Туған өлкенің бейнесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Туған өлкенің бейнесі

Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,

Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.

Қалай ғана сүймейін,

қалай ғана,

Кіндігіммен кессе ол тұсауымды.

Мен қолыма қалам алып осы тақырыпты жазар алдында менің ойыма Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» шығармасындағы бала Қартқожаның туған жер туралы мына тебіреністі жолдары есіме түсті.

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

Туған жердің қадірін қымбатын ғылым іздеп, шет жа йлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе кім білсін?

Ыстық қой, шіркін туған жер!»

Шынымен де "Туған жер", "Туған ел" осынау екі сөзде ыстық махаббат, ұлан -ғайыр сезім, өлшеуге келмейтін көңіл жатыр. Сіз білесіз бе? "Туған" деген сөздің өзінде ненің болса да жіпсіз байланатыны көрініп- ақ тұр. Енді ойлана беріңіз, туған жерге деген құдіреті - шексіз махаббаты. Күнделікті бір ырғақпен өрілген тіршілігімізде көбіне айналамыздағы әсем көріністерге көп мән бере бермейміз. Бірақ, мөлдіреген көзіңді қайда тастасаң да, мейлі өсімдік болсын, мейлі жануар болсын, тау-тас болсын, сынаптай сусыған құм болсын бәрі - бәрі өзінше бір ерекше, өзіне лайықты сұлулығымен ерекшеленеді. Көңіл -күйің болмаған кезде табиғаттың үніне құлақ түріп, миллиондаған сөздермен жеткізе алмас сұлулыққа қарасаң, жаныңа нұр себеді, саған жайлы жұбаныш болады. Таңның қызарып атуы мен Жер-Ананы қимай батуының өзі не деген керемет?!

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер, - деп сыршыл ақын Мағжан жырлағандай, туған жерім -аялы алтын бесігім. Туған жердің табиғатына, бұлбұлдай сыңғырлаған әсем үніне құлақ түрсең жаныңды бір құпия, тылсым, бір сезім билейді. Тау -тасында, өзен -көліндегі сұлулықта мән-мағына тереңдей бойлап жатыр. Осындай ғажап елде туған жанның бәрі, сірә, бақытты шығар?!

Мен туған өлкемнің, Сыр елінің, бейнесі келесі жолдармен өрнектегім келеді. Талай хас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай ғашықтар көз жасымен Сырға сырын ақтарған, талай арманның орындалып, талайының үміті үкіленген, өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған, қасиетті туған жерім -Қызылорда. "Отан-оттан да ыстық" деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде, ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Халқымыз "Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады" деп бекер айтпаған. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп ойлаймын. "Туған жерім -алтын бесігім" деп туған елді көркейтуге аянбай тер төккен еліміздің перзенттеріне алғыс білдіремін және де көбеюіне де тілектеспін. Мен өзім туған шаһарымды жаннатқа теңер едім. Әрбір жұтқан ауаны айтсаңшы, бойыңа қуат беріп, дертіңнен айықтырады. Жазып отырып, табиғатқа қарадым. Көгілдір түске боялған аспанда қалықтаған құстар, жапырағынан айырылған ағаштар, барлығы ойыңа шабыт қосып, сезімімді тереңдете түскендей. Міне, елге деген махаббаттың құдіретті күші, туған жерге деген ыстық ықыласта жатыр . . .

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді ауылы

№42 Қ. Баймағанбетов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Құрманбек Сандуғаш

Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ташенов Нұрболат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ. Мүсірепов
Шығарманың бас кейіпкері
Туған өлкенің тарихы
Батыс Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері
Өлкетану
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы туралы ақпарат
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту. Мектеп өлкетануының тарихы
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) туралы ақпарат
Сәкен Сейфуллин лирикасындағы табиғат көрінісі
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz