Ынтымақтастық технологиясы



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Ынтымақтастық технологиясы – оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым –
қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, мұғалімнің
оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым –
қатынас педагогикасына өту; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен
тәрбиелеуді ұштастыру.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс - әрекет.
Оған керекті жағдайлар:
• мақсаттың бір екенін анық сезіну;
• ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
• мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т.б педагогикалық
үрдіске қатысушылардың бір – біріне көмек беруі.
Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
• оқушылардың шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту;
• оқушылардың өзін - өзі құрметтеуі;
• оқушыларды құрметтеу.
Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарда оқыту Батыс Германияда,
Нидерландыда, Ұлыбританияда, Австралияда, Израильде, Жапонияда кеңінен
пайдаланылады. Бұл технологияның негізгі идеясы – әр түрлі оқыту
жағдайларындағы оқушылардың белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау.
Оқушылар әр түрлі болады – біреулері мұғалімнің айтқандарын бірден қағып
алады, өздері кез келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды
түсінуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсіндірулер қажет. Мұндай
балалар әдетте бүкіл сынып алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің
нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер
мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3 – 5 адамнан) біріктіріп, оларға
ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір оқушының осы тапсырманы орындауға
рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес (көбінесе
оларды енжар қылдыратын), бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді. Мұның
үлкен мәні бар. Сондықтан нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан
мәселенің мәнісін түсінуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың бардық
мүшелерінің, бірінші кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруге
мүдделі болады. Сөйтіп, бірлесе күш жұмсаудың арқасында әрбір оқушы
материалды өзіне лайықты деңгейде меңгереді. Бұл – ынтымақтастықта
оқытудағы ортақ идея.
Тәжірибе бірге оқудың оңай да қызықты екендігін ғана емес, оның
әлдеқайда тиімді болатындығын да көрсетіп отыр және оның тиімділігі
оқушылардың академиялық үлгерімдерінен, олардың интеллектуалдық дамуына
ғана емес, рухани, адамгершілік тұрғысынан жетілуінен көрінеді. Бір –
біріне көмектесу, кез келген проблеманы бірлесіп шешу, табыстың қуанышын
немесе сәтсіздіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Еліміздің ертеңгі болашағы
Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективті қажеттілік
Озат және педагогикалық тәжірибе туралы түсінік
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
Білім беру технологиялары
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Пәндер