ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Анар Арыстанғалиева Алтыбайқызы

Атырау облысы ,

Қызылқоға ауданы

Миялы селосы

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта
мектебі

Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және
ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін
реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай
білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар
аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық,
адамдық, Отан сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі
өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.6 Оқушының шығармашық
іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені
сөзсіз. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат
қана шеше алады.Олар-дүниетанымдылық,шығармаш ылық және терең
білімділік.1,35 -бет

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя аладыдеп
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-
жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік оқушы
шығармашылығы арқылы көрінеді.Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша
дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне
жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі
талап етеді.Осы мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу нысаналарына
алынумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын тұлға
етіп дамытуда олардың шығармашылық қабілетін дамыту басты нысанға айналған.
5Шығармашылық ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн оқушы
шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен
анықталады - дей келе, шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін
жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық
өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағы жас ұрпақ бойына адамгершілік,ізгілік
қасиеттерді қалыптастыруды жетілдіре түсудің бірден-бір басты құралы.

Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере туған
халқының өткені мен бүгіні,болашағы жайында мол мағлұматтар ала
отырып,танымдық,тәрбиелік,білім-дағ дыны үйренері хақ.Өтілетін әр сабақ
белгілі бір мақсатқа құралған,оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра
отырып шығармашылыққа баулуы тиіс.Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете
ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз мақсатына жеткен
шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ
болар еді.Қай сабақ болмасын мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік
жағыдеп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз
үрдіс.Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып
,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын,қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының
жас ерекшелігін ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе,өзі
көздеген мақсатына жетеді.

Сабақ беру үрдісінде оқушыны шығармашылыққа баулудың маңызы
ерекше.Шығармашылық- өздігінен еңбектенудің,ізденудің жолы.Әр тақырып
бойынша жүргізген жұмыс нәтижесі оқушының тиянақты ойлай,сөзді нақты
жеткізе білуге үйретеді.Шығармашылық жұмыстың алуан түрлері
бар:шығармашылық жазба жұмысы,пікірсайыс,шығарма жаздыру,өз бетімен
жұмыс,т.б.

Шығармашылық жазба жұмысы-тіл дамыту жұмысы.әңгіме,ойтолғау,кейіпкер
портреті,эссе жазу,оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыта оырып,
шығармашылық жұмысқа баулитын негізгі саты деп қарауға болады.Әңгіме
жазуда ойдың байланысына,сөзді дұрыс саптай білуге,шебер жеткізе білуге
дағдыланады.Жеткізер ойын нақты дәлеледер келтіре отырып,мысалдар арқылы
сұрыптап жаза білуге машықтанады.Оқушының шығармашылық танымын,мүмкіндігін
жетілдіруде,көркем шығарманың орны ерекше.Оқушы жанын дүр сілкіндірер
қолайлы тың деректер,оқиғалар,естеліктер ,мұғалімнің ұтымды ой-пікірлері
арқылы астасып жатуы керек.Міне,сонда ғана шығармашылыққа бастайтын
шығармашылық көңіл күй туады.

Көркем мәтін бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарды былай топтауға
болады:

аавторға еліктей отырып,шығармашылық жұмыс жүргізу;

әмәтіндегі кейіпкерлерге өзі мінездеме бере отырып ,портретін жасау;

бавтор шығармасынан басқа тың көркемдік шешім таба отырып,өз ойынан оқиға
құру;4,18-б

Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар жанды,шынайы болып,оқушы бойындағы
қиял,дарындылық қабілетін ашуға көмектеседі.Әр тақырыпқа берілген әдеби
кітаптарды оқи отырып олардың өмірге деген көзқарасы ,шығарма
кейіпкерлерінің әр ісі,жақсылы жаман қасиеттері олардың дүниетанымын
кеңейтеді,өздерінің танымдық ой-пікірлері қалыптасады.

Оқушыларға шығармашылық ой-талдауға бейімділік ішкі сезім дүниесіне
тартысты сезімталдық қасиетті оятуда әдеби-шығарым тапсырмалар беріледі,бұл
тақырыптық,еркін тақырыпқа шығарма ,мақала,хат сында жұмыстар арқылы
орындалады.Белгілі тақырыптарды өткеннен кейін төмендегі талаптар бойынша
жұмыс жүргізуге болады:

-шығарманың мазмұны,тақырыбы жайында өз пікірін жазу;

-ұнаған эпизодын баяндау;

-әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
Психикалық дамытуға бағытталған тұжырымдамалар
Оқушы шығармашылығын дамыту
Дамыта оқыту негізінде бастауыш оқушыларының шығармашылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Пәндер