АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ ТУРАЛЫ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ

Г.Б. Әбдіқадрова
№ 47 М.В. Ломоносов атындағы қазақ орта мектебі, Шиелі ауданы, Қызылорда
облысы

Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты
қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей
байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ
тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр
өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл
топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа
жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы
сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан
түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]
Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі
тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін
зерттелмегендері қаншама десеңші.
Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір
әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар.
Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында
(қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992
ж мемлекет қорғауына алынған. [3]
Дала данышпаны ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық
санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан
деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы
М. Әуезов болды. Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы
Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді,
қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан
ешқайсынан дәл дерек жоқ. [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері
төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, Асан қайғы
деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан
тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген.
Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген
ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап
жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны қайғы деген сөз қосып, Асан
қайғы атап кеткен. [5]
Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны дала данышпаны деді. Әлкей Марғұлан
Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың
ойшыл данасы деп бағалады. Асан қайғы –көптеген нақыл сөздердің,
афоризм, философиялық толғаулардың авторы.
Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген Тарихта болған адамдардың
ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта
ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы.
Асан қайғы – барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада
ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға.
Қазақ халқы өзінің тарихи жылында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың
символына айналдырған. [6]
Қыдырып желмаямен дүние жүзін,
Асанның жұрт біледі айтқан сөзін.
Жатқызбай ойындағы қалың арман,
Атанып Асан Қайғы содан қалған. [7]
Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін
ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның
қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің
жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Сондықтан Асан қайғы
табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән берген. . Асан қайғы
табиғатты қоғамды, дүниені, адамның ара қатынастарын астастыра айшықтап,
қоғамның даму заңдылықтарына философиялық тұжырым жасайды. Асан қайғы
қоғамды, қоршаған табиғатты, жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі
қасиеттерін білуде, адам игілігіне жаратуда өзінің біліктілігімен
ерекшеленеді.
Асанның дүниені тану, білу танымының негізінде жатқан идиялық мазмұнды
күш халқына жайлы, тыныш өмір беретін қоныс іздеп, оны табу мақсаты жатыр.
Сондықтан да Асанның дүние көрінісін сезінуі, толғануы, оның жерұйық
мекенін іздеуде ашылған. Асанның Әбілқайыр ұлысынан Жәнібек пен
Керейдің бөлінуіне қатты наразылық білдірмесе де олардың Монғолстанға емес,
Жайық, Жем өзендерінің бойына қоныстануын қалаған болатын. Осы Моғолстаннан
жер алуы туралы ғалым Ә.Марғұлан былай жазды : Асан қайғының Жәнібек пен
Керейді ертіп Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы тарихта белгілі фактінің
бірі. . Ол іздеген Жерұйық шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы
жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих
сақынасына сақтап қалу бағдарламасы. Асан Қайғы осы тарихи ойларын
хандармен, сұлтандармен, билер мен, әсіресе Жәнібек ханмен араласып жүріп,
іске асырмақ болмақ. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып
толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. . Асан Қайғы елінің сулы –
нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы
екі төлдейтін, мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау
Жер ұйық деп атады.
М. Әуезов : Асан жайындағы ең мағыналы әңгіме оның Жерұйықты
іздеуі. Сонда жетсе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан қайғының айтқандары
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
Асан қайғы - аңыз кейіпкері
Асан қайғы философиясы
Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы
Көшпелілер философы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Пәндер