Орта мектеп математика курсындағы мазмұнды есептерді шешудің графиктік-геометриялық және алгебралық әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ОРТА МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ

Математиканы оқыту бұл бірінші кезекте есепті шешуден басталады. Есептерді өз бетінше талдауы барысында оқушылардың ойлауы дамып, математикалық іс-әрекетке деген қабілеттері қалыптасады. Өкінішке орай, бірыңғай ұлттық тестілеуге байланысты, оқушыларға бір типтегі есептерді шығарту, математиканы оқытудағы дамытушылық функциясының төмендеуіне алып келуде. Қазіргі күні біз талапкерлердің тестілеуден жақсы көрсеткіш көрсетулерін ғана емес, сонымен қатар олардың жоғары оқу орнында сапалы білім алулары үшін математикалық мәдениеттің белгілі бір деңгейін меңгерулері қажет екендігін де естен шығармауымыз керек. Математикалық мәдениет кең ой-өрістің болуын, математиканың басқа ғылым салалары арасындағы ұқсастықтарын анықтай алуды, есепті басқа тілде тұжырымдап, қарапайым әрі көрнекі жаңа модельдерді құра білуді талап етеді. Әрине, есептеу, тепе-тең түрлендіру, формулаларды білу және оларды қолдана білу де қажет. Бірақ бұлар ойлануды қажет ететін, әртүрлі әдістерді салыстыруды, басқа тұжырымдарды іздеуді және математиканың басқа салаларымен байланысын анықтауды талап ететін есептерді шешуді алмастыра алмайды. Атап айтқанда, осындай есептер мен оларды шешу жолдары математикалық мәдениеттілікке тәрбиелейді. В. Г. Болтянскийдің айтуы бойынша, «математикалық талдаудың әдемілігі оның көрнекіліктермен байланысында жатыр». [1] Сондықтан да, есептерді шешуде алгебралық және геометриялық әдістерді кіріктіруге үлкен мән беріледі. Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, есептер шешуде аталған екі әдісті кіріктіру бас ми жартышарының үйлесімді дамуына алып келеді, бұл -қазіргі математикалық білім берудің басты мақсаттарының бірі. Алгебралық есептерді шешуде сызықтық функция графиктерін қолдану тиімді. Сызықтық функциялардың графиктерін қолданатын алгебралық есептерді шешудің конструктивті тәсілі графиктік методқа ұқсас. Бұл метод графиктерді нақты салумен байланысты және есептің жауабы сызбамен оқылады. Есептерді шешудің мұндай конструктивті-аналитикалық тәсілі функциялардың графиктерін схема түрінде салумен және геометриялық қатыстарға негізделген аналитикалық шешулермен беріледі. Бұдан былай бұл тәсілді графиктік-геометриялық метод деп атауға болады. Мектеп математика курсында графиктік метод екі белгісізді теңдеулер жүйесін шешуде, бір белгісізде теңдеулерді шешуде сирек қолданылады.

Графиктер қозғалысқа берілген физикалық есептерді шешуде қолданылады. 7-9 сынып оқушыларының көпшілігінде мазмұнды есептерді

шешудің графиктік методы туралы ұғым қалыптаспаған. Есептерді графиктік әдіспен шешуде жіберілетін қателіктер: нақты шамаларды координат осьтерінде көрсете алмау, графикті дұрыс салмау, масштабты таңдай алмау және т. б. Осындай қателіктерді жою үшін алгебралық есептерді графиктік методпен шешуге үйрету үшін оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізілуі керек. Мұндай жұмыстар жүргізудің мақсаттылығын былайша түсіндіруге болады:

1) 7-сынып оқушылары геометрия курсын оқып-үйренуді енді бастағандықтан, алгебралық есептерді графиктік-геометриялық методпен шешуді қолдану олар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Алайда, 7-сыныпта сызықтық функция және оның графиктері, екі белгісізді екі теңдеуден тұратын жүйелерді графиктік шешу оқытылады, физика курсында бірқалыпты процестердің графиктерімен танысады, сондықтан графиктік методпен алгебралық есептерді шешудің мүмкіндіктерін көрсетуге болады. Осылайша, мазмұнды есептерді шешудің жалғыз ғана әдісі емес (алгебралық) сонымен қатар басқа пәндерден геометрия мен физикадан білімдерін қолдануға болады. Бұл есепті шешудің көрнекілігімен ерекшеленеді.

2) Есептерді шешуде графиктік методты қолданудың тәрбиелік мәні бар, яғни оқушылар өз бетінше жұмыс жасауға, ұқыптылыққа үйренеді.

Есептерді графиктік методпен шешуде негізгі амалдар орындалады. Олар:

1) Тікбұрышты координаталар жүйесін таңдау;

2) Координат осьтерінде нақты шамаларды орналастыру;

3) Сызықтық функция графиктерін нүктелер бойынша салу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгебралық есептерді геометриялық әдістермен шешудің әдістемелік негіздері
Экстремалды есептерді шешудің геометриялық, алгебралық және вариациялық әдістері
Мектеп математика курсындағы функционалдық теңдеулер: ұғымы, тарихы және есептерді шешу
Математиканы оқытудағы есептерді шешудің әдістемесі және мазмұнды есептер
Мектеп математика курсындағы қолданбалы және практикалық есептерді шешу жолдары
Геометриялық есептерді алгебралық және тригонометриялық теңдеулер құру арқылы шешу әдістері
Мәтіндік есептерді шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдері
Мектеп математика курсында функция ұғымын қалыптастыру және функциялық мазмұнды есептерді оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте есептерді шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдері
Математикада мазмұнды есептерді теңдеулер мен теңдеулер жүйесі арқылы шешудің әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz