Атом бомбасы және КГБ (Жорес Медведев)



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Атом бомбасы және КГБ (Жорес Медведев)

Жақында ғана АҚШ-та жарық көрген Кеңес мемлекеттік қауіпсіздігінің
бұрынғы генералы Павел Судоплатовтың Особые задания естеліктер
кітабындағы Атомдывқ шпиондар мақаласы батыста шу көтерді, өйткені бұнда
америкалық атом бомбасы жөнінде кеңес барлаушыларының жетісті туралы
айтылады. Батыс комментаторларына мына жайт қызуғышылық туғызды: Судоплатов
НКВД үшін ақпарат көздері ретінде атақты ғалымдарды – Роберт Огенгеймер,
Энрико Ферми, Нильс Бор, Лео Сицилард және Георгин Гамовты атады, бірақ та
бұны ешбір құжаттармен нақтыламаған.
Біріккен шпиондарға емес...
Ресейдің көптеген журнелдары мен газеттерінде басылған бұл кітаптың
үзінділері Ресейде де шу шығарды. Бұл алдында жарық көрген кеңестік атом
жобалары туралы көптеген кітаптар мен мақалаларда шапшаң құрылған атомдық
қалқанда шпионаж рөлі айтылмауы арқылы түсіндіріледі. Барлық еңбек кеңес
физиктері мен мемлекет қайраткерлеріне – Игорь Курчатов пен Авраам
Завенягинге тиесілі делінген. Тек, КСРО ыдырағаннан кейін ғана құпия
мұрағаттар анықталғаннан соң, кеңестік барлау жорыққа шыға бастады.
Судоплатовтың кітабы шыққанға дейінгі 2 жыл ішінде кеңестік уран жобасы Л.
Берияның Сталинға жазған баяндама хатымен басталғаны белгілі болды, бұнда
АҚШ-тағы урандық бомба ісіндегі прогресс жөніндегі агентураның нақты
деректері айтылады. Осы хат бойынша Курчатов және тағы басқа ғалымдар
қорытынды жасап, Сталинградтық шайқастың қызған шағында осы проблема
жөніндегі арнайы комитет құрылды. Сондай-ақ қазіргі кезде бірінші уран
реакторы америкалықтың көшірмесі болғаны оның схемасын Энрико Фермидің
көмекшісі Бруно Понтекорво (1951 ж Понтекорво КСРО-ға қашып, қазір Дубнада
қызмет етуде) кеңестік агентураға бергені белгілі болып отыр. Сыналған
алғашқы Кеңес атом бомбасы да, Лос-Алмоста британдық физиктер тобында
қызмет Клаус Фукстың Кеңес барлаушыларына берген американдық плутонийлік
бомба схемасы бойынша жасалған.
Ал егер де кеңестік атомдық және термоядролық қару тарихына шынайы
тұрғыдан қарайтын болсақ, онда КСРО-ның атомдық қалқанды жасау кезіндегі
басқа да маңызды фактор болғанын мойындау керек. Бұл жөнінде физиктердің
өздері мен НКВД шпионажының магистірлері үндемеуді жөн санайды. Бұл
факторлар зерттелусіз қалумен қатар байқаусыз қалып отыр. Бұның ішінен мен
Сталиннің атомдық ғылыми және өнеркәсіптік объекттер құрылысына және уранды
өндіруге миллиондаған тұтқындарды дайындау қылмысын айрықша қарастырар
едім. Міне, нақты осы адамдар атомдық басқармалар диретивасы және
ғалымдардың ұсынған жобалары негізінде, күні-түні жол, лабораториялар,
тұрғын үйлер, клубтар және ғалымдар, инженерлер мен НКВД қарауылдық
қызметіне керек инфрақұрылымдарды салу үшін шөлдерге, далаға, орман-
тоғайларға және тауға бірінші болып жеткізді. Осы мақсатта ГУЛАГ-та Берия
мен оның орынбасары Завенягиннің қарауындағы ерекше арнаулы лагерьлердің
(ЕАЛ) ерекше құпия жүйесі құрылған. ЕАЛ-дың ерекше құпиялылығы сонша, ол
жөнінде куәгерлерге өте аз, бұл лагерлердің сипаттамасы не Александр
Солженицинның, не Сталиндік репрессияны жазған басқа авторлардың кітабында
кездеспейді.
Кеңестік атомдық бағдарламаның басқа да шынайы факторы ретінде Шығыс
Германиядан КСРО-ның арнайы лагерьлеріне аударылған неміс ғалымдарының
зорлықпен істеткен зерттеулерін айтуға болады. Бұл ғалымдарға нақты істерді
шешкен кезде ғана бостандық қайтарылған.

Атомдық ГУЛАГ

Қазіргі кезде атақты Арзамас – 16 атомоградында 1947 жылдан бастап
жұмыс істеген Виктор Жучихин бұл объекттің алғашқы периодына былай
сипаттама береді.
Объектінің қоныстанылған бөлігінің орталық көшесінің оң жағында
проекттің жетекшілеріне арналған коттедждер орналасты. Көшенің сол жағында
екі қатарда лаборатория мен бөлім басқарушыларына арналған екі пәтерлі
үйлер тізілді. Орталық көшенің сол жағында тұтқындар лагері орналасты.
Тұтқындар алғашқы кезде өнеркәсіптік және үй құрылыстарының жалғыз жұмыс
күші болды.
Арзамас – 16-да өскен, осындағы бір қызметкердің ұлы ретінде Борис
Швилкин атомградтың жанында он мыңдаған тұтқыны бар лагерлер орналасқанын
куәландырады.
Андрей Дмитриевич Сахаров сутектік бомба жұмыстарын бастау үшін 1949 ж
Арзамас – 16-ға келді. Оның сипаттамасы: Объект қазіргі замандық ғылыми-
зерттеу институтының, тәжірибелі зауыттардың, сынақ полигоны мен үлкен
лагерьдің симбиозы ретінде болды. Тұтқындар қолымен зауыттар, сынақ
алаңдары, жолдар, болашақ қызметкерлер үшін тұрғын үйлер салына бастады. Ал
олар өздері барақта тұрды, жұмысқа конвойдың қарауымен келіп жүрді.
А.Д. Сахаров сондай-ақ оның келтеніне дейін болған 30 тұтқынның РБА
(генерал В. Власовтың Ресейлік босату армиясы) ұйымдастыруымен жасалған
көтерілісі және қашуы туралы сипаттама береді. Қашқындарды үлкен ауданды
қамтып, авиацияны қолданған ІІМ-нің үш дивизиясының әрекеті арқлы ұстап,
көздерін жойды.
Мүмкін, - деп жазды Сахаров – қашқындарға косылмағандар да атылған
шығар... Осы көтерілістен кейін объекттегі тұтқындар құрамы өзгерді – ұзақ
мерзімге отырғандар кетіріліп, оларды қысқа мерзімділер алмастырды. Бірақта
басшыларда тағы бір проблема болды – үлкен құпия саналатын объектінің
орналасқан жерін білетін босатылғандарды қайда жіберу керек. Басшылар бұл
проблеманы заңсыз, аяусыз тәсілмен шешті – босатылғандар ешкімге ештеңе
айтпас үшін, олар мәңгі Магаданға қоныстандырлды. Осындай қоныстандыру
акциясы екі немесе үш рет болды, соның бірі 1950 жылдың жазында.
Қазір анықталып отырғандай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейлік ғалым ядролық сынаққа тыйым салынуын сынайды
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Ежелгі Ресей территориясында халықтар мен мемлекеттер
Семей полигоны туралы жалпы түсінік
Химиялық қарулардың түрлері
Семей экологиясы
«Ресей және кеңес мемлекетінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Ядролық сынақтар хронологиясы
Семей полигонының зардабы
И.В.Сталин-саяси тарихи тұлға
Пәндер