Күріш ауыспалы егістігінің жобасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Инженерлі-технологиялық” факультет
“Су шаруашылығы және жерге орналастыру “кафедрасы
“Мелиоративтік жүйелерді жобалау“ пәнінен
Тақырыбы: <<Күріш ауыспалы егістігінің жобасы>>
Орындаған: Рахмет А
Тобы: МРОЗ-14-1
Норма бақылаушы:
Қабылдаған: т. ғ. к., аға оқытушы Б. Р Шаянбекова
а. ш. ғ. м., оқытушы А. Айбекқызы
Қызылорда, 2017 жыл
Мазмұны
Кіріспе
І. Шаруашылықтың табиғи климаттық жағдайлары:
1. 1. Климаты
1. 2. Геологиялық жағдайлары
1. 3. Гидрогеологиялық жағдайлары
ІІ. Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимдері:
2. 1. Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимін биоклиматтық
әдіспен есептеу
2. 2. Күріштің суарылу тәртібі
2. 3. Ауыл шаруашылық дақылдарының гидромодуль графигін жобалау:
2. 3. 1. Жасақталмаған гидромодуль графигі
2. 3. 2. Жасақталған гидромодуль графигі
ІІІ. Суару техникасының элементтерін есептеу:
3. 1. Жүйектеп суару техникасының көрсеткіштерi
3. 2. Тақталап суару техникасының көрсеткіштері
3. 3. Көлтабандап суару техникасының көрсеткіштері
IV. Суармалы жүйені ауыспалы егісте орналастыру
V. Қашыртқы жүйесін жобалау
5. 1. Қашыртқы жүйесінің гидравликалық есебі
VI Қашыртқы жүйесінің есептік су шығынын анықтау
VII. Каналдардың көлденең және бойлық қимасын есептеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ“Инженерлі-технологиялық” факультет
“Су шаруашылығы және жерге орналастыру” кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Б. Р. Шаянбекова
«___»2017 ж.
Студент Рахмет Айболат
Курстық жобаны орындауға арналған
ТАПСЫРМА
1. Тақырыбы:« Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «РЗА» ЖШС-нің күріш ауыспалы егістігінің жобасы»
2. Курстық жобаны орындауға қажетті алғашқы мәліметтер :
а) шаруашылықтың табиғи жағдайы
б) топырақ-мелиоративтік жағдайы
в) ауыспалы егістегі дақылдардың түрлері
д) ауданы 540 га, танап саны -6, ызы судың тереңдігі-1, 6 м
топырақ түрлері аллювиалды-шалғынды
суару тәсілі: Суға бастырта -270 га, жүйектеп-135га, жолақтап-135 га
3. Есептік түсіндірме жазба мазмұны :
1. Алқаптың табиғи жағдайы 2. Суармалы аймақты ұйымдастыру және суару жүйесін жобалау шарттары. 3. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару әдістері. 4. Шаруашылық және ішкі шаруашылық суару жүйесі 5. Қашыртқылы дренажды жүйесін жобалау. 6. Күріш ауыспалы егісі құрылымын ұйымдастыру және жүргізу. 7. Суару жүйесін техникалық пайдалануы. 8. Суару жүйесін техникалық пайдалануы. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.
Орындалатын сызбалар тізімі: күріш ауыспалы егістігі, дақылдарды суару режимі, суару каналдары, қашыртқы жүйесінің каналы.
Тапсырма берілген күні: « » 2017 ж
Тапсырманы орындауға қабылдадым:
Оқытушы: Шаянбекова Б. Р
Кіріспе
Мелиоративтік жүйелерді жобалау деп - мелиорация жүргізілетін аймақтың су, ауа, жылу және қоректік заттар режимдерін, суғару техникасын, шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу арқылы өсімдікке қажетті суды реттеп беруді айтады. Мұндай жұмыстарды агротехникалық іс-әрекеттермен бірге жүргізілген жағдайда шаруашылықтар егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алады.
Мелиорация Кеңес Одағы заманында 1960-1965 жылдардан кейін қарқынды дами бастаған. Ол кезде Қазақстанда да бұл сала жақсы өркендеді. Еліміздің оңтүстік аймақтарында суармалы егістік жерлер көлемі күрт ұлғайды, ауылшаруашылық дақылдар өнімділігі жоғарылады. Ол уақытта мелиорация негізінен егістік жер топырағының ылғал режимін реттеуге бағытталған еді. Осыған байланысты басты мақсат дақылдан ең жоғары өнім алу болды. Суармалы егістікті қоршап тұрған аймақ жағдайы ескерілмеді. Бір гектар егіске берілген су мөлшері көбейді, бұл судың тиімсіз пайдалануына алып келді. Орынсыз су шығыны қоршаған аймаққа зиянды әсерін молынан тигізді, ол соңынан экологиялық қиыншылықтарға кезіктірді.
Мелиорация - көп салалы ілім. Мелиораияның көптеген бөлімдері (құрғату мелиорациясы, құмды мелиорациялау, мұз суларын пайдалану, химиялық мелиорация, т. б) бұл оның құрамында типтік бағдарламаға кіре алмады. Мелиорация саласында әлі де шешілмей келе жатқан мәселелер бар.
Мелиорация ғылымының негізін қалаушы - академик А. Н. Костяковтың анықтамасы бойынша, ауылшаруашылығы мелиорациясы - дақылдардың жоғары және қалыпты өнімділігін қамтамсыз ету мақсатымен табиғат жағдайларын өндіріс қажетіне қарай жақсартуға бағытталған өзара үйлесімді шаруашылықтық жіне техникалық жұмыс-әрекеттер мен шаралар жүйесі.
Мелиорация жұмысын жүргізудің бірден-бір мақсаты топырақтың су, ауа, қоректі, жылдың жылылық жүргілерін реттеп, ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты және жоғары өнім алудықамтамасыз ету.
Мелиорациялық іс-әрекеттердің 40-тан астам түрі бар. Оның ішінде ең көп тараған және ең маңыздысы суғару, құрғату және суландыру мелиорациясы. Оларды қолдану үшін алдымен ол жердің табиғи жағдайын топырақта жетіспейтін факторларды және не қажет екенін анықтап алу қажет. Агротехникалық, биологиялық, химиялық, ормантехникалық, мәдени-мелиорация деген түрлері бар.
Қазір мелиорацияның алдына қойылатын талап - қоршаған ортаға зиянды барынша аз келтіре отырып, тиімді өнім алу. Мелиорация дақыл өнімділігін арттырумен бірге ауа райының құбылмалылығының қолайсыз әсерін бәсеңдету.
Сырдария ауданы
Қызылорда облысының белді аудандарының бірі - Сырдария ауданы өзі аттас көне дария бойына орналасқан. Сырдария ауданы - тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке. Олай дейтініміз, Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т. б. ) ежелгi заманнан-ақ осы өңір арқылы өткен. Осыған байланысты бүгінгі Сырдария ауданының кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б. з. б. 5 ғ. ) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаса, Птолемей (б. з. 2 ғ. ) өз еңбектерiнде Сырдария (Jаxаrtеs) өзенi туралы мәлiметтер келтiрген. 9 - 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама берiп, картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. 1246 жылы Италия саяхатшысы Плано Карпини және 1258 жылы фламанд саяхатшысы Гильом де Рубрук Моңғолияға барған сапарларында Сырдария өзені маңымен, Мұғалжар мен Аралдың шығыс жағы арқылы өтіп, географиялық орналасу жағынан орнығатын ертедегі Үзген, Баршынкент және Ашнас қалаларын атап, осы өңірдегі шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген1.
- Деректерге сүйенсек Сырдарияның аты ежелгі дәуірде Датья, сақ дәуірінде Танаис, Силис, Сіле, Сілеті, Яксарт, Қаңлы мемлекетінің тұсында Канга, орта ғасырлардағы араб деректерінде Сейхун, Хашарат, тағы бірде Якшар, Гулзариун, Оғыздария, Фараб деп аталған. Сырдарияның көне аттары туралы мәліметтер ортағасыр жазбагерлері әл-Масуди (Х ғ. ), әл-Бируни(ХІ ғ. ), М. Қашғари(Х-ХІ ғ. ), жазбаларында кездеседі. Масуди Сырды Якшар десе, әл-Бируни Хашарат, Ходжент, М. Қашқари Оғыздария, ХVІ ғ. тарихшысы Фазаллах ибн Рузбихан Михман-наме-йи Бухара атты еңбегінде Ходжент деп атаған2.
І. Шаруашылықтың табиғи климаттық жағдайлары
1. 1. Климаты
Жобадағы қарастырылып отырған астық және жем-шөптікауыспалы учаске Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарында «Ақсу» шаруашылығының территориясында орналасқан.
Территорияның климаттық жағдайы құрғақ. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 29 0 С. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура -8, 7 0 С градусты құрайды. Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды.
Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 135мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес, барлық жауын-шашынның 65 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.
Аймақтың ауа райылық көрсеткіші
1. 2. Геологиялық жағдайлары
Табиғи экологиялық күйде Қызылорда қаласының территориясының геологиялық құрылымы маңызды рөл атқарады. Жыныстар литологиясы бедер ерекшелігін жер асты және топырақты сулардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтап, топырақ құрылуының анықтаушы факторы болып табылды. Антропогендік факторлардың ландшафтық литогендік негізіне әсері техногенез процесіндегі геологиялық фундамент пен бедердің тұтастығының бұзылуымен байланысты. Бұл дегеніміз, алдымен бедер күйіне, жер асты суларға, топырақ, биота, экзофинамикалық процестер (білдіру, көрсету) әсер ететін, қоршаған ортаның экологиялық дестабилизациясына нақты қауіп-қатер төндіретін литогендік ортаның өзгеруі.
Қызылорда қаласының территориясы Сырдария ойпатының орталық бөлігінде орналасқан. Осы жазық дерлік депрессияның жоғарғы палеозойлық жасы бар және Тұран плитасының құрылымдық бөлігі болып табылады. Ойпаттың орталық бөлігінде, Қызылорда қаласының территориясында палеозой фундаменті 600-800 м тереңдікте орналасқан.
Ұзақ геологиялық тарих бойына Сырдария ойпаты терригендік материалдың шоғырлану облысы болып есептелді. Ежелгі, қиын орналасқан палеозой фундаменті теңізді шөгінді жыныстармен және Сырдария өзенінің атыраулы - аллювиальды шөгінділерімен жабылған. Бұл қатпарлы қалыңдық мезо-кайнозойлық және төрттік жастағы тозаңды саз балшықтан, саз бен құмнан тұратын тау жынысынан, құмдасын қыртыс және ұсақ дәнді құмдардан тұрады.
Континентальдық ұсақ дәнді құмдардың қабатшалары бар ала түсті саз балшықтармен көрсетілген мел жүйесінің тұнбалары мезозой эрасының шөгінділерінен кең тараған. Төрт қабатпен көрсетілген, көбінесе жоғарғы мел жасындағы шөгінділер қалыңдығы 140-150 м құрайды. Оларға жер асты сулардың негізгі су тұтқыш қабаттары тураланған. Жоғарырақ тереңдікте жатқан неоген жүйесінің континентальдық шөгінділері, плиоцен жасындағы 60 м-ге дейінгі қалыңдықтағы құм-сазды жыныстар қабатымен көрсетілген.
Геологиялық құрылым Қызылорда қаласының урбажүйесінің осы заманғы экологиялық қасиеттерін белгілейді. Мұнымен бедердің жазық болуы және территорияның аздап құрғатылуы, мезо және микробедердің эрозиондық түрлерінің, топырақ суларының Қызылорда қаласының территориясының ландфашты құрылымының бар болуы сияқты маңызды табиғи-экологиялық қасиеттері байланысты.
Саздың түрі ақшыл-сары, қатты барлық қабатта жайылған. Қабаттың қалыңдығы 1-5м арасында тербеледі. Сүзгіштік коэффициенті 0, 1м/тәул.
1. 3. Гидрологиялық жағдайлары
Қызылорда қаласының басты су күре тамыры - Сырдария өзені. Өзен қар-мұздықтардың ертінді суларымен қоректенеді. Қызылорда қаласы шектерінде Сырдария өзенінің ұзындығы 10 км бөлігі орналасқан. Өзеннің ені 100-150 м құрайды. Ағынының жылдамдығы 0, 9 м/с. Судың жылдық орташа шығыны 1208 м 3 /жыл құрайды. Қызылорда қаласы қақпасындағы ағынныңорташа көп жылдық көлемі 37, 8 км і /жыл құрайды.
Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне құрғақ, ыстық жазы мен суық қысымен және атмосфералық жауын-шашындардың шамалы мөлшерімен сипатталатын күрт континентальдік климат әсерін тигізеді.
Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміненде көктем жаз мезгілдеріде судың барынша көп мөлшерде және күз қыс мезгілдерінде оның төмен мөлшерде шығындалуы тән болып келеді. Судың деңгейі төмендеген кезде ашық су бетінен судың жоғары дәрежеде булануының салдарынан минералдану деңгейі арта бастайды.
Қызылорда аймағында су жанас жыныстардың литологиясының ерекшеліктері бойынша бірқатар сулылық деңгейжиектері байқалуда. Минералдану деңгейі 1 г/л дейін жететін тұщы сулар Сырдария өзеніне жақын жерде таралған. Судың жалпы кермектігі 4, 4-116 мг/экв, оның жалпы мағыналары 5-9 мг/экв шектерінде өзгеріп отырады. Су түссіз және иіссіз болып келеді, оның температурасы 12-14 о С.
Топырақ суларының орналасу тереңдігіне байланысты Қызылорда қаласы аймағында екі ареал бөлінеді. Алғашқы бөлікте (қаланың орталық, шығыс, оңтүстік бөліктері) топырақ сулары 0, 45м ден 2м дейінгі тереңдіктен тіркелген. Қаланың бұл бөлігі жеке тұрғындық сектордың орын алуымен сипатталуда. Сондықтан бақшаларда су суару кездерінде топырақсулары жер бетіне бұрынғысынан жақындай түседі. Екінші бөлікте (қала орталығының бір бөлігі, батыс, солтүстік бөліктері) жер асты сулары 2-3тен 3-5 м дейінгі тереңдікте орналасады. Тұщы және тұзды сулар әдетте гидрокарбонаттік кальцийлік болып келеді.
Қызылорда қаласы шөлдала климаты жағдайларында Сырдария өзенінің сулары суару мақсаттарына арнап кеңінен пайдаланылады. Ағынды реттеуден кейін Сырдария өзені арнасын суару арнасының міндетін орындай бастаған, сондықтан оның әсер ету аймағында гидрологиялық режим суару режиміне ауысқан болатын.
Қазіргі кездеҚызылорда қаласы аймағында Қызылорда су торабы, су құятын бөгет, 14 арна, көптеген ішкі шаруашылықтағы арықтар қолданыста болуда.
Жер үсті суларының ресурстары олардың мөлщері шектеулі болғандықтан және сапасының нашарлығынан Қызылордданың тұрғын халқы мен өнеркәсібінің барған сайын артып келе жатқан қажеттерін қанағаттандыра алмай жатыр. Сондықтан Қызылорда сумен қамтуда жер асты және топырақ суларына үлкен мән беріледі.
ІІ. Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимдері
Суғару режимі деп суғару мерзімдерін, санын және нормасын айтады. Басқа сөзбен айтқанда, белгілі бір дақылдың суғру режимі деп сол дақылды неше рет, қандай мерзімде және қандай нормамен суғару қажет екендігін білдіреді.
Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың саны, мерзімі және суару нормасының мөлшерінің жинағын суару режимі деп атайды. Суару режимін жобалағанда дақылдың өсіп өну дәуірі кезінде пайдаланылатын суының жалпы мөлшерімен ауыспалы егістегі әр дақыл үшін суару және оның санын анықтау, гидромодуль графигін жасап, суару режимін су көзінің режимімен сәйкестендіреді.
Жобаланған су режимі топырақта қолайлы ауа, су, қорек және жылу режимдерін қамтамасыз етіп ыза судың деңгейін көтермей және топырақтың сорлануына жол бермеу керек.
Күріш-ылғал сүйгіш дақл, сондықтан көптеген аудандарда үздіксіз суарады. Егер күріш танабын арамшөп басып кетсе, онда оларды су астында тұратындай етіп суару қажет. Әдетте күріш сепкіш арқылы 1-2см тереңдікке себіледі және көнергенше 2-3 рет суарылады, ал көктегеннен кейін өсімддіктің өсуіне сәйкес судың тереңдәгән 25-см ге дейін жеткізеді. Оның түптене бастаған кезінде арам шөптердің шығуын бодырмау үшін суды 5 см шамасына кемітеді. Бұл тереңдік оның тамырлану дәуірінің аяғына дейін ұсталады. Одан кейін су тереңдігін 10-15 см ге дейін көбейтіп, осы тереңдікте үттену кезеңіне дейін сақтайды, осыдан кейін суды күріш танабына жіберілуін тоқтады және дәннің пәсу кезінде су танаптан ағызып жіберіледі, осының арқасында топырық кеуіп комбайнмен жинау мүмкішілігі болады.
2. 1. Жүгері мен бидайдақылдарының суару режимін биоклиматтық әдіспен есептеу
Суару тәртібін жобалағанда алдымен дақылдың өсіп өну мерзімінде пайдаланылатын суды тұтынуы анықталады. Содан кейін егіс учаскесінің табиғи ылғалдылығы есептелінеді. Соңында маусымдық және бір суарымда берілетін ылғал мөлшері белгіленеді.
Вегетациялық кезеңінің әр айы үшін дақылдың суды тұтынуының тапшылығы анықталады:
∆Е = Е - (α · Р + ∆W + W гр ), м 3 /га
Айдың орташа ауа ылғалдылығының тапшылығы келесі өрнек арқылы анықталады:
∆ а = 100 - а, %
мұнда: ∆ а - айдың орташа ауа ылғалдығының тапшылығы, %
а - ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
Дақылдың суды тұтыну мөлшері төмендегі формула арқылы анықталады:
Е = Е v · к б · к о , м 3 /га
мұнда: Е v - стандартты дақылдың ең жоғарғы булануы, м 3 /га
к б - дақылдың биологиялық коэффициенті;
к о - алқаптың микроклиматтық коэффициенті.
Әр дақылдың биологиялық коэффициенті оның қандай өңірде егілетін жағдайына байланысты анықталады.
Буланудың мәні (Е v ) Н. Н. Ивановтың формуласы арқылы табылады:
Е v = , м 3 /га
мұнда: ∆ а - айдың орташа ауа ылғалдығының тапшылығы, %
t - айдың орташа ауа ылғалдылығы, о С.
Вегетациялық мерзімдегі жер асты суларын пайдалану мөлшерін (W гр ) келесі формуламен анықтаймыз:
W гр = Е · g г , м 3 /га
W гр - вегетациялық мерзімдегі жер асты суларын пайдалану мөлшері, м 3 /га
Е - дақылдың суды тұтыну мөлшері, м 3 /га
g г - дақылдың ыза суды пайдалану коэффициенті, м 3 /га
Топырақтағы бастапқы ылғал қорын (∆W) келесі өрнекпен анықтаймыз:
∆W = 10 · Р · µ , м 3 /га
Р - вегетациялық емес мерзімдегі жауын - шашын мөлшері;
Р = Р жыл - Р вег ;
µ - қысқы - күзгі мерзімдегі жауын - шашынды пайдалану коэффициенті.
1- кесте. Арпаның суару режимін биоклиматтық әдіспен есептеу
(20. 04-15. 07)
Топырақтағы ылғал қоры(∆W), м 3 /га
-тереңдік мөлшеріне сәйкес ылғал қоры;
-қабаттың тереңдеуіне байланысты ылғал мөлшерінің қосылуы
214
214
357
143
428
285
500
215
Суды тұтынудың тапшылығы (∆Е), м3/га:
-әр ай бойынша
-вегетация кезеңінде
-пайыздық мөлшері, %
186
186
9
502
688
25
671
1359
33
659
2018
33
2- кесте. Бидайдыңсуару режимін биоклиматтық әдіспен есептеу
(10. 05-10. 07)
Топырақтағы ылғал қоры(∆W), м 3 /га
-тереңдік мөлшеріне сәйкес ылғал қоры;
-қабаттың тереңдеуіне байланысты ылғал мөлшерінің қосылуы
218
218
364
146
437
291
Суды тұтынудың тапшылығы (∆Е), м3/га:
-әр ай бойынша
-вегетация кезеңінде
-пайыздық мөлшері, %
1091
1091
30
1254
2345
34
1282
3627
35
2. 2 Күріштің суарылу тәртібі
Дақылдың суару тәртіптері егістік топырағының құрамына, ондағы тұздар мөлшеріне, атыз бетінің тегістігіне, дақылды өсіріп-өндіру технологиясына, суармалы жүйенің жағдайына, күріш сортына және қалыптасқан ауа райы жағдайларына байланысты анықталады.
Дақылдың төмендегідей төрт суару тәртіптері белгілі. Бірінші- тұрақты суға бастыру. Мұнда дақыл себілгеннен кейін бір екі тәуліктен өткізей атыз 8-10 см тереңдікте суға бастырылады. Осы деңгей күріш өсімдігі 2-3 жапырақ болған уақытқа дейін ұсталады. Бұл кезең күріштің күрмек және шиын тектес арамшөптерімен күресу мезгілімен қатар келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz