САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БІЛІМ ТАЛАБЫНЫҢ ШЕШІМІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БІЛІМ ТАЛАБЫНЫҢ ШЕШІМІ

Бахтыбаева Айдын Камалқызы

Рудный қаласы 15 орта мектебі ММ

ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процессіне көшуде.
Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі
орасан зор роль атқарады.
Бүгінгі таңда Республика мектептері толығымен жаңа ақпараттық
комьютерлік техникалармен қамтамасыз етілуде, әрине бұл жаңашыл
мұғалімдердің құзырлылығымен сапалы және инновациялық технологияларды талап
етеді нәтижеде жаңа ұрпаққа –жаңашыл оқыту - жаңа мұғалім. Білім сапасын
көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан
жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі педагогикалық
технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар
тәжірибеге енгізілуде. Бұрынғы әдетке айналған сабақ үлгілеріне
альтернативті болатын бұл технологиялар мұғалімге қарағанда оқушының
басымырақ рөл атқаруына жол сілтейді. Оқушы бойындағы сан қырлы
қасиеттер мен ерекшеліктерді ашуға, жеке мүмкіндіктерін жетілдіруге
жағдай жасауымызға бағыттап, оның қызығушылығын, танымдық белсенділігін
арттыруға зор ықпал етеді, білім-білік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Осы мәселенің төңірегінде көптеген көкейкесті сұрақтар пайда болуда.
Мұғалім, қазіргі таңда қай технология болмасын ұтымды және тиімді
пайдалануы шарт. Мен, өз баяндамамда Н.А. Оразахынованың Сатылай кешенді
талдау технологиясы (ОСКТТ) жөнінде пікір бөлісемін деген ойдамын.
Сатылай кешенді талдау технологиясының негізін қалаған Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор, әдіскер – ғалым Нұрша Алжанбайқызы
Оразахынова.
ОСКТТ дегеніміз қазақ тілін оқытудан бас алып, халқымыздың әдебиетін,
тарихын, географиясын тағы басқа пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-
жақты білім беретін, олард өз елінде, жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы
етіп қалыптастыра алатын оқыту түрі.
Сатылай кешенді талдау технологиясы бұл қазақтың төл технологиясы деп
атауға болады. Бұған дәлел ретінде осы технологияның авторы Нұрша
Алжанбайқызы Оразахынова ХХ ғасырдың 20-30 қазақ ғалымдарының оқыту-тәрбие
туралы жасаған ғылыми тұжырымдамаларын және әдістемелік кешендерін негіз
етіп алған.ОСКТТның (Ораханованың Сатылай кешенді талдау технологиясы)
теориялық негізін А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, Қ. Жұбанов, С.
Аманжолов тағы басқа қазақ ғалымдарының ғылыми әдістемелік тұжырымдамалары
автор арқылы басшылыққа алынып, ағартушылық негізін Ыбырай, Абай, Шоқан
тағы басқа ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын, ұлттық құндылыққа
негізделген әдіс тәсілдерін еңгізіп, бастауыш сыныптардан бастап,
төмендегідей пәндерге еңгізудің жолдарын көрсетеді. Олар: қазақ тілі,
ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, георафия, физика, химия,
информатика секілді негізгі пәндер.
ОСКТТ оқушыларға қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құралы
мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл
нормасын үйретіп, дұрыс сөйлесу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сол
арқылы басқа пәндерді сауатты меңгеруге негіз қаланады.
ОСКТТ тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен
дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар баланың жалпы
тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, ізденушілік, зерттеушілік
әрекеттерін ұйымдастыру да басты назарда ұсталады. Өл үшін бала өзінің
бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге
жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, ол білім
алуға әрекеттенеді.
ОСКТТмен оқытуда мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жаңа қағидаларға
негізделеді. Олар: ынтымақтастық, түсіністік, әріптестік секілді қасиеттер.
Бұл технологияның маңыздылығы, тағы бір ерекшелігі оқушыларды жақсы,
жаман, орташа деп бөлмей тек материалды өте жылдам, баяу, қабылдауына
қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп барлық баланың дамуы үшін қолайлы
жағдай түғызуды мақсат тұтады.Ал деңгейлер төмендегідей болып бөлінеді:
1- деңгей:
Бұл деңгейде оқушымен мұғалімнің іс-әрекеті қатар жүреді: жазу, дауыстап
айту,есту, көзбен көру, естіген нәрені ұзақ есінде сақтау, яғни
коммуникативті әрекеттер орындалады.
2- деңгей:
Бұл деңгейде іс әреет атылым-жазылым- түрінде жүзеге асады.Оқушы талдауды
ауызша толық баяндап жазуға, талдаудың қысқаша түрін қолданады.Ал дұрыс
баяндауға қажетті толық үлгісі сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда үйретілген.
3- Бұл деңгейде тілдік қатынас айтылым-жазылым-тыңдалым әрекеттері қатар
жүреді. Бұл талдау күрделілігімен ерекшеленеді де оқушыларды ой
ұшқырлығына баулау, танымдық дүниесін кеңейту көзделеді.
4- Тілдік материалды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципы
мен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау жүргізіледі. Бұл
деңгейде оқушылар алдынғы білім-білік дағдыларын жинақтап, сауатты
әңгіме әдісі қолданылады.
5- Диалог арқылы талдау. Бұл деңгейдегі талдау үлгілері ауызша
орындалады.оқушылар бұл талдау арқылы аңғарымпаздыққа, әріптесінің
жауабын мұқият тыңдауға, ойын ары жалғастырып кетуге дағдаланады.
Мұндай талдау көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.
6- Жад жазу. Бұл деңгейде оқушылардың СКТ арқылымеңгерген теориялық
білімді жадқа жазу: теориялық білімді меңгеру, орфоргафиялық
сааттылық, пунктуациялық белгілерді дұрыс қоюын байқаймыз және
қорытынды шығарамыз.
7- Уақытқа талдау: өте жылдам-3 минут; жылдам-5 минут; баяу-3
минут;
8- Компьютерлік талдау;
9- Ашық тест
10- Шығармашылық жұмыс;
СКТда оқушы ғылыми тілде сөйлеуге үйренеді, қарапайымнан күрделіге,
уақиғаны сатылап түсіндіре алып, тұжырым жасауға үйренеді, оқушыны
болжамнан сөйлеуден құтқарады.
ОСКТТ ның мақсаты:
1- Барлық оқушыны табысты оқыту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлері
Сатылай оқыту технологиясы
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Тілдік-кешенді талдау технологиясы
Сатылай кешенді талдау технологиясына анықтама
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын Сатылай кешенді оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер