Экономикалық тиімділікті есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу


Мазмұны
- Пәндік облысты сипаттау . . . 10
- Техникалық тапсырма . . . 18
3 Эксперименталды бөлім . . . 53
3. 1 Бағдарламаның тағайындалуы мен орындалу шарттары . . . 53
3. 2 Бағдарламаның орындалуы . . . 54
4. 1 Экономикалық тиімділікті есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу . . . 59
4. 2 Жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу . . . 61
5 Еңбек қорғау . . . 74
5. 1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі . . . 74
5. 2 Қызметкерлердің қызметін және еңбек қорғауды қамтамасыз ету …. 76
6 Қоршаған ортаны қорғау ……. . . . . . . 89
6. 1 Табиғатты қорғау мәселесі . . ……… . . . …… . . . 89
6. 2 ҚР экологияны қорғау заңнамасы . . . …… . . . 90
6. 3 Қоршаған ортаны қорғау қағидалары . . . 93
6. 4 Қоршаған ортаға әсер ететін ықпалдарды төмендету бойынша
шаралар . . . 95
Кіріспе
Сауда қызметін автоматтандыру жүйелері соңғы жылдары адамдардың берілген қызмет саласында өз орынын ақырындап, бірақ дәл алуда. Бар және жіберілген тауарларды, есеп берулерді есепке алуды және құруды автоматтандыру жұмыс тиімділігін және сапасын бірнеше есе арттырады және жұмыскерлердің еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді.
Ғаламтор желісінің таралуымен байланысты әртүрлі тауарлармен сауда жасайтын «электронды дүкендер» пайда болды. Қарапайым дүкендермен салыстырғанда олардың сауданың берілген саласындағы кірістердің өсуіне септігін тигізетін артықшылықтары көп.
Интернет-дүкендер - бизнесті сәтті жүргізуге арналған аз шығынды және жоғары тиімді құрал. Қарапайым дүкендерге қарағанда, ғаламтор-дүкендер тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн ашық, кез келген қолданушыға әлемнің кез келген нүктесінде қол жетімді және ғимараттарды жалға алуға қажетті қаржы шығындарын қажет етпейді, қызметтерге кететін шығындарды әжептеуір азайтады.
Интернет-дүкендерде арзан баға мен және жоғары тиімділік үйлеседі: Интернет-дүкенді құру компанияларға тауарлар мен қызметтер нарығындағы өзінің ұстанымдарын нығайтуға және жаулап алуға, сауда белгісінің әйгілілігін арттыруға және клиенттік қорын көбейтуге көмектеседі. Басқа сөздермен айтқанда, Интернет-дүкендерді құру оның иелеріне жақсы пайда алып келеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда сауда фирмаларының арасында Интернет-дүкендер көпшілікке танымал болуда. Статистика соңғы бірнеше жылдары Қазақстандағы электронды коммерция жаңа сапалы деңгейге көшкендігін дәлелдейді. Ғаламтор қолданушыларының саны өсті, жаңа Интернет-дүкендер ашылды, ал дәстүрлі дүкендердің көбісі өз бизнестерін желіде қайталауға асықты. Дегенмен оның қалай болу керектігін, оның тиімділігін қалай қамтамасыз ету керектігін және оны құру мен қызмет көрсету кезінде кеткен шығындарды қалай есепке алу қажет екендігін көбісі дұрыс білмейді.
Жақсы Интернет-дүкен - бұл жақсы құрылымды және қызықты сипатталынған сұрыптамасы бар дүкен ғана емес, оның клиенттеріне қызмет көрсетудің жоғары сапасы ғана емес, сонымен қатар, бұл сыртқы жағынан тартымды безендірілуі бар дүкен. Ыңғайлы навигациясы мен іздестіру жүйесінен бастап, тапсырыстардың интуитивті-түсінікті жүйесіне дейінгі клиентте сауда жасауға көмектесетін ерекшеліктер мен майда-шүйделердің жиынтығы, бұл клиенттің осы ғаламтор-дүкенге қайта-қайтадан міндетті түрде келетіндігіне кепіл болады.
Электронды дүкендер қарапайым дүкенді ұстауға кететін шығындарды үнемдеп, өндірушінің ұсталым шығындарын айтарлықтай азайтады, өткізу нарығын кеңейтеді, сонымен қатар сатып алушының мүмкіндіктерін де - кез келген тауарды кез келген елде, кез келген қалада, кез келген жылы, кез келген уақыт мезгілінде, кез келген уақытта сатып алу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл электронды дүкендерге қарапайым дүкендермен салыстырғанда сөзсіз артықшылығын береді. Бұл сәт өндірушілердің «қарапайым» саудадан электронды саудаға көшу кезінде маңызды болып табылады. Сол себепті ғаламтор желісінде мұндай Интернет-дүкендерлді құру қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыс мақсаты - қазіргі заманғы веб-құралдарды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тіркеуге өтінімдерді тіркейтін үшін веб-қызметін әзірлеу.
Дипломдық жұмыс мақсатына сәйкес келесідей есептер қарастырады:
- пәндік облысқа талдау жасау;
- әрекет етуші отандық веб-сайттарға шолу жасау;
- техникалық тапсырма құру және бағдарламаның функционалды тағайындалуын сипаттау;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін тіркеуге өтінімдерді тіркейтін үшін веб-қызметін әзірлеу;
- жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін өткізу жүйесіндегі заманауи ақпараттық технологияларды қолдану және Интернет-дүкендерді құру мәселелері бойынша отандық және шетелдік авторлардың тәжірибелік әзірлемелері мен заманауи теориялық тұжырымдамаларын құрайды.
Алға қойылған міндеттерді шешу кезінде жұмыс үрдісінде статистикалық әдістер, логикалық, жүйелік, қаржылық-экономикалық талдау әдістері, сонымен қатар, мәліметтерді жинақтау және өңдеу әдістері қолданылды. Зерттеу негізі мәселелерді шешудің жүйелік, кешендік тәсілін қарастыратын жалпы ғылыми әдіснамасы болды.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы дипломдық жұмыстың жаңашылдығын құрайтын негізгі қағидалар Интернет-дүкендерді құрудағы сауда кәсіпорынының стратегиясын қалыптастыру бойынша нақты ұсыныстарға келтірілді.
1 Талдау бөлімі
1. 1 Пәндік облысты сипаттау
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Бернерс Ли өз зерттеулерінде ішкі іздегіш пен құжаттарға, сондай-ақ Интернеттің жаңалықтар ресурстарына гипертекстік қол жете алатынын көрсеткен-ді. Осының нәтижесінде 1991 жылдың мамырында CERN тарапынан WWW стандарты бекітілген болатын. 20 ғасырдың аяғында ақпараттық революцияның 2-ші фазасы - ғаламдық ақпараттық жүйелер жасау кезеңі бастау алды. Бұл кезеңнің міндеті ақпараттың көрінген түрін кез келген тұтынушыға ағымдағы уақыт режимінде жеткізу болып табылады.
Әлемдік тор (ағылш. World Wide Web) - Интернетке қосылған түрлі компьютерлерде орналасқан өзара байланысы бар құжаттардың таралымды жүйесі. Ғаламдық тор миллионнан аса web-серверден құралған.
Бастапқыда веб-сайттар статикалы құжаттар жиынтығынан тұратын. Қазіргі шақта құжаттардың басым бөлігі динамикалық және интерактивті сипатқа ие.
Ақпараттық жүйелер бойынша интерактивтілік деп ақпараттық-коммуникативті жүйенің арнайы адамның араласуынсыз тұтынушының әрекеттеріне белсенді және сан-салалы жауап қайтара алу қасиеті танылады. Жалпы, мамандардың айтуынша ғаламдық жүйе күн санап дара зерделік қасиеттерін арттырып, өзіндік интеллектке ие бола бастағанын ескертеді.
Көбіне интернеттегі әрбір жеке сайт жеке бір домендік атауға ие. Ғаламдық торда олар осы домендік атаулар арқылы дараланады. Алайда басқа да варианттар болуы мүмкін: кейде бір сайт бірнеше доменде немесе бірнеше сайт бір домен астында болуы мүмкін.
Веб-сайттарды сақтауға арналған аппараттық серверлер - веб-серверлер деп аталады. Ал оны сақтау қызметі - веб-хостинг деп аталады. Бұрын әрбір сайт өзінің жеке серверінде сақталатын болса, Интернеттің дамуына және серверлердің технологиялық жетілдірілуіне байланысты бір компьютердің өзінде сансыз сайтты сақтауға болады (виртуалды хостинг) . Қазіргі таңда бір ғана сайтты сақтауға арналған серверлер - бөлінген серверлер деп аталады. Сондай-ақ бір сайт бірнеше серверде түрлі адрестер бойынша қол жетімді бола алады. Бұл жағдайда түпнұсқалы сайттың көшірмелері айна (зеркало) деп аталады. Мұнымен қатар сайттың офлайндық нұсқасы бар. Сайттың мұндай көшірмесін кез келген компьютерде компьютерлік желіге қосылмастан және серверлік бағдарламаны пайдаланбастан ашып, қарай беруге болады.
Сайттардың классификациясы
Сервистің қол жетімділігі бойынша:
- ашық - барлық сервистер кез келген тұтынушыға толықтай ашық;
- жартылай ашық - ашу үшін тіркелу керек (негізі - тегін) ;
-жабық - ұйымдардың қызмет сайттары (оның ішінде - корпоративтік сайттар), жеке тұлғалардың сайттары. Мұндай сайттарға рұқсат шектеулі адамдарға беріледі.
Мазмұнына байланысты:
- статикалы - мазмұны алдын-ала даярланады. Тұтынушыға ақпарат серверде қалай сақталса, сол күйінде ұсынылады;
- динамикалы - мазмұны арнайы скриптер (бағдарламалар) арқылы түрлі көздерден белгілі бір мәліметтер негізінде жинақталып отырады.
Тұлғалық орналасуына байланысты:
- локалды (шектеулі) - локалды желілер шеңберінде ғана қолжетімді. Ол сайттар корпоративті ұйымдарға тиесілі болуы да немесе провайдердің шектеулі желісіндегі жеке тұлғалардың сайттары да болуы ықтимал;
Ақпарат беру схемасы, оның мөлшері мен шешетін міндеттер санатына байланысты веб-ресурстардың келесі түрлерін атауға болады:
- бизнес иелерінің Интернет-өкілдіктері (интернетке әрдайым тікелей тәуелді емес сауда жүргізу мен қызмет көрсету) ;
- деректеме (визитка) сайты - сайт иесі (ұйым немесе жеке кәсіпкер) туралы жалпылама ақпарат береді (қызмет түрі, тарихы, прайс-парақ, байланыс мәліметтері, жету схемасы) . Мамандар өз түйіндемесін (резюмесін) орналастырады. Яғни, сайт деректеме ретінде қызмет атқарады.
Өнім каталогы - каталогта ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің деректі суреттемесі, сертификаттар, техникалық және тұтынушылық мәліметтер, сарапшылардың сын-пікірлері және т. б. орналастырылады. Мұндай сайттарға тауар/қызмет туралы әдетте прайс-парақтарға сыймайтын ақпараттар басылады.
- интернет-дүкен (магазин) - каталог бойынша кез келген тұтынушы өзіне қажетті өнімге тапсырыс бере алатын веб-сайт. Мұнда есеп айырысудың үстелме төлем немесе есеп-шотты факс арқылы жіберуден бастап карточка арқылы есептесуге дейін кең түрлері пайдаланылады;
- промо-сайт - нақты бір сауда маркасы немесе өнімге арналған. Онда бренд туралы, жарнамалық акциялар (конкурстар, викториналар, ойындар және т. б. ) жайлы толыққанды ақпарат орналастырылады;
- квест-сайт - өзара байланысты логикалық жұмбақтарды сатылай кезекпен біртіндеп шешу бойынша жарыс ұйымдастырылған сайт.
Ақпараттық ресурстар:
- тақырыптық (тематикалық) сайт - белгілі бір тақырып жөнінде толыққанды ақпарат орналасқан веб-сайт;
- тақырыптық портал - белгілі бір тақырып жөнінде толыққанды ақпарат беретін өте ауқымды веб-ресурс. Порталдар тақырыптық сайттарға ұқсас болғанымен қосымша тұрғыда тұтынушылармен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді (форумдар, чаттар арқылы тұтынушылардың тіршілік ортасын қалыптастырады) ;
- веб-сервис - әдетте тұтынушының тікелей Интернет желісіне байланысты нақты міндеттерін шешеді;
- іздестіру сервистері - мысалы, Яндекс, Google және т. б. ;
- пошталық сервис;
- веб-форумдар;
- блогтық сервис;
- суреттік хостингтер - мысалы, Flickr, ImageShack, Panoramio, Photobucket;
- видео сақтау - мысалы, YouTube, RuTube;
- жарнама тақтасы;
- сайттар каталогы - мысалы, Open Directory Project;
- тұтынушыға қатысты;
- қызығушылық тудырушы сайт;
- тұтынушыға енжар.
Интернет-орта қазіргі заманғы қоғам үшін, оның ішінде мемлекеттік салада, ақпарат көзінің аса маңызды құралына айналып келеді. Интернет-ресурстарын әзірлеушілер осы мәселені өз практикасында назардан тыс қалдыра алмайды. Интернет-технологияларды меңгеру жақын уақытта мемлекеттік қызметкерге қойылатын негізгі талаптың біріне айналмақ. Интернет-ресурстар, біріншіден, жаңа ақпараттың маңызды көзіне айналып, ол кімге арналса, яғни тұтынушыларға эксклюзивті материал беріп отыруы тиіс. Екіншіден, тұтынушының да, ресурс иесінің де өзін өзі қосымша ағарту көзіне айналуы тиіс. Үшіншіден, меншікті және бөтен тәжірибенің кәсіптік деңгейде тартылысына ықпалдастық жасауы керек. Енді сайттың барлық мүдделі тұтынушыларға беруге тиіс ақпаратына мінездеме берелік.
Ақпараттық құрамы:
1) сайттың ресми атауы мен реквизиттері (мекен-жай, анықтама қызметінің телефондары, электронды пошта адресі) ;
2) сайттың ұйымдық құрылымы (басшылар, сайт коллегиялары, сайт бөлімшелері, байланыс телефондары, электронды пошта адресі) ;
3) сайттың іс-қағаздарын жүргізуге байланысты мәліметтер, істің қаралатын күні, сайт отырысына қатысушылар (шағымданушы, жауапқа тартылушы) ;
4) кері байланысқа қажетті ақпарат (форумдар, электронды пошта) .
Технологиялық компоненттер:
- деректер қорын басқару;
- контент (мазмұн) басқару;
- тұтынушыларды түпнұсқаландыру.
Домендер. Домен - интернеттегі домендік аттар жүйесіндегі (DNS) белгілі бір елге, ұйымға немесе басқа да мақсаттарға бөлінген қандай да бір зона (KZ, RU, com) .
DNS жүйесі Интернеттің жұмыс істеуі үшін қажетті, өйткені екі компьютерді бір-біріне қосу үшін олардың IP-адрестері туралы ақпарат қажет, ал адамдарға оларды белгілі мәтін ретінде есте сақтау оңайырақ (мысалы, адамдар үшін URL-ды 10. 158. 241. 94-тен гөрі example. com немесе e-mail name@example. org деп есінде сақтау ыңғайлырақ) .
Домендік атау нүктемен бөлінген, кем дегенде екі бөліктен тұрады (әдетте олар таңба деп аталады) . Оң жақтағы ең шеткі таңба үстінгі деңгейлі домен болып табылады. Оңнан солға қарайғы әрбір келесі таңба поддомен болып табылады. Теориялық тұрғыдан алғанда мұндай бөлшектеу 12 710 деңгейлі тереңдікке жете алады, ал әрбір таңба нүктелермен қосқанда жалпы ұзындығы 254 символға жете алатын 63 символдан тұра алады. Десек тағы, практика жүзінде домен аттарын тіркеушілер мұндай еркіндікке шектеу қояды.
Жүйенің тұрақтылығын нығайту үшін бір-біріне ұқсас ақпаратпен толтырылған көптеген серверлер пайдаланылады. Қазір әлемнің түрлі аймақтарында орналастырылып, өз өңірлеріне байланыстырылған 13 тамырлық сервер бар. Олардың адрестері ешқашан өзгермейді және олар туралы ақпарат кез-келген операциялық жүйеде орнатылған.
Хостинг - сайт файлдарын тұрақты түрде желіде (әдетте Интернетте ) тұрақты орналасқан серверде орналастыру үшін серверден диск кеңістігін беру қызметі. Әдетте хостинг қызметін көрсету деп, кем дегенде, сайт файлдарын осы файлдарға жіберілетін сұраныстарды өңдеуге қажет бағдарламалық қамсыздандыру орналастырылған серверлерге (веб-сервер) орналастыруды түсіндіреді. Ереже бойынша хостинг қызметін көрсету ауқымына пошталық корресподенцияға, деректер қоры, DNS, файл қоймаларына қажетті орындар, тиісті сервистер қызметін қолдау көзделген.
Кейбір ақылы хостинг компаниялары тұтынушылар тест өткізу үшін оларға белгілі бір мерзімге тегін қызмет көрсетеді. Ол мерзім ішінде тұтынушы хостингтік компанияның қызметі оны қанағаттандыратын- қанағаттандырмайтынын анықтап, келісім шартты ұзақ мерзімге жасау қажеттілігі бойынша нақты шешімге келуі тиіс. Әдетте, мұндай тесттер, тесттік аккаунтармен алыпсатарлыққа жол бермеу үшін тек екінші деңгейлі домендер иелеріне ғана беріледі.
Ақылы хостерлермен қатар жоғарыда аталған веб-технологиялардың басым бөлігін көтере алатын тегін хостинг компаниялары да бар. Олардың табыс көзі болып өзінде орналасқан сайттарда көрсетілетін жарнама болып табылады. Әдетте, тегін хостинг ақылы хостингтен баяу жұмыс істеп, негізгі базалық қызметтер ғана көрсетеді және оның аяқ-асты жабылу қауіп аз емес. Жеке тұлғалар өздерінің жеке веб-парақтарының бастапқы кезеңінде негізінен тегін хостингтерді пайдаланады. Қоғамдық ұйымдар тегін не болмаса ақылы хостингтерді пайдалана береді. Ал кәсіпкерлік ұйымдар басымдығында ақылы хостингтер қызметін ғана пайдаланады.
Хостинг қызметін олардың ұсынатын ресурстарына сәйкес бөлуге болады.
Виртуалды хостинг - веб-сайттарға дискіден орын бөледі, бірақ веб-сервистер орындау ортасы көпшілікке бірдей. Барлық ресурстар тұтынушылар арасында бір сервисте таратылған, ал онда 50-ден 1000 тұтынушыға дейін сыяды. Шағын да арзан хостингтер көбіне қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырып, тұтынушылардың басымдық сатыларын белгілемейді. Осының салдарынан сервер тұтынушысының осында орналасқан басқа да жүздеген сайттарға кіре алуына мүмкіндік туады. Ал ірі және қымбат провайделерде мұндайға жол берілмейді;
Виртуалды бөлініп берілген сервер - дискіде орын, ортақ зерденің (общая память) бір бөлігі, сервердің процессорлық уақыты бөлініп беріледі. Оның сырт келбеті тұтынушы үшін бөлініп берілген серверден айырмашылығы жоқ болып көрінгенмен, физикалық тұрғыда нақты бір серверде бірнеше виртуалды сервер орналасқан. Мұндай қызмет түрі аса ауқымды емес жобалар үшін жаслаған. Сервердің барлық ресурстарын нақты бөліп қарау мүмкін болмағандықтан (атап айтқанда І/О операциялары, желілік карта ерсурстары және т. б. ), оның үстіне көптеген VPS провайдерлері өз тұтынушыларына оларға бөлінген әлеует толық пайдаланылмайды деген үмітпен серверде бар ресурстардан әлдеқайда көп ресурс сатады. Осыдан келіп VPS сервердің жарияланған қуаттылығы көп жағдайда оның шынайы қуатынан артық болады.
Бөлініп берілген сервер - бұл жағдайда нақты бір дискілік кеңістігі, зердесі, процессорлары мен сыртқы трафигі бар бүтін бір сервер бөлініп беріледі. Ол салмағы «ауыр», басқа жобалармен бір кеңістікте жұмыс істей алмай, сервердің бар қуатын талап ететін веб-жобалар үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік органдардың веб-сайтары.
Мемлекеттік мекемелердің веб-сайттары бірінші кезекте ақпарат алмасу, қызметін жариялау үшін әзірленеді. Мінсізінде мемлекеттік мекеменің веб-сайтының сырт сипаты тартымды және оны пайдалануға ыңғайлы, пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілген боуы тиіс. Қолда бар жұмыстар мен қалыптасқан көзқарастар бойынша мемлекеттік мекемелердің веб-сайттарын жобалау мен әзірлеу процесі келесі сатылардан тұруы қажет:
1) мемлекеттік мекеме жайлы, оның тарихы мен дәстүрлері, төрешілер (судьялар) мен олардың еңбек тәжірибесі, жетістіктері мен табыстары туралы ақпаратты жинақтау және жүйелеу. Аталмыш ақпарат жинақталғаннан кейін олар сайтта тиімді ұсыну үшін реттелуі тиіс;
2) сайтты жоспарлау. Бұл кезеңді жүзеге асыру барысында оны тұтынушыға ыңғайлығы тұрғысынан қарастырып, мазмұнын лайықтай білу қажет. Ақпарат ұсыну формасы аса маңызды. Тиімді жоспарланған сайт құрылымы, ақпаратты әр парақ арасында талапқа сәйкес орналастыра білу аса маңызды талап болып табылады. Ең маңызды ақпарат ең жеңіл қолжетімді жерде орналасуы тиіс. Екінші сұрыпты материалдар әдетте өзара байланысты ақпараттар төңірегінде топтастырылады. Сайтты аралау мүмкіндігі барынша оңтайлы болуы тиіс;
3) сайт дизайнын әзірлеу. Дизайн - жұмыстың шешуші кезеңдерінің бірі. Мемлекеттік мекеменің сайты, жарияланымдарының ерекшелігіне байланысты көз тартымды болуы тиіс. Осы сайттарға ортақ негізгі кемшіліктер: түсінің көркемсіздігі, мәтіндер, тақырыптар алуандығының жетіспеушілігі, парақтардың жөнсіз форматталуы, парақтардың ақпаратпен асыра толтырылуы және т. б. Осыған орай мәтіндік көрнекті ақпарат ара салмағының тепе-теңдігі ескеріліп отыруы тиіс - монитордағы мәтін көптігі оны қабылдауды қиындатады. Бұл кемшіліктерден құтылудың жолы бос кеңістікті лайықты пайдалану - парақтың жолдарын кеңейту, мәтінді кесте (таблица) түрінде орналастыру болып табылады. Парақта орналастырылған графика негізгі мақсатқа қызмет етуі тиіс болса да, кейбір жағдайда әдемі графика өзі де мақсат бола алады. Кез келген сурет адам ойында ассоциация елестететіні белгілі. Сондықтан тұрақты ассоциация, көңіл-күй немесе бейне қалыптастыру үшін парақ композициясын есте қаларлық элементтермен толықтырып, тақырыптық бағытты бекітіп отырған абзал. Ондай элементтер ретінде суретті бейне, сөз немесе сөйлем, сызықтар мен кескіндемелер, коллаж қызмет ете алады. Навигациялық элементтердің біркелкілігі мен ықшамдылығы сайтты аралауды едәуір жеңілдетеді. Егер де веб-парақтың графикалық түймелері мәтіндік қосымша версиямен қамтамасыз етілсе - нұр үстіне нұр. Сырт көзге тартымды, негізгі идеясын нақты ұсынатын, қалаған ақпаратын алу кезінде тұтынушыларды көп күттірмейтін сайттар ең алдыңғы қатарлы веб-сайттар болып табылады. Сайттың дизайны ешкімге ұқсамас ерекше тартымды болып, қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етілген болса тұтынушы мұндай ресурстарға жиі қатынайтын болады;
4) домендік атау таңдау. Көзделген жобаның мақсатын айқындайтын еркін домендік ата табу қажет. Домен атауын таңдаудан көп нәрсе тәуелді болады, өйткені ол дегеніміз сайттың өзіндік дерекнама (визит) карточкасының ролін атқарады;
5) кез келген сайт тұрақты жаңартуды қажет етеді. Сол себепті МАЭС-тың күнделікті іс-қимылының апта сайын сайтта жариялап отыруға лайық аспектілерін анықтап отыру қажет.
1. 2 Техникалық тапсырма
1 Жалпы мәліметтер
Жүйені құрастыру бойынша жоспарлық құмыс мерзімінің басы мен соңы:
- «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің рәсімдеу үшін тапсырыстарды есепке алу» веб-сайтын құру бойынша жұмыс мерзімінің басы -11. 12. 2017 ж. ;
- «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің рәсімдеу үшін тапсырыстарды есепке алу» веб-сайтын құру бойынша құмыс мерзімінің соңы -10. 06. 2018 ж. .
Сайтты құрастыру бойынша жұмысты рәсімдеу мен оның нәтижелерін тапсырыс берушіге ұсыну реті: жұмыс аяқталғаннан кейін комиссия динамикалық қолданушылық интерфейс технологиясының тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестілігін айқындайды және жүйені эксплуатациялау туралы актіге қол қойылады.
2 Жүйенің тағайындалуы және оны құру мақсаттары
2. 1 динамикалық қолданушылық интерфейс тағайындалуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz