Мультимедиялық және интерактивті технологиялар



Орал қаласы
№1КЛ
Физика-информатика пәнінің
оқытушысы
Актаева Р.Т
Мультимедиялық және интерактивті технологиялар
Мәтіндік ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы
компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі
заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы деп аталады.
Мультимедия (multimedia – көп орталы) – бұл әр түрлі физикалық
көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр
түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және
видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар
ауданы.
Мультимедия құралдары – бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты,
видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына
мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.
Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең
қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері
электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған
материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды
кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың
жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық
қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді,
соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін
жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу
ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол
береді.
Интерактивті – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) мағынасын білдіреді.
Білім берудегі интерактивті технология – сабақ барысында оқушының топпен
жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ
барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және
де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың бірі –
ACTIVboard (Promethean компаниясы), ACTIVstudio программасы арқылы іске
қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды
енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Осы техникалық оқыту кешеніне кіретін интерактивті құралдарға тоқтала
кетсек.
ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер
құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті
элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты
презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.
ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта
арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті қалам мен тышқан
құрылғысының арасында өзара байланыстар бар, яғни активті қалам тышқан
құрылғысының қызметін атқара алады.
ACTIVwand. Электронды ACTIVwand нұсқауышының ұзындығы 54 см, тақтаның
жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында
орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.
ACTIVwand нұсқауышы web-бетте жұмыс жасағанда rollover және hover
функцияларын атқаруға өте қолайлы. ACTIVboard интерактивті тақтасында жұмыс
жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол",
сонымен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда
қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады.
ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар
компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro өте жеңіл
зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор
болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК басқарады, сурет
салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate. Радиопортты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады
ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай
алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-
ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet. ACTIVtablet планшеті қарапайым тышқанның қызметін атқара
алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе
ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегінсіз) компьютерде дайындауға
мүмкіндік беретін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы
қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы
батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote. ACTIVote2 тестілеу жүйесі конференцияның барлық
қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан
желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік
береді. Пульттың көмегімен ақпаратты ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп
конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote2 қарапайым тест
жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote2 16 немесе 32 пульттан кішкене
чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып, Тест дайындау шеберінде ACTIVstudio
бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары
кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде
компьютердің жадында сақтайды. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD
редакторларында экспорт жасауға болады.

ACTIVstudio программалық жабдығы
Интерактивтік тақта ХХІ ғасырдың сыныптарындағы жұмысты жеңілдетіп,
сабақтар, тұсаукесерлер, конференциялар, көрмелер жəне т.б. құру үшін
арнайы құралдарды игеруге мүмкіндік береді. Интерактивтік оқыту –
ақпаратпен алмасуды, оқытуды ұйымдастыруды, əр сабақта оқыту сапасын
бағалауды ұйымдастыруға көмектеседі.
Интерактивтік тақтаны құрастырушы ағылшын PROMETHEAN компаниясы.

“Activ studio Professional Edition” оқытушыларға “Activ” – тақтаны
пайдаланып, тамаша интерактивтік сабақтарды құруға көмек үшін қолайлы аспап
ретінде шығарылған болатын. Егер мониторда өзіңіз көріп тұрғаныңызбен жəне
осы басшылықтағы бейнелер арасында кішкене айырмашылықтар болса,
мазаланбаңыз, осында сипатталған негізгі ерекшеліктер, өзгеріссіз қалады.
Интерактивті тақтамен жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен мыналарға көз
жеткізу керек:
• компьютеріңіздің қосылып тұрғанына;
• жұмыс панелінде иконканы көрінгеніне, егер ол пайдаланылса, онда
интерактивті тақта калибрленген.
ACTIVboard интерактивті тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio
бағдарламасымен қамтамасыз етуді іс жүзінде қолдану бойынша əдістемелік
ұсыныстар 2007 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым
министрлігімен бекітілген Кəсіптік білімде интерактивтік технологияларды
пайдалану оқыту курсының бағдарламасына сəйкес құрастырылған.
ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету – презентацияларды өткізу
үшін жəне оқу барысында пайдалану үшін арнайы шығарылған. Ол ACTIVboard
жүйесін жəне “ACTIVpen” қаламын пайдалану үшін жасалды.
ACTIVstudio көптеген функциялардан тұрады, олар презентацияларды құруға
жəне өткізуге мүмкіндік береді, мəліметтерге арнайы тиімділіктерді қосуға,
негізгі сəттерді көрсетуге, қосымша ақпараттарды кіргізетін немесе
дəрісханаға берілетін түсініктемелерді, белгілер мен сілтемелерді қосуға,
сонымен қатар басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Əрі қарай осы
мүмкіндіктер толық сипатталған.
ACTIVboard-ты іске қосу:
1. Проекторды қосу үшін компьютерді желіге қосып, пультті алып
проекторға дəлдеңіз, содан соң сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырманы екі рет
басыңыз, F4 батырмасын басыңыз. Пайдаланушының атын теріңіз, мысалы:
“BOARD” жəне пароль мысалы 111111.
2. Қаламмен екі рет интерактивтік тақтаның жұмыс панелінде орналасқан
AV-белгісін () басыңыз. Экранда екі хабарлама шығуы мүмкін, ОК
басыңыз. Жұмыс үстелінде келесі құралдар панелі пайда болады.
Флипчартты құру (таза бетті білдіреді):
1. Басты аспаптар панелінде орналасқан AV- белгісін қаламмен 1
рет басыңыз.
2. 1-ші бетпен жұмыс аяқталған соң, қаламмен менюді басыңыз,
содан соң Сақтау батырмасын басыңыз .
3. Келесі бетке өту үшін интерактивтік тақтаның функционалды панелдегі
оң жағындағы жуан көрсеткішті басыңыз.
Интерактивтік тақтаның басты панелімен жұмыс істеу:
1. Қалам – бұл құралды белсенді ету үшін қалам белгісін
басыңыз. Ол басты панелдің оң жағында орналасқан.
2. Басты панелдегі таңдалған түске қаламды апарамыз, мысалы: көк.
Қаламды тақтадан алмай сөзді жазыңыз.
Қалам – құрал, ол жазу мен суреттерді салу кезіндегі белгілерді
көрсету үшін қолданылады. Қалам оң жəне сол жақ батырмалардан тұрады. Сол
жақ батырма мəліметтерді жазу үшін арналған. Оң жақ батырма қызғылт түске
ие, оны басқан кезде көмек алуға болады. Онымен жұмыс жасаған кезде қаламды
тақтадан 1 мм қашықтықта ұстау керек.
“ACTIVstudio” белгілер қосуға, нысаналар құруға, арнайы тиімділіктерді
қолдануға жəне презентацияда интерактивтік элементтерді пайдалануға
мүмкіндік беретін бір қатар аспаптардан тұрады. Бұл аспаптарға рұқсат
аспаптар панелінің көмегі арқылы жүзеге асырылады.
ACTIVboard немесе “proACTIVboard”-ты қолдану кезінде, егер экран немесе
проектор қандай да бір себептермен орын ауыстырса, мүмкін, калибровканы
қайта орындау керек болады. Осы жағдайда ACTIVpen қаламының ұшы экрандағы
курсормен қосылады.
Калибровканың сəйкес процедурасы жайында қосымша мəліметтер алу үшін,
тез жұмыс бастау бойынша басшылықты қарау керек, ол белгілі экранның
жиынтығына кіреді.
Жүйенің калибровкасын орындағаннан кейін экрандағы курсордың
жағдайымен, “ACTIVpen” қаламының ұшы сай келетініне көзіңізді жеткізіңіз.
Басқару панельдерін пайдалану:
Көмек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Жаңа педагогикалық технологиялар
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Болашақ педагогтарды жобалауға оқытудың компьютерлік технологиялары
Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту
Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
Педагогикалық технологияның құрылымы
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Пәндер