Озық тәжірибе және шығармашылық


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Озық тәжірибе және шығармашылық

Жас буынды тәрбиелеп, оқытып, дамытуда қазір жүзеге асырылып жатқан соңғы өзгерістер мен бүкіл қоғамның жасампаз жұмыстары үйлесім тауып, мақсатқа жеткізе беруі үшін озық тәжірибелер мен ұстаздар шығармашылығы шешуші рөлге ие болуда.

Педагогикалық іс-әрекет өте күрделі және көп қырлы, ол білім мен тәжірибелер, дүниетанымы мен мәдениеті, бүкіл ішкі рухани байлығының қисынды сабақтастығына негізделеді. Ұстаздың өз пәнін терең меңгерген, оқыту әдістемесін жан-жақты игерген, іскерлігі мен сөйлеу мәдениеті жеткілікті болуымен бірге, оқушылардың болашақтарынан үміті мол, шәкірттерін құрметтей білетін қасиеттері болуы жарасымын табады. Қоңыраудан қоңырауға дейін әрбір уақытты ұтымды пайдалану, оқытуды іздене, тиімді әдістерді кеңінен қолдану, бағдарлама талаптарына сай жұмыс істеу, зертханалық жұмыстарды техникалық карта бойынша орындау, сынақ-тәжірибелерді талаптар дәрежесінде үлкен дайындықтармен орындау еңбек жемісін көрсетеді. Пәнаралық байланыстарды басқа пән мұғалімдерімен ақылдаса, есептеу техникаларын ретімен пайдалану сабақтар маңызын арттыра түседі. Сабақ материалдарына байланысты халықтық педагогикаға сүйене оқыту, ұсыныстарды, озық тәжірибелерді пайдалана өтіп, жалғастыру еңбек ете түсуге негіз береді. Күнделікті оқу материалдарына қатысты пайдалы дидактикалық материалдарды жоспарлы пайдалану жемісін берері сөзсіз. Бұл үшін ұстаз шығармашылық ықыласпен еңбек етуі шарт. Шығармшылық белгілері: сабақ өтуде, үйге тапсырма беруде, пәндік кештер өткізуде, олимпиадалар ұйымдастыруда, танымжорыққа баруда, қолдан жасалатын көрнекті құралдар жасауда, пәндік қабырға газеттерін шығаруда, көілділер мен тапқырлар клубының өтілу барысында конференцияларда, саяхаттарда, қызықты ұлттық ойындар өткізуге, мерекелік жиындарда кеңінен болмаса да айқын байқалады.

Озыық тәжірибе - дегеніміз әдеттегі қалыпты деңгейден жоғары табыстарға жеткізетін педагогикалық іс-әрекеттердің кешенді жиынтығы, жалықпай еңбек етудің нәтижесі. Озық тәжірибенің шеберлікке жетудегі бірінші деңгейі психологияны, педагогиканы меңгерген, әдістемені білетін, бағдарламаның талаптарын: сынақ-тәжірибелерді дер кезінде оқу киноларын, диафильм, диапозитивтерді бағдарламаға сай көрсететін, зертханалық, басқа да іс-тәжірибелік сабақтарды өткізетін ұстаз іс-әрекетінен көрінеді. Шығармашылықпен, еңбектенетін мұғалім оқушы әрекетін қашанда әділ бағалайды, әрбір оқушының психологиясын ұғынып, сынып тынысын сезінеді, жұмыс тәртібін орната біледі. Әдістер мен тәсілдерді үйлестіру, сабақ құрылымының мазмұндылығын түрлендіре алу, сыныптағы оқушылардың сабақтарда оқу материалына сай жұмыстар жасауына оңды жетекшілік ету де шығармашылықпен еңбек ететін ұстаздың міндеті болып саналады. Сондай-ақ мұғалім сынақ-тәжірибелерді оқушылардың өздеріне жасату арқылы оқушылардың алған біліміне қоғамдық байқаулар жасап, оларды аспаптарды пайдалана білуге, микрокалькулятормен жұмыс жүргізуге, электронды есептеу техникасын оқу бағдарламаларын жасап, пайдалануға баулуы қажет. Шығармашылық оқып үйрену, үздіксіз ізденіс, мақсатты еңбек шыңдалу арқылы қалыптастырылады. Білікті маман, еңбегімен әріптестеріне құрметті де, ықпалды, адамгершілігі мол, тәжірибеге бай, мәдениетті де, әдепті шебер мұғалім - нағыз шығармашылықпен қызмет атқаратын ұлы тұлға.

Өз пәнін терең меңгеру, әрбір сабаққа үлкен даярлық, оқыту әдістемесін ұтымды игеру, сынып оқушыларын жете білу, психологиясына талдау жасаулар, оқу бағдарламасына сай сабақ құрылымын материалға қатысты түсіндіру шығармашылыққа қанат бітіретін табыстарға жеткізе түседі. Озық тәжірибені игергени білікті ұстаз шеберлігінің арқасында күрделі педагогикалық іс-әрекеттерде әдістемеге байланысты ойластырылған жоспарға сай сабақты тиімді өткізе алады. Мұндай ұстаз күтілмеген педагогикалық жағдайлардың өзінде сабақты ұтымды өтуге жол таба білуге, шығармашылығы және біліктілігі нәтижесінде қиын болса да, қиыстырып, білімі мен тәжірибесін оңтайлы пайдалана алады.

Әрбір сабаққа мұқият даярлану, тыңғылықты жоспарлау, шығармашылықпен жүзеге асыру - мұғалім шеберлігінің маңызды белгісі. Оның көмегімен педагогикалық тәсілдер қоры, педагогикалық техника жиынтығы жаңалықты туындатады, шығармашылықпен еңбек етуге негіз болады. Тәуелсіздік пен тыныштыққа тәубе ете отыра, озық тәжірибелерді шығармашылықпен оқып-үйрене, оны дамыта түсіп, табысқа жету жолында бірлікпен ынтымақты еңбек нәтижесінде елімізді өркениетті етуге абыроймен үлес қоса берейік ағайын!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Озат педагогикалық тәжірибе
Зоонимдердің тіл білімінде зерттелу жайы
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау
«Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу мен қорыту педагогикалық проблема»
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Педагогикалық процесте озык
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау. Мерзімді басылымдарды шолу. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдік тәжірибе түрлері
Ғылыми- педагогикалық зерттеу туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz