Ақпараттық iздеу және ақпаратты iздеу жүйесi түсiнiктерi, олардың сұлбасы және жiктелуi


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
1. 1 Ақпараттық iздеу және ақпаратты iздеу жүйесi: түсiнiктерi, олардың сұлбасы және жiктелуi . . .
1. 2 Ақпараттық-іздеуші тезаурус . . .
1. 3 Техникалық тапсырма . . .
16
19
2. 2 Бағдарламалау тілін таңдау . . .
2. 3 ДББЖ-ны таңдау . . .
27
32
2. 4 Деректер базасын жобалау . . .
2. 5 Деректерге қатынау технологиясы . . .
34
38
3. 1 Құрастырылған жүйенің тағайындалуы және оған қойылатын талаптар . . .
6. 1 Экономикалық тиімділікті есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу . . .
Шартты белгілер мен қысқартулар
Бұл дипломдық жұмыста келесідей шартты белгілер мен қысқартулар қолданылды:
ADO - ActiveX Data Objects
GUI - Graphical User Interface
HTML - Hyper Text Markup Language
HTTP - HyperText Transfer Protocol
LINQ - Language Integrated Query
MDAC - Microsoft Data Access Components
OLE DB - Object Linking and Embedding, Database
PHP - Hypertext Preprocessor
SQL - Structured Query Language
SVGA - Super Video Graphics Array
АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны
ДББЖ - деректер базасын басқару жүйесі
ДЭЕМ - дербес электрондық есептеуіш машинасы
ЭЕМ - электрондық есептеуіш машинасы
Кіріспе
Ақпараттық ресурстарды iздеу мәселесi қолданушының қажеттiлiктерiне сәйкес келетiн ақпаратты iздеуге тұжырымдалады. Бұл мәселенi шешуге арналған зерттеулер өткен ғасырдың ортасында электрондық есептеуiш машиналарын жасап шығарғаннан кейiн көп уақыт өтпей-ақ басталған болатын.
Басында ақпаратты iздеу аздаған ғалымдар жұмыс iстеген шағын ғылыми-қолданбалы аймақ болған. Өткен ғасырдың соңы мен ағымдағы ғасырдың басындағы жаһандық Ғаламтор желiсiнiң қарқынды өсуi бұл облысты дамытуға қуатты ынталандыру болып табылған едi. Заманауи ақпараттық iздеу - бұл миллиондаған қолданушы, мәлiметтердiң үлкен көлемi, қуатты есептеу жүйелерi, күрделi алгоритмдер. Ақпаратты iздеу мәселесiн шешу үшiн машиналық оқыту мен мультимедиялық ақпаратты талдаудың әдiстерi, компьютерлiк лингвистика, геоақпараттық қызметтер тартылады және қолданушылардың психологиясы және олардың әлеуметтiк байланыстары және т. б. зерттеледi.
Адам өзiнiң дамуының кез келген кезеңiнде ақпараттардың үзiлiссiз ағынында болады, сол себептi адамның ақпаратты реттеуге және оны өңдеудi автоматтандыруға ұмтылатыны сөзсiз түсiнiктi. Деректердiң көрсетiлуiнiң әр түрлi тәсiлдерi бар, алайда көбiнесе қолданылатыны және автоматтық өңдеуде күрделiрегi табиғи тiл болып табылады.
Қазiргi таңда адамға қоршаған әлем туралы ақпараттың негiзгi көзi Ғаламтор болып табылады. Іздеу сұраныстарында табиғи тiлдi қолдану дәл сол бiр сұранысқа iздеу жүйесi өңдей алуы қажет көптеген нұсқаларды құруға мүмкiндiк бередi. Іздеу сұраныстарының айтарлықтай бөлiгi қателерден және опечаткалардан тұрады. Сонымен қатар, iздеу жүйесi өмiрде жоқ сөздер немесе өмiрде бар, алайда, өте сирек қолданылатын сөздер кездесетiн сұраныстарды да өңдеуi қажет [1] .
Сөз сұраныста және бар құжаттарда қандай формада қолданылса да, сапалы iздеу жүйесi максималды толық нәтиже қайтаруы үшiн оларды ортақ қалыпты формамен салыстыруы қажет.
Іздеу жүйелерi кез келген ақпаратқа қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Іздеу сұранысында қолданылған сөздердi қалыптандыру, яғни сөздi бастапқы формасына келтiрудiң шығыны аз, бiрақ жұмыс сапасын айтарлықтай жақсартады. Сол себепті дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектi мәселелердің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ақпаратты іздестіру жүйелері үшін прототиптің автоматтандырылған тезаурусын жасау.
Зерттеу пәні - iздеу жүйесiндегi лингвистикалық тәсiл мен iздеу алгоритмi, ақпаратты iздеу қосымшасы.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей есептер қойылады:
- интернетте ақпаратты іздеу технологиясына шолу жасау;
- ақпаратты iздеу есебi және ақпаратты iздеу жүйелерiнiң мәселелерiне тоқталу;
- болашақ жүйені құрастыру бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу;
- ақпаратты іздестіру жүйелері үшін прототиптің автоматтандырылған тезаурусын жасау;
- өмір қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша шараларды жүргізу;
- экономикалық тиімділікті есептеудің әдістемесін таңдау және негіздеу, жобаның экономикалық тиімділігін есептеу.
Бағдарламалық өнімді құрастыру бойынша ғылыми маңыздығы:
- жүйені құрастыру кезінде қолданылатын процедуралар мен функцияларды, қосымшаларды жобалау;
- жүйені құрастыру кезінде тезаурусты және sparql сұраныстарын қолдану.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздығы автормен құрастырылған модельдер, әдістер мен алгоритмдер іздеу тезаурус жүйесін құрастыратын басқа қолданылуы, сонымен қатар әр қолданушылар үшін жеке қолдану үшін пайдалуы мүмкін.
Құрастырылатын жүйе қажетті мәліметтерді іздестіру бойынша жұмыстарды оңтайландыруға, мәліметтерді белсенді күйде қолдауға, сонымен қатар сенімді, әрі толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1 Талдау бөлімі
1. 1 Ақпараттық iздеу және ақпаратты iздеу жүйесi: түсiнiктерi, олардың сұлбасы және жiктелуi
Ақпараттық iздеу терминiнiң мағынасы өте кең болуы мүмкiн. Ғылыми дисциплина ретiнде ақпараттық iздеу келесi түрде анықталуы мүмкiн.
Ақпараттық iздеу (information retrieval) - бұл ақпараттық қажеттiлiктердi қанағаттандыратын үлкен жиында қандай да бiр құрылымданбаған материалды (құжатты) iздеу үдерiсi [2] .
Ақпараттық iздеу үдерiсiнiң сипаттамасы төмендегi сурет 1-де көрсетiлген.
Сурет 1. Ақпаратты iздеу мәселесi
Бiр жағынан, қолданушыда кейiн iзделiнетiн сөз тiркесiне (сұранысқа) айналатын кейбiр талаптар негiзiнде берiлген ақпараттық қажеттiлiк бар. Екiншi жағынан, iздеу серверлерiнде автоматты өңдеу үшiн индекстелген электрондық ресурстар жиынтығы бар. Сұраныстарды өңдеу нәтижесiнде iздеу серверлерi қолданушы сұранысына сәйкес келетiн көптеген құжаттарды қайтарады. Сәйкес келу субъективтi сипатқа ие екенiн атап өту маңызды, яғни әр түрлi қолданушы бiр нәтиженiң сәйкес келуiн әр қалай бағалауы мүмкiн [3] .
Бүгiнгi таңда ақпараттық iздеу ақпаратқа қол жеткiзудiң басты формасы болып табылады, сонымен бiрге ақпаратты iздеу жүйелерiнiң кең ауқымда қолданысқа енуiне және жүйелердiң қолданушылылардың сұраныстарына байланысты өз қызметтерiн барынша жетiлдiруге септiгiн тигiзуде.
Web iздеу - миллиондаған компьютерлерде орналасқан жүз миллионнан астам құжаттар бойынша iздеу.
Іздеу сұранысына жоғары жылдамдықта жауаппен қамтамасыз ету, сонымен бiрге бiр уақытта мыңдаған және он мыңдаған қолданушы сұраныстарына қызмет ету үшiн басты күш құжаттарды жинауға және алдын-ала өңдеуге жұмсалады. Іздеу жүйелерiнде өздерiнiң рейтингiн көтеру мақсатында контенттi ауыстыратын жүйелердi анықтап, iздеу үдерiсiн орындау барысында осы секiлдi жүйелердi ескермеуге болады.
Ақпаратты iздеу жүйелерi ұғымы шет елдерде өткен ғасырдың 80-iншi жылдарының соңы мен 90-ыншы жылдарының басында шыға бастады. Анықтамаға сүйенетiн болсақ, ақпаратты iздеу жүйесi - бұл әр түрлi ақпарат көздерiнiң сипаттамалары және оларды қолдану ережелерi орналасатын өзiнiң арнайы қорында сұраныстың қажеттi мәлiметтерiн iздеудi, өңдеудi, таңдауды қамтамасыз ететiн жүйе [4] .
Ақпаратты iздеу жүйелерiн олардың қызмет ету аясына қарай жiктеуге болады. Бұл үшiн үш деңгейдi белгiлеу дұрыс болып табылады. Веб-iздеу (web search) үдерiсiнде жүйе миллиондаған компьютерлерде орналастырылған миллиардтаған құжаттар арасында iздеу орындауы қажет. Веб-iздеудiң айрықша артықшылықтары - құжаттарды индекстеуге жинақтау қажеттiлiгi, үлкен ауқымдағы ақпараттармен тиiмдi жұмыс iстей алатын жүйелердi құру қабiлеттiлiгi, сонымен бiрге гипермәтiндi қолдану және веб-мастерлердiң талпыныстарына қарсы әрекет ету сияқты вебтiң анықталған аспектiлерiн тiркеу, веб-парақшалардың мазмұнымен әсер ету арқылы өздерiнiң сайттарының орындарын жасанды түрде жоғарылатады.
Дербеc ақпараттық iздеудi қарастырайық. Соңғы жылдары көптеген операциялық жүйелер iздеудiң кiрiктiрiлген мүмкiндiктерiне (мысалы, Apple компаниясының Mac OS X операциялық жүйесi Spotlight технологиясын жүзеге асырады, ал Windows Vista болса, Instant Search функциясын ұсынады) ие болып табылады. Сонымен қатар, электрондық пошта бағдарламалары негiзi iздеу қызметтерiн ұсынып қана қоймай, мәтiндердi жiктеу құралдарын да ұсынады, олардың спамдарға қарсы сүзгiлерi және хаттарды бумалар бойынша қолдан немесе автоматты сұрыптайтын құралдары болуы қажет. Бұл жүйелер үшiн қарапайым дербес компьютерде құжаттардың барлық алуан түрлi форматтарын өңдеу қиындау болып табылады. Қолданушыны ызаландырмай, жұмысты орындауға мүмкiндiк беретiн кiшкене жады көлемi, қарапайым техникалық қызмет көрсету және орындау маңызды. Жоғарыда аталған екi клас арасындағы аралық орынды пәндiк аймаққа корпоративтiк, ведомстволық және бағдарланған іздеу жүйелері алады. Олар корпорацияның iшкi құжаттарының жиындарымен, серiктестердiң қорларымен немесе ғылыми мақалалармен жұмыс жасайды. Мұндай жағдайларда құжаттар орталықтандырылған, файлдық жүйелерде сақталады және бiр немесе бiрнеше мамандандырылған машиналар жиындар бойынша iздеудi жүзеге асырады.
Кез келген ақпаратты iздеу жүйесi келесi негiзгi үш қызметтi орындайды:
- Индекстеу - электрондық ресурстарды жинау және олардың логикалық көрiнiстерiн құру, сонымен қатар индекстердi (iздеудi тез орындауға арналған оңтайландырылған деректер құрылымын) қолдана отырып, логикалық көрiнiстердi сақтау.
- Сұраныстарды қалыптастыру - iздеу жүйесi қолдайтын тiлде қолданушының ақпараттық қажеттiктерiнiң сипаттау.
- Салыстыру - сұраныстар мен құжаттар арасындағы сәйкес келу бағасын есептеу. Сәйкес келу бағалары негiзiнде қолданушыға ұсынылатын нәтижелер жиыны анықталады [5] .
Жүйелiк хабарламалар мен iшкi жүйе арқылы сұранысты қолыптастыру арасындағы байланыс сұранысты нақтылау үшiн iздеу нәтижелерiн қолдану мүмкiндiгiн бiлдiредi.
Қазiргi таңда көптеген іздеу жүйелері бар болып табылғанымен, олардың барлығы төмендегi сурет 2-де көрсетiлген ортақ архитектураға ие болып табылады.
Сурет 2. Ақпаратты iздеу жүйелерiнiң ортақ архитектурасы
Іздеу жүйелерiнiң жұмыс сапасының негiзгi қағидалары сәйкес келу, индекс толықтылығы және тiл морфологиясын ескеру болып табылады [6] .
Іздеу жүйелерiнiң iздеу қозғалтқыштары келесi қызметтердi орындайды:
- парақшаларға сiлтемелердi және сайттың басқа құжаттарын iздеу;
- іздеуде маңызды болып табылатын ақпаратты құжаттан алу, бұл ақпаратты iздеу жүйесiне ыңғайлы форматқа түрлендiру және бұл ақпаратты iздеу жүйесiнiң мәлiметтер қорына сақтау (мәлiметтердi индекстеу) ;
- мәлiметтер қоры бойынша индекстелген құжаттарды iздеу;
- құжаттарды iздеу сұраныстарына сәйкестiгi бойынша дәрежелеу;
- құжаттарды кластерлеу.
Жалпы алғанда іздеу жүйелерiнiң iздеу қозғалтқыштары келесi компоненттердi қамтиды:
- Wеb sеrvеr (веб-сервер) - қолданушы мен жүйенiң қалған компоненттерi арасында өзара байланысты жүзеге асыратын iздеу машинасының серверi.
- Indexer (индекстеушi) - өрмекшiлер арқылы жүктелген веб-парақшаның талдаушы-бағдарламасы. Ол жүктелген парақшаны бөлшектерге «жiктейдi» және оның мәтiн, қызметтiк html-тәгтер, тақырыптар, стилитика ерекшелiктерi және құрылымдық формалар сияқты элементтерiн талдайды [7] . Индекстеу үдерiсiнiң орындалуы төмеендегі сурет 3-те келтiрiлген.
Сурет 3. Индекстеу үдерiсiнiң қалыпты сұлбасы
- Sрidеr (өрмекшi) - веб-парақшаларды жүктеуге арналған браузер қағидасы бойынша жазылған бағдарлама. Браузер парақшаларды визуалды қолдануға арналған, ал өрмекшi HТМL кодтармен тiкелей жұмыс жасайды.
- Crаwlеr («саяхатшы» өрмекшi) - парақшаның барлық сiлтемелерi бойынша автоматты түрде шығатын бағдарлама. Оның мақсаты - белгiсiз (немесе өзгертiлген) құжаттарды iздеу және өрмекшiнiң алдағы бағыттарын басымдылықтарға сәйкес орналастыру болып табылады [8] . Төмендегі сурет 4-те кроулинг үдерiсiнiң орындалуы келтiрiлген.
Сурет 4. Кроулинг үдерiсiнiң қалыпты сұлбасы
Database (мәлiметтер қоры) - жүктелген және өңделген парақшаларды сақтауға арналған орын - iздеу машинасының ортақ мәлiметтер қоры.
Search engine, results engine (нәтижелердi қайтару жүйесi) - iздеу жүйесiнiң мәлiметтер қорынан iздеу нәтижелерiн алады. Дәл осы компонент қолданушының сұранысына қай парақшалардың дәлiрек сәйкес келетiнiн шешедi және оларды қажеттi ретпен сұрыптайды. Модуль iздеу жүйесi белгiлеген дәрежелеу алгоритмiне сәйкес жұмыс жасайды [9] .
Сурет 5. Тезаурус қолданылған дәрежелеу үдерiсiнiң қалыпты сұлбасы
Ақпаратты iздеу жүйелерiнiң мәселелер тiзiмi төменде көрсетiлген бiрқатар мәселелермен толықтырылып жатыр:
- жiктеу;
- бағыттау;
- сүзгiлеу;
- табылған құжаттарды аннотациялау;
- нәтижелердi кластерлеу;
- сұраныстарды кеңейту және сығу;
- керi байланыс (алынған iздеу нәтижесiне қолданушылардың белгi беруi) ;
- «сұранысқа тәуелдi» аннотациялау;
- іздеу интерфейсi;
- сұраныс тiлдерi.
1. 2 Ақпараттық-іздеуші тезаурус
Тезаурус типті немесе идеографиялық сөздіктер лингвистикада бірінші рет құрылды. Тезаурустар берілген ұғымды білдіретін тіл құралын жеңілдетуге арналған. Іздестіру тезеурусының классикалық мысалына бірінші басылымы 1852 ж. Родженсонмен әзірленген ағылшын тіліндегі сөздер мен сөйлемдердің тезаурусы болып саналады, оған ұқсас тезаурустар басқа да табиғи тілдер үшін де жазылды. Лингвистикалық тезаурус мәтінді автоматтандырылған дайындаумен байланысты құрылды.
Синтагматикалық байланыстар - бұл берілген сөйлемдегі тіл бірліктерінің өзара-қатынасы [10] .
Ресей ғылыми академиясының орыс тілі институтында сөздер мен сөз тіркестер арасындағы семантикалық (мағыналық) және синтагматикалық байланыстардың тезаурусы құрылды, орыс тілі сөздік-бағдарламалық құрал ретінде болды. Тезаурустың көлемі - 64 000 сөздер мен сөз тіркестер.
Ақпараттық-іздеуші тезаурус табиғи тілден сипаттауыш (дескрипторлық) тілге аударуды қамтамасыз етуге, яғни құжаттар мен сұраныстарды координантты индекстеу үшін, ізденіс стратегиясын құрастыру кезінде қолданылатын ақпараттық-іздеуші тезаурус лексикалық бірліктерінің арасындағы лпарадигмалық қатынастарды бейнелеуге, терминологиялық құрал ретінде қызмет етуге арналған.
Ақпараттық-ідеуші тезаурус құру мақсаты ақпараттық-іздеуші тезауруста ақпаратты іздеу көрсеткішін арттыру болып табылады.
Макротезаурус - білімнің кең саласын қамтитын және жоғары ортақтылықтың лексикалық бірліктерден тұратын ақпараттық-іздеуші тезаурус.
Микротезаурус - толығырақ ақпараттық-іздеуші тезаурус іріктемесінің негізінде құрылған ағын көлемді және қосымша белгілі бір тақырыптаманың нақты орысша ұғымдарынан тұратын арнаулы ақпараттық-іздеуші тезаурус.
Арнаулы ақпараттық-іздеуші тезаурус немесе жеке (моно) тақырыпты ақпараттық-іздеуші тезаурус - тәжіриби қызметті немесе білім саласын бейнелеу үшін құрылған ақпараттық-іздеуші тезаурус [11] .
Макротезаурус және көп тақырыпты ақпараттық-іздеуші тезаурус - микротезаурусты құру кезінде лексикалық-тақырыптық негіздерді қолдану үшін арналған. Көп тақырыптық ақпараттық-іздеуші тезаурус сол не өзге саланың негізгі лексикасынан ғана және ақығырақ парадигмалық қатынастардан тұрады. Микротезаурус дамыған дарадигматикалық және жалқы (өзіндік) атаулардың өзіндік терминдерінен тұрады.
Ақпараттық-іздеуші тезаурустың қосымша бөліктері:
- жүйелік көрсеткіш;
- иерархиялық және басқа көрсеткіштер мен лексикалық бірліктер арнайы санаттарының тізімдері.
Қосымша көрсеткіштер дескриптор арасындағы парадигмалық қатынастарды бақылау мен есепке алуды түсіндіру үшін қызмет етеді, бұл ізденіс алдын ала жазбаларды құру үшін талап етіледі [12] .
Көрсеткіштердің тізімдері АІТ қабылданған рубрикацияға сәйкес топтастырылған дескрипторлардың тізімі болып табылады.
Жүйелік көрсеткішті құрастыру кезінде келесі ортақ санат қолданылады:
- қызмет салалары мен пәндердің атаулары;
- заттары, материалдары;
- әдістер, үрдістер, операциялар, құбылыстар;
- қасиеттері, өлшемдері, параметрлері, сипаттамалары;
- құрылымның өзара қатынасы, модельдері, заңдары, ережелері, абстракты ұғымдар.
Әр дискриптор тек бір тарауға жатады. Тараудың ішінде дескриптор алфавит ретімен орналасады.
Иерархиялық - дескрипторлар тізімдерінің тізбегі болып табылады, бұл ретте әр тізім жоғары тұрған дескрипторы жоқ дескриптордан басталады. Әр дескриптордан кейін нөмірлеуді қолдану жолымен иерархиялық дескрипторларды көрсетімен бірге немесе деңгейдің графикалық белгілерімен бірге тікелей төмен тұратын дескрипторлар берілген [13] .
Дескрипторлы ақпараттық-іздеуші тезаурустың негізгі артықшылықтары:
- жіктелінген ақпараттық-іздеуші тезаурусқа салыстырғанда әзірлеудің аз еңбек сыйымдылығы;
- ақпараттық-іздеуші тезаурус құрамына кіретін сипаттамалардың кез келген алдын ала берілген қисыны бойынша іздеуді жүзеге асыру мүмкіндігі;
- құжаттарды индекстеу үрдісін автоматты түрде орындау мүмкіндігі.
Дескрипторлы ақпараттық-іздеуші тезаурустың кемшіліктері:
- негізгі салаларда дескрипторлы ақпараттық-іздеуші тезаурус сипаты оларды әр түрлі ақпараттық-іздеуші тезаурусы бар жүйелердің арасында ақпараттармен алмасу үшін қолдану үрдісін қиындатады;
- терминнің ақылға қонымсыз мәні әр түрлі дескрипторлы ақпараттық-іздеуші тезаурус дескриптор ретінде таңдалынды.
Қолданыстағы ақпараттық-іздеуші тезаурус дәстүрлі және дәстүрлі емес ақпараттық жүйелерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша сұраныстарды өңдеуге және құжаттарды индекстеуге арналған. Тезаурус орыс тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен орыс тіліне аудармаларды орындаған кезде арнайы екі тілдік сөздік ретінде, сонымен қатар терминологиялық анықтама сөздер ретінде қолданыла алады [14] .
Тезаурустың құрамына кіреді:
- лексикалық-семантикалық көрсеткіш;
- иерархиялық көрсеткіш;
- хронологиялық идентификатор.
Дескрипторларды көбінесе терминдердің шартты эквиваленттілік кластары ретін анықтайды, себебі тіл бірліктерінің іздестіруші және қарапайым (ортақ тілдік) эквиваленттілігі болады және дескрипторлы сөздіктердегі терминдердің лексикалық тең мағыналылықтың бұл екі түрі толығымен сәйкес келмеуі мүмкін.
1. 3 Техникалық тапсырма
Құрылатын жүйеге қойылатын талаптар.
Жүйенің құрылымына және оның функционалдануын қойылатын талаптар.
Жүйе бірыңғай ақпараттық кеңістікте функционалдау қажет, деректерді өңдеу мен ұсынудың бірыңғай технологиясын қолдауы керек, деректерді бір рет енгізу принципі бойынша жүзеге асырылуы қажет, жүйені қолдану процесі аспаптық құралдардың бірыңғай жиынтық жүйелері шеңберінде болуы керек, жүйе ақпаратты сақтау құрылымының ашықтылығын қолдауы қажет.
Бағдарлама келесідей ішкі жүйелерден тұрады:
- ақпараттық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- бағдарламалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- лингвистикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- математикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- құқықтық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- әдістемелік қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- ұйымдастырушылық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- техникалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- технологиялық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі.
Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасуға арналған байланыс құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптар.
Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасу үшін «клиент-сервер» архитектурасы бар жергілікті желісі ұйымдастырылуы қажет. Бұл қажеттілік келесідей маңызды факторлармен түсіндіріледі:
- ақпаратты параллельді өңдеу мүмкіндігі;
- деректер мен құрылғыларды бірге қолдану мүмкіндігі;
- ақпаратқа оперативті қатынау;
- ақпаратпен алмасу мен қызметкерлер арасындағы өзара әрекеттілік процестерінің жақсаруы.
Құрылатын жүйенің өзара байланыс сипаттамаларына қойылатын талаптар, оның үйлесімділігіне қойылатын талаптар.
Бағдарламаны құру технологиясының деректері мекеме жұмыскерлерімен қолданылуы мүмкін. Интернетте ақпараттық іздеу технологиясы мен арасындағы ақпараттың алмасу процесі сәйкес құжаттарды жіберу жолымен жүргізілуі қажет. Сыртқы серіктестіктермен ақпаратты алмасу процесі интернет көмегімен жүзеге асырылуы керек.
Жүйенің диагностикасына қойылатын талаптар.
Техникалық құралдардың диагностикасы мен профилактикасы айына бір бір жүргізілуі керек. Деректер базасының диагностикасы бірқатар жазбаларды таңдау жолымен аптасына бір рет жүргізілуі керек. Деректердің тұтастығын тексеру қажет жағдайда жүргізіледі. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды тексеру қажет жағдайда жүргізіледі.
Жүйенің перспективасы, жүйенің модернизациясы.
Ақпараттық жүйе модернизациясы екі бағытта жүргізілуі мүмкін: Ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыздандыруының модернизация-сы және оның техникалық қамтамасыздандыруының модернизациясы. Бағдарламалық қамтамасыздандыруының модернизациясы кезінде АЖО-мен жұмыс істеу үшін құрылған бағдарламаларда өзгертулер енгізілуі мүмкін немесе толықтырулар жүргізілуі мүмкін (мысалы, жаңа құралдар алмастырылуы мүмкін. АЖО-ның техникалық қамтамасыздандыруы-ның модернизациясы жаңа техникалық құралдарды сатып алу жолымен немесе ескі техникалық құралдарды модернизациялау жолымен жүргізілуі керек.
Қызметкерлер квалификациясына, оларды дайындау процесіне және олардың білімдері мен дағдыларын қадағалауына қойылатын талаптар.
Құрылатын ақпараттық жүйе қолданушыларының білім жоғарғы мамандандырылған болуы қажет, егер қолданушы деңгейінде дербес компьютерді білу шарттары кезінде, яғни олар сәйкес бағдарламалық пакеттермен жұмыс істеуді білу қажет, сондай-ақ жаңа бағдарламалық өнімдерге оңай үйрену керек. Білімдер мен дағдыларды қадағалау процесі қызметкерді жұмысқа қабылдау процесі кезінде, сонымен қатар кәсіпорын басшысының бұйрығы бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде немесе басқа себептермен жүргізілуі қажет.
Қызметкер жұмысының талап етілетін режимі.
Мекеме қызметкерлері жұмысының талап етілетін режимі - 9 00 -ден 18 00 -ге дейінгі толық жұмыс күні. Негізгі үзіліс уақыты 1 сағатты құрау керек. Демалуға арналған қосымша үзілістер қажығандық деңгейіне байланысты берілуі қажет.
Жүйе сенімділігіне қойылатын талаптар.
Аталған жүйе құралдардың істен шығу процесіне, сондай-ақ электр көздеріне тұрақтылыққа ие болуы қажет. Жүйенің сенімді жұмыс істеуі үшін жоғарғы сенімді техникалық құралдар қажет. Сондай-ақ аса маңызды блоктарды автоматты резертеу құралдары қажет.
Сенімділікке қойылатын талаптар келесідей апатты жағдайлар үшін тағайындалуы қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz