Гендердің өзара әрекеттесуі туралы
Гендердің өзара әрекеттесуі
Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер
мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына
жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель
анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек
бір белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі.
Мысалы, бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі — кедір-бұдырлығын
анықтайды. Сонымен қатар, гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара
қатынасының күрделі және әр түрлі сипатта болатындығын аңғартатын біраз
деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі бірнеше белгіге қатарынан
әсер ете алатындығы, екіншіден, бір белгіні кейде бірнеше ген бірігіп
анықтайтындығы, яғни бұл жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі
болды. Сонымен, организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік
көрінісі онтогенез (жеке даму) кезінде гендердің өзара әрекеттесуімен
түсіндіріледі. Гендердің өзара әрекеттесу құбылысының ашылуы генетиканың
әрі қарай дамуында маңызды орын алды. Осы заңдылықтың негізінде ХІХ
ғасырдың аяғында неміс биологы А.Вейсман ұсынған организмнің тұқым
қуалайтын факторларының мозаикасы (алалығы) туралы ұғым теріске шығарылды.
Оның орнына организмнің кез келген белгісінің дамуы барысында генотип
жүйесіндегі күрделі байланыстар мен өзара әрекеттесу туралы мәселе
көтеріледі.
Кейде бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына әсер етеді.
Мұндай құбылысты геннің жан-жақты әсері деп атайды. Гендердің жан-жақты
әсерінің биохимиялық негізі біршама жақсы зерттелген. Бір геннің
бақылауымен түзілетін бір белок — фермент тек жалғыз ғана белгінің дамуын
анықтап қоймайды. Сонымен қатар басқа да белгілер мен қасиеттердің дамуына
қатысты биосинтез реакцияларына әсер етеді. Гендердің жан-жақты әсері
көптеген организмдерде кездеседі.
Гендердің әрекеттесуінің екі түрі бар: аллельді және аллельді емес.
Аллельді түріне толымсыз доминанттылықты жатқызуға болады. Мысалы, қызыл
және ақ түсті намазшамгүлдерді өзара будандастырғанда F1-де қызғылт түсті
будан алынған. Сол сияқты қызыл раушангүл мен ақ раушангүлді
будандастырғанда F2-де қызғылт түсті раушангүл алынды. Бұл екі аллельді
гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарастыру керек.
Мұндай жағдайда доминантты ген рецессивті генге басымдылық көрсетеді.Ал,
аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің төрт типі бар: комплементарлы,
эпистаз, полимерия және көп аллельдік.
Комплементарлы. Комплементарлы деп — екі немесе бірнеше аллельді емес
доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын
айтады. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен
будандастырса, бірінші ұрпақтың (F1-дің) будандары біркелкі жасыл
қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — F2-
де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3
көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. 117-суреттегі
екінші ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі
жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені —
қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың
рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.
Будандастырудың нәтижесі мынандай: әр доминантты ген жеке күйінде тек өз
белгісін жарыққа шығарады. Сондықтан генотиптері ААbb және Ааbb дарақтар
көгілдір қауырсынды, генотиптері ааВВ және ааВb дарақтар сары қауырсынды
болады. Ал, екі ген біріккен жағдайда АаВb —жасыл түсті қауырсынды тотықұс
алынады. Бұл гендердің рецессивті аллельдерінен түзілген ааbb генотипі тек
ақ қауырсынды ұрпақ береді.
Гендердің комплементарлы әрекеттесуін мынадай мысалдан да көруге болады.
Раушан және бұршақ тәрізді айдарлары бар тауықтың екі тұқымын
будандастырғанда, бірінші ұрпақта — F1-де ата-анасының айдарына ұқсамайтын
жаңғақ тәрізді айдары бар будандар алынды. Ал F1-дің ұрпақтарын өзара
будандастырғанда F2-де ажырау жүреді. Атап айтқанда, 9 жаңғақ тәрізді
айдарлы, 3 раушан айдарлы, 3 бұршақ айдарлы және 1 жапырақ тәрізді айдарлы
балапандар алынған. Осы тәжірибеде тауық айдарларының раушан және бұршақ
тәрізді болуы екі доминантты генмен анықталатындығына байланысты. rrРР және
RRрр гендердің комплементарлы әрекеттесуі нәтижесінде бірінші ұрпақта (F1)
айдардың жаңғақ тәрізді жаңа пішіні пайда болды. F1-дің ұрпақтарын өзара
будандастырғанда тотықұсқа жасалған тәжірибедегідей ата-ананың белгілері
ажырайды, яғни 9:3:3:1 қатынасында болады.
Эпистаз. Бұл құбылыс комплементарлы әрекеттесуге кері жүреді, яғни бір ген
екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Осындай басымдық қасиет
көрсететін генді супрессор деп атайды. Мысалы, тауықтарда доминантты С гені
қауырсынның түрлі-түсті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz