Батпырауық жасау тақырыбы бойынша сабақ ұйымдастыру және өткізу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жанболат Есенғалиұлы Ешов

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі

Әдістемелік ұсыным Теректі аудандық

білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде қаралды

Хаттама №___

«___» 20___ г.

Әдістемелік ұсыным Теректі аудандық БШҮ әдістемелік кеңесінде қаралды

Хаттама №___

«___» 20___ г.

Әдістемелік ұсыным

«Батпырауық жасау»

тақырыбы бойынша

сабақ ұйымдастыру және өткізу.

(спорттық-техникалық авиамодельдеу үйірмесінің жетекшілері үшін)

:
:
:
:
:
:
:
:

Абай ауылы 2014

ББК 66. 1(Қаз)

Ж 47

Жанболат Есенғалиұлы Ешов

Ж 47 «Батпырауық жасау» тақырыбы бойынша сабақ ұйымдастыру және өткізуге арналған әдістемелік ұсыным. Әдістемелік ұсыным спорттық-техникалық авиамодельдеу үйірмесінің жетекшілеріне арналған.

Абай ауылы, 2014. - 9 бет.

Бұл әдістемелік ұсыным кіші және орта жастағы (10-12 жас) балалардың қабілеттерін дамыту негізінде, ақпараттық технологияны қолдану арқылы батпырауық жасау үшін қажетті көмекші құрал.

Бұл көмекші құралды балалардың шығармашылық, техникалық, еңбек және эстетикалық білік дағдыларын дамыту үшін үйірме сабақтарында немесе ата-аналардың өз бетінше үй жағдайында пайдалануға болады.

Әдістемелік ұсыным негізінен сабақ үлгісінде құрылған.

©Ж. Е. Ешов

Кіріспе.

Бұл әдістемелік ұсынымның мақсаты алғашқы техникалық модельдеу үйірмесіне қатысатын 10-12 жастағы балалармен жүргізілетін сабақтарды ұйымдарудың әдіс-тәсілдерін сипаттау болып табылады.

Бұл ұсыным - қолжетімді оқу материалдарын пайдалану арқылы, баланың өз таңдауы бойынша және ерікті түрде жұмыс істеуін және білім беру мен тәрбие негіздерін басшылыққа ала отырып, педагог пен баланың бірлескен жұмысының нәтижесінде жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған. Сабақ балалардың жасын және жеке басының ерекшеліктердін есепке алып құрылған. Балалар әрдайым өздері қолдан ойыншықтар жасауға қызығушылық танытады. Сондықтан әдістемелік тақырып таңдау кезінде балалардың қызығушылығы ескерілді.

Сабақ материалдары тақырып бойынша балалардың білімдердін толықтыруға мүмкіндік туғызып және олардың техникалық ой өрісісінің кеңеюіне жол ашады. Олар батпырауықтардың әр түрлермен танысып, оларды жасау мен ұшырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Үйірме мүшелері технологиялық картаны пайдалану арқылы істейтін жұмыстарын өздігінен жоспарлауға, техникалық ой-өрісін дамытуға және қарапайым құрастыру операциялардын орындау арқылы білік дағдыларын қалыптастыруға үйренеді.

Бұл сабақтың жүзеге асырылуы оқушылардың бірлесе жұмыстанып, бір-біріне көмектесу арқылы қиындықтарды жеңуге бағытталаған. Балалардың оқып-үйренуіне түрткі болу үшін педагог - ересек адамның ұйымдастырушы, әрі іскер екенін дәріптеу арқылы, жеке жұмыстану технологиясын қолданады. Педагогтың міндеті - әрбір бала кездескен қиындықтарды жеңу арқылы, бастаған жұмысын сәтті аяқтап, өз ісінен рахат алуға ықпал ету.

«Батпырауық жасау» тақырыбы бойынша беріліп отырған сабақ жоспары, «Жас авиатор» оқыту бағдарламасын жүзеге асыруға арналған әдістемелік материалдардың бірі.

Сабақ арнайы балалардың техникалық шығармашылығына арналған шаралар кезінде немесе жеке өздігінен жұмыстануға арналып құрылған.

Сабақ 2 сағатқа есептелген. Сабақтың бірінші бөлімі сыныпта өткізіледі, ұзақтықтығы - 60 мин. Ал екінші бөлімде балалар батпырауықтарды ұшыру ережелерімен танысып, өздері жасаған батпырауықтарын ұшырады. Сабақ ұзақтығы - 30 мин.

Сабақ кезінде балалардың жас ерекшелігіне сай түрлі ойындар өткізіледі.

Сабақтың міндеттері

Оқушыларға кәсіби бағыт беріп, еңбекке тәрбиелеуде, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін ашып, дамып-жетілуіне сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың қосар үлесі ерекше. Мектептен тыс жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі - балалардың ғылымға және техникаға қызығушылығын арттырып, өзге адамдарға пайда, ал өзіне ләззат сыйлайтын, өмірлік мәні бар, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.

Сабақтың негізгі міндеті балаларды ғылыми-техникалық бағыт бойынша бағыттап тәлім-тәрбие беру.

Өткізілетін орыны

Бұл сабақ орындықтар мен үстелдері, тақтасы, компьютері және сабақ сәттерін көрсеуге арналған экран мен проекторы бар кез келген оқу кабинетінде жүргізіледі. Сондай-ақ батпырауықтар ұшыру үшін алаң қажет.

Өзектілігі

Бұл әдістемелік ұсыным бастапқы-техникалық модельдеу жұмыстарын орындау кезінде қолданылып, балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға ықпал етеді. Модельдеу жұмыстарымен шұғылдану арқылы, жас конструкторлар білім және білік дағдыларын қалыптастырады. Батпырауық жасау - балалардың арасында жарыстар өткізіп, ойындар ойнату үшін таптырмас оқу. Әсіресе бұл ойындар ұжым болып ойнауға тиімді.

Техникалық-материалды қамтылуы

Сабақ өткізу үшін қажетті :

1. Оқу бөлмесі;

2. Жабдықтар (үстелдер, орындықтар, тақта және т . б) ;

3. Техникалық құрылғылар(компьютер, проектор, презентации

көрсету үшін экран) ;

4. Құрал-саймандар мен материалдар :

  • шыбықтар;
  • түрлі түсті галографикалық қағаз;
  • сызғыш;
  • қарындаш;
  • маркер;
  • қайшы;
  • ПВА  желімі;
  • жіптер;
  • таспалар(ленты) ;
  • жабысқақ таспа(скотч) .

5. Дидактикалық қамтылуы:

  • қауіпсіздік техникасы;
  • батпырауық ұшыру бойынша ақыл-кеңестер.

6. Көрнекілік :

  • батпырауықтың үлгілері;
  • технологиялық карталар.

7. Безендіру жұмыстары және т. б.

Балалардың жұмыс жасауға ынталы көңіл-күйлерін қалыптастыру үшін, ойын түлеріне сай, бейне бір ойыншықтар жасайтын шеберхана сияқты, тартымды, әрі әсерлі етіп бөлменің іші безендіру. Қабырғаларға әр түрлі конструкциялы батпырауықтардың фотосуреттері мен иллюстрацияларын іліп қоюға болады.

Әрбір жұмыс орны сабақ жоспарында көрсетілген материалдарымен және құрал-саймандармен қамтылады. Құрал-саймандар мен жабдықтар сабақ жоспарында көрсетілген барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік болатындай есеппен жасақталады. Жұмыс үстелдері астына техника қауіпсіздігі мен технологиялық карталар койылған түссіз клеенкамен жабылды.

Безендіру кезінде сабақтың көрнекілігіне ерекше орын берілуі тиіс. Сабақ өткізу үшін қажетті көрнекіліктер: көрнекі сызылған батпырауықтың сызбасы, технологиялық карта, құрастыру реті туралы мәлімет.

Дайындық кезеңіне байланысты әдістемелік кеңестер

Сабаққа міндетті түрде тиянақты дайындалу керек. Сабақтарға дайындық кезінде толық жұмыс жоспары әзірленіп, мультимедиалық презентациялар(батпырауық туралы, жасалу технологиясы), дидактикалық және көрнекі материалдар жасалады(сызбалар, батпырауық бөлшектерінің және толық құралған үлгілері, «Шебер» және «Қас шебер» атты төсбелгілер, смайликтер) .

Алдын ала презентация бойынша дайындық болуы керек.

Педагогтың міндеті - балалардың ынта-ықыласы мен танымдық іс-әрекетін жандандыру арқылы жаңа ойларымен жұмыстануға шабыт беру. Балаларға батпырауықтар туралы, олардың құрылысы мен қызметі туралы мәліметтерді өз бетінше оқып-үйренуге ұсынуға болады.

Педагог алдын-ала шыбықтарға із салып, 20 м жіп оралған орама дайындап қоюы керек.

Сабақтың өту барысына әдістемелік кеңестер

Әдістемелік ұсынымда беріліп отырған бұл сабақ «Жас авиатор» оқу бағдарламасының «Техника модельдері» тарауына қарасты оқу бөлімі.

Сабақ кезінде жұмыс ережесін білмейінше батпырауық жасап үйрену мүмкін емес. Сабақтың мақсатына жетуі педагог балалардың қызығушылығын арттырып, тақырыпты жеткізіп түсіндіре алуында. Жұмыстың нәтижелі жүруі үшін, балалар ойын арқылы сабақты тез ұғатынын ескеріп, олардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөлу керек. Сондықтан сабақты ойын элементтерімен жүргізген дұрыс. Сабақта мынандай кейбір ойын түрлерін қордану оң нәтиже береді(балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхаттап, әр аялдамада түрлі тапсырмалар орындайды: жұмбақтар шешеді, түрлі тапсырмалар орындайды т. б. ) Ойын сәттері сабақтың соңына дейін жүргізілгені маңызды.

Бұл сабақта оқытудың теориялық және практикалық бөлімдері қамтылған. Сабақтың негізгі бөлігі практикалық жұмысқа берілген.

Оқудың теориялық материалдары сабақ басында әңгіме түрінде беріліп, балаларға сұрақ-жауап әдісі арқылы түсіндіріледі.

Әңгімелесу барысында көп нәрсе педагогтың оқушыларға дұрыс сұрақ қоюына байланысты. Сұрақтар оқушылардың тез ойлап, салыстырып сараптауға үйрету керек. Қойылған сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін шыңдап, шығармашылық және конструкторлық қабілеттіліктерін арттыруға мүмкінік туғызғаны аса маңызды.

Көрнекіліктердің ішіндегі ең көп тараған түріне көңіл бөлген дұрыс. Сабақтың теориялық және практикалық кезеңдерінде, батпырауықтардың үлгілері, технологиялық картасы, фотосуреттер сияқты дидактикалық материалдар пайдаланылады.

Сабақтың тағы бір маңызды кезеңі педагогтың өзінің жасаған үлгі жұыстарын көрсеуде. Бұйым ұқыпты, әрі тартымды болу керек.

Осы сабақта көрсетілген үлгі жұмыстардың әсерінен балалардың жұмысқа қызығушылығы артып, бұйымның атқаратын қызметін жетік түсінуіне ықпал етеді. Дей тұрғанмен тек қана біржақты түсіндірумен шектелмеген дұрыс. Ең пайдалысы сол, балалар көріп отырған үлгі жұмысты өздерінің жұмыстарын жасау кезінде ұжымдық жоспарлау арқылы жүзеге асыруы.

Сабақ барысындағы жұмыс жоспары екі кезеңмен орындалады. Бірінші кезең үлгі де көрсетілген жұмысқа талдау жасап, терең түсіну. Балалар бұйым қандай материалдан, қалай, қандай құрал-саймандармен жасалғанын анықтайды.

Екінші кезең - жұмыс кезеңдерін анықтау.

Осы сабақта балалар батпырауықтарын кез келген түстермен безендіріп шығаруға мүмкіндік алады.

Жұмыс кезінде педагог балаларға ақыл-кеңес беріп, қажет болған жағдайда жасауға көмек көрсетеді. Балаларға көмектесу барысында бос сөйлей бермей, тиімді ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсетіп отыру өте маңызды.

Бұл сабақта түрлі әдіс-тәсілдер(әңгімелесу, көрнекіліктермен жұмыс, практикалық) қолданылады.

Сабақ арасында тақырыпқа сәйкес сергіту сәті жүргізіледі. Балаларды жұмыстан алаңдатпау үшін музыкасыз сергіту сәтін қолданған дұрыс.

Сабақ сәтті өтуі үшін педагог барлық оқушы немен айналысып жатыр және жекелей қандай іспен шұғылдануда, соған мән беру керек. Педагог сабақ кезіндегі болмашы өзгерістерді жіті байқап, қажетінше уақытылы тиісті шаралар қабылдап отыру керек.

Сондай-ақ оқушылардың жетістіктерін де атап өту маңызды. Үлгерімі жақсы оқушының жетістігін байсалды, маңызды түрде ал үлгерімі төмен оқушының жетістігін дауыстап, асыра айту керек. Педагогтың екі жағдайда да жетістіктерді атап өтуі оқушылардың ынта-жігерін көтереді.

Батпырауықтарды ұшыруға әдістемелік кеңестер

Өздерінің жасаған батпырауықтарын ашық алаңда ұшыру арқылы жұмыстарының нәтижесіне көз жеткізеді. Осы жерде батпырауықтың талапқа сай ұшуы мен жұмыс сапасына қорытынды баға беріледі.

Батпырауықты ұшырар алдында балалармен міндетті түрде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау жүргізілу керек.

Батпырауықтың ұшу сапасын тексеру мақсатында балаларға батпырауықтарын уақытқа немесе биікке ұшырып жарыстыру ұсынылады.

Ескерту! Батпырауықтарды ауа-райы ашық күні, желдің жылдамдығы 6-7 м/с (батпырауықты ұшыру үшін желдің жылдамдығы - 3 м/с кем емес және 14 м/с артық емес) кезде ұшырады.

Таңдап алынған ұшыру орнына барып, іске кірісуге болады. Ұшыратын жеріміз, бірқалыпты, ауытқымай жел есіп тұратын шағын төбешіктер болғаны дұрыс.

Балалардың назарына салу керек! Батпырауықты ұшырарда биік ағаштардан, ғимараттардан, жоғарғы вольтты электр сымдарынан алшақкету керек. Педагог батпырауық ұшыру технологиясын түсіндіреді. Педагог батпырауық ұшырудың ережелері мен қалыпқа түсіру жағдайларын айтады.

Қорытындылау кезеңіне арналған әдістемелік кеңестер

Жұмысты қорытындылап, талдап, бағалаудың үлкен тәрбиелік мәні бар.

Сабақты қорытындылау кезінде балалардың қандай білім алғадарына(батпырауықтардың түрлерімен танысу), қандай білім-білік дағдыларын игергеніне(технологиялық картамен жұмыс) зейіндерін аудару керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Бала санасын ұлттық салт-дәстүрді қалыптастыруда ойындардың рөлі
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Белсенді туризмнің теориялық аспектілері
Мерекенің әлеуметтік - мәдени міндеттері
Ұлттық спорт түрлеріндегі әдістер мен тәсілдердің негізі
Халық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің құралы ретінде
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
Түйе мен бота
Бастауыш мектеп оқушыларының сөз жаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz