Вирус және оның түрлері Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

БҚО Тасқала ауданы Достық ауылы
ЖОББ Семиглвый Мар мектебі

Курманиязова Зейнеп Акжановна 7-сынып

Жоба тақырыбы:

Вирус және оның түрлері

Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу

Секция : Информатика

Жетекші: М.Айшуаков
Информатика пәні мұғалімі

Достық 2018 жыл
Жоспар:

I. Жоспар (Кіріспе) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
II. Негізгі бөлім.
Компьютерлік вирустар дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... .5
Компьютерлік вирустың түрлері.
. Вирустардың негізгі жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Аты шулы вирустар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Вирустарға қарсы күрес.
Антивирустік программаларға шолу ... ... ... ... ... ... ..21
III. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе.

Менің жобамның тақырыбы – Вирус және оның түрлері
Қазіргі кезде компьютерлер әлемінің ең маңызды мәселесі болып
компьютерлік вирустар болып табылады. Компьютерлік вирустар комьютерге
белгілі бір жолдар арқылы енеді де, ақпараттарды өшіреді, компьютердің
қатты дискісінің жадын керексіз мәліметтермен толтырады не одан да басқа
да зиянды іс - әрекеттер жасайды. Мұның арты орны толмас зардапқа әкеліп
соғуы мүмкін. Сондықтан әр компьютерде жұмыс істейтін адам компьютерлік
вирустар туралы, оның зиянды әрекеттері туралы білгені дұрыс.
Менің бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты – электрондық есептеуіш
машиналарға едәуір зардаптар әкелетін компьютерлік вирустардың мән –
мағынасын ашу, оларға талдау жасау және негізгі зардаптарын көрсету.
Менің курстық жұмысым негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім –
кіріспе. Екінші бөлім – негізгі бөлім. Ол үш тараудан тұрады: бірінші
тарауда жалпы компьютерлік вирустар ұғымына тоқталдым, ал екінші тарауда
компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне және әлемде өте көп таралған
аты шулы вирустарға тоқталып, келесі тарауда осы компьютерлік вирустарды
жоятын, олардың зардаптарын емдейтін антивирустарға жалпы шолу жасадым.
Енді осы аталғандарды толығымен ашып көрсетейік.

2.1.Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
ХХІ ғасыр адамзат өміріне көптеген жаңалық әкелді. Біз алда өтіп
кеткен ХІХ ғасырды электр және бу ғасыры деп атасақ, ХХ ғасырды радио мен
атом энергетикасының алтын ғасыры деп танысақ, ал қазіргі ХХІ ғасырды
"компьютерлік" ғасыр деп атасақ жаңылыспаймыз. Себебі қазіргі кезде
электрондық есептеуіш машиналар, яғни компьютерлер адам өмірі мен оның
қызметін жеңілдетуде көптеп қолданылып жатыр.
Осы кезеңде ең көп қолданылатын электронды есептеуіш машина болып
дербес компьютерлер табылады.Бұл дербес компьютерлердің қолданылу аясы
кеңейіп, адамзат қоғамын өңделген және көп мөлшердегі ақпараттар массасымен
қамтамасыз етеді. Заман талабына сай бұл дербес копьютерлерді әр салада
жұмыс істейтін әрбір адам, әрбір жұмыскер үйреніп, оның қыр- сырын танып-
білуі керек.
Осы 2005 жылы дербес компьютерлердің пайда болуына 25 жыл толып
отыр. Бізге белгілі ең алғашқы дербес компьютерді 1980 жылы Америка Құрама
Штаттарының Intel 80806 Pentium фирмасы жасап шығарған. Осыдан соң 1971
жылы 8 разрядтық машина сөзімен жұмыс істейтін микрокалькулятор секілді
алғашқы микропроцессор пайда болды. Ал 1978 жылы Intel Pentium фирмасының
16-разрядты машиналық сөзбен жұмыс істейтін, бірақ 8- разрядты шина
қолданатын микропроцессор қолданыла бастады. 1987 жылы тап осы компаниямен
1386 процессор, 1990 жылы 486 МГц- те жұмыс істейтін прцессор құрылды.
Осындай қысқа да қиын мерзімде дербес компьютерлер бірінші дербес
компьютерлерден бастап қазіргі Intel Pentium 1024 кб кэштік және 3400 МГц
жиіліктік процессоры бар супержаңа дербес компьютерлерге дейінгі аралықты
жүріп өтті. Сонымен қатар бұл дербес компьютерлердің адамзат өмірінде
алатын орны зор және қазіргі электрондық есептеуіш компьютерлерді ХХІ ғасыр
адамының жан жолдасы деуге болады.
Дегенмен барлық материалық әлемдегі сияқты компьютер әлемінде де
диалектика заңы қатар жүреді: әрбір құбылыс өзіне қарама- қарсы құбылыс
туғызады. Мысалға, қылыш - қалқан, оқ - брон, әуе- шабуылы- зениттік
ракеталық комплекс. Бұл құбылыс галактика секілді шексіз әрі тоқтаусыз
жүреді. Демек, егер үлкен ақпараттар массасын өңдейтін құрал – жабдық пайда
болса, онда оған қарсы әрекет ететін келесі бір құбылыс пайда болатыны
кәміл. Компьютерлер әлемінде бұл құбылыс ретінде компьютерлік вирустарды
мысалға келтіруге болады.
Сонымен компьютерлік вирустар дегеніміз не? Алғаш рет "компьютерлік
вирустар" деген термин ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде Америка
Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ "компьютерлік вирус" терминіне айқын
анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ "компьютерлік вирустар"
деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын
тоқтатын қатерлі "талқандаушы" деп түсінді.
Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі
белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен –
күнге мөлшері артып барады.
Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс істейтін адам компьютерлік вирус
және оның түрлері туралы білген жөн. Сонымен компьютерлік вирус дегеніміз
не? Компьютерлік вирустар дегеніміз - өздігінен өз көшірмесін жасай
алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен
компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс - әрекеттер
істей алатын қабілеті бар кішігірім программа.
Компьютерлік вирустарды кім және оны неге құрастырады?
1. Біріншіден, ассемблер тілін немесе басқа да қарапайым программалық
тілдерді үйреніп, алғашқы қадам жасау кезінде жүрген жас программистер
құрады. Олар компьютерлік вирустарды өз ортасында өз тәжірибесін арттыру
мақсатында құрады.
2. Осыдан кейін компьютерлік вирустар құраушылардың екінші бір жаңа тобы
пайда болады. Олар – жартылай ұғымдағы, өздерін тек бұзақылық, қылмыстық
жағынан көрсететін адамдар. Бірақ олардың таланты мен бар күші тек әлде
кіммен жасалған және барлық адамдарға мәлім компьютерлік вирустарды
өңдеуге, сонымен қатар жаңартуға ғана жетеді.
3. Келесі адамдар тобы – жоғары тәжірибелі, өте қауіпті компьютерлік
вирустарды құрайтын, кино фильмдердегі ғылым үшін барлық әлемді
құрбандыққа шалуға дайын "ақылы жетіспейтін" ғалымдар секілді
компьютерлік вирустарды жазушылар.
4. Төртіншіден, кейбір компьютерлік вирус жазушылар компьютерлік вирусты
компьютерлер әлемін толық танып – білуге, оны зерттеу үшін құрастырады.
Бұл жазылған компьютерлік вирустың олардың жеке басына қатысы болмайды
да.
5. Соңында, нағыз жоғары тәжірибелі, бар ғұмырын компьютерлік вирус
құрастыруға арнаған және сол вирустарды ақша – қаражат үшін құрастыратын
компьютерлік вирус жазушылар. Олар үшін компьютерлік вирус құрастыру тек
бизнес, яғни бұл топ адамдары белгілі бір компьютерлік вирус құрастырып,
оны тартады да, одан зардап шеккен келесі бір адамдарға өзі алдын ала
құрып қойған антивирустік программаларды қомақты ақшаға сатады.
Демек компьютерлік вирустардың құрылуының да негізгі себептері бар.
Компьютерлік вирустар қалай тарайды? Негізінен алғанда компьютерлік
вирустардың тарауының негізгі үш түрі бар:
• Компьютерлік вирустар бір компьютерден екінші бір компьютерге дискет
арқылы немесе СD – диск арқылы таралады.
• Компьютерлік вирустар компьютерге Интернеттен жүктелген файл арқылы
жұғуы мүмкін.
• Компьютерлік вирустар компьютерге электрондық почта арқылы келіп
түскен хатқа жалғасқан қосымша файл ретінде келіп, жұғуы мүмкін.
Бүгінгі күні электрондық почта ең үлкен көлемдегі вирустар инфекциясының
"бұлақ көзі " болып табылады. Бұл қазіргі таңда Интернет желісінің адам
тұрмысында аса зор қажеттілікте қолданылуынан екені түсінікті. Таралған
компьютерлік вирус ерекше керемет жылдамдықпен дүние жүзілік өрмек арқылы
компьютерден компьютерге жалғасып кете береді. Сонымен қатар бұл
компьютерлік вирус қоғамдық қолданыстағы компьютерлерге де таралады. Бұл
компьютерлерге негізінен қоғамдық орындардағы, мысалы оқу орындарында
орналастырылған компьютерлер жатады. Егер де ол компьютерге бір студент
компьютерлік вирус әкеліп жұқтырса, онда ол компьютерлік вирус барлық
компьютерлерге таралып, ештеңе күмәнданбайтын келесі бір студент ол вирусты
өздерінің қызмет компьютеріне, туысқандарының немесе таныстарының
компьютерлеріне тарата береді.
Компьютерге жұғысымен – ақ, компьютерлік вирус әр түрлі бағыттарда
компьютерді бүлдіре бастайды. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе
алдынан қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай – ақ
компьютерге тағы басқа келеңсіз әрекеттерді, мысалға винчестердегі, яғни
қатқыл дискідегі кодты өзгертуі, егер де компьютерлік вирус макрос тілінде
жазылған болса, онда ол өзін макеттерге немесе программалық дайындауларға
қосып жіберуі мүмкін. Ішінен осындай компьютерлік вирустар табылған
программалар "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай
программаларды іске қосқанда алдымен компьютерлік вирус жұмысқа кірісіп,
оның негізгі фунциялары орындалмайды немесе қате орындалады. Компьютерлік
вирус іске қосылған программаларға да кері әсерін тигізіп, оларға жұғады
және басқа да зиянды іс - әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды
немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы
бос орындарды жаулап алады және тағы сол сияқты іс - әрекеттер).
Өзінің жабысқандығын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды
бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне
бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске
асады. Компьютерлік вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындағаннан
соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа
алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрыңғы қалпы
бойынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде
білінбей қалады.
Вирустың көптеген түрлері электрондық есептеуіш машиналар жадында DOS-
ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын – оқтын өзінің зиянды әсерін
тигізіп отырады.
Компьютерік вирустың іс - әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп
отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып, әсері онша
білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың әдеттегіден өзгеше
жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерге әдеттегіден тыс келеңсіз
құбылыстардың басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс - әрекеттер
орындауы мүмкін:
• кейбір программалар жұмыс істей алмай қалады немесе дұрыс жұмыс
істемей тұрады.
• экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады.
• компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды.
• көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен катологтар,
дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстінен пайдаланылған дискеттер
арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирустар
басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.
Қазіргі уақытта дербес компьютерлердегі exe, bat, com, txt- типтегі
көптеген файлдар компьютерлік вирустарға төзе алмайды. Осындай жағдайларда
компьютерлік вирустар компьютерлерге орналасып алады да, вирус әсеріне
ұшыраған дербес компьютердің операциялық жүйесіне "заңды" түрде басқару
жасай бастайды. Ол компьютерде WINDOWS жүйесінің файлы ретінде әрекет ете
отырып, ақырындап қатты дисктің ақпараттық кеңістігін басып ала береді.
Ақыр соңында компьютерлік вирустың әсерінен жад көлемі кішірейіп, содан
кейін компьютердің операциялық жүйесі қолданушыға компьютер жадының бос
орны қалмағанын хабарлайды. Осылайша вирус әсерінен компьютер ешқандай
ақпарат өңдей алмайды да, компьютерлік вирустың әрекет ету аймағы ұлғая
түседі. Нәтижесінде компьютер толық қанды жұмыс ете алмай қалады.
Біз алдында айтып кеткендей компьютерлік вирустар өздерін жасыру
жағынан ерекшеленеді. Дербес компьютелер қазір күннен – күнге күрделеніп,
жоғарғы ақпараттық және программалық технологиямен жабдықталып жатыр.
Дегенмен компьютерлік вирустар тек тұрып қалмай, сол ортаға бейімделе
бастайды. Осылайша компьютерлік вирустар дисктің жүктемелік секторларын,
DOS, Windows, OS2 операциялық жүйелеріне арналған файлдарды, тіпті Word,
Excel және MS Office документтерін де бүлдіруді үйренеді.
Компьютерлік вирустар системада өінің бар екенін жасыра отырып,
көрінбейтін вирустарға – стелс вирустарға айналады. Компьютерлік вирустар
өздерін антивирустік программалар анықтай алмас үшін полиморфты болуға
жаттығады.
Былайша айтқанда, вирустар өмір сүруге және жеңуге талпынады. Ол үшін
компьютерлік вирустар программалық не ақпараттық жаңа мүмкіндіктерді
қолдана бастайды. Соның бірі - вирус қорғанысы Protected Mode.
Бұл жағдайда негізгі вирустық код жоғарғы адрестен жадтың белгілі бір
бөлігін белгілеп алады да, оған өз көшірмесін енгізіп, сол арқылы басқаруды
қолға ала бастайды.
Біріншіден, вирус жүйеде EMS драйвері орнатылмағанын тексереді. Егер
орнатылмаған болса немесе жадта вирустың резидентік көшірмесі болса, онда
вирус басқаруды вирустасығыш – программаға береді. Вирус қорғалған режимде
екі аппаратық бақылау нүктесін орнатады. Осындай іс- әрекеттерден соң
вирус жад парағына өз кодының көшірмесін жасайды, сосын DOS – тың жоғарғы
адресінің белгіленген жадын босата бастайды. Осы мезеттен бастап вирус өз
қызметін бастайды: біріншіден – DOS функциясының барлық шақыруларын
бақылайды, екіншіден – пернетақтаның барлық батырмаларына бақылау жасайды,
үшіншіден – компьютердің жеңіл жүктелуге қадамдарын бақылайды. Осылайша
осындай бақылау арқылы компьютерлік вирус өзіне жағдай жасайды: вирусты
тексергісі келетіндердің іс - әрекеттерін, өзі орнатқан бақылау нүктелерін
басқаруға мүмкіндік алады.
Қортындыға келгенде, компьютерлік вирустардың электрондық есептеуіш
машиналарға ену нәтижесінде:
▪ компьютердің жұмысына жағаласып, қызмет жасауына кедергі жасайды,
мысалға, компьютер экраны өшіп және компьютердің қатты дискісінің
толып қалғаны туралы жалған хабар;
▪ компьютерге шынымен зиянын тигізеді, яғни винчестер толығымен
форматталып қалады немесе қажетті файлдар өшіріліп кетеді;
▪ қылмыстық әрекеттер - (трояндық программа( арқылы қылмыскерлер
сіздің кредиттік картаңыздың номерін, кіру паролін, басқа құпия
деректерді ұрлайды.
Сондықтан әрбір адам компьютерлік вирустар туралы, олардың зиянды
әрекеттері туралы, олардың түрлері туралы толық білуі тиіс. Дегенмен
қазіргі кезде компьютерлік вирустардың түрі күннен – күнге артып бара
жатыр, ал олар адамдардың компьютерде жұмыс істеуін шектей түседі.

2.2. Компьютерлік вирустың түрлері.
2.2.1. Вирустардың негізгі жіктелуі.
Негізінен алғанда компьютерлік вирустарды айрықша белгілері арқылы
мынадай түрде жіктеуге болады:
– вирустың тіршілік ету ортасына қарай (с:\ дисктің папкалары,
программа, т.б.);
– әрекет ету мерзіміне қарай – тоқтап әрекет ету немесе тұрақты
әрекет, жедел әрекет, белгіленген мерзімде;
– әрекет ету түріне қарай – ақпараттық не материалдық (электронды
схемаларды бүлдіру, файлдарды жою, программаларға зиянды әрекет
ету);
– әрекет ету аймағына ену орнына қарай (файлдың басы, ортасы,
соңы, оның бар аймағы);
– көбейю түріне қарай ( файлдық, программалық, макростық, т.б.);
– дербес компьютердің электрондық сызбасына ену орнына қарай
(сүзгіш, процессор, оперативтік жад, қорлану системасы, қатты
дискті бақылаушылар, т.б.);
– дербес компьютердің желісінің түрлі баспалдақтарына қарай
(электрондық сызбалар жұмысының стандартты параметрлерінің
өзгерісі, желілік ресурстардың қолданылу ережелерінің бұзылуы,
реестрді пайдалану ережелерінің өзгерісі т.б.);
– деструктивті мүмкіндіктеріне қарай;
– әрекет ету алгоритмінің ерекшеліктеріне қарай;
– компьютерге жұғу әдісіне қарай.
Әр қайсысын жеке қарастырайық. Әрекет ету аймағына байланысты компьютерлік
вирустар былайша бөлінеді:
▪ файлдық – жұмыс істейтін және әр түрлі форматтарда жазылған
файлдарды бүлдіретін компьютерлік вирустар. Қандай форматта
жазылған программаға байланысты, мұндай вирустарға ЕХЕ немесе
СОМ – вирустар болуы мүмкін;
▪ жүктемелік – дисктің жүктемелік секторын (ВООТ секторын)
немесе винчестердің жүйелік жүктегіші (Master Boot Record) бар
секторларды бүлдіретін компьютерлік вирустар;
▪ желілік – компьютердің желілері мен жүйелерінде таралатын
компьютерлік вирустар;
▪ макровирустар – Microsoft Office – тің файлдарын бүлдіретін
компьютерлік вирустар;
▪ Flash – вирустар – BIOS жадының FLASH микросхемаларын
бүлдіретін компьютерлік вирустар;
Компьютерге жұғу әдісіне қарай компьютерлік вирустарды мынадай екі түрге
бөлеміз:
▪ резиденттік вирустар (компьютер жадында тұрақты сақталатын
вирустар) – компьютердің жадында өзінің резиндеттік бөлігін
қалдыратын компьютерлік вирустар. Вирус жұққан программа іске
қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар
жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері
сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл
вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу
кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі
операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып
алынады да, оның қалай жұққанын адамдар білмей де қалады.
Сонымен қатар бұл вирустар операциялық жүйе жағынан вирус
әрекетіне қарсы бағытталған іс - әрекеттерді жүзеге асыртпауы
мүмкін. Бұл вирустар компьютер сөндірілгенше немесе компьютер
жүктелгенше әрекет етуі мүмкін.
▪ резиденттік емес вирустар - компьютердің жедел жадында
өзінің резиденттік бөліктерін қалдыра алмайтын компьютерлік
вирустар. Бұл вирустар келешекте көбейе алмайтын фрагменттер
қалдыра алады. Резидентік емес вирустар жедел жадқа тұрақты
жазыла алмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске
қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған
катологтан немесе РАТН командасында көрсетілген катологтардан
өзі ішінен байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды
тауып, оның ішінде кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде
соған зиянды әрекетін тигізеді.
Компьютерлік вирустар диструктивті мүмкіндіктеріне қарай төмендегідей
топтарға жіктеледі:
▪ зиянды емес вирустар – компьютердің қызметіне әсері болмайты
компьютерлік вирустар. Бұл вирустар компьютердің жедел жадын
немесе дисктің бос орындарын толтырып тастауы мүмкін.
▪ қауіпсіз вирустар - өздерін графикалық немесе дбыстық
құбылыстар секілді зиянды емес әрекеттермен көрсететін
компьютерлік вирустар.
▪ қауіпті вирустар – компьютердің қызметінде, желілер не
жүйелерде түрлі ақауларға әкелетін компьютерлік вирустар.
▪ өте қауіпті вирустар – ақпараттарды жоятын, программалар мен
жүйелердің қызмет ету қабілетін жоғалтатын компьютерлік
вирустар.
Мақсаттарына қарай компьютерлік вирустар мынадай төрт бөлікке бөлінеді:
▪ бейсауат (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
▪ шантаж жасаушы - мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері
жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын баяу әсер ететін
бомбалар.
▪ насихатшы - өзін көрсету мақсатында жасалған.
▪ мағынасыз - атынан – ақ түсінікті.
Компьютерлік вирустарды әрекет ету алгоритмі бойынша былай бөлуге болады:
▪ спутник – вирустар (companion) – бұлар ЕХЕ – файлдарды СОМ
файл құра отырып бүлдіретін компьютерлік вирустар. Сонымен
қатар, алдымен программаға вирус жабысқан СОМ – файл кіреді де,
содан соң ЕХЕ файлға көшеді. Бұндай жағдайда программа
өзгермейді.
▪ құрт вирустар (Worms) – компьютерлік желілерде таралатын
вирустар. Бұл вирустар компьютерге компьютерлік желілер арқылы
енеді, сосын басқа компьютерлердің адресін анықтайды да, олар өз
көшірмесін осы адрестерге жібіреді. Кейбір кезде бұлар
компьютерде уақытша файлдар қалдырып кетеді, бірақ вирустар
компьютердің ресурстарына тиіспеуі мүмкін. Сонымен бірге жүйелік
программалаушылардың информациялық- есептеу желілерінің бос
тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос
құрылғыларды тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды
шексіз циклге енгізіп, құрдан – құр жүргізіп қояды немесе
қажетсіз мәліметтерді баспаға шығарады.
▪ паразиттік вирустар (Parasitic) – дисктің құрамындағы
файлдарды немесе секторларды бүлдіретін барлық вирустар. Бұл
категориядағы вирустарға спутник – вирустар мен құрт вирустардан
басқа барлық вирустар жатады.
▪ стелс – вирустар (көрінбейтін вирустар, stealth) – DOS – тың
бүлінген файлдарға не секторларға бағытталған әрекеттеріне қарсы
және олардың орнына бүлінбеген бөліктерді ұсынатын компьютерлік
вирустар. Сонымен қатар бұл вирустар резинденттік антивирустарды
алдайтын алгоритмдер қолданылады.
▪ полиморфты (polymorphic) – тұрақты учаскелік коды
болмағандытан анықтауға қиындық туғызатын вирустар. Көптеген
жағдайда бұл вирустың екі үлгісі де бір – біріне сай келе
бермейді.
▪ макровирустар - текстік редактордың не электрондық кестенің
жүйесінде құралған макротілді қолданатын вирустар. Қазіргі кезде
Microsoft Word редакторының құжаттарын бүлдіре алатын
макровирустар көптеп таралған.
▪ логикалық бомбалар (баяу әсер ететін бомбалар) – қарапайым
программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір
шарттар (көрсетілген күн- ай мерзімінде немесе уақытта,
программа орындалуының белгілі кезіңінде) орындалғанда ғана әсер
ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп
программаларға жұғуға тырысады.
▪ троян аттары - қарапайым қолданбалы программаларға кіріп
алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны
оқып жария етеді, жедел жадтағы ақпараттарды басқа жіберуге
дайындайды) орындатады. Жасалу құрлымы мен көбею жолы оңай
болғандықтан, көбінесе компьютерлер желілерін жайлап алады.
Негізгілеріне тоқтала кетсек, вирус дискідегі кез келген файлды бүлдіре
алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі
көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда,
зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен көптеген программалар мәтіні мен
құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық
кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды
аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:
Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс- әрекет істейтін
кеңейтулері com және exe болып келген файлдар, сондай – ақ басқа
программаларға қажет кезінде қосылатын оверейлік файлдар. Файлдарды
зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар
өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең
қауіпті вирустарға резиндеттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын
әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егер олар AUTOEXEC. BAT
және CONFIG.SYS арқылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда
компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты
қайталап жүргізіп отырады.
Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет
жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын жүктегіш (загрузочная) немесе
Boot – вирустар деп аталады.
Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда,яғни операциялық
жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында
тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютерге дискеттердің
алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып
табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің
жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен
тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды.
Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңынан немесе мәліметтер
кластерлеріне жазылып қалады.
Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG. SYS файлының шеткері
құрылғылары көрсетілген Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар.
Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі.
Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек
болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына
( MS DOS. SYS және IO. SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін
болғанымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана
жұғады. Көбінесе бірден орындалатын файлдарға жұғатын вирустар жиі
кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп
айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек
кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.
Файлдық жүйені өзгертетін вирустар. Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері
– дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды
қысқаша DIR – вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің
белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды
да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлдың соңы ретінде
белгілейді.
Барлық СОМ және ЕХЕ типті файлдар үшін – каталогтағы файлдың алғашқы
мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс
көрсеткіш – таңбаланған түрде каталогтың пайдаланылмайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар сұрақ-жауап түрінде
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Модельдер құру технологиясы
Компьютердің қорғаныс қабілеттерін арттыру бағдарламаларын жетілдіру
Сандық және символдық ақпаратты компьютерлік модельдеу
Медицинадағы математика
Информатика пәні дәрістер кешені
Компьютерлік модельдеу түсінігі
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Информациялық жүйенің ұғымы
Пәндер