейтін жердің қуаты 3 метр болатын тереңдігі 12м-ден 21-м-ге дейін, ал екінші қуаты 7-9м тереңдігі 27-29м . Су тұтқыш құмдардың сүзгіштік қасиеті орташа алғанда сүзгіштік коэффициенті-7, 6 м/тәулікке тең.
Қуат барысында құмның су өткізгіштігі тереңдігі 8-12м болатын бірінші жергілікті су өтпейтіннің су өткізгіштігі 60-80м 2 /тәулік құрайды.
Тек аймақтың шығыс бөлігінің шамалы ауданында құмның тереңдігі 18м-ге дейін болады. Соңғы жағдайда су өткізгіштік 137м 2 /тәулікті құрайды.
Аз тұзды топырақты су минерализациясы 1, 3-2, 1 г/л, түрі сульфатты және су карбонаты осыған байланысты, дренаж қолданбаған жағдайда жердің мелиоративтік жағдайының күрт төмендеуін күтуге болады[5] .
Жер асты суларының деңгейі Сырдария өзенінің жоғары ағысына тәуелді болып келеді және 1, 5-3, 5 м тереңдікте орналасқан. Жер асты суларының деңгейі өзгеруінің мезгілдік амплитудасы 1, 0-2, 5 м шамасында болып келеді. Жер асты суларының пайда болу көзі Сырдария өзені, суармалы жүйелер мен атмосфералық жауын-шашын сулары болып табылады.
Жер асты суының минерализациясы 0, 9-2, 0 г/л шамада өзгеріп отырады. Су типі бойынша натрийлі - калийлі сульфаттыға жатады[5] .
Жер асты суларының кетуіне байланысты бұл аймақтар әлсіз дренажды аймаққа жатады және шығындар булану және транспирация арқылы өтеді. Одан әрі құм қабатында тереңдігі 15м-ден 4м-ге дейін ауыр саздақ және саздар болады. Осыған байланысты бұл комплекске 6-11м болатын тереңдіктер қажет.
“ А ” комплексі сүзгіштік коэффициентінің сан мәнімен тең жүреді 0, 1-0, 3м/тәулік жеңіл және орташа саздақтар үшін 0, 3м/тәулік, ал ауыр саздақ пен саздар үшін - 0, 1м/тәулік, құмдақ- 0, 6м/тәулік.
“ Б ” комплексі жеңіл топырақты, түрлі түсті метологиялық құрылымдар сәйкес. Өңдеу барысында келесі метологиялық құрылымдар кездеседі.
- Жеңіл және орташа саздар, құмдақтармен араласып отырады.
- Жеңіл және орташа саздақтар
- Құмдақтар
- Жеңіл, орташа және ауыр саздақтар мен қабаттасып келеді.
Айтылған комплекстің қабаты 5-6 м-ден аспайды. Осы комплекстің қабаты геология-метологиялық сүзгіштің орташа есептік коэффициенті 0, 3-0, 5 м/тәулік құрайды.
Барлық аймақтар үшін топырақ қабаты келесі проценттікті құрайды, жеңіл және орташа саздақ 80% саз және ауыр саздақ 17%, құмдақ 3%.
Жер асты суларының жақын жатуына байланысты және сол аймақтарда үздіксіз суармауына байланысты барлық байланысатын топырақтар жартылай қатты түрінде болады. Лабораториялық зерттеулер барысында топырақтың келесі физикомеханикалық қасиеттері анықталды[6] .
Суға топырақтар шыдамды . Саздақтардың 50%-і құмдақтардың 86% 24 сағатта ылғалданады.
1. 4. Су ресурстары
Қызылорда облысының территориясында Сырдария өзені ағып жатыр. Бұл облыстағы ірі суару көзі болып саналады.
Сырдария өзені Нарын және Қарадария өзендерінің Ферғана даласының шығыс жағынан басталып қосылуынан басталады. Сырдария өзені Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі, оның ұзындығы 2137 км. Су көлемінен тек ғана Әмудария өзеніне жол береді.
Осы Сырдария өзенінде жалпы су сыйымдылығы 33 км 3 бес су қоймасы салынған. Бұлар: Шарын өзеніндегі - Тоқтағұл, Қарадария өзеніндегі - Әндіжан, Шіршік өзеніндегі Шарвақ және Сырдария өзеніндегі - Қайраққұм мен Шардара су қоймалары.
Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін Сырдарияның ені 1-2 км дейін өзгереді. Жағалары көбінесе жарлы.
Сырдария өзенінің қоректенуі көбінесе аралас қарлы мұзды. Өзеннің бассейні ылғалдылығы өте төмен зонада орналасқан, сондықтан осы Сырдың бойындағы объектілер суды көп мөлшерде тұтынады .
Сырдария суының негізгі пайдаланушылары суармалы алқаптар, балық шаруашылығы т. б.
Өзен суының минерализациясы өсуінің әсерінен ауылшаруашылық дақылдарының сапасы және көлемі кемиді. Бұдан басқа осы аудандағы экологиялық жағдай да нашарлауда.
Соңғы 25-30 жыл көлемінде Қызылорда бекеті бойынша минерализация 3-4 есе өсті, хлоридтер және сульфаттар көбейді. Судың құрамында аммиак қалдықтары және азот кездесетін болды. Мұның басты себебі коллекторлы-кәрізді сулардың тазартусыз өзенге тасталуының доғарылмауында болып отыр[5] .
Су минерализациясының күрделі өсуі 1965 жылдардан басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Минерализация өскен сайын суда зиянды химиялық заттар мөлшері өсуде. Қазіргі кезде осы суда «Линдан», «ГХЦГ», «ДДТ» зиянды пестициттерінің қалдықтары бар. Фенол нормадан 3 есе асқан.
Фенол қосындылары судағы биологиялық процестерді бұзып, иісін, түрін өзгертіп, балық шаруашылығына зиян келтіруде.
Металдардың концентрациясы оның ішінде мыс, кобальт, кадмий, мырыш концентрациялары екі есе, ал қорғасын үш есе өсуі байқалып тұр.
Осы зиянды металдардың сандық көрсеткіші өзеннің төменгі ағысында жоғарғы ағысымен салыстырғанда 3 есе көп. Осыған байланысты Сырдарияның төменгі ағысында адам аурулары 3-4 есе өсті[2] .
Сонымен, аудандағы экологиялық апат су сапасының нашарлауымен байланысты болып отыр. Біріншіден, ауыз судың сапасы нашарлады. Екіншіден, топырақтар ластануда және суармалы учаскелердегі жер беті және жер асты сулары зиянды химиялық заттарымен қоректенуде. Бұл ауылшаруашылығы дақылдарының сапасын төмендетіп, өсімдіктердің өнімділігін азайтып отыр.
2. Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі
2. 1 Мал азықтық дақылдары
Өндірістік бағыт бойынша Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Алақашар көлі жалпы ауданы 3000 га шабындықтар мен жайылымдарды сумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар, мал азықтық дақылдарды өсірумен айналысатын шаруашылықтар да бар.
Жоңышқа - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік, жануарлар ағзасының дұрыс өсіп, жетілуі үшін қажетті каротинге және басқа витаминдерге бай өсімдік. Ол пішен, пішендеме, шөп ұны, құрама жемшөп және басқа мал азықтық өнімдер алу үшін өсіріледі. Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15, 5% протеин, 43, 9% азотсыз заттар, 29, 4% клетчатка, 3, 1% май болады. Кәдімгі жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21, 7 азық өлшемі, 4, 1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50, 2 азық өлшемі және 13, 7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, т. б. Жоңышқа - ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.
Жоңышқа дақылы ылғалдылықты қажет ететін дақыл және сонымен қатар бұл дақыл басқа дақыл түрлеріне қарағанда су талғамайды, оны өз бойына сіңіріп, өзінің тамырының ерекшелігіне байланысты топырақ структурасын қалыптастырады. Жоңышқа тұзға шыдамды. Жоңышқалық алқаптардағы сортаңдау болмайтындығы айқындалған, демек дақыл ұялы бактериялардың дамуына қарсы азоттың көбеюіне ықпал етеді.
Жоңышқа дақылының суару нормасы шамамен 5650 м3/га болған жағдайда дақыл 458 ц/га өнімділік берді, сонымен қатар бұл жағдайда артық су шығыны аз мөлшерде.
2. 2. Жоңышқа дақылының суару технологиясы
Ауылшаруашылық дақылдарын вегетация кезінде суармалаудың негізгі сипаттамаларының бірі ол топырақтың ылғалдылығы болып табылады. Жобада негізінен суару бір метрлік тереңдіктегі топырақтың ең төменгі ылғалдылық қоры 70-80% сәйкес болғанда жүргізілген.
Сыртқы температураның көтерілуіне байланысты топырақ бетіндегі кейіннен өсімдіктердің өсу кезеңіне байланысты төменгі қабатының ылғалдылығының төмендеуі байқалды. Осы кезеңде жоғарыда аталған ылғалдылықты қамтамасыз етуде алғашқы суару жүргізілді.
Суару кезінде топырақтың жоғарғы қабатының ылғалдылығы төменгі бөлікке қарағанда 1, 5-2 есеге артып, кейіннен гравитация заңдылығына байланысты тұрақталды.
Әрбір суарудың шамасы академик А. Н. Костяков формуласы бойынша анықталған:
Мұндағы: 100 - топырақтың есептік қабаты, м; γ-топырақтың көлемдік массасы, т/м3, Вп-ең төменгі ылғалдылық, %; - суару алдындағы ылғалдылық, %;
Жоңышқа дақылын суарудың негізгі көзі болып Жаңадария каналы арқылы келетін өзен суы болып табылады. Дақылды суару 6 реттен, суармалау нормасы 5120-5250 м3/га - ға тең.
Жоңышқа дақылдарының өсіп өну кезіндегі нақты су шығынын, алқаптардан булануға кететін су шығындарының жиынтығы зерттеліп анықталған. Олардың қатынас шамасын А. Н. Костяковтың су баланстарының қысқартылған формуласы бойынша сипаттауға болады:
W-P+M=T+N+Wk, /га
Теңдеуді түрлендіре отырып:
Е=M+P+∆W, /га
Мұндағы: Е - судың тұтыну жиынтығы, /га; М-суармалау нормасы, /га; Р- вегетация кезінде пайдаланған жауын-шашын мөлшері, /га.
W=100∙HBY, /га
Мұндағы: W - кез-келген уақыт аралығындағы топырақтағы ылғалдылық қоры, /га; Н-тамыр орналасқан қабат қалыңдығы, м; В-құрғақ топырақ массасына қарағандағы ылғалдылық, %; Y-топырақтың көлемдік массасы, г/см2.
Жауын шашын мөлшері, ауа температурасы мен т. б. көрсеткіштерге байланысты су тұтыну жиынтығы келесі кестеде келтірілген және салыстырмалы варианттарда айтарлықтай айырмашылықтар анықталмаған.
Дақылдардың су тұтынуы, су теңдеуі әдісімен қатар метеорологиялық көрсеткіданаерге байланысты су тұтыну жиынтығы әдісі бойынша анықталған. Бұл екі әдісті салыстырудың негізгі мақсаты жобалау барысында су шаруашылығында есептеудің тиімді ұсынысын беру болып табылады. Салыстыру көрсеткіданаері келесі кестеде берілген.
2 кесте
Жоңышқаның су тұтыну жиынтығын анықтау әдістерін салыстырмалы бағалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz