ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ДАМЫТУДА МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ

Булегенова Акшабак Тыныштыковна

№ 2 Кеңгір ЖОББМ
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы

Білім беру жүйесінде қазіргі мұғалім оқушылардың білім алуын
ұйымдастырушы ғана емес, олардың танымдық-тәжірибелік әрекеттерін, өзара
қарым-қатынасын реттеуші, әрі олардың өмірлеріне кездесетін кез-келген
қиыншылық жағдайларға бейімделуіне қажет негіздерді қалаушы [1]. Мұндай
жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби
құзіреттілігінің өсуінсіз ескі псисхологиямен, есі әдіс-тәсілдермен, ескі
біліктілік арттыруы жүйесімен шешу мүмкін емес. Қоғам жаңалыққа жаны құмар,
жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай оны жағымды жаққа
өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарды қажет етеді. Еліміз үшін маңызды
болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең
басты функционалдық сауаттылығын арттыратын белсенділік, шығармашылық
тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға, кәсіби жолын таңдай алуға
қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратар болсақ, қазіргі жандардың,
яғни жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық ортаға бейімделе
алуы және өмірде қолдана білудің базалық факторы деп қарастырамыз. Қазіргі
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесуі. Осымен қатар,
функционалдық сауаттылық әр адамның мамандығының ерекшелігіне қарамай,
өзінің жанына қарамай үздіксіз білім алып, білімін жетілдіріп отыру.
Осындай ауыр міндет әр пән мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін талап етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқуының функционалдық сауаттылығын
арттыруда аса маңызды қызмет атқарады. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне,
дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функионалдық сауаттылықты
дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау
дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде ойластыру-
пән мұғалімінің құзіреттілігі. [2]. Мұғалім сабақты тиімді жағдаяттар
тудыра отырып, оқушының ойлауын, сыни ойлауын, өмірмен байланыстыра отырып
ойлануына мүмкіндік тудырады. Осыған байланысты ойлау дағдыларының өзі
мұғалімнің құзіреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні арқылы оқушының оқу мен жазудағы
сауаттылығына, оқушының адами құндылықтарын құрметтеп, өмірге бейімделу
дағдысының қалыптасуына жағдай туғызамыз. Осы мақсатта мұғалім алдымен
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда коммуникативтік
құзіреттілікке баса назар аударуы ықтимал. Яғни, коммуникативтік
құзіреттілік:
-тәрбие, әдеп нормасына сай өзіндік пікірін білдіруге;
-өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды
ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогіне түсе алуына;
-жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі ұстанымдағы адамдармен топта
қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді;
-нақты өмірде өз шешуін қолдануы.
Сонымен өз құзіреттіліктерімізді қалай дамытамыз? Заман талабына
сай оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыруда сындарлы оқытуды
жүзеге асырып, тиімді интербелсенді әдістерді қолдану басты назарды. Ұтымды
тапсырмаларды ойлап, құрастыра отырып, жағдаятты өмірмен байланыстырған
абзал. Яғни, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағыт
аламыз. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында оқушының өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Сондықтан
тіл мен әдебиетті оқытуда білім мазмұны жеке тұлғаға бағдарлай оқыту және
жаңа технологиялар негізінде ұйымдастырылатын түрлі шығармашылық
тапсырмалар түрінде жүзеге асырылуы тиіс. Интерактивті-инновациялық,
жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфоқұрылымдарды пайдалана отырып,
білім алушылар үшін жеке білім аймағын құру жүзеге асырылуда.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақтың еншісінде. Ал осы
ұрпақты бүгінгі таңда терең білімді, жан-жақты өз бетімен ізденуга
қабілетті етіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Мұғалімнің құзыреттілігі
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Шығармашылық ойлау дағдысы
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Бастауыш мектепте
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Пәндер