Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Себептері
2. Дамуы
3. Симптомдары
4. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер.
5. Өтуі.
6. Балау.
7. Емі.
8. Сақтандыру.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Азық қорыту жүйесінің құрылысы мен атқаратын қызметі өте құрделі. Ол, жүйелі түрде ұлпаларды, торшаларды энергиямен, қөректі заттармен үздіксіз қамтамасыз етіп тұрады. Осындай күрделі қызметті жүйені құрайтын көптеген ағзалардың атқаратын қызметтері, бір-біріне өте тығыз байланысты. Осы тығыз байланыстылықты бұзуға сырттай да іштейде әсер ететін себептер саналуан. Сондықтан да болар, бұл жүйе жиі зерттелінеді. Жұқпалы емес ішкі аурулардың ішіндегі ең басты орын алатын, өндірісте өте жиі кездесетін осы, азық қорыту ағзаларының аурулары.
Азық қорыту жүйесі ауруларынан шаруашылыққа келетін экономикалық зияндық өте көп. Аурудың салдарынан малдың көпшілігі шығынға ұшырайды, қондылығы төмендейді, өнімділігі нашарлайды, емдеуге де көптеген қаржылар жұмсалады.
Азық қорыту ағзалары ауруларының ішінен малды азықтандырғанда, бағып-күткенде және пайдаланғанда жіберілген әр түрлі кемшіліктердің әсерлерінен пайда болатын аурулар ерекше орын алады. Кемшіліктерге жататындар: рационның дұрыс құрылмауы, нашар даярлануы, азықтың бір түрінен екінші түріне тез көшірілуі, азықтандыру мезгілінің бұзылуы және аса тойғызып жіберу, бұзылған не құммен және басқа да бөтен заттармен ластанған азықтарды пайдалану. Азық қорыту ағзаларының қызметтерінің бұзылуы және органикалық өзгерістер өте төмен не жоғары температураның әсер етуінен, не оның күрт өзгеруінен, атмосфера қысымының төмендеуінен пайда болуы мүмкін. Азық қорыту ағзаларының ауруларын тудыратын себептердің ішіндегі жиі кездесетіндерінің бірі болып улы шөптерден, минералды улардан және саңырауқұлақтардан уланулар жатады.
Азық қорыту ағзаларының аурулары жүрек, бүйрек және басқа да ағзалардың дерттелуінен, сонымен қатар көптеген жұқпалы аурулардың салдарынан да пайда болады.
Азық қорыту жүйесі ағзаларын аурудан сақтауда, малды сапалы азықтандыру мен дұрыс пайдаланудың мағынасы өте зор.
Малдың әр түріне арнап рационын жасарда оның құрамында шырынды не ылғалды (сүрлем, пішендеме, тамыр жемістері, барда, сығынды т.т.), қатқыл және құрғақ (шөп, сабан, брикеттелінген және гранулаланған азық қоспасы, шөп ұны, құнарлы азықтар) азықтардың, сонымен қатар ас тұзынан, витаминді-минералды қоспалардың жеткілікті мөлшерде болуы есепке алынады. Азықты дайындағанда агротехникалық мерзімін қатан сақтайды.

Негізгі бөлім

Перитонит - іш астарының жедел және созылмалы қабынуы, өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметінің бұзылуы ағза ауруының жергілікті және жалпы белгілерімен бірге жүруі. Перитонит -- құрсақ қуысының қабырғаларын және ағзаларын астарлаған серозды қабат болып табылатын ішастардың қабынуы. Ішперде дегеніміз-мезотелиймен тысталған жұқа дәнекер тіні. Париеталды ішперде құрсақ құысының іш жағынан түгелдей жауып тұрады, ал висйералды ішперде құрсақ құысында орналасқан ағзаларды (асқазан, ащы ішек, тоқ ішек, ұйқы безі, бауыр, көкбауыр, қуық, жатыр, жатыр қосалқылары) тыстап тұрады. Оның негізгі қызметі-қорғаныштық функциясы. Ішастар бір-бірімен тығыз жанасқан полигональды формалы жалпақ клеткалар қабаты мезотелий деп аталады. Одан кейін базальды мембрана орналасады, беткей талшықты коллагенді қабат, келесі эластикалық тор және терең торлы коллагенді қабатпен бітеді. Ішастар терең торлы қабатта орналасқан лимфалық және қан тамырлық торлармен өте жақсы қамтамасыз етілген. Қан тамырлары нервті ганглилері бар көп мөлшерде нервті бағаналармен бірге жүреді. Ішастар жабынды, қорғаныштық, бөлініс, пластикалық, резорбциялық функцияларды атқарады. Ауыр іріңді перитониттерде егер қабыну ошағы жойылғаннан кейінде іш қуысындағы көп мөлшердегі ірің тарқатылып кетеді.

Себептері
Этиологиясындағы негізгі себебі - инфекция.
1.Микробты (бактериальды) перитонит: протей клебсиеллы, энтеробактер, акинетобактер, цитробактер; стафилококки, стрептококки; бактероиды, фузобактерии, вейлонеллы; клостридии, эубактерии, лактобациллы
2. Асептикалық (абактериальды, токсико-химиялық) перитонит - іш пердесіне зақымын тигізетін сұйықтықтар қан, өт, асқазан сөлі, ішкі ағзалардың асептикалық некрозы.
3. перитониттің ерекше түрлері - канцероматозды, паразитарлы, ревматоидты Гранулематозды (операция барысында іш астардың кебуі, хирургтың перчаткасындағы тальктың әсері, таңу жібі т.б.)
Перитониттің патогенезінің негізгі себебі кәдімгі бактериальді қабыну . Ішек таяқшалары (65%) және патогенді коктар (30%) іріңді перитониттің ең жиі кездесетін қоздырғышы болып саналады. Іш пердесіне сіңген бактериялар қан тамырларына өтіп интоксикация тудырады.

Дамуы
Құрсақ қуысынан бөлінген сұйық сипатына байланысты перитонит серозды, фибринозды, фибринозды - іріңді, іріңді, гемморагиялық, шірікті және жайылмалы және ошақты болады. Дамуы күрделі және біржақты емес. Ол инфекцияның шыққан жеріне, сипатына және микрофлоралардың вируленттілігіне (уыттылығына), патологиялық процестің іш пердеде таралуына байланысты болады.
Іш пердеге келіп түскен микрофлора негізгі белгілері бар қабыну туғызады: гиперемия, капиллярлардың өткізгіштігі артады, ісіну, эксудация жалпы қанға экзо-эндотоксиндер келіп түсіп, организмді жалпы уландырады. Іш пердеде ошақты қабыну ішектердің перистальтикасын төмендеткендіктен азық қорыту бұзылады.
Перитонит ауыр өткен жағдайда маңызды ағза мен жүйелердің қызметтері бұзылады (өкпе, өкпе - жүрек, бауыр - бүйрек әлсіздіктері, мес қарынның гипотониясы, атониясы және мес қарынның, ас қазанның, ішектің салдануы, организмнің иммундық қорғанысының төмендеуі).

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патологиялық анатомияға кіріспе
Патологиялық анатомияның дамуы
Патологиялық анатомияның тарихы
Құстардың аспергиллезінің шаруашылыққа тигізетін зияны
Жылқылардың инфекциялық анемиясының шаруашылыққа тигізетін зияны
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде жылқылардың жұқпалы анемиясының шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып-сою хаттамасын жүргізу
Алғашқы халықаралық номенклатураны құрушылар
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде құстардың сальмонеллезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Пәндер