Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі.

Аманбаева
Базаргуль Ариповна

Хромтау ауданы, Сарысай орта мектебі
Бастауыш сынып
мұғалімі

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы
денсаулыққа байланысты.
А.Шопенгауер

Бүкіл әлемдегі дәрігерлер мен педагогтар әлдеқашан ортақ пікірге
келген еді: ұлт денсаулығын сақтап қалу үшін барлық күш жігерді біріктіру
және оны балалар денсаулығын қорғауға бағыттау қажет.
XXI ғасыр–ақпараттардың аса молдығы бойынша бұрын-соңды болмаған ғасыр.
Біз балаларға денсаулықты сақтау, түрлі аурулардың алдын-алу, салауатты
өмір салты туралы көп айтып жүрміз.
Ал, бұл мәселелерді шешу балалар денсаулығын сақтау, оның ішінде дене
тәрбиесі, психологиялық тұрақтылықты арттыру, орынды тамақтану және
көптеген басқа мәселелер бойынша маңызды жұмыстарды қажет етеді. Мектеп
мұғалімінің алдында оқушыларға білім берумен қатар олардың дені сау, дене
бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті тұр. Бүгінгі алдымызда отырған
оқушы -ертеңгі еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын
жақсартуға ықпал ететін жеке тұлға. 1
Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол
сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі.
Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі
жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-
психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге деген
белсенділігі мен ізгілікті қатынастарын дамытуға бағытталған.
Дене тәрбиесі-өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
саласының бір тармағы болып табылады. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына,
күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды
адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған
жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.
Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс түрлері
дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды:
- Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде таңертеңгілік 9-10
жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа
келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.
- Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу
жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді.
- Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі іс-әрекет пен оқу
күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады. 2
- Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік талап пен
оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен
жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын, ерік-жігерін, батылдық пен
табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерді
дамытады.
- Сабақ үстінде сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның тынығуына
әсерін тигізеді.
- Үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу
күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.
- Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген спорт
саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Дене мәдениетін қалыптастыру
Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қимылдық ойындар арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене тәрбиесі дайындығы
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
Дене тәрбиесі қағидаларын, әрбір дене шынықтыру мұғалім
Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығы
ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА ЖӘНЕ ДЕНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер