Ұлттық педагогика негізіндегі тәрбие: мектеп пен отбасының рөлі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Менің тәрбиеге көзқарасым»

Мен өз шығармамды Шәкәрімнің

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін

деген туған халқы алдында азаматтық үнін танытқан өлеңімен бастамақпын. Себебі осы өлең десе біздің жүрегіміз соғуымен үндес келетін тәрізді. Біздің мамандығымыздың өзі - Алдағы атар таң үшін, болашақ үшін қызмет емес пе? Бала өз өміріне қажетті тәрбиені алдымен отбасынан сосын мектептен алатыны сөзсіз. Орыстың ұлы педагогы С. Ушинскийдің «Тәлім-тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс» дегені белгілі. Ендеше, әр баланың бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту - біздің, яғни, мұғалімдердің міндеті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еліміздің алдындағы стратегиялық міндет таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарға ұстауға тиіспіз» - деген үндеуі бәрімізге белгілі.

Сондай-ақ, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі материалдық баюға ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани баюына жеткізу тиіс екенін түсіну деп Елбасымыз айтып өткендей ұлттық рухани байлығымызды жоғалтпай әрдайым, әр ұлт өз ұрпақтарын өзіндік ұлттық нақышта тәрбиелеу үлкен жетістіктердің көрінісі деп атап көрсеткім келеді.

Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың (наркомания, жезөкшелік, тастанды балалар, қатыгездік т. б. ) орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады. Осы өзекті мәселенің шешу жолдары ол ұлттық тәрбиеге бет бұру.

Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді-тәрбие беруде халық педагогикасының мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді.

Еліміздің әр жерінде халық мұрасына, әсіресе, ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне деген бетбұрыс, ондағы өзіндік ерекшеліктері жас ұрпақ тәрбиесіне лайық жүргізу, сол арқылы шәкірттерді адамгершілік - шыншылдыққа баулу, әдеп-ізетке үйрету секілді сипаттар мектепте кеңінен өріс алып келеді.

Асылы, халықтық педагогика - даналық мектебі. Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты: ата-бабаларымыздың мұра-мирастары негізінде жас ұрпақты адамгершілікке ұлтжандылыққа, адал еңбек, өмірге бейімдеу, әсемдікке, әдемілікке, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Әрбір оқушының ұлттық санасы, рухы, ұлттық білім, тәрбие беру арқылы дамытылады. Халықтық педагогика келешегі зор, кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен, билерден, сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Тәрбие тамыры халық қазынасында, соның қадір-қасиеті мен білім болмысында. Ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн сияқты.

Қай халықтың баласы болсын оның бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Ал баланы ешбір ұлт жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халық ізгілікке, жақсылыққа, елін, тілін сүюге, қысқасы барлық азаматтық тәрбиеге тірек болатын ел құнды адамгершілік қасиеттерді ұрпақ бойына сіңдіруді көздейді. Ұлттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, әдемілік бәрі-бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы адамгершілікке толы үлгі-өнегелер.

Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілділігі, көпшілдігі, дос көңілділігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі. Иманды адам айналасындағыларға тек жақсылық ойлайды, оларға қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге ізетпен, инабатпен қарайды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік - адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі - ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Тәрбиенің осы бір сан салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім ордасы - мектеп.

Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім, адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білуі. Жан дүниесін зерттеу шарт екен. Кезінде ұлы педагог С. Ушинский «Оқушыларға жан-жақты тәрбие беру үшін оны жан-жақты зерттеп білу керек» деген. Осындай зерттеу жұмыстары маған алдыма педагогикалық мақсаттар қоюға және оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізуге көмегін тигізіп келеді.

Мен өз сыныбымды «Қайнар бұлақ» тәрбие орталығы негізінде жазылған «Тағылым» тәрбие бағдарламасы арқылы дамытып келемін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы: оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен ұйымдастырылуы
Мектеп пен отбасының бірлескен тәрбие қызметін ұйымдастыру әдістері
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын орнықтырудағы мұғалімнің рөлі
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстары: маңызы және ынтымақтастық формалары
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы рухани-адамгершілік тәрбие және мектеп пен отбасының рөлі
Қиын балаларды тәрбиелеу: отбасының рөлі, әдістемелік ұстанымдар және ұлттық педагогика
Жастар идеологиясын қалыптастырудағы ұлттық тәрбие мен отбасының рөлі
Отбасы тәрбие факторы мен заманауи отбасының ерекшеліктері және сынып жетекшісінің мектеп пен отбасы ынтымақтастығындағы рөлі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі: ұйымдастыру, жоспарлау және сабақтағы тәрбие әдістері
Бастауыш мектептегі тәрбие үдерісі: мақсаты, мәні және мектеп пен отбасының тәрбиелік әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz