АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Бақтыгереева Ж.М.
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин.
Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің
бәсекеге қабілеттілік рейтингісін анықтауға кірісіп, оның теориасы мен
тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге
асырудың тиімді жолдары Елбасының Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы жолдауында айқындалған.
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономиканың
өсуі мен дамуы білім және ғылым жүйелерінің жаңаруымен тікелей
байланыстылығынан байқаймыз. Бірақ, ескеретін ерекше жағдай: білім беру
жүйесінің табиғаты демократиялық жүйе болғанымен, әлемдік қоғамдастықта
жаһандану үрдісінің дендеп еніп келе жатқан кезеңнен де бұл салада
бәсекелестіктің даму қарқыны күшейе түсуде.
Шынында, адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып
отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі
ғылыми- техникалық және әлеуметтік- мәдени жетістіктерінің қарыштап
дамуынан туындайды. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге,
мамандарды жан- жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша
назар аударуы да сондықтан.
Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен
ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің
басымдылық мақсаты- өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын
дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау.
Ал Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында “ ... ...білім берудің тиімді
жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның
лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың
сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады ” деп атап өтілген.
Қазіргі таңда да егеменді еліміз етек- жеңін жинап, оқу- ағарту
жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің
материалдық- техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беріп отыр.
Білім беру технологиясының әлемдік бірізділікке ыңғайлануы- табиғи
құбылыс. Оны білім беру жүйесінің дүниежүзілік жаһандасуы деп те жүрміз.
Оған қазіргі әлемнің ғылымы мен техникасының және жалпыадамзаттық
өркениеттің соңғы ғасырдың екінші жартысында таңғажайып қарқын мен дамып
кетуі, түрлі мемлекеттердің арасында экономикалық қарым- қатынастың күшеюі
және олардың бір-бірімен мәдени-рухани тығыз ықпалдасуға көшуі басты себеп
болады. Қазір біз ондай бірізілдік пен ықпалдасудың өз еліміздің
мемлекеттік құрылымының барлық жүйесінде болып жатқанын пайымдап қана
қоймай, мойындауға да мәжбүрміз.
Сондай-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында нарықтық экономика
саясатының талабына орай Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік
жағдайын барынша жақсарта түсуге жәрдемі тиетін, елімізге аса қажетті
білікті мамандарды шетелдерде оқытып, халықаралық стандарт деңгейіне сай
етіп дайындау және бұрынғы мамандарды қайта даярлау мәселесіде пайда болды.

Заманауи әлемнің жаһандануы жағдайындағы оқу орындары іс-
әрекеттерінің тиімділігі, болашақ ұрпақты халықаралық ынтымақтастыққа және
өмір сүру аясындағы барлық бәсекелестіктерге дайындау сапасымен
анықталынады.
Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Қазақстан халқына
арналған Жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді,
біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету
үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады деп
көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал
етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш- білімге тән.
Мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап
қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған
негіздеп оқыту- бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды.
Инновациялық үрдістің негізгі- жаңалықтарды қалыптастыруы,
қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой-өрісін, ұлттық
мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру
оқу, тәрбие жүйесіндегі инновациялық технологияларды соның ішіндегі
ақпарат технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану өз тәжірибемнің
көкейтесті мәселесі ретінде туындауы үлкен жетістіктерге жетелейді деп
ойлаймын.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынып отырған көп
нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкін аламыз. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы
мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа
технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде
сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін оқу үрдісін
интенсивтендіруді жаппай қолға алу. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-
әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда
ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім
стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы
оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу,
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу
өйткені оқыту-тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі
мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі-
өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту-егіз ұғым десек, оқыта отырып
тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз.Оқыту тәрбиелеуге қарағанда
нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқытудың
инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы
нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің
мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту
үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұны, белгілі
деңгейде белсенділігін көздейді.Осы екі үрдістік өзара сапалы нәтижесінде
оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық
қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын
оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
- үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
- оқытумен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
- үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;
- үйренушінің танымдық үрдісіне белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
- көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне,қабылдау
эмоциясына әсер ету.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде
бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өзбетінше игеріп, ғылыми
зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін
бақылау жатады.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара
тұлғаға бағыттап оқытып мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Ол үшін жаңа жабдықталған сыныптар мен дәріс оқитын аудиториялар,
біліктілігі жоғары мұғалімдер, сапасы жоғары дәстүрлі немесе электрондық
және мультимедиалық оқулықтар мен оқу құралдары ауадай қажет. Қазір білім
алу үшін шекарасы жоқ бүкіл жаһандық кеңістік пайда болып келеді.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар шекара дегенді білмейді.
Дамыған мемлекеттердің мамандары күні-түні Интернетті ақпаратпен толтыруда.

Қазақстан Республикасында жүріп жатқан ғаламдану, әлеуметтік
экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты шетел тілін білуге, өз
бетінше үйренуге деген құлшынысты арттырып, оның ролін күшейтіп отыр.
Әлемдік білім алу кеңістігінде (шетел тілін ) оқыту интеграциялық
үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті
біліктілігі жоғары дәрежеде маманданған, білімі жағынан бәсекеге түсе
алатын, өзін халықаралық еңбек жәрменкесінде еркін сезініп, жүре алатын
мамандар дайындау мәселесінің бөлінбес бөлігі болып табылады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану, адамзаттың әртүрлі
сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа
қол жеткізіп отырғаны белгілі. Отандық және шетелдік оқу үрдісіндегі
компьютерлендіру туралы көптеген басылымдарда кез-келген пәнді оқытудың
маңызды жақтары қарастырылған.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз- оқыту мен
тәрбиелеудің психо-педагогикалық мақсатын дамытуға бағытталған жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан
қамтамасыздандыру. Басқаша айтқанда ақпараттық технологияларды оқыту
үрдісінде тиімді пайдалана білу және оның әдістемесін меңгеру.
Білім беруді ақпараттандыру:
- әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік
беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
- білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
- оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану жолдары
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы
Тыңдауға үйрету әдістері, принциптері, қолданылатын құралдары
Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолдану
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Пәндер