XX ғасырдың 60- 80 жылдардағы халықаралық қатынас



ЖОСПАР

1. АҚШ, КСРО . XX ғасырдың 60.шы жылдардағы империализмнің негізгі күші

2. КСРО.ның "Бейбіт қатар өмір сүру" саясаты

3. ХХ ғасырдың 70.жылдардың бас кезіндегі кеңес.американ қарым.қатынасы

4. ГФР.дің «Жаңа шығыстық саясаты»

5. КСРО.ның «Жаңа бағытына оппозиция»

6. 80. жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық жағдай. Халықаралық қатынастардағы Кеңес Одағы

7. Біріккен ұлттар ұйымының рөлі. Ядролық соғыс қаупі
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және әскери күш-қуаты едәуір күшейді. Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының басына түскен қиыншылықты АҚШ басынан кешірмеді. Соғыс құралдарын сату есебінен американ монополиялары орасан зор пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты мейлінше өсті. Соғыстан кейін АҚШ империализмнің ең басты экономикалық және әскери-саяси күш ретінде, халықаралық реакцияның қамалы болып бас көтерді. Американ капитализімінің ішкі табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі) оны сыртқы экспансияны кеңінен жүргізуге итермеледі. Құрама Штаттар жаңа рыноктарды иемденіп, шетелге капитал шығаруды арттыру үшін және кең көлемді "доллар империясын" құру үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалды. Американ империализмі ең ірі қанаушыға айналды.

Соғыс аяқталысымен американ империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына және соғыс базалары жүйесіне сүйене отырып, дүние жүзіне үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды "Америка ғасыры" деп атай бастады. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған өзгерістер американ монополияларының қимыл өрісіне елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің еңсесі көтеріліп, бұғанасы қатайды да, тауар шығарылатын рыноктар үшін өздерінің ең күшті бәсекелесімен күреске түсті.

Сыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жылдар бойы мүлде агрессияшыл сипат алды. АҚШ сол заманғы империализмнің лидері болу қызметін өзіне алып, социализмнің халықаралық позициясының нығаюына тосқауыл болуды, жер шарының көптеген аудандарында империалистік үстемдікті және езушілікті сақтап қалуды мақсат етіп қойды. "Күш көрсету позициясы" деген саясат осы бағыттың негізі болып отыр. Бұл саясаттың түпкі мәні дүниежүзілік социализмнің өсуін "бөгеу", оны "үрейлендіру", сонан соң "шегіндіріп", жеңіліске душар ету еді. Бірақ бұл ракета-ядролық қару-жарақтар жөнінен шамамен теңесуші, әскери елес қаупін түсінуінің АҚШ-тың басшы топтарының басшы топтарының КСРО-мен қарым-қатынасқа деген көзқарасын қайта қарауында шешуші маңызы болды.

1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді. Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпай тастады. Америка империалистері Оңтүстік Вьетнамды өзінің соғыс базасына айналдыру керек деп шешті. Осы мақсатпен олар Сайгонда қуыршақ режим құрды, ол

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті.
мәдениет және спорт факултеті алғашқы әскери дайндық мамандығы

Тақырыбы: XX ғасырдың 60- 80 жылдардағы халықаралық
қатынас

Орындаған:
Тексерген:

Өскемен 2012 ж

ЖОСПАР

1. АҚШ, КСРО - XX ғасырдың 60-шы жылдардағы империализмнің негізгі күші

2. КСРО-ның "Бейбіт қатар өмір сүру" саясаты

3. ХХ ғасырдың 70-жылдардың бас кезіндегі кеңес-американ қарым-қатынасы

4. ГФР-дің Жаңа шығыстық саясаты

5. КСРО-ның Жаңа бағытына оппозиция

6. 80- жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық жағдай. Халықаралық
қатынастардағы Кеңес Одағы

7. Біріккен ұлттар ұйымының рөлі. Ядролық соғыс қаупі

АҚШ, КСРО - XX ғасырдың 60 - жылдардағы империализмнің негізгі күші

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және
әскери күш-қуаты едәуір күшейді. Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының
басына түскен қиыншылықты АҚШ басынан кешірмеді. Соғыс құралдарын сату
есебінен американ монополиялары орасан зор пайда тапты. Өнеркәсіптің
өндірістік қуаты мейлінше өсті. Соғыстан кейін АҚШ империализмнің ең басты
экономикалық және әскери-саяси күш ретінде, халықаралық реакцияның қамалы
болып бас көтерді. Американ капитализімінің ішкі табиғаты (капиталдың тез
қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі) оны сыртқы экспансияны кеңінен
жүргізуге итермеледі. Құрама Штаттар жаңа рыноктарды иемденіп, шетелге
капитал шығаруды арттыру үшін және кең көлемді "доллар империясын" құру
үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалды. Американ империализмі ең ірі
қанаушыға айналды.

Соғыс аяқталысымен американ империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие
болғанына және соғыс базалары жүйесіне сүйене отырып, дүние жүзіне үстемдік
орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Монополистік буржуазияның
идеологтары XX ғасырды "Америка ғасыры" деп атай бастады. Халықаралық
аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған өзгерістер
американ монополияларының қимыл өрісіне елеулі шек қойды. АҚШ-тың
бәсекелестерінің еңсесі көтеріліп, бұғанасы қатайды да, тауар шығарылатын
рыноктар үшін өздерінің ең күшті бәсекелесімен күреске түсті.

Сыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жылдар бойы
мүлде агрессияшыл сипат алды. АҚШ сол заманғы империализмнің лидері болу
қызметін өзіне алып, социализмнің халықаралық позициясының нығаюына
тосқауыл болуды, жер шарының көптеген аудандарында империалистік үстемдікті
және езушілікті сақтап қалуды мақсат етіп қойды. "Күш көрсету позициясы"
деген саясат осы бағыттың негізі болып отыр. Бұл саясаттың түпкі мәні
дүниежүзілік социализмнің өсуін "бөгеу", оны "үрейлендіру", сонан соң
"шегіндіріп", жеңіліске душар ету еді. Бірақ бұл ракета-ядролық қару-
жарақтар жөнінен шамамен теңесуші, әскери елес қаупін түсінуінің АҚШ-тың
басшы топтарының басшы топтарының КСРО-мен қарым-қатынасқа деген көзқарасын
қайта қарауында шешуші маңызы болды.

1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді.
Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпай тастады. Америка
империалистері Оңтүстік Вьетнамды өзінің соғыс базасына айналдыру керек деп
шешті. Осы мақсатпен олар Сайгонда қуыршақ режим құрды, ол патриоттық
күштерге қарсы террор мен жазалауды тұтандырды. Осыдан кейін іле-шала АҚШ
Оңтүстік Вьетнамаға соғыс интервенциясын бастады да, жыл сайын үсті-үстіне
жаңадан өзінің әскер контингенттерін жіберіп отырды. 60-жылдардың ортасына
қарай АҚШ-тың экспедициялық күштерінің саны 500 мың адамнан артып кетті.
Оның үстіне АҚШ Сайгонның қуыршақ армиясын толық қаруландырды, оның саны
миллионнан астам адамға дейін жеткізілді.

1965 жылдан бастап ВДР (Вьетнам Демократиялық Республикасы) территориясы
үнемі бомбаланып, атқылана бастаған. "Тәуелсіздік пен бостандықтан қымбат
еш нәрсе жоқ", - Хо Ши Миннің күрес ұраны болды. АҚШ агрессиясына қарсы
қарсыласу соғысы елдің бүкіл күшін жұмылдыруды талап етті. Вьетнам халқының
күресі мен жеңісінің ұйымдастырушысы және басшысы Вьетнам коммунистерінің
қаһарман партиясы болды.

Қысқа мерзім ішінде ДРВ мызғымас қамалға айналды, оған американ
агрессорларының бомбалаушылары мен әскери кемелерді нәтижесіз шабуыл
жасады. ДРВ-ның қарулы күшін сол заманғы қару-жарақпен жабдықтауға Кеңес
Одағы зор көмек көрсетті. Вьетнам халқы Кеңес Одағынан материалдық көмек
алып, моральдық-саяси қолдауын үнемі сезініп отырды. Халық-азаттық қарулы
күштері (НВСО) американ агрессорлары мен олардың қуыршақ өкіметтеріне ауыр
соққылар беріп отырды. Күрес 1960 жылы құрылған Оңтүстік Вьетнамды азат
етудің Ұлттық майданы (НФОЮВ) мақсаттарды орындау мүмкін болмай қалды,
өйткені Кеңес Одағы АҚШ-ты атом монополиясынан айырды, ракеталық-ядролық
қару жасап, онымен әскери-стратегиялық тепе-теңдікке жетті.

Социализм елдеріне, жұмысшы, демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстарына
қарсы бағытталған әскери-саяси блоктар жүйесі АҚШ-тың сыртқы саясатын
жүзеге асыру құралы болып табылады. Бұл блоктардың біріншісі әрі неғұрлым
ірісі Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы немесе қысқартып айтқанда НАТО
болды. Бұған қоса, АҚШ ондаған мемлекеттерді екі жақты әскери келісімдермен
матап, олардың территориясына өз әскерлері мен соғыс базаларын
орналастыруға құқық алды. 500 мыңнан астам американ солдаттары мен
офицерлері АҚШ-тан тыс жерлерде тұрған.

Американ империалистері басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласқан,
мемлекеттік төңкерістер ұйымдастырған, өздеріне ұнамаған үкіметтерді
тайдырған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатына айналған терроризмге, шпионаж бен
диверсиялар ұйымдастыруға, шетелдерге контрреволюция жасауға орталық барлау
басқармасы (ОББ) жылына мыңдаған миллиардтаған доллар жұмсаған. АҚШ жер
шарының түрлі аудандарында соғыс жанжалдарын туғызу қаупі бар бірнеше
халықаралық дағдарыс жасаған.

Американ империализмінің Үндіқытайға қасақана ұйымдастырған соғысы дүние
жүзіне мейлінше елеулі қауіп болды. Алайда, бұл соғыс АҚШ үшін ең басынан-
ақ, перспективалы болмады. Өз тәуелсіздігін табандылықпен қорғауға шыккан
және агрессияны батыл тойтару үшін КСРО мен басқа да социалистік елдерден
жан-жақты көмек алып отырған вьетнам халқына американ империализмі өз еркін
таңа алмады. Вьетнам халқының жеңісі АҚШ империализмінің мүмкіншілігінің
қаншалық тарылғанын нанымды көрсетті.

Ширек ғасыр бойы АҚШ пен КСРО арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен күйінде
қалып келген. Мұның өзі тұтас алғанда халықаралық жағдайға ықпал етті. 70-
жылдардың бас кезінде КСРО-ның АҚШ-пен туының астында жүргізілді.
Патриоттардың осы күрестегі 1969 жылы Оңтүстік Вьетнам Республикасының
Уақытша революциялық үкіметін (ВРПРЮВ) құруға жеткізді.

1960 жылдардың аяғына қарай вьетнам халқына қарсы американ агрессиясы
тығырыққа кеп тірелді. Осы жағдайда АҚШ үкіметі Үндіқытайдағы соғысты
"вьетнамдандыру" дегенді жариялап, айла-шарғы жасады. Бұл саясаттың мәні
американ әскерлерін Оңтүстік Вьетнам әскерлерімен алмастырып(яғни
"азиялықтарды азиялықтардың қолынан өлтіру" деген принципті жүзеге асыру)
және бұл ауданда американ экспансиялық саясатынынң құралы ретінде Оңтүстік
Вьетнамдағы Қуыршақ үкіметінің режимін сақтап қалу еді. Вьетнам халқының
жан қиярлық күресі, социалистік елдердің жан-жақты туысқандық көмегі,
қанаты кең жаюы жағынан бұрын болып көрмегн халықаралык ынтықмақтасу
қозғалысы - осы факторлардың баршасы әскери, саяси және дипломатиялық
майдандарда күрес жүргізген Вьетнамның жеңіс сағатын жақындата түсті.

Американ агрессорлары үшін ең ұзаққа созылған әрі ең жиіркенішті бұл соғыс
үлкен сәтсіздік болды: олардың 57 мың адамы өлді және 300 мыңнан астам
адамы жаралы болды. Үндіқытайдағы соғысқа 352 млрд. доллар жұмсалды.

Куба халқы жасампаз бейбіт еңбекпен шүғылданған. Куба халқының өз жеңісінің
алғашқы күнінен бастап қолынан қаруын тастамай келе жатқанына тек американ
империалистері ғана кінэлі.

Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ территориясында Кубаның эмигрант-
контрреволюционерлеріне жалдамалы бандалар даярлау ұйымдастырылды. АҚШ
үкіметі 1961 жылы Кубаның революциялық үкіметімен дипломатиялық қарым-
қатынасын үзді. Ол Латын Америкасы елдерін АҚШ әміріне бағындыру мақсатымен
1948 жылы құрылған Американ мемлекеттерінің ұйымы (ОАГ) деп аталған ұйым
арқылы ықпал жасап, өзінің қолшоқпарларын Кубаға қарсы айдап салды.

1961 жылы сәуірде АҚШ Плайя-Хирон ауданына Куба
контрреволюционерлерінің отрядын түсіріп, Кубаға әскери
шабуыл ұйыдастырды. "Отан немесе өлім! Біз жеңеміз!" деген ұранмен
революцияны қорғау үшін бүкіл Куба халқы көтерілді. Үш күндік ұрыстың
нәтижесінде жалдамалылар талқандалды.

1962 жылы қазанында Американ империалистері Кубаға соғыс блокадасын
жариялап, Бостандық аралына басып кірмекке әзірленді. АҚШ Кариб теңізі
ауданында дағдарыс туғызып, бүкіл әлемді термоядролық соғысқа
киліктіре жаздады. Куба халқының ерлігі, Кеңес Одағынынң берік бағыты мен
батыл шаралары қолдануының арқасында әскери жанжал болмай қалды. АҚШ
үкіметі Кубаға шабуыл жасамауға және өзінің батыс жарты шардағы
одақтастарын да мұндай әрекеттен сақтандыруға бүкіл әлем алдында
міндеттеме алды.

1964 жылы АҚШ Латын Америкасы елдерін Кубамен барлық қарым-қатынасты үзуге
күштеді. Мексика ғана оның әміріне бағынбады. Кейін Перу, Аргентина, Панама
және басқа бірқатар мемлекеттер Кубамен қарым-қатынасын қалпына келтірген.
Бұл революцияшыл Кубаның Латын Америкасындағы позициясын едәуір нығайтты.
Американ мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің Сыртқы Істер Министрлерінің
кеңесі Кубаға қарсы санкцияны іс жүзінде жойған қарар қабылдады. Бірақ АҚШ
Кубаға блокада жасауды тоқтатпаған. Олар бопсалау саясатына жүгінген,
Кубаға қарсы жаңа агрессиямен қорқытып, Кариб бассейіндегі жағдайы мен
беделін нығайтқан.

Алайда Кубаның халықаралық жағдайы мен беделі нығайған. Ол жүзден астам
елмен дипломатиялық қарым-қатынас жасаған. Социалистік достық одақтағы
елдердің туысқандық көмегіне сүйеніп, Куба Республикасы социализм орнату
жолымен алға басқан.

Соғыстан кейінгі жылдарда Монғол Халық Республикасы (МНР) өзінің халықтық
жағдайын нығайтты. Империалистік державалар МХР-дің дамуының алдыңғы
сатысына жібермеу мақсатында сыртқы саясатқа еліктірмеуге тырысты. Екінші
дүниежүзілік соғысқа дейін Монғол Халық Республикасы тек қана Кеңес
Одағымен ғана дипломатиялық қатынаста болған.

Социализм құрылысы барысында МХР халықарлық қатынаста үлкен көрсеткішті
иеленді. 1948-1956 жылдары МХР барлық социалистік мемлекеттермен
дипломатиялық қатынас орнатты, ал 1957-1967 жылдары ол достық және бейбіт
қатынас келісім-шарттарын көптеген мемлекеттерімен жасайды.

КСРО-мен МХР арасындағы өзара көмек көрсету туралы жаңа келісім-шартқа 1966
жылы 15 қаңтарда қол қойылды.

МХР өзінің сыртқы саясатындағы маңыздылықты Азия, Африка және Латын Америка
мемлекеттерінде ұлт- азаттық қозғалысын қолдау, жас тәуелсіз мемлекеттермен
достық қатынас орнатуды көздеді. 1955-1956 жылдары МХР, Үндістан, Бирма,
Индонезия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ал келесі жылдары-
азиялық және африкандық мемлекеттермен қатынас орнатқан.

1961 жылы қазан айында Бас Ассамблеяның XVI сессиясында МХР Біріккен Ұлттар
ұйымының құрамына енді.

1960 жылдары МХР, Англия, Франция, Австрия, Канада, Швейцария
мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас жасасты.

МХР - 1962 жылдан бері Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің мүшесі.
Дүгиежүзілік социализм жүйесі тығыз достық байланыста болу, олардың көмегі
МХР-дың халық шаруашылығы мен мәдениетінің жедел дамуьша жағдай жасаған.

Ұлттық буржуазияның ұмтылысы шетел монополияларымен өзіне тиімді қатынас
жасауды көздеген. Пәкістанның халықаралық аренадағы ықпалы, 60-жылдары
сырқы саясатының өзгеруіне әкелді. Бұл өзгерістің басты себебі, батыс
саясатына наразылығы, Пәкістанның Пентагон жоспарына қатысы бар деген үрей.

1960 жылдарының басынан-ақ Пәкістан батыс державаларына біржақты бағыттан
шеттеніп, социалистік мемлекеттер және афро-азияттық мемлекеттермен өз
ынтымақтастығын кеңейтті.

1967 жылы Пәкістан араб мемлекеттеріне қарсы израильдық агрессияны кінәлап,
оның жойылуын талап етті.

Вьетнам халқының өз тағдырын өзіндік шешуін жақтап, Пәкістан СЕАТО және
СЕНТО блоктарына қатысуын шектеді.

Пәкістан Кеңес Одағы және басқа да социалистік мемлекеттермен тауар-сауда
келісімдерін жасасып, ол өз тауарын машина, құрал-жабдықтарға айырбастады.

Социалистік мемлекеттерінің экономикалық және техникалық жәрдемдесуі,
мемлекеттің халық шаруашылығының өмірлік маңызды аумақтарын дамытуына
негізделді, яғни жанармай-энергия базасы, ауыр өнеркәсіп саласы бойынша
КСРО көмегімен Пәкістан экономика сферасының маңызды ірі объектілері
қамсыздандырылды, мұнай мен газ игеру жүмыстары жүргізілді.

Пәкістан, Туркия және Иранмен жан-жақты байланыс жасасса, ал Батыс Еуропа,
Тропикалық Африка, араб мемлекеттерімен қатынасты одан әрі дамытты.

Пәкістанның сыртқы саясаттағы маңызды аумағы - Үндістанмен қатынасы-
өзгеріссіз қалды. Пәкістан-үнділік қатынас әскери қақтығыс тудырса керек.
1965 жылдың көктемінде, Качск ауданында (пәкістан~үнділік шекарасының
оңтүстік-батысындағы батпақты мекені) қарулы соққы басталды. Тек 30 шілде
де әскери әрекетті тоқтату жөніндегі келісім-шартына қол қойылды. Сол
жылдың тамыз-қыркүйек айында Кашмир үшін қарулы қақтығыс өршіді. Оның
салдарынан Үндістан және Батыс Пәкістан шекарасында ірі әскери әрекет
жасалды. Дегенмен қыркүйек айының аяғына таман, от жаудыру аяқталғанмен,
бұл жерде жағдай қиын мәнді иеленді. Оның дұрысталуына 1966 жылы қаңтар
айындағы Ташкентте Үндістанның премьер-министрі Л.Б. Шастри және Пәкістан
президенті М. Айюб Хан, Кеңес Министрлерінің Өкілі А.Н. Косыгин қатысуымен
болған кездесу маңызды шешуші рөл атқарды.

1953 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін Иран бейтараптылықтан бас тартты
және АҚШ-пен әскери одақ, сонымен қатар капиталистік мемлекеттермен ғана
экономикалық байланыс саясатын жүргізді. Мұндай саясат Иранның ұлттық
қызығушылығына сай келмеді.

1962 жылдың күзінде кеңес-иран қатыныасын жақсарту ұйғарылды.
1962 жылдың 15 қыркүйегіндегі келісім-шартта былай делінді: "КСРО шетел
мемлекеттерінің ешқайсысына Иран территориясында ракета базасын
орнатуына рұқсат бермейді" және Кеңес Одағына агрессия
қолданбау жөнінде. Осыдан кейін Иран мен КСРО және басқа да
социалистік мемлекеттер арасында қатынас жақсартылды. 1962 жылдың аяғында
Иранға тиімді КСРО арқылы Иран тауарларын транзиттік тасымалдау
жөнінде ратификациондык грамоталармен алмасу жүргізіліп, сонымен қатар
шекара келісім-шартына, 1957 жылдың 14 мамырында Мәскеуде қол қойылды.

1963 жылдың 27 маусымында Тегеран жерінде кеңес-иран келісіміне
қол қойылды, онда экономикалық және техникалық әріптестік, Аракс өзені
бойында гидроэнергетикалық құрылыс жөнінде (бұл жоба 1967 жылы жүзеге
асырылып, гидроэнергетикалық құрылыс іске қосылды),
Пехлевин бұғазының жағалауында мелорация жүргізу, астық сақтау балық
шаруашылық зауыты салу көзделді.

Иран мен КСРО арасында көршілік қатынасты одан әрі жақсарту мақсатында, ең
маңызды із басу 1965 жылы, ал 1966 жылы 13 қаңтарда қол қойылған келісім-
шарт негізі, Исфаган ауданында КСРО көмегімен металлургиялык зауытының
салынуы (1971 аяғында зауыт ең бірінші шойын, ал 1972 жылы болат балқытып
шығарды), Арак та машина құрылыс зауыты (1972 жылдың қыркүйек айында
қолданысқа қосылды) және КСРО-ға газды қою мақсатында, трансирандық газ
құбырын салды (1970 жылы құрылысы аяқталды). 1968 жылдың 22 шілдесінде
Тегеранда кеңес-ирандық, экономикалық және техникалық байланыс жөнінде жаңа
келісім-шартқа қол қойылды, ол Иранның төртінші бесжылдық аясы кезеңінде
жүзеге асты. Кеңес-ирандық сауда қатынасы дамыды. Үш жыл ішінде, 1970 жылға
дейін, көлемі 4 есеге өскен. Кеңес Одағы ирандық экспортта бірінші орында
тұрган. 1968-1969 жылдары Иранның КСРО-ға өндірістік тауарлар шығару 25
пайызды қүрады.

КСРО мен қатар, Иран басқа да социалистік мемлекеттермен экономикалық шарт
жасасқан. Чехославакиямен Тебриздегі машина қүрылыс зауыты салынса,
Румыниямен келісімде тракторлы зауыт салынған.

1964 жылғы келісімшарт негізінде, Иран көрші Ауғанстан, Пәкістан жэне
Туркия мемлекеттерімен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар Иранның АҚШ
мемлекетімен 1959 жылы 5 наурызынан, екі жақты әскери келісім - шарт
жалғасын тапты. Америка Құрама Штаттары Иранға капиталистік мемлекеттер
арасындағы ең ірі капитал салымын салған.

Бирма әлі қосыла қоймаған, бейтарап мемлекет ретінде, өзінің халықаралық
әлем алдында прогресті түрде жылжуын қарастырушы мемлекет болған. Ол әр
түрлі құрылымдагы мемлекеттермен бейбітшілік қатынасты қолдаған. Бирма
Бандунг конференциясының белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы. БҰҰ және
одан тыс Бирма бостандық үшін күрескер халықты қолдап, нәсілдік тежеуге,
мемлекеттің ішкі істеріне араласуына қарсы, бүкіл және тұтастай
қарусыздандыруды қолдаған.

1962 жылы Бирма үкіметі дүниежүзі ісіне және саясатына жағымды бейтараптық
жолын ұстаушылығын растады. Ол Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуына, оның
келіссөз жүргізу арқылы және шетел қатысуынсыз шешуді жөн көрді. Бирма
басқа да мемлекеттермен бейбіт қатынас жасауды, әсіресе көрші елдермен
тығыз байланыс орнатуды мақсат еткен, бұл ГТБСП I, II, III съездерінде және
Бирманың Конституциясында ерекше мәнге ие болды.

КСРО-ның Бейбіт қатар өмір сүру саясаты

Кеңес басшылары Сталин өлімінен кейін халықаралық жағдайда аса қиын
мәселеге келді, әр түрлі құрылымдағы мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру
концепциясына жүктелді.
Олар "қырғи қабақ соғыстан" шығуды көздеп, халықаралық байланысты кеңейтіп,
иілмелі дипломатия жүргізуге ұмтылды. Мәскеу Сталин өлімінен кейін, жедел
бәсеңдету жолына түсті. 1953 жылы 25 сәуірде Кеңес басшылары американ
президенті Д. Эйзенхауэр сөзіне құлақ асып, оны бағдармалы декларация
түрінде басылымға жазды ("Правда", "Известия" газеттерінің бірінші
беттерінде). Мақаланың мағынасы қорытындының расталынуы еді, яғни барлық
шешілмеген мәселелерді дипломатиялық келіссөздер жолымен, БҰҰ арқылы және
тура шешуді мақсат етті. Бұл КСРО-ның иілмелі дипломатия жүргізуін
айқындады. 1953 жылдың тамызында Маленков Жоғарғы Кеңес отырысында мынаны
айтқан, КСРО "бейбіт қатар өмір сурүді" қолдайды. Сыртқы саясаттағы өзгеріс
Кореядағы соғыстың аяқталуына жәрдемдесті. 1953 жылы 27 маусымда бітімге
(татуласуға) қол қойды.
КСРО-ның жаңа сыртқы саясаттағы доктринасы КОКП-нің XX - съезінде
қалыптасты. Оның негізгі мазмұны, нәтижесі мынада, яғни ядролық соғысқа
альтернатива жасау арқылы, әр түрлі құрылымдағы мемлекеттермен бейбіт өмір
сүру еді. Соғыстар шарасыз болмағандығы айқындалып көрсетілген. Н.С. Хрущев
сыртқы саясат істеріне үлкен назар аударды. Тек 1960 жылы, ол шет елде 88
күн болған. Бирма, Индонезия, Ауғанстан, Австрия, Финляндия мемлекеттеріне
іс сапармен барған.

КСРО-ның лидері 117 рет шет елде үкіметтік қабылдауда сөз сөйлеп, ол іскер
жұмысшылар және корреспонденттермен кездескен. Оның сөз сөйлеуі Кеңес
Одағында 26 рет шетел делегациясын қабылдау кезінде тыңдалды. Өрімнің
шиеленісі әлемде дипломатиялық белсенділікті арттырды. Нәтижесі Женевадағы
Үндіқытай бойынша, 1954 жылғы конференциясы болды. Бұл ауданда ұлттық -
босатушы күштер қатал, эрі тиімді соғысты француз отаршылдармен жүргізген.
Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша, үндіқытайлық сұрақты талқылау
негізінде жоба жасалды, онда Үндіқытайдың барлық территориясында біркелкі
от жаудыруды тоқтату ұсынылды. Бейбітшілік жасалғаннан кейін, Камбоджи және
Лаос тәуелсіздігін мойындау негізінде және олардың территориясынан француз
әскерлерін шығару алға қойылды. Конференцияның нәтижелік жұмысы
Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуы және қорытынды декларацияға қол қойылып,
оның мазмұны Вьетнам , Лаос және Камбодж жерлерінде дербес сайлау жүргізу
қарастырылған.

50-жылдардың ортасындағы саяси бәсеңдету Женевадағы, КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
және Франция мемлекеттерінің басшыларымен болған жиналыс 1955 жылы шілде
айында үлкен мағынаны иеленді. Бұл соғыстан кейінгі мемлекеттер
басшыларының ең бірінші кездесуі. Ол әлемдік державалар арасында, жоғарғы
деңгейде саяси диалогты дамытуға түрткі болды.
Жаңа саясаттағы маңызды мәселелердің бірі жағдайларды қадағалау, КСРО және
ГФР қатынасын, ГДР-сын халықаралық деңгейде мойындау және Батыс Берлин
мәселесі. 1955 жылдың қыркүйегінде Кеңес жағы Мәскеуге ГФР канцлері
К.Аденауэрді шақырған. Кеңес Одағы ФРГ-ны ресми түрде танып және ақырғы
тұтқындарын босатқан, оларды әскери қылмыскерлер ретінде ұстаған. Осылайша,
КСРО өз жағынан Германияның бөлінуін жақтады. Яғни екі дербес мемлекеттерге
- ФРГ және ГДР, қоғамдық-саяси жүйесі бойынша әр түрлі, бірақ халықтық
құқығы жағынан біркелкі.
Сол жылдары НАТО өз құрамына Германия Федеративті Республикасын қабылдады.
ГДР азаматтарының Батыспен қатынасын шектеу 1961 жылы тамыз айының бір
түнінде берлин қамалы қаланды. Батыс Берлин қаланың жартысынан бетонды
плиталармен құрылған тосқауыл арқылы оқшауланды және қатаң қорғалды.
Осылайша, шығысгермандық басшылар Шығыс және Батыс Берлин арасындғы
шекараны жапты. Бұл Германияны бөлудегі ақырғы із басу еді. АҚШ пен НАТО
қарсылық танытқанмен, әскери күшті қолдана алмады. Алайда, бұл мәселе
маңыздылығын жойған жоқ.
Австриялық мәселені шешу аса қолайлы болды. Оның нәтижелілігі Вена келісім-
шартында 1955 жылдың 15 мамырындағы байқалды. Ол Австрияның территориялық
шекарасында қалпына келтірді 1938 жылы 1 қаңтарында оған кішігірім әскер
ұстауға рұқсат етілді, бейтараптықты қолдауға жүктеме артқан жоқ.
Мемлекеттік келісім-шартқа қол қою негізінде, Австрия территориясынан
барлық шетел әскерін шығарып, сонымен қатар шығыс Австрияда орналасқан
Кеңес әскерін шығару көзделді. Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін,
Австрия арнайы заң арқылы бейтараптық жариялап, әскери блоктарға
қосылмайтынын мойнына алып және өз территориясына шетел әскери базаларын
салуға жол бермеуді айқындады.
Бейбіт қатар өмір сүру саясаты ядролық қарудың жарысуын тежеп,
келіссөздерге түрткі болды. 1958 жылы наурыз айында КСРО бір жарым жылға
ядролық сынақты тоқтатты. Сол жылы Кеңес Одағы өз әскерін ("қырғи қабақ
соғыс" жылдары 5,8 млн. адамға жеткен-бейбітшілік кезеңнің ауыр уақыты) 3,6
млн. адамға қысқартты. АҮШ 1958 жылы 31 қазанында ядролық сынақтын
тоқтатылуын жариялады, ал 1959 жылдың 26 тамызында біржақты тәртіпте
ядролық қаруды сынауды тоқтатып, өз мүддесін жариялап, 2 айға рұқсат
етпеуін ұзартты. Алайда, американ-британ-кеңес кездесуінде Женевадағы, атом
қаруын сынау жөнінде келісушілік мәреге жетпей, АҚШ өз шешімінен бас
тартты, бірақ сынауды бастамаған, алайда КСРО өз қаруын атмосферада
қолданғанға дейін. Осылайша 50- жылдарда ядролық қарусыздандыру мәселесі өз
аяқталуын таппады. Бірақ бұл келіссөздер нәтижесіз болмады. 1963 жылдың 5
тамызында Мәскеуде ядролық қару жарысын ұстауына бағытталған келісім-шарт
жасалды. АҚШ, КСРО жэне Ұлыбритания ауада, ғарыш пен су астында ядролық
сынақты тоқтату, ал жерастында жүргізілуіне рұқсат жөніндегі келісім-шартқа
қол қойды. Кейіннен Мәскеу келісім-шартына басқа да мемлекеттер қосылды,
тек Франция мен Қытай қолдамаған.

Кеңес стратегиясының өзгеруінің бірегейлі нәтижесі АҚШ-қа қаратылды, ол ең
басты кеңесшісі және олардан ғана КСРО қарсылықты күтті. Еуропа
мемлекеттерімен қанша келіссөз жүргізсе де оның нәтижесі, АҚШ сұхбатына
бағынышты болған. Тікелей екі мемлекеттің арасындағы сұхбат, Н.С.Хрущевтың
1959 жылы қыркүйек айындағы АҚШ-қа іс-сапары болды. Ол кеңестің ғана емес,
орыс үкіметінің ең бірінші мүндай сапармен барған елшісі болған.

Кэмп-Дэвидтегі іс-сапар Эйзенхауэрмен болған сұхбатпен аяқталды; ешқандай
келісім-шарт жасалмады. АҚШ-та Н.С.Хрущев, 1960 жылы халықаралық мәселені
талқылау үшін, американ президентімен үкімет басшыларын жинау жөнінде
келісті. Бұл кездесуде, КСРО мен АҚШ басшыларынан басқа, Франция ел басшысы
де Голль және Ұлыбритания премьер-министрі Макмиллан қатысу керек еді.
Алайда, бұл кездесу жүзеге аспады. Бұл кездесудің шақыру уақытының алдында
1960 жылдың 1 мамырында, Свердлов ауданының үстінен американ барлау
самолеты У-2 апатқа ұшырап, үшқыш Ф.Г.Пауэрс болған. Ұшқыш қамауға алынады.
Оны тыңшы деген айыппен 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Алайда ол 2
жылдан кейін, Кеңес барлаушысы Р.Абелямен алмастырылды. Осының салдарынан
Париждегі 16 мамырда ашылған кездесу АҚШ, Кеңес Одағы, Ұлыбритания,
Францияның мемлекет басшылары және үкімет басшыларымен болған,
констурктивті сұхбат жүзеге аспады.

КСРО-мен жарияланған бейбіт қатар өмір сүру принципі, Кеңес басшыларымен
дәйексіз жүргізілді. Бұл принцип кеңес экспансиясын кеңейту үшін жасырушы
болды. Кеңес Одағы әскери майдандасуды жалғастырды. Ядролық қарсыласуда бұл
саясат 60- жылдардың басында халықаралық қатынастағы шиеленіске әкелді, ол
ядролық соғыспен аяқтала жаздады. Бұл жанжал Кариб дағдарысы деген атпен
аталып және АҚШ, КСРО, Куба өзара қатынасымен байланысты болған. 1959
жылдың бас кезінде АҚШ-тың оңтүстік жағалауына таяу жерде Куба аралында
халық революциясы жеңіп, басшылыққа Фидель Кастроның антиамерикандық
үкіметі келді. Кастро қарсыластары АҚШ-тың көмегіне сүйеніп, оны бірнеше
рет алып салмақшы болды.

Куба революционерлері өздеріне мықты одақтасты керек етті. Онсыз Америкамен
күресу, өз шаруашылығын дамыту қиынға түсті. Бұл ізденіс КСРО-ға көз
аудартса керек. Кеңес басшылары Кубамен қатына орнатуда қызуғышылық
танытты. Осылайша КСРО Америкаға жақын маңда өз позициясын нығайтты.
Бастапқы кезде, Куба мен КСРО арасындағы қатынас саяси және экономикалық
мазмұнда болды. Ал кейін ол әскери ауданға айналды. 1962 жылы жаз айында
арал да, Америка территориясына бағытталған, ракеталары орнатылған. Н.С.
Хрущев бұл шараны халықаралық мәселелерді шешуде, Америка үрейленіп,
жұмсарады деп үміттенді. Кастро бұл ракеталар америка басшылығынан қорғайды
деп үміттенді.

Кеңес басшыларының есебі ақталмады. Ракеталар американ барлаушыларымен
байқалғанда, АҚШ өзіне қауіп төніп тұрғандығын жариялады. 22 қазанда Дж.
Кеннеди мемлекет тұрғындарына, Куба да Кеңес Одағының ракеталары
орналасқанын және Америкаға қауіп төніп тұрғанын жария етті. Бұл
шиеленістің нәтижесі Н.С.Хрущев пен Дж. Кеннеди арасындағы кеңес-американ
келіссөздермен аяқталды. 1955 жылы Кеңес басшылар Н.С. Хрущев және Булганың
Югославияға сапарында Титомен қатынас орнатты, Югославияның ел және
коммунистік партия басшысы. Н.С.Хрущев Белгаградтта Иосип Броз Титодан
кешірім сұраған. Ал 1956 жылы маусым айында Тито КСРО-ға сапар жасайды. Бұл
сапар аса маңызды келіссөздер экономикалық әріптестікке байланысты жасалды.

1960 жылдардың аяғына таман басты бағыт кеңес сыртқы саясатының Батыспен
қатынастың жақсаруында еді.

Бәсеңдету саясаты Еуропадағы саяси климаттың жақсаруына әкелді. Ең маңызды
болып Кеңес Одағының Франция, Германия Федеративті Республикасымен
қатынастың жақсаруында. Бұл ауысым 1969 жылы бундестагтағы қыркүйек айында
өткен сайлаудан кейін болды, яғни ГФР-дің басшылығына социал-демократтар
мен дербес демократтар партиясының келуімен еді. В.Брандт канцлері КСРО-мен
қатынасты жақсартып, "жаңа шығыс саясатты" жариялады. Бұл келіссөздердің
ұзақ әрі қиындауы нәтижесінен, Мәскеуде 1970 жылы 12 тамызда бейбітшілік
шартына қол қойылды. Бұл шарт мазмұны, ұрыстарды бейбіт жолмен шешуді және
күш қолданбауды негіздеді. Мәскеу шартының 3 бабы маңызды болған, онда екі
жақ шекаралық тұтастықты сақтауға, Еуропадағы барлық мемлекеттермен,
сонымен қатар ГФР мен ГДР шекаралары бойынша. Келесі жылы Берлин мәселесі
келісімі шешімін тапты. Бұл келісім-шарттар қаланың ГФР мен ерекше
дәрежесін айқындады.

XX ғасырдың 70- жылдарының басындағы кеңес-американ қарым - қатынасы

Кеңес-американ қарым-қатынасы XX ғасырдың халықаралық қатынастарында ерекше
орын алатыны мәлім. Сонымен бірге, сол уақытта соғыс пен бейбітшілік
жағдайы кеңес американ қарым-қатынасына байланысты еді.

60-жылдарда кеңес-американ қатынасындағы бетбұрыс (ядролық сынақты тоқтату
туралы келісім, ғарышты бейбіт пайдалану және ядролық қаруды таратпау
туралы келісімдер) АҚШ-тан болашақ бұл қатынас туралы терең ойға түсірді.
1969 жылы қаңтарда билік басына келген президент Р. Никсонның жаңа
республикалық әкімшілігі АҚШ-тың бұрынғы империалистік бағытын көптеген
жағдайларда сақтағанымен, бірақ кеңес-американ диалогын тереңдету және
ауқымын кеңейтуді бастаған еді.

Вашингтонның КСРО-мен және басқа мемлекеттермен күш көрсету негізінде
қарым-қатынастарды құру әр кезде кеңес американ келіссөздеріне кедергі
туғызып отырды. Сондай-ақ, АҚШ-тың үнемі бір жақты пайда табуға, кеңес
жағына өз мүдделерін қабылдауға мәжбүрлеу, тең құқықсыз шарттар кеңес-
американ қатынасына жағымсыз әсер етті. Осыған қарамастан Р. Никсонның
әкімшілігі конфронтация кезеңінен келіссөздер кезеңіне өту уақыты
келгенін көптеген маңызды маңызды себептердің негізінде түсінді. АҚШ пен
КСРО арасындағы диалогтың басталуына американдық әкімшілік пен сыртқы саяси
аппаратта ақылды қайраткерлердің табылуы, олардың тар эгоистік мүдделерден
жоғары тура алуы түрткі болды.

Л.Джонсон әкімшілігі тұсында стратегиялық қарулануды шектеу туралы
келіссөздер жүргізу туралы АҚШ-тың КСРО-ға ұсынысы жасалған еді. Жаңа
жағдайлар оны жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, 1969 жылы қарашада
келіссөздер ашық деп жарияланды. Келіссөздер келесі екі жылда Хельсинки пен
Венада кезекпен өтті. 1971 жылы 30 қыркүйекте КСРО мен АҚШ арасында ядролық
соғыс қаупін азайту шаралары туралы келісім жасалды.

1972 жылы мамырда Р. Никсонның Кеңес Одағына ресми сапары болып өтті.
Американдық президент пен кеңестік басшылықтың арасындағы өткен
келіссөздердің нәтижесі 1972 жылы 29 мамырда Л. И. Брежнев пен Р. Никсон
қол қойған Кеңес Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-
қатынас негіздері атты маңызды құжат болды. Кеңес Одағы мен АҚШ әскери
қақтығысты және ядролық соғысты болдыртпауға барлығын жасауға уәделесті.
Осы мақсатта қайшылықтардың бейбіт тәсілдермен шешуге, күш көрсетуді
болдыртпауға екі жақ міндетіне алды.

Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ның басқа мүшелері тәрізді КСРО мен АҚШ мойнында
халықаралық жағдайды ұшықтыруға әсер ететін жағдайларды болдыртпауға
тырысу сияқты жауапты міндет жатқанын мәлімдеді. Ерекше назар стратегиялық
қарулануды шектеуге аударылды. Құжатта айтылғандай КСРО мен АҚШ арасында
толықтай қарусыздану мәселесін шешу қорытынды нәтиже болып табылды.

1972 жылы 26 мамырда КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы қорғану жүйесін
шектеу туралы мерзімсіз келісім (ПРО) және Стратегиялық басқыншылық
қарулануды шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша (5 жыл
мерзімге) келісім жасалды. Екі жақ та стратегиялық қарулануды шектеудің
параметлерін нақтылау мақсатында және тұрақты келісімді дайындау үшін
келіссөздерді жалғастыру үшін СҚШ-1 (ОСВ-1) келісімін жасады.

Ракетаға қарсы қорғану келісімі бойынша Кеңес Одағы да, АҚШ та өз
территориясында ракетаға қарсы қорғану жүйесін дамытпауы шарт еді.
Келісімде көрсетілгендей, КСРО мен АҚШ-қа ракетаға қарсы қорғану
тәсілдерімен қорғалған, радиусы 150 км-ге дейін екі аудан және 200-ден
аспайтын ракетаға қарсы шектеулі радиолакациялық станцияларды ұстауга
рұқсат етілді. Көрсетілген саннан артық ракетаға қарсы қорғану жойылуға
жатты. Сол себептен АҚШ 1969 жылы наурызда қабылданған Сейфгард
бағдарламасынан бас тартуға мәжбүр болды. Егер, бұл бағдарлама жүзеге асқан
жағдайда 14 ракетаға қарсы қорғану кешендері іске қосылып, стратегиялық
қарулану жарысына жаңа серпін болар еді.

Теңіздік, ауа, ғарыштың немесе мобильді жерде қолданылатын ракетаға қарсы
қорғануды құрастыруға, сынақтан өткізуге тыйым салынды.

Екі жақ басқа елдерге ракетаға қарсы қорғануды сатпауға және
орналастырмауға өзара келісті. Стратегиялық басқыншылық қорғануды шектеу
саласындағы кейбір шаралар туралы келісім бойынша екі жақ та 5 жыл мерзімге
МБРНБ және БРПЛ атты ракеталарды, су асты кемелерін жасауды тоқтатуға
келісті.

РҚҚ мен Уақытша СҚШ-І келісімі ядролық соғысты болдыртпау және халықаралық
қауіпсіздікті нығайту жолындағы үлкен қадам болды. Қарым-қатынастар
негізі құжаты мен басқа құжаттар КСРО мен АҚШ арасындағы қатынасты құрудың
халықаралық-құқықтық пішінін негіздеп берді. Жоғарыда айтылған келісімдер
жүзеге асқан жағдайда ұлы екі державалардың көптеген бағыттар, соның ішінде
ең маңыздысы қарулану жарысын шектеу және қарусыздану мәселесін шешуде
үлкен болашақ ашылар еді, Маңызды бұл келісімдерге қол қойылу сауда-
экономикалық, мәдени және тағы басқа салаларда қарым-қатынастың дамуына
жағдай жасады. 1972 жылы Р. Никсонның Мәскеуге сапары кезінде ғарышты
зерттеуде, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау салалары бойынша кеңес-
американ келісімдері жасалды.

1972 жылы қазанда теңіздік кеме жасау сүрақтары бойынша келісім және
кеңес американ сауда мен несие туралы келісімдері жасалды.

1973 жылы 22 маусымда Л.И. Брежневтің АҚШ-қа жауапты ресми
сапарында екі жақ Стратегиялық басқыншылық қарулануды
шектеу жөніндегі ары қарайғы келіссөздердің негізгі принциптері атты
маңызды құжатқа қол қойды. КСРО мен АҚШ тең дәрежедегі қауіпсіздік
принципін мойындап, екі жақ та тікелей не жанама түрде бір жақты пайда
алуға тырыспайтындығын мәлімдеді. Келісімді дайындауды аяқтау жэне қол қою
1974 жылға жобаланды.

1973 жылы 25 қыркүйекте Женевада стратегиялық қарулануды шектеу туралы
кеңес-американ келіссөздері қайта жанданды. Алайда онда уәделескен
келісімге жету мүмкін болмады. Мемлекеттегі ішкі саяси жағдаймен көбінде
уотергейттік жанжалмен және американдық қырандардың өскен іс-әрекетінен
анықталған АҚШ позициясы қатаң және мазмұнды емес болды.

1974 жылы жазда АҚШ президенті Р. Никсонның Мәскеуге кезекті сапарында
Кеңес үкіметі арда пайда болған келіспеушілікті шешуге тырысты.
Стратегиялық қарулануды шектеу туралы келісімді құрастыру тез арада
аяқталуы тиіс деген келісім жасалды. Жаңа келісімнің мерзімі 1985 жылға
дейін белгіленді. Сонымен қатар, ядролық қаруды жер асты сынауды шектеу
туралы келісім жасалды. 1976 жылдың 31 наурызынан бастап келісім бойынша
КСРО мен АҚШ қуаты 150 киллотоннан асатын жер асты ядролық қаруды сынауды
тоқтатуға міндеттенді. Кеңес Одағы сол кездің өзінде қандай да бір ядролық
қаруды сынауды тоқтатуға дайын еді, бірақ АҚШ-тың басшылықтағы топтары,
әсіресе әскери адамдар бұған келісуден бас тартты.

Л.И. Брежнев пен АҚШ-тың жаңа президенті Дж. Фордтың арасында 1974 жылы
тамызда өткен келіссөз барысында қарулануды тоқтату, соғыс қаупін
болдыртпау мәселесіне үлкен назар аударылды. Олардың 1974 жылдың аяғында
Владивостоктағы кездесуінде СҚШ (стратегиялық қарулануды шектеу) бойынша
келісім жасалды.

Владивосток келісімі бойынша алғаш рет алыс қашықтықтағы бомбардирлік
авиацианы шектеулі қару құрамына кіргізді, яғни қарулану жарысына шектеу
қоюға сапалы жол салды.

1973 жылы 22 маусымда Вашингтонда Ядролық соғысты болдыртпау туралы арнайы
мерзімсіз келісімге қол қойылды. Бейбітшілікті және халықарлық
қауіпсіздікті нығайту мақсатында, ядролық соғыс адамзат үшін зардабы шексіз
екенін түсінген АҚШ пен КСРО өз күштерін осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін
жұмылдыратынын айтты.

1974-1975 жылдары тарихта алғаш рет КСРО мен АҚШ арасында парламенттік
делегациялардың ресми алмасуы болып өтті. Мәскеуде АҚШ-тың іскер топтарының
көптеген өкілдері болып кетті. Олар бірқатар кеңестік мекемелер мен
өнеркәсіп орындармен шарт жасасып кетті. Вашингтонда КСРО-ның сауда
өкілдері, ал Мәскеуде АҚШ-тың коммерциялык бюросы, 20-дан астам американдык
корпорациялар мен банктер өкілдіктері ашылды. Құрамында 300-ден астам
кеңестік және американдық фирмалар мен ұйымдар бар Амторгтын экспорт-
импорттық қызметі жақсарды. 1976 жылы кеңес-американ сауда көлемі 2,2 млрд.
рубльге жетті.

Алайда, кеңес-американ саудасы басқа елдермен жүретін сауда қарым-
қатынасымен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отырған еді. Оған себеп
кеңестік тауарлардың американдық рынокта кемсітілуі болды.

70-жылдардың бірінші жартысында кеңес-американ қарым-қатынасы ғылым мен
техника саласында алға жылжыды. Американдық ғалымдар мен инженерлер бірнеше
рет екі жақ та бірдей пайда алатынына көз жеткізді.

Американдық Дженерал электрик корпорациясының өкілі Л. Стил көптеген
американдық бизнесмендердің пікірін білдіріп, Кеңес Одағьшың ғылыми-
техникалық ресурстардың зор екенін, Кеңес Одағында металлургиялық болашағы
бар салаларында үлкен көлемді және нәтижелі зерттеулер жүргізіліп
жатқананын және осы жұмыста КСРО үлкен жетістікке жеткендігін мәлімдеді.
Дженерал-электрикпен қатар КСРО мен Хьюлетт-Паккард, Кайзер
индастриз, Зингер, Интернэшнл телефон энд телеграф компаниялары қарым-
қатынас туралы келісімге қол қойды.

Кеңес-американ ядролық энергияны бейбіт пайдалану туралы келісім қарым-
қатынасты үш бағытта жүргізуді көздеді: ол басқарылатын термоядерлік
синтез, энергиялық реактор, фундаментальды материя қасиетін зерттеу.

Денсаулық сақтау саласында да кеңес-американ қарым-қатынасы жақсы дамыды.
Жасанды жүрек жасау саласында арнайы келісімге қол жеткізілді. Ракпен
бірлесу күресу шеңбері кеңейе түсті.

Жоғарлау сызығы бойынша кеңес-американ қарым-қатынасының ауылшаруашылығында
өсті. 1973-1974 жылдарда 20-дан астам тақырып бойынша бірлесе зерттеу
бағдарламалары құрылды. Делегациялар мен көрмелер алмасу басталды.

Ерекше назар мен қызығушылықты бірлескен ғарыштық Союз-Аполлон жобасы
тудырды. 1975 жылы шілдеде кеңестік космонавтар Леонов пен Кубасов және
американдык - Стаффорд Слейтон жэне Бранд маңызды ғылыми-техникалық мәнге
ие бірнеше бірлескен сәтті бақылаулар мен тәжірибелер тізбегін өткізді.

1973 жылы жазда КСРО мен АҚШ арасындағы байланыстар, айырбыс және қарым-
қатынас туралы жалпы келісім және 1974-1976 жылдарға арналған сондай нақты
бағдарлама екі елдегі өнерді бағалаушыларды қатты қуантты. Есте қалатын
оқиғалар, Үлкен театрдың балет және опера труппасының АҚШ-қа сапары скифтік
қорғандар мен ленинградтық Эрмитаждың жинақтарының көрмесі болоды. Ал өз
кезегінде КСРО-да Сан-Францискодан келген драмалық театр, бірқатар
музыкалық ансамбльдер сәтті өнер көрсетсе, АҚШ мұражайларынан суреттер
көрмесі болып өтті.

Жоғары білім беру саласындағы қарым-қатынастардың жаңа пішіні 10-айлық
тәжірибеден өту үшін жас ғалымдар (әр жақтан жыл сайын 50 адам) және жыл
сайын 10 жетекші профессорлар мен оқытушыларды үш айдан он айға дейін
ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін алмасу жүргізілді.

Туризм шеңберінде кеңестік және американдық адамдар арасындағы байланыс
кеңейе түсті. Екі мемлекеттің халқын өзара байытып отырып, бұл байланыстар
қарым-қатынастардың жақсаруына, сенім мен өзара сыйластықтың өсуіне жағдай
жасады.

АҚШ пен КСРО өзара қол қойған келісімдер, конвенциялар, хаттамалар,
бірлескен коммюникелер, жалпы саны 60-тан асатын құжаттар бейбіт өмір сүру
принципі негізінде қомақты саяси жэне қүқықтық база жасады. 70- жылдардың
басындағы кеңес-американ қарым-қатынастарының жағымды нәтижесі міне осындай
болды.

Американдық империализмнің Үндіқытайдағы агрессиясы екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірген
ұзақтығы мен көлемі жағынан ірі қарулы кақтығыс болды. Еркіндік сүйгіш
вьетнамдық халық АҚШ агрессиясына қарсы каһарманды күрес жүргізді.
Үндіқытай халқының жағында элемнің барлық прогрессивті күштері болды.
Солардың қысым көрсетуі мен азат ету күресінің сәттіліктерінің арқасында
империализм артқа шегінуге мәжбүр болды.

Парижде болып өткен Вьетнамдағы саяси реттеу жөніндегі төрт жақты кездесу
1969 жылы 25 қаңтарда әлемде ұшыққан халықаралық жағдайда шешуге тырысқан
әрекеттердің өскен уақытында басталды.

Американдық қолдаусыз Вьетнам жерінде өз билігін сақтап қала алмайтынын
білген сайгондық тәртіп келіссөздердегі басты оппозициялық күш болды. Ұзақ
уақыт сайгондық марианеткалар Оңтүстік Вьетнамды келіссөзде тең құқылы жақ
деп мойындағысы келмеді. Сайгон әкімшілігінің бұндай саясатында
келіссөздерді ешбір нәтижесіз екенін көрсетуге ұмтылуы көрінсе, АҚШ бұл
жағдайды пайдаланып вьетнамдық патриоттарға қысым көрсетіп, олардан бір
жақты пайда табуға бар күштерін салды.

НФО мен ДРВ өкілдері жғдайды шешу туралы құрылымдық ұсынастармен сөз
сөйледі. 1969 жылы 8 мамырда НФО делегациясы Оңтүстік вьетнамдық мәселені
шешудің ғаламдық мазмұны мен принциптерін ұсынды (10 пункт ретінде
белгілі). Бұл үсыныстар 1954 жылғы Женевалық келісімдерге сүйеніп, Оңтүстік
Вьетнамнан сөзсіз шетел әскерінің шығаралуын, вьетнамдық халықтың негізгі
құқықтарының халықаралық деңгейде мойындалуын; Оңтүстік Вьетнамдағы саяси
құрылыстың мәселесін шеттен араласпаусыз бейбіт шешуді; әскери одаққа
қатыспауды және екі ел территорияларында әскери базалар мен әскерді.
болдыртпау; АҚШ-тың Вьетнамға әкелген зиянды өтеу қарастырылды.

1969 жылы 6-9 маусымда Оңтүстік Вьетнамның азат етілген бөлігінде Оңтүстік
Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметін бір ауыздан сайлаған
халық өкілдерінің съезі болып өтті. Уақытша революциялық үкіметтің
міндеттері болып соғысты тоқтату, бейбітшілікті қалпына келтіру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
XX ғасырдың 60 - 80 жылдардағы халықаралық қатынас. Біріккен ұлттар ұйымының рөлі
II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан
Пәндер