Алпамыс батыр жырын оқыту арқылы тәрбие жұмыстарының құзыреттілігін арттыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 373.371.83

АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
АРТТЫРУ

З.Д. Көшімбетова

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз

институты, Тараз қ.

Алпамыс батыр жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың
қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин Алпамыс батыр жырының жиналуы
мен зерттелуі тураы былай деп жазады: ...Алпамыс қазақ еліне, әсіресе
оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы
тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана
хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек
қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып
шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910,
1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын
негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы.
Ұлтанды жеңуі жайында болатын... (М.Ғабдуллин,Қазақ халқының ауыз
әдебиеті, Алматы, Мектеп баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер).
Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
... Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,
Жалғыз бала ұмтылды.
Енді қалмақ сасады,
Қақпаның аузын ашады.
Біріне бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың
Арт жағы келіп басады...
...Көк орданың басында,
Көк өзеннің қасында,
Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне бірі ылағып,
Екі найза қағысты.
Осы менен екеуі
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Қылышпенен салысты.
Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін бірі шабысты... (Алпамыс батыр, Қазақ әдебиеті (хрестоматия),
құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, Мектеп
баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).
Жасөспірімдерді ерлікке, батырлыққа, Отанды сүюге тәрбиелеуде Алпамыс
батыр жырының маңызы зор. Алпамыс туған елін шет ел басқыншыларынан
қорғауда ерен ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлға. Алпамыстың
бауырларына деген ыстық ықыласы жырдың өн бойында өрбіп, өріліп отырады.
Бауырларына деген махабаты да Отанын шексіз сүйетінін дәлелдеп тұр.
Алпамыс батырдың бойындағы патриоттық сезім былай өріледі:
Қарсы ұмтылды Алпамыс,
Ақ тұйғындай құнтиып.
Ауадан құйған тұйғындай,
Бір ұрып кетті сыпырып.
Ұшып кетіп кәлласы,
Денесі қалды отырып... (Алпамыс батыр, Қазақ әдебиеті, (хрестоматия),
құрастырушылар: Т. Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, Мектеп
баспасы, 2001- жыл, 87 бет). Алпамыстың жауына деген ымырасыздығы қалмақтың
Таймас деген батырын жекпе-жекте өлтіруінен анық байқалады. Таймастың
жеңілуі : Ұшып кетті кәлласы, денесі қалды отырып... – деп суреттеледі.
М. Ғабдулин: ... Ә.Диваев Алпамыстың бір вариантын Жиенмұрат
Бекмұхамедовтан жазып алып, Бұрынғы өткен заманда Жиделі-Байсын деген
жерде өткен Алпамыс батырдың хикаясы деген атпен 1901-жылы бастырып
шығарды. Жырдың бұл варианты (нұсқасы, 3. К) Алпамыстың Гүлбаршынға
үйленуімен аяқталады...-деп жазды ( М.Ғабдулин, Қазақ халқының ауыз
әдебиеті, Алматы, Мектеп баспасы, 1974-жыл, 170-бет).
Белгілі фольклоршы Әубәкір Диваевтың Жетісу жеріне келіп қазақ халқының
ауыз әдебиетін жинағаны белгілі. Оның Тарту атты жинағы қазақ
фольклорының біріне жатады.
Қазақтың белгілі жазушысы С. Мұханов та қазақ фольклорын жинап, кітап
етіп бастыруда көп еңбектенді. Кеңес үкіметі құрылғаннан соң қазақ батырлар
жырын жинақ етіп шығару қолға алынды. Бұл игі істе С. Мұханов аз
еңбектенген жоқ Бұл жөнінде М. Ғабдуллин былай деп жазды: ... 1922-жылы Ә.
Диваев Алпамыс жырын қайта бастырып шығарды. Ал 1939- жылы Батырлар
атты жинақ шықты. Оның редакциясын басқарған, сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алпамыс батыр жырының әдеби орны және мектепте оқыту арқылы патриоттық-тәрбиелік құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлі
Батырлар жырының құрылымы мен Алпамыс батыр эпосындағы батыр бейнесі
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие: Алпамыс, Ер Тарғын және Қобыланды батыр эпостарының тәрбиелік талдауы
Алпамыс батыр жыры: қалыптасу, хронология және нұсқалық ерекшеліктер
Алпамыс батыр жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктерінің стилистикалық талдауы
Алпамыс батыр эпосы: Байбөрінің қасіреті және Көріпкел Шашты Әзиз
Шетел тілін оқыту әдістемесі пәніндегі студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру әдістері
Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру
Қобыланды батыр жырын орыс тіліне аудару мәселелері: поэтикалық құрылым, реалиялар мен көркемдік құралдардың салыстырмалы талдауы
Тілдік емес мамандық студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін дискуссиялық оқыту арқылы дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz