Мобильді қосымшаларды жобалау мен құрастырудың негізгі қағидалары


Кіріспе

Біздің заманымызда мобильді құрылғылар адамдардың күнделікті өмірінде орнықты орынды алды. Олар өзіннің жолын телефондар ретінде алып, салдарынан одан жоғары функцияларына ие болып, ақыр аяғында пайдалы көмекшілерге айналды. Бұдан әрі, ғаламтордың дамуымен мобильді құрылғысы дүниежүздің кез келген жерінен дүниежүзілік ақпараттық ресурстарына қолжетімділігінің амалы болып табылады. Егер ақпарат қазіргі қоғамда неғұрлым талап етілетін ресурстардың бірі болып табылатынын есептесек, сондай-ақ мобильді құрылғыларының бағасына, техникалық сипаттамаларына және сапасына әсер ететін технологиялардың дамуына назарымызды аударсақ, онда тіпті табиғи салдарымен қазіргі уақытта мобильді құрылғысына деген сұраныс өте жоғарғы деңгейде болып саналады.

Көптеген компаниялар өзінің жасау тізімінде мобильды техниканы таңдауда. Планшеттер, смартфондар, телефондар, навигаторлар -осы гаджеттердің атаулары күн сайын жаңартылады және қосылады. Қазіргі күнде смартфонсыз адамды көру коэффициенті өте азайды. Мобильды техниканы қолданудың озаттығы - оны әрбір жерде қолдануға болады және көп уақытты жоғалтпай қолдануға болады. Бүгінгі танда осындай техниканы тапсырушы екі үлкен компания: Apple және Samsung мобильды техниканы жасау аумағында өзінді белсенді көрсетіп, мобильды техниканы жасауда көшбасшы болып саналады. Әрбір компанияның өзінің амалдық жүйесі шығарылған.

Мобильді құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығы мобильді құрылғыларға деген жоғары сұранысымен байланысты дамып келеді және әр түрлі мобильді қосымшалар түрлері дамытуда.

Мобильді телефондардың жетілдіруінің басты бағыты технологиялардың конвергенциясы түсінігімен анықтауға болады. Мобильді телефондар бір құрылғы корпусына функционалдық мүмкіндігіжағынан барлық қажетті функцияларды біріктіріп отыр.

Бұрынғы телефондарының негізгі мақсаттары - қоңырауларды жасау және қабылдау, SMS жазу. Бүгінгі таңда осы мақсаттар ғаламтор-ресурстарымен, әңнің тыңдауымен, фотоларды түсірумен, ойындар мен қосымшалардың қолдануымен толықтырылып отыр. Болашақта мобильді телефондар негізгі мақсаттардың тізіміне сондай-ақ телебағдарламаларды қарап шығу, әр түрлі техникаларды басқару, телефон иесінің денсаулық жағдайын бақылау функцияларын және т. б. қосуы мүмкін.

Барлық мобильді қосымшаларды шартты түрде жұмыс мақсаттар үшін және ойын-сауық бағдарламаларына бөлуге болады. Біріншісі бизнесмендер мен кеңселік қызметкерлерге бизнес-үрдістерін бақылауға, талдаулық есептемесін құрастыруға, фирмалық стиль дизайнын әзірлеу сияқты есептерді орындауға мүмкіндік береді. Екінші әр түрлі ойындарды, фильмдерді көруге және әңді тыңдауға арналған бағдарламалардан, қатынаста болу үшін арналған құралдардан және т. б. тұрады, сол себепті әрбір мобильді қосымшасы өзіннің қолданушысын табады.

Мобильді құрылғыларының өте маңызды бөлігі оның бағдарламалық қамтамасыздандырулары болып табылады. Ол әр түрлі бизнес-есептердің шешуіне себепші болады, оқыту үшін қызмет ете алады, маңызды ақпаратты сақтау үшін, ойын-сауық үшін, жұмыста көмек беру үшін, ақпаратты жинастыру үшін, сонымен қатар көптеген басқа функцияларды орындау үшін жетілдіріліп отырады. Сондықтан бұл диплом жұмыстың тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Сол себепті диплом жұмысының мақсаты Android операциондық жүйесінің басқаруымен смартфондар үшін «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының міндеттерінің электронды күнтізбесін әзірлеу.

Зерттеу объектісі -Android платформасында арналған мобильді қосымшалар.

Диплом жұмысының белгіленген мақсатына жету үшін келесі мақсаттар қойылады және шешіледі:

  • пәндік аймақты зерттеу;
  • техникалық тапсырманы құрастыру;
  • Android амалдық жүйесінің басқаруымен смартфондар үшін қосымшаларды құрастыру бойынша жобалау жұмыстарының теориялық және тәжірибелік негіздерін, сонымен қатар жүйеге қойылатын талаптарды қарастыру;
  • ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыздандыру түрлеріне шолу жасау;
  • «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының міндеттерінің электронды күнтізбесін әзірлеу;
  • жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері - қолданушыларға сәйкес мәліметтерді беру, ыңғайлы және қолжетімді ортада қажетті ақпаратты ұсыну. Мобильді қосымша арқасында қолданушылар өзіне қажетті мағлұматтарға ие бола алады.

Мобильды қосымшасын жасау барысында оған арналған бағдарламалық пакетті тандау, сәйкес операциялық жүйені және мобильды қосымшасын контентпен толтыру жұмысы атқарылды. Интерфейсті жасау үшін графикалық пакеттер қолданылған.


1 Пәндік аймақты сипаттау

1 Қазіргі мобильдік амалдық жүйелеріне шолу

Бүгінгі танда мобильдік техникамен жұмыс істеудің көптеген амалдық жүйелері бар. Оларға шолуды жасайық.

2010 жылға дейін мобильдік амалдықжүйелер арасында көшбасшысы болған Nokia компаниясының Symbian амалдықжүйесі қазір өзінің әл ауқатын толығымен жоғалтты. Оған болған тартылыстар - Sony Ericsson компаниясы өз техникасында Symbian амалдық жүйесін қолданбау шешімін шығарды, содан кейін Samsung компаниясы Sony Ericsson сияқты сондай да шешімге келді. Ал 2011 жылдың көктемінде Nokia өзі де Windows Phone жүйесіне көшу туралы жаналық берді, ал Symbian амалдықжүйесін 2016 жылға дейін жұмыс істейді деп үміттенді, сондықтан Symbian амалдықжүйесін осы дипломдық жұмысқа арнап қолданбаймыз.

Apple iOS (2010 жылға дейін iPhone OS есімді иемдеді) мобильдік амалдық жүйесі, оны Apple американдық компаниясы Mac OS X компьютерлік амалдық жүйесі негізінде iPhone телефоны үшін, ал содан кейін көптеген Apple iPod, iPad және Apple TV сияқты мобильдік техника үшін құрастырылған және бүгінгі күнге дейін әрдайым жаңартылып отырады.

iOS амалдық жүйесіне арналған мобильдік бағдарламалар Xcode бағдарламалау ортасында жазылады және осы орта C, C++, Objective-C, Objective-C++, Java, AppleScript, Python және Ruby бағдарламалау тілдерімен жұмыс істейді.

Apple өзінің iOS амалдықжүйесін басқа мобильді техниканың ішінде қолдану үшін лицензия бермейді, ал iPhone техникасының бағасын қазақстандағы көптеген студенттертің қалтасы көтермейді. Бұл факт мультимедиалық бейнероликтерді онлайн көрсететін мобильді қосымшасын iOS амалдық жүйеде жазылса, оның қол жетімділігін азайтады, сондықтан iOS амалдық жүйесін де дипломдық жұмысқа тандамаймыз.

Мобильдік техникаға арналған амалдық жүйелердін нарығын қарастырсақ, Android амалдық жүйеге дәл келеміз.

Android - ықшамды (желілі) амалдық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында Android амалдық жүйесін AndroidInc. компаниясы жасап жатқан, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды.

Содан кейін Google қазіргі кезде Android платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android амалдықжүйесі Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді.

AndroidNative Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады[1] .

Android амалдық жүйесінің негізгі артықшылықтарын қарастырайық.

Біріншіден, оның толық қолжетімділігі. Мобильдік қосымшаларды құрастыру әрбір адамға рұқсат, сондықтан да Android амалдық жүйесінің ең танымал және күн сайын жаңартылатын жүйе болып саналады.

Екіншіден, Android амалдық жүйесі универсалды болып табылады. Android амалдық жүйесін смартфондарға, комуникаторларға, телефондарға, тіпті телевизорларға да орнату болады.

Android амалдық жүйесі тиімді және қолжетімді, бүгінгі күнге дейін мол қолданылуда және оны икемдену түрлері оңай болып саналады.

Android амалдық жүйесінің әйгіліктігі - көптеген озат компаниялардың, оның ішінде HTC, Motorola, Samsung Electronics және де басқалардың Android амалдық жүйесін өз мобильді техникасында қолдануды жүргенін көреміз және де Android амалдық жүйесінің тағы бір артықшылығы - оның әр үш ай сайын жаңартылуы. Осындай жаңартулар адамға әрдайым жаңа және жұмыс қабілеті жоғары техникамен қолдануға мүмкіндік береді.

1. 2 Android амалдық жүйесінің ерекшеліктері мен архитектурасы

Android платформасы құрылғыны (аппаратураны), жадыны және процестерді басқару үшін арналған Linux негізіндегі амалдық жүйесінің бағдарламалық стегі болып табылады. Бұл стектің әртүрлі компоненттері иерархияның бірнеше деңгейлері түрінде болады және жалпы мобильді құрылғының қызмет етуін қамтамасыз етеді. Бұл компонеттердің кейбірі тікелей құрылғы жабдығымен жұмыс жасау үшін қажет, басқалары телефония, жайғастыру, мультимедиямен және т. б. байланысты функцияларды қамтамасыз етеді, ал үшіншілері мобильді құрылғысының көптеген мүмкіндіктерін іске асыру үшін қосымшыларға фреймворкты ұсынады. Басқаша айтқанда, Android платформасы өзіне амалдық жүйені, аралық деңгейлі бағдарламалық қамтамасыздандыруды (middleware) және қосымшалар жиынтығын (ішкі қосымшаларды, шеткі қосымшаларды) қосады.

Android амалдықжүйесіне арналған мобильдік қосымшаны бағдарламалау алдында оның негізгі ерекшеліктерімен және архитектурасымен танысу керек.

Біз анықтағандай-ақ, Android - бұл бағдарламалық стек, яғни әртүрлі бағдарламалық компоненттердің толық жиынтығы. Басқа жағынан Android платформасындағы құрылғы өзімен осындай экран, басқыштар, батерея, процессор, әртүрлі датчиктер және сенсорлар, сонымен тағы басқа аппаратық құралдарының жиынтығын ұсынады. Android амалдықжүйесі мобильді техниканың бағдарламалық стегі болып саналады және өзінде амалдықжүйені, бағдарламалық аралық қабатты (middleware) және негізгі қолданушыға арналған қосымшаларды біріктіреді. Осының барлығы Android платформасын бірыңғай аппараттық-бағдарламалық жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ол келесідей құрамға ие[2] :

  • аппаратура - құрылғылардың қызмет етуін қамтамасыз ететін элементтер жиынтығы;
  • Linux Kernel (+Drivers) - Linux амалдық жүйесінің ядросы мен драйверлер жиынтығы, жабдықпен басқаруының негізгі механизмдерін және жад бөлуін, мақсаттарды басқаруымен, қауіпсіздіктің қамтамасыз етуімен және тағы басқалармен қамтамасыз етеді;
  • кітапханалар (C/C++) амалдық жүйесінің әртүрлі компоненттерімен қолданылады;
  • Dalvik Virtual Machine (DVM) - виртуалдық Dalvik машинасы амалдық жүйесінің компоненттері мен қосымшаларының орындалатын ортасын қамтамасыз етеді;
  • Core Library - негізгі Android кітапханалары Java (Java API) тіл кітапханасының ядросында қолжетімді көптеген функцияларын, сонымен тағы Android амалдық жүйесінің арнайы функцияларынан тұрады;
  • Application Framework (қосымшалардың қаңқасы) -амалдық жүйесіне және кітапханаларының функцияларына интерфейс қосымшаларына ұсынылатын Java кластарының кешені (API) .
  • қолданушы қосымшалары.

Төмендегі 1-суретте Android амалдық жүйесінің негізгі компоненттері көрсетілген.

1-сурет. Android амалдық жүйесінің негізгі компоненттері

Android - бұл Linux® V2. 6 ядросында негізделген толық амалдық орта, бірақ Android амалдық жүйесі Linuх жүйесі деп саналмайды, өйткені оның ішінде көптеген айырмашылықтары және тек қана Android ядроны кеңейтетін қосымшалар, өзіндік жадыны орналастыру механизмдері, процессаралық әрекеттер және т. б. бар. Бастапқы кезеңде Android таратылған облыс болып смартфондар, сонымен қоса оның арзан бүктемелі құрылғылары, мобильді телефондардың сегменті болған. Бірақ есептейтін сервистердің толық спектрі мен Android функционалдың мол мүмкіндіктері мобильді телефондар нарығының шегінен шығуына мүмкіндік береді. Android басқа да платформалар мен қосымшалар үшін пайдалы болуы мүмкін.

Ядро жабдық және басқа бағдарламалау стегі арасында абстрактілік қабат болып саналады. Осы деңгейде процесс басқару сияқты негізгі қызметтер орналасқан. Оған да жадыны орналастыру, файлдық жүйесін басқару жатады. Осы деңгейде жадтың бөліп таратуын және үрдістерді басқаратын негізгі қызметтері орналасады. Сонымен қатар, файлды жүйесін, қауіпсіздігін басқаратын және желілік функцияларын бақсару үшін (желілік стек) негізгі қызметтері орналасады. Тек қана ядроның деңгейінде драйверлер жиынтығының көмегімен құрылғының жабдығымен тікелей өзара әрекеттестігі пайда болады.

Ядро деңгейінің негізгі компоненттері:

  • процессораралық әрекеттесу драйвері (IPC Driver) ;
  • қоректенуді басқару драйвері (Android PowerManagement) ;
  • мобильдік техникаға кіретін жабдықтарға арналған драйверлердің жиынтығы.

Алайда Android амалдық жүйесі Linux ядросына негізделген болсада (Android және Linux таза түрінде), олардың арасында кейбір ерекшеліктері бар. Осылайша Android, мысалы жадтың бөліп тарауында өз механизмдерінен, үрдістер арасындағы өзара әрекеттестігінен және т. б. тұрады.

IPC драйвері. Android қосымшалар мен қызметтер өзара әрекет жасайтын және жалпы жадқа қолжетімділігі бар бөлек (қорғалған) үрдістерінде жұмыс жасайды. Android платформасы жүйеде үрдістер арасындағы өзара әрекет жасайтын негізгі механизмі болып IPC (Inter-process Communication) механизмін қамтамасыз етеді. IPC драйвері үрдістерде, үрдістер өзара әрекеттестігінің, пул ағындарының жасау мен өңдеу функцияларын, үрдістерде объектілерге сілтмелердің бейнелеу мен есептеуінде, үрдістер арасындағы синхрондық сауалдарын қамтамасыз етеді.

Қоректенуді басқару драйвері. Қоректенуді басқару жүйесі (Android Power Management) мобильдік құрылғылар үшін (олардың ерекшеліктерінің есебімен), Linux қоректенумен басқаруының стандартты драйвермен оңтайлы болып ұсынады. Осы жүйесінің негізгі мақсаты азайтылған энергия пайдалануының тәртіптерін қолдауының арқасында мобильді құрылғысының батарея зарядтауының үнемдеуі болып келеді.

Мобильдік техникаға кіретін жабдықтарға арналған драйверлердің жиынтығы. Бағдарламалық Android стегі құрылғылардың аппараттық кескіндемесінің таңдауында қажетті аса ірі икемділігінің есептеумен жасалған. Басқа сөзбен айтқанда бағдарламалық Android стегі мобильді құрылғыларына қосымша функционалдығын ұсына алатын көптеген әртүрлі аппараттық компоненттермен және құралдармен қолдана алатын мүмкіндігін ескертеді.

Жоғарыда айтылғандай, құрылғының аппаратурамен тікелей өзара әрекеттестігі тек қана Linux амалдық жүйе ядросының деңгейінде пайда болады, яғни барлық қалған деңгейлер үшін Android бағдарламалық стегі аппаратурасының барлық ерекшеліктері үшін анықталған болуы тиіс. Әсіресе осы себептен ядроның деңгейі құрылғысындағы барлық қажетті жабдық драйверлерінен тұрады. Өндіруші мен құрылғының моделіне байланысты драйверлердің жиынтығы әртүрлі болуы мүмкін (яғни аппаратуралық кескіндемесіне байланысты) .

Ядродан «жоғары» орналасқан, бағдарламалық аралық болып табылатын қабат - кітапханалық жиынтық (Libraries) және де ол негізгі қосымшаларға арналған базалық етеді. Дәл осы деңгей файлдық форматтарды оқу, мәліметті кодтау және декодтау (мысалға мультимедиялық кодектарды алуға болады), графиканы суреттеу және де т. б. алгоритмдерді қамтамасыз етуін жауап береді.

Нативті кітапханалар. Linux ядросындағы келесі деңгей амалдық жүйенің әртүрлі компоненттермен қолданылатын кітапханалар жиынтығынан тұрады (C/С++ жазылған) . Осы деңгейдегі кітапханалары өзіннің қызметтік тағайындауы бойынша келесі топтарға бөлуге болады:

  • Bionic (libc) жүйелік кітапханасы, С тілінде жазылған (орындау уақытының кітапханасы) ;
  • беттер менеджері;
  • С/С++ функционалды кітапханалары.

Bionic (libc) жүйелік кітапханасы.

Жүйелік кітапхана Berkeley Software Distribution (BSD) лицензиясында негізделеді және ол Linux негізінде мобильді құрылғылар үшін әзірленген. Google компаниясы келесі себептер бойынша осы кітапхананың (libc Bionic) өзіндік нұсқасын жасаған:

  1. жадтың үнемдеуі. бұл кітапхана әрбір үрдісті жүктейтіндіктен, оның көлемі мүмкіндігінше аз болуы тиіс. bionic кітапханасы шамамен 200 кбайт көлемінде болады;
  2. максималды тез әрекеттігі. bionic кітапханасы мобильді құрылғыда жұмыс үшін оңтайландырылған.

Bionic кітапханасы Android үшін жүйелі қызметтердің маңызды кірістірілген қолдауынан тұрады, әсіресе жүйелі оқиғаларының тіркеу қызметінің қолдануынан тұрады. Bionic кітапханасы GNU libc және POSIX стандартымен үйлесімделмеген.

Беттер менеджері.

Android жүйесі Compiz-ге ұқсас беттердің композиттік менеджерді қолданады (X Window System үшін терезелердің композиттік менеджері OpenGL 3D графикасының жылдамдату үшін қолданылдады) . Беттер менеджері фрейм буферде беттердің барлық рендерингін (суреттеу) өңдейді. Менеджер 2D- және 3D- беттерін және бірнеше қосымшыларынан тұратын беттерді біріктіре алады. Тікелей буфер дисплейіне суреттеу графикасын жасаудың орнына жүйе келетін суреттеу командаларын артқы кадр буферіне жібереді, олар осында басқалармен бірге кейбір композициясын құрастырып жиналады, ал кейін экранға шығарылады. Осы процесті 2-суретте көруге болады.

2-сурет. Беттер менеджерімен графикалық ақпаратты өңдеу

C/C++ функционалды кітапханаларынақты аппараттық қамтамалық жабдықтар үшін компиляцияға бағындырылған және оларды өңдіруші дәстүрлі түрде береді. Олардың кейбіреулерін айқындайық:

  • SurfaceManager - Android амалдық жүйесінде терезелердің композиттік менеджері қолданылады. Ол Compiz (Linux) менеджеріне ұқсас, бірақ жеңілдетілген. Графиканы дисплейдің буферіне тура суреттеу орынына жүйе келтірілген сурет командаларын кадр арасындағы буферға жетілдіреді, сол жерде олар топтастырылады, содан кейін композиция түрінде қолданушыға экран үстіне беріледі. Сондай графиканы көрсету типі жүйеге қызықты және әсем эффектілерді көрсетуге, мөлдір терезелерді, және бірқалыпты өтулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
  • Media Framework - ол Packet Video Open CORE базасында жүзеге асырылған кітапханалар. Олардың көмегімен жүйеде аудио және видео контентті жазу, статикалық сүреттерді көрсету мүмкіндігі берілген. Осыған байланысты жүйе көптеген кен таралған MPEG4, H. 264, MP3, AAC, AMR, JPG және PNG форматтарды оқи алады;
  • SQLite - жеңіл, әрі тез жұмыс істейтін реляциялық деректер қорын басқару жүйесі, оны Android амалдық жүйесі бағдарламалық қосымшалар мәліметті сақтауға арналған қорлармен жұмыс істегенде негізгі қозғалтқыш ретінде қолданады;
  • FreeType - биттік карталармен жұмыс істеуге арналған және шрифттерді растрлеу және шрифттерге қатысты амалдарды әзірлеуге арналған кітапхана. Ол шрифттермен және мәтінмен жұмыс істеуге арналған өте мықты және сапалы қозғалтқыш болып табылады;
  • LibWebCore - WebKit тез және ауқымды браузерлік қозғалтқыштың кітапханалары, оларды Google Chrome и Apple Safari браузерлерде де қолданады;
  • SSL -сондай атауы бар криптографиялық хаттаманы қолдауға арналған кітапхана.

Осы деңгейде Android Runtimeорындау ортасыорналасқан. Оның негізгі ерекшеліктері - ядроның кітапханалық жиынтығы және Dalvik виртуалдық машинасы болып саналады. Кітапханалар төменгі деңгейдегіJava тілінің ядросының кітапханаларға берілетін зор функционалдықты қамтамасыз етеді.

Android амалдық жүйесі әрбір қосымшаны өзінің Dalvik виртуалды машинасында қосады, сондықтан әрбір жұмыс жүйеден және басқа қосымшалардан бөлектелген. Android Runtime архитектурасы бойынша әрбір қосымша тек қана өз виртуалдық машина ішінде жұмыс істеуі керек, осыған орай амалдық жүйенің ядросы басқалардың әсерінен қорғалған. Сондықтан да әрбір қате код және вирустық зақымдалған қосымша Android амалдық жүйесін және оның мобильдік техникасын зақымдай алмайды. Сондай қорғану функциясы Android Runtime ортасында бағдарламалық кодтың орындаумен бір жоғары және маңызды болып табылады.

Осыдан жоғары деңгейде Application Framework орнастырылған, оны кейбір кезде қосымшалардың құрылымдық деңгейі деп атайды. Қосымшалардың құрылымдықдеңгейі арқылы құрастырушылар АРІ ішіне және төменгі деңгейде орналастырылған жүйе компоненттерін қолдануға мүмкіндік алады. Фреймворк архитектурасына байланысты әрбір қосымшаға басқа қосымшалардың атқарған және енгізілген мүмкіндіктері ашылады, егер де оларға рұқсат берілсе. Фреймворктың бөлігі болып саналатын қосымшаның әрбір сервистік және жүйелікбазалық жиынтыққа осылар жатады:

  • ауқымды және кеңейтілген (Views) көрсетілім жиынтығы, оны қосымшалардың визуалды компоненттерін жетілдіруге қолдануға болады, мысалы, тізім, кестелерді, батырмаларды, тіпті еңгізілген web-браузерді де құруға болады;
  • контент-провайдерлер (ContentProviders), олар мәліметтерді басқарады және бір қосымшаларды басқа қосымшалар өз жұмысы үшін ашады;
  • ресурстік менеджер (ResourceManager), функционалсыз коды жоқ ресурстарға рұқсат береді, мысалы, графика, файлдар;
  • хабарлау менеджері (NotificationManager), ол арқылы қосымшалар өзінің хабарламаларды қолданушы үшін күй жолағында көрсете алады;
  • әрекет менеджері (ActivityManager), қосымшалардың негізгі циклдерін басқарады, әрекеттермен жұмыс істеген тарихты сақтайды және оларға шолуды мүмкіндік береді;
  • орналасу менеджері (LocationManager), қосымшаларға әр кезде мобильдік техниканың қазіргі орналасу мәліметтерін алуға рұқсат береді.

Application Framework деңгейі арқылы Android амалдық жүйесінің қосымшаларыөзінің қолдануына зор функционалды алады, осыған байланысты компоненттерді амалдық жүйемен және қосымшалармен қорғау әлеуметіне сәйкес болса көп қолдану принципі жұмыс істейді.

Бағдарламалық стегінің ең жоғарғы деңгейде (Applications) қосымшалар деңгейі орналасқан. Оған базалық қосымшалар жиынтығы жатады. Android амалдық жүйесінде ол салтанатты түрде орнастырылған және браузер, SMS жіберу бағдарламасы, пошталық клиент, карталар, күнтізбе, контактілер менеджері және т. б. жатады.

Алдың ала орнастырылған бағдарламалардың жиынтығы Android амалдық жүйесінің түпнұсқасына және мобильды техниканың түріне сәйкес әр түрлі болуы мүмкін. Және де осы деңгейге барлық Android амалдық жүйесінде арналған қосымшалар және осы дипломдық жұмысқа сәйкес мультимедиалық бейнероликтерді онлайн көрсететін мобильді қосымшасы да жатады.

1. 3 Android платформасын қолданудағы артықшылықтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үлестірілген ақпараттық жүйелер
Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесі
Мобильдік қосымшалар
Android ОЖ қосымшаны құрастыру технологиясын қарастыру
Телеграм бот
Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу
Онлайн оқыту жүйелеріне шолу
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
Заманауи мобильді қосымшалар
Busfor автобусқа билет брондау мобильді қосымшасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz