Генетикалық карталар жайлы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу
сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық
зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан
өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары
жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның
генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке
жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың
саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған
болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты,
жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим
цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді.
Картаны дұрыс құрастыру үшін гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын толық
зерттеп, білу қажет. Мысалы, дрозофиланың  4 тіркестік топта шоғырланған
7000-ға жуық гені, сол сияқты жүгерінің 10 тіркестік тобында болатын 10000-
ға жуық гені зерттелген және т.б.
Генетикалық картаны құрастыру кезінде тіркесу тобы, гендердің толық немесе
қысқартылып алынған атаулары көрсетіледі және хромосомада орналасқан
гендердің ара қашықтығын көрсететін цифрлар жазылады. Гендер арасындағы ара
қашықтықтың өлшем бірлігі 1% кроссинговерге тең болады. Оны Т.Морганның
құрметіне сантиморган (сМ) немесе морганида деп атайтынын білесіңдер.
Мысалыға, дрозофиланың бір ғана хромосомасында болатын гендер тобының
орналасу ретін қарастырайық. Олар үш түрлі гендерден тұрады: 1) қанатының
бүріскендігін анықтайтын — (jantһy) гені; 2) көзінің қара қошқыл түсін
анықтайтын — (purple) гені; 3) көзінің қызыл түсін анықтайтын — (cіnnabar)
гені. Бұл гендер дрозофиланың ІІ жұп хромосомасында орналасқан. Сонда j мен
pr гендерінің ара қашықтығы кроссинговер пайызымен есептегенде 5,8; pr мен
c гендері 3; ал j мен с гендерінікі — 8,8 сантиморганға тең болады.
Микроорганизмдердің генетикалық картасы өзгеше. Себебі, олардың сақина
тәрізді жалғыз ғана хромосомасы болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Әулиетас тауы туралы
Алматы облысы Қарасай ауданы
Тіркесіп тұқым қуалау және кроссинговер
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Ландшафттық карталардың түрлері
Кроссинговердің механизмдері
Карталарды құрастыру тәсілдері
Топырақ картасын құрастыру
Геном және қоршаған орта, генетикалық токсикология
Пәндер