Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы туралы



Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы

Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін
космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: “гонейа” – туылу деген
мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі
мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық
түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль,
эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың
жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап
саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар.

Болжамдар бойынша галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер -
гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде
түзілген. Бұл заттар галактикалардың ядросында әлі де кездеседі деген
жорамалдар да бар. Кеңейетін Ғаламның теориясы астрономияның прогресіне
себеп болған, бірнеше қиындықтармен кездесті. Үлкен жарылыстан кейін шексіз
тығыздығы бар нүктеден ұшып шыққан зат, өзара тартылыс әсерінен бір – бірін
тежеп, олардың жылдамдығы төмендеу керек. Бірақ тоқтау үшін бүкіл Ғаламның
массасы да жетпейді. Осыған байланысты ғылымда 1939 жылы Ғаламдағы “қара
ойықтар” туралы гипотеза пайда болды. Бұл ойықтар көзге көрінбейді, бірақ
олар Ғаламның массасының 910 бөлігін құрайды.

Сонымен “қара ойықтар” дегеніміз не? Егер кез келген заттың белгілі
бір массасы сол массаға шекті болып табылатын аз деңгейге жетсе, онда бұл
зат өзінің тартылыс күші әсерінен тығыздала бастайды. Тығыздалу әсерінен
затың массасы көбейіп, сәйкесінше заттың тартылыс күші де жоғарылай
бастайды. Бұл тартылыс күшін жеңу үшін заттың жылдамдығы жарықтың
жылдамдығынан да жоғары болуы тиіс. Сондықтан да “қара ойық” сыртқа ештеңі
де шығармай, ешқандай жарықты шағылыстармайды, яғни көзге де көрінбейді.
Сондай ақ “қара ойықтың” ішінде кеңістік өз бағытынан ауытқып, уақыт
баяулайды. Осы “қара ойықтар” галактикалардың ядросын құрап, өте қуатты
энергия көзі болған және олар жұлдыздарға дейінгі зат, яғни олардан
жұлдыздар пайда болған деп жорамалданады.

1963 жылы квазарлар (квазижұлдыздық радиосәуле көзі) - ғаламдағы
радиосәулелердің аса қуатты қайнар көзі ашылды. Олардың жарығының күші
галактикалардың жарығынан жүздеген есе артық, ал көлемі олардан ондаған есе
аз. Квазарлар – жаңадан түзілген галактикалардың ядролары болып табылады,
яғни галактикалар әлі түзілу үстінде деген болжамдар бар.

Астрономиялық бақылаулар, галактикалардың ядроларынан үздіксіз сутегі
бөлінетіндігін көрсетті. Барлық химиялық элементтердің бастапқысы, яғни
сутегінің атомы, басқа химиялық элементтердің ішіндегі ең қарапайымы болып
табылады – ол оның ядросындағы бір протоннан және орбитасында айналып
жүретін электроннан құралған. Нуклеосинтез теориясына сәйкес, сутегіден
жұлдыздардың қойнауында атомдық реакциялар нәтижесінде күрделі атомдар
түзіледі. Жұлдыздың массасы неғұрлым көп болса, соғұрлым күрделірек атомдар
түзіледі. Біздің күніміз кәдімгі жұлдыздар секілді сутегіден тек гелий ғана
шығарады (ол галактикалардың ядроларын түзеді), ал аса ірі жұлдыздар тірі
заттың негізгі элементін - көміртегін жасап шығарады.

Жұлдыздардағы нуклеосинтез теориясы физикалық эволюция мен химиялық
элементтердің таралуын, олар алғашқы жұлдыздардың сутегі мен гелийдің
қоспасынан тұратын заттардан түзілген деген жорамалмен жақсы түсіндіреді.
Ядролық реакцияларды ғаламның космологиялық ұлғаю деңгейі мен осыған
байланысты оның температурасының төмендеуіне байланысты қарастырып, қазіргі
кезде бақыланып отырған әртүрлі химиялық әлементтер мен изотоптардың
қатынасын байқауға болады. Нуклеосинтез теориясына сәйкес, Жер бастапқы
заттан емес, жұлдыздарда жүріп өткен нуклеосинтез реакцияларының
нәтижесінде түзілген заттан пайда болған. Яғни, барлық элементтердің
түгелдей (олардың ішінде ауыр металлдардың да – темір, қорғасын және т.б.)
ғаламның алғашқы ұлғаю кезеңімен байланыстыру тіпті қажет те емес.

Біздің галактикамызда орналасқан Құс Жолының жас мөлшері жайлы
астрономдардың бір бөлігі ол әлі жас және Құс Жолында жұлдыздардың пайда
болу үрдістері жүріп жатыр деген пікірді ұстанып отыр. Сондай – ақ Құс
жолында айналып жүрген газ бұлттарының болу мүкіндігі жоққа шығарылмайды.
Коллапс процесінің нәтижесінде бұлттардан жұлдыздар пайда болады. Осыған
сәйкес алуан түрлі жұлдыздық, бұлттық жүйелер де пайда болады.

Жас және ескі жұлдыздардың құрамына анализ жасай отырып галактика
эволюциясының кезеңдерін анықтауға болады. Ескі жұлдыздар галактика
эволюциясының бастапқы кезеңінің құрамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы
Аспан жұлдыздарының аспан сферасына проекциялануы
Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы
Жұлдыздардың тәуліктік параллельдері
Айнымалы жұлдыздар түсінігі
Астрономия пәнінің оқу-әдістемелік кешені (дәрістер жинағы)
Құрылымы әртүрлі галактикаларды фракталдық бейнелеу
Материяның эллипстік пен спиралды галактикалардағы таралуының фракталдық және мультифракталдық сипаттамаларын анықтау
Астрофизикалық объектілерді фракталды талдау
Күн жүйесi туралы
Пәндер