Философия пәні мен оның қызметі


Философия - ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу - ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда б. з. д. V ғ. пайда болды.
Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.
Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу - философияның міндеті.
Екіншіден, адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде (Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі - білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Білім дегеніміз - объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз өтіп жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен заңдылықтары, басқалармен байланысы туралы деректер жиынтығы саналса, құндылық адамдардың, олардың әртүрлі дәрежедегі топтардың (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғындар қауымы, ұлт, халық, адамзат, т. б. ) тарихи даму сұранысына сай сол заттар мен құбылыстарды бағалауы, өз іс-әрекеттеріне қатыстыруы немесе ескермеуі. Осы ретте дүниеге көзқарас әрқашан объективтік білім мен субъективтік құндылықтың бірлігі болып табылады. Олар бір-бірімен қайшылыққа келіп, бірін-бірі жетелеп, дүниеге көзқарасты тереңдете түседі, оның ғылыми объективті бастауын кеңейтіп отырады. Сондықтан білім деңгейіне байланыстырып, дүниеге деген көзқарастың дәрежелерін ажыратуға болады.
Саналы адам шамамен 50 мың жыл бұрын пайда болды деп есептеледі. Олай болса адамдар көзқарасы осыдан бастап, әрқилы қалыптаса бастады.
Көзқарастың түрлері:
1. Жай немесе қарапайым көзқарас, күнделікті өмір қажетінен туған білім мен құндылықтар жиынтығы.
2. Теориялық көзқарас - белгілі бір тәртіпке келтірілген, жүйеге салынған көзқарас.
3. Ғылыми-теориялық көзқарас; дін - теориялық, бірақ ғылыми емес.
Көзқарас - әр түрде әр адамда өзінше қалыптасады. Былайша айтқанда, (прогрессивтік, реакциондық кертартпалық), консервативтік, интернационалдық, патриоттық, гуманистік (адамгершілік), ғылыми-сипаттарда көрініс береді.
Көзқарас - дегеніміз - дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас болу үшін сана, ал оның жетілуі үшін білім керек. Ол неғұрлым көп білу, ынталану арқылы жүреді. Көзқарас - негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.
1. Сезімдік. Сезім сананы оятады. Мысалы, музыка адамды қуантады, әдемі әсер береді, ойды билейді, ал кей қайғылы әуендер - адамды қайғыртады.
2. Ұғым - жеке қабылдау бейнелерін жинақтаудан туады. Қорқу, уайымдау, қуану күйлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне әсер етеді.
3. Ұғыну - ойға салу, неге олай болды деп пайымдау алғашқы көзқарастарды тудырады.
4. Илану (сену) . Иланусыз көзқарас болмайды, сенім күресуді талап етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол ешнәрсенің себебін ашпайды. Наным, сенім - көзқарастың өзегі.
5. Тұрақты пікір. Пікір тұрақталмаса, көзқарастың мәні болмайды. Дүниеге көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттен ғана тумайды, объективтік шындықтың адамға ықпал жасайтын әсерінен пайда болады. Олар: күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, масаттану және қуану. Бұлар адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, әуестік, көңілкүйі) - әрдайым ізденістің бастамасы.
Ғалым, ақын, артист болу үшін де адамның эмоциясы (ішкі дүниесі, сезімі) бай болуы керек. «Көз - адамның ішкі дүниесінің айнасы». Тұрақты көзқарастың екінші бір негізі теория болуы шарт.
Көзқарастың тарихи түрлері: миф, дін, философия. Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі - миф (аңыз, ертегі) . Мифология (гр. mythos - аңыз, logos - ілім) қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі - біздің ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды рөл атқарды, алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф - қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді.
Миф сананы оятады, прогресс дамуының негізі - жазба мәдениетінің пайда болуы арқылы дін, философияға біртіндеп өтеді.
Дін - көзқарастың бір түрі. Дін - табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім. Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған ортаны сезімдік, бейнелік - эмоционалдық түрде қабылдауды сипаттайды.
Дін қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: христиан, ислам, буддизм және көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тәңірлік, конфуцийлік, даосизм, т. б. тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын - халықтарды біріктіріп, қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол мәдениеттің кеңістікте тарауына мүмкіндік туғызды да, ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Өнегелік-тәрбиелік саласы да жақыныңа сүйіспеншілік, қайғысына ортақтасу, адалдық, төзімділік, парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа үйретеді.
Идеалдар да жоқтан алынған жоқ, ол реалдық адам болмысының қарама-қарсы бастауларын жинақтаудың нәтижесі. Жамандық - адам бойындағы биологиялық заңдылықтар (тек өз қамын ойлау, жануарлық инстинктіге бағыну, ұмтылыстарына жету үшін күшке, алдауға сүйену, т. б. ), жақсылық - тәрбиеден алынған әлеуметтік заңдылықтарды пір тұтып дамыту. Адам бойындағы реалды қасиеттер топтастырылып, бірі - сайтан жолы, екіншісі - құдай, имандылық жолы аталып, олардың мәңгілік күресі мойындалды.
Діни көзқарас, сана мен сенім - қарапайым халықтың философиясы деуге де болады, яғни оның қоғамға қажеттілігі әлі де жоғалған жоқ. Оның тәрбиелік мәні өте зор. Діннің үш элементі бар: діни түсініктер, діни сезімдер, діни табыну мен әдет-ғұрып жоралары. Олар әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі болып келеді. Дін дүниені екіге бөледі: о дүние және бұл дүние. Дін өз нұсқауларын құдай атымен мәңгі-бақи бекітпекші болатын неғұрлым консервативтік идеологияның формасы болып табылады, яғни оны реформалау асығыстықты қаламайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz