Физика сабағындағы пәнаралық байланыс


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

№ 192 орта мектеп

Тақырыбы: Физика сабағындағы пәнаралық байланыс

Орындаған: Акимбаева. Ж

2007 - 2008 оқу жылы

Кіріспе

Еліміз ғылым мен техниканың әр саласында мамандар дайындағандағы өз саясатын нақты анықтап алды. Ондағы басым бағыттардың бірі мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жан - жақты білімі, осы заманғы ғылым мен техниканы жан-жатық білетін іскер мамандарды дайындау болып саналады. Сондықтан да, оқушының білімдік қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында пәндерді байланыстыра оқытудың маңызы ерекше.

Педагогика тарихына үңілсек пәнаралық байланыс 300 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Қазақ халқының біртума ғұламалары Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсыновтар да өз еңбектерінде ол туралы айтып кеткен.

Олай болса, осы үрдісті одан әрі дамытып, пәнаралық байланыс интеграциясының жолдарын іздеу керек.

ІІ. Негізгі бөлім

Физиканы басқа ғылымдармен байланыстыра оқыту терең білім алуға, ғылыми ұжымдарды және заңдарды және заңдарды меңгеруге, оқу - тәрбиелік процестерді жетілдіруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар, білім деңгейін көтеріп, логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді. Шығармашылық қабілеттерін және ғылыми деңгейдің дамуына ықпалын тигізеді.

Жаратылыстану ғылымдарының зерттейтін объектілері өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар. Тек әр ғылым өзіне тиісті саланы қарастырады. Мысалы: Биология тірі организмдерді, химия заттардың құбылысы мен құрамын, астрономия аспан денелерін, информатика ақпараттық процестерді, физика табиғаттағы құбылыстарды зерттейді. Бұл ғылымдардың арасында сөзсіз байланыстар бар. Жалпы физика пәнін медицинамен, еңбектен, денешынықтырумен, әдебиетпен, музыкамен, суретпен байланыстыра өтсе, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, ой - өрісі сөзсіз дамиды.

Мысалы: 7 - сыныпта « Қысым» туралы өткенде физиканы биологиямен байланыстыруға болады.

Сұйық ішіндегі қысымның теңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Арнайы жаттығусыз үлкен тереңдікке түсу мүмкін емес, өйткені жоғары қысымның әсерінен адам қаны атмосфералық азотпен қанығады. Судың бетіне тез көтерілуге де болмайды, себебі: қысымның кенеттен азаюынан азот көпіршік түрінде қаннан бөлініп шығады, яғни қан қайнағандай болады. Азот көпіршіктері қан тамырларын бітеп тастайды да, көп жағдайда адамды ауыр науқасқа шалдықтырады. 9 - сыныптың « Механикалық толқындар» тарауын өткенде физиканы медицинамен, музыкамен байланысын ашып айту керек.

Бізді қоршаған орта әр түрлі дыбыстарға бай. Осы дыбыс толқындарының адам ағзасына тигізетін пайдасы да, кері әсері де бар. Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, сонымен байланыста болады. Дыбыстың адамға, сондай - ақ барлық тіршілікке әсері зор. Оған мынадай статистикалық мәлімет келтірсем түсінікті болар: тышқанның қасына бірнеше уақыт бойы айқай - шу, жағымсыз дыбыстар жібергенде, ол есінен танып қалған, ол өсіп тұрған гүлдің қасына осындай дыбыспен әсер еткенде, гүл сола бастаған. Осындай айқай - шу мен жағымсыз дыбыстар адамның құлағының бірте - бірте естімей қалуына әкеледі, мидың есту орталығын зақымдайды.

Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейнің мәндері, дБ

Дыбыс көзі
Дыбыс қаттылығы, ДБ
Дыбыс көзі: Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 130
Дыбыс көзі: Ұшақтың көтерілуі
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 120
Дыбыс көзі: Дискотекадағы музык
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 120 - 110
Дыбыс көзі: 5 - 7 метр қашықтықтығы автомобиль сигналы
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 100
Дыбыс көзі: Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 8
Дыбыс көзі: Көше шув
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 70 -80
Дыбыс көзі: 3м қашықтықтағы шаңшорғыш дыбысы
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 70
Дыбыс көзі: Тас жолдағы автомобиль қозғалысы
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 50 - 60
Дыбыс көзі: Әңгіме - сұхпат
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 40
Дыбыс көзі: Тұрғын үйлердегі шу нормасы
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 20 - 30
Дыбыс көзі: Жапырақтың сыбдыры
Дыбыс қаттылығы, ДБ: 10

Ерте замандағы қолжазбаларда музыканың адам ағзасына әсері, күші туралы аз айтылмаған. Б. з. д ІІІ - ғасырда Пергам патшалығы тұсында 3, 5 мың көрермен сиятын музыкалық, медициналық театр салынған. Онда сазды әуендер ойналып, адамдарды қайғы - қасіреттен айыратын болған екен.

Ал енді, физикамен математика арасындағы байланысқа келсек, бұл екі пән өзара тарихи тығыз байланысқан. Оқушы математиканы толық білмейінше, ол физика есептерін еш уақытта шығара алмайды. Сондықтан, мұғалім физикалық және математикалық ұғымдарды өзара пәнаралық сабақтарда уағыздап отыруы керек. Мысалы: 7 - сынып физикасында заттың тығыздығы туралы тақырыпты өтіп, оның формуласын бергенде, оқушыларға математикадан пропорционал шамаларды өткенін еске түсіреді. Математикада: « Кез - келген x, y -тің мәндеріне сай y/x қатынасы бір санға тең болса, онда y айнымалысын х айнымалысына пропорционал деп айтамыз», - деген анықтама өтіледі. Мұғалім p= формуласындағы m - заттың массасы, ал V - көлем. Мұндағы V мәніне сәйкес m - нің де мәні өзгеріп отырады. Ал, кез - келген m/V айнымалы р санына тең болады.

Сондықтан m айнымалысын V айнымалысына пропорционал деуге болады.

Ал 7 - сыныптың « Гидравликалық машиналар» тақырыбына есептер шығарғанда математикадан дөңгелектің ауданын еске түсіру қажет. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қиманың ауданы әр түрлі болып келетін екі жылжымалы поршеньдер орнатылған.

F 1 F 2

P P

Цилиндірлер бір - бірімен өзара жарғастырылып, оларға сұйық толтырылған.

Мысалы, гидравликалық машинаның кіші поршендерінің диаметрі 3 см, ал үлкенініңкі 90 см. Гидравликалық пресс 2, 7 *10 5 Н күш өндіру үшін, кіші поршеньге қандай күш түсіру керек?

Берілгені шешуі:

F 2 = 2, 7 *10 5 H S = π R 2 = π ( d 2 ) 2 S = \pi R^{2} = \pi\left( \frac{d}{2} \right) ^{2} S = π R 2 = π ( d 2 ) 2 S = \pi R^{2} = \pi\left( \frac{d}{2} \right) ^{2} ;

d 1 = 0, 3 м

d 2 = 0, 9 м F 1 =

т/к F 1 - ?

Ал, енді физикалық географиямен байланысын қарастырайық:

9 - сыныпта оқушылар еркін түсу үдеуі Жердің географиялық ендігіне байланысты өзгеретіні айтылған. Мысалы: полюсте еркін түсу үдеуі 9, 83 м/с 2. Мұндағы себебі, Жер шар пішіндес емес. Ол полюстері жағынан біраз қысыңқы келеді. Яғни, полюстік радиус экваторлық радиустан 21 км - ге кем. Жердің экваторлық радиусы 6400 км болса, полюстің радиусы 6379 км.

N

W E

S

Осы шамаларды мына формулаға g=G қойсақ, еркін түсу үдеуінің географиялық ендікке байланысты мәні шығады: 90 0 - g = 6, 67* 10 -11 Н*м 2 /кг

0 0 -g =6, 67*10 -11 H*м 2 /кг

Ал біз есептеулер жүргізгенде еркін түсу үдеуін шамамен 9, 8 м/с 2 - қа тең деп аламыз.

Физиканы әдебиетпен байланыстыратын болсақ, осыған байланысты А. Байтұрсыновтың « Аққу шортан һәм шаян» өлеңін алуға болады.

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін - дүркін

Тартады аққу көкке, шаян кейін,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Музыка сабағындағы пәнаралық интеграция элементтері
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Физика сабағын оқытудағы интербелсенді әдістер
Оқушылармен тарих сабақтарында пәнаралық сабақтарды дамыту жолдары
Пәнаралық байланыстардың дидактикалық міндеттері
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Информатика пәні мұғалімінің функциялары
Математика сабағында өз бетімен жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz