Дәрілік өсімдіктермен емдеу әрі шипалы, әрі зиянсыз
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Әрі шипалы, әрі зиянсыз
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып
жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып
жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай
жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім.
Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам
өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12
түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы
заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат
қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын
дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-
оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе,
малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік
білген, оны-
мен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың
бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде
ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады.
Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы
Мыңжылқы құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала
жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз,
күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине,
әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық
кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс.
Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын
әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін,
қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал
есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар
аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп,
тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған
сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны кере-геге іліп
қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай
болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз
тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік
майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да
қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да
болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен
түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт
емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін су-лы
қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын,
хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді.
Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы
жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым
сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше
өсімдік екен.
Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан
дәрі-дәрмек жасағанда олар-дың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын
табиғи түйсікпен біліп, да-мытқан. Емшінің үйінен қы-сы-жазы кенекұнжұт,
түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот,
шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжапырақ,
жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп-тамырларды аса сақ-
тықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті.
Құнанбай қажы ауруынан емдеп жазуға ша-қыртқанында, Ырғызбай емші қоңыр
аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік
мүйіздерінен жасаған дәріле-рін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін
мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай қажының өт жолының да
бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш
түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны
жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап
дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкіздіртіп,
қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Құнанбай қа-жының
өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға қосады. Содан
Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:
... Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді,
Құнекеңе шипалы ем тауып еді.
Ажалдан Құнанбайды
алып қалды,
Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді...
Құнекең сыйға тартқан сол биені,
Сусынға неше жылдай сауып еді.
Емші өсімдіктер тарихынан
Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зы-ғыр, лотос, көкнәр,
жалбыз, тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық қасиетін ежелден біліп,
пайдаланған.
Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққаны мәлім. Мұнан 4 мың
жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктерді халық емінде қолданғаны
жө-нінде деректер бар.
Ал енді Қытайда дәрілік өсімдіктер жөніндегі алғашқы кітап мұнан 5 мың жыл
бұрын жазылыпты.
Орта ғасыр ғалымы Пара-цельстің ерте заманнан келе жатқан ілімге сүйеніп
айт-қан тұжырымдамасы: Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі
аурудың сипатына сай келуге тиіс. Яғни, сарғайып ауырғандарды сары түсті
өсім-дікпен, бүйрегі ауыратындарды жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу
қажет.
Қазақтардың қылшадан дәрі жасауын басшылыққа алып П.С. Моссагетов 1924 жылы
Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалық қасиетін ашты.
Дәрілік өсімдіктер
Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік
шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып,
сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды.
Алтын тамырдың құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын
арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің
ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса,
кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.
Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен
гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның
құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дә-рігерлік
тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын
емдейді.
Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-
жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі
(қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде
арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі
ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл
шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz