Баланың басты ұстазы ата-ана


Баланың басты ұстазы ата-ана.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік, шеберлікпен қолдана білу.
Мұндай күрделі мәселені мектеп тек ата-ананың бірігіп істеуі нәтижесінде шеше алады.
Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайлы қарамуы тиіс.
Амал жоқтан оқып жүрген оқушы өзіне де, отбасына да мектепке де көптеген реніш әкеледі. Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек. Балада мектепке алғаш келгендеоқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады.
Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиіс. Мұғалім туралы айтылған дөрекі сөз мұғалім абройын төмендетіп баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді.
Ата-ана баласының кейбір мәселелерді білмей, шеше алмай жатса оны кекетпеуі керек себебі ол баланың алғашқы қадамдары.
Ата-ана баланың уйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы қажет. Оқуға барған күнен бастап бала үйде белгілі бір уақытта дайындалуы үшін күн тәртібі болуы абзал. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар да бар. «Сабағыңды үстелдің үстінен алып кет» деп ұрысатын да жағдайлар болады. Бұл баланың еңбектенуге деген қызығушылығын жояды. Үйде ата-ана баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап тексеріп отырса баланың жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Ата-ана балаларға барлық ісімен өнеге болуы тиіс.
«Тәрбие отбасынан басталады» десекте кейбір ата-аналар балаларын ерекше еркелетіп, өз балаларыңыз дөрекі, жалқаулық, қырсықтық, мұғалімдермен ерегісу, қызғаншақ, әдепсіздік, мінездеріне назар аудармай, көңіл болмей, бар жауапкершілікті мектепке, мұғалімдерге артқысы келіп:
-«Менің балам сүттен ақ, судан таза», деп өз баласының өзімшіл тәккаппар болып өсуіне жол ашатын жағдайларда болып тұрады.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Бала бес-алты сағат мектепте қалған уақытта үйде болады. Баланың сабақтан тыс уақыттан ата-ана қалай ұйымдастыруы керек ? Олардың кітап оқуына, мәдени тынығуына жағдай жасау қажет. Кітапханаларға жаздыру, түрлі үйірмелерге қатыстыру ата-ананың міндетінің бірі. Ата-ананың тағы бір міндеті ол баланың еңбек дағдысының қалыптасуына жағдай жасау.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің негізі. Еңбек адамды бақытқа, қуанышқа жеткізеді, бақытты өмір сүруіне себепші болады. Сондықтан еңбек тәрбиесі - отбасы бақытының негізі. Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін ең қуатты негіз болып табылады. Бала ата-анамыздың келешегі біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын, салтын құрметтей алатын, дені сау, білімді еңбек сүйгіш, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі керек.
Әліпбекова Жұмагүл
№ 2 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz