ДҮНИЕ СӨЗДЕН БАСТАЛАДЫ



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ДҮНИЕ СӨЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Мұхтар Әуезовтің бар ғұмыры ғасырлар қойнауынан жеткен қара сөз бен
өлең сөздің құпия қатпарларын зерттеп, танып, көкеймен қабылдап, оның туған
этносына ғана ерекше сұлу, сырлы, терең көрінетін жұмбақ қасиетіне қасиет
қосып, құнарлы тілдің тұқымын егіп, жемісін сан ұрпаққа мәдени мұра етіп
қалдырумен өтті. Сөзді сүюі өмірдің өзін сүюмен бірдей еді. Шынымен де, сөз
– таңбалық белгі ғана емес, тіршілік символы. Біз білетін Сөз болмаса,
роботқа айналамыз. Тәңірі жаратқан табиғи қалыптан айрылудың не жақсылығы
бар.

Ұлттар тағдыры сынға түскен қазіргі техногенді, постиндустриалды
заманда көркем тіл туралы мәселенің көтерілуі – маңызды қадам.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті М.Әуезов шығармалары, М.Әуезов тілінің
әсемдігін, ішкі қуатын әрдайым әспеттеді. Ол үрдістің кері шегінуі әдеби
дамудағы ілгерілеу болып табылмасына сенімдіміз.

Ұлы суреткер алғашқы туындыларының өзімен-ақ бүкіл тіршілігі сөз
бағып, сөз өсірумен келе жатқан дала тұрғындарының дара менталитетін дәл
аңдап, айтар ойына алтын айдар тағуды машық қылды. Текшенің бауырында
атты әңгімесінде мынадай жолдар бар: Біз жағалап келе жатқан жіңішке өзен
кейде жағасы ұсақ тоғайлы болып, кейде қалың шалғынды болып, иіріліп,
көлденең таудың ішін жарып өтуші еді. Соның жағасындағы жалғыз аяқ жолмен
бірде шұбырып, бірде қатар жүріп келе жаттық. Жанымызда жіңішке өзен сылдыр
қағып, жас жыланша сумаңдап, нәзік тілмен бір нәрсені былдырлап айтқандай
болып, еріп келе жатты. Кей жерде суы кеңейіп, алаңға шығып, ай сәулесімен
ақ беті жарқырап күлгендей болады. Кей жерде күлкілі жүзі өзгеріп, қоңырқай
тартады (Әуезов М.Шығар­маларының елу томдық толық жинағы. 2-т. – Алматы:
Ғылым, 1998. – 147-б.).

Шығарманың тұтас контексінде алып қарасақ, бұл үзіндінің
нейросемантикалық ыңғайда өз заңдылығы бар екені анық. Этномәдени
құндылықтарға бай туындыда қазақ тұрмысындағы кек қуу, барымта, серілік
тәрізді құптауға да, сынауға да лайық негізгі оқиғалар әңгіме ішіндегі
әңгіме түрінде берілген. Жоғарыдағы мәтінде оған дейінгі автор мен кейіпкер
және кейіпкер-баяндаушы субъектілерінің тығыз араласымы арқылы төңірек
сипаты мен табиғат нысанының мекеншақтық бітімі суреттеледі. Ландшафт
кескінін жеткізуде көзаула кеңдігі мен нақтылығы, жады назарының ширақтығы
байқалады. Өзен мен жас қаһарман жанындағы психологиялық сыңарластық дүние
сырын тануға, қызықтауға құштар сергек жүрек соғысын бедерлейді. Ең басты
құбылту тәсілдері: метафора мен кейіптеу. Таңбаның денотаты бір болғанмен,
ол, яғни өзен әр алуан маңызға ие болады. Мәселен, жіңішке өзен жас
жылан мен нәрестенің тәтті тілін елестететін сәттерде, екі алуан
концептілердің мағыналық қақтығысынан семиозис аясы өсіп, лексикалық,
эмоционалдық драматизм өрістейді. Философиялық мәтін деңгейінде М.Әуезовтің
ырықсыздық сана ағымы бойынша, іліктестік (ассоциативті) түрде түзілім
табатын ой болмысы, қабылдаушы (реципиент) қаласа да, қаламаса да,
жаратылыс иелерінің жаппай теңдестігін мойындауға саятын сарабдал пікір
ұсынуға даярлығын түсінесіз. Бірақ бұл интутитивті үдеріс бетке қалқып
шықса, мәтін көркемдік қасиетінен айрылар еді. Көп жағдайда шығарма үшін
логика айқындығынан психология бұралаңдары әсерлі.

Жылан концептін М.Әуезов Қаралы сұлуда нәпсіқұмарлығын амалы
таусыла айыптау сарынында қолданған. Текшенің бауырында да осы зооморфтық
атау алдағы фабула желісінде таңбаланатын эротикалық нышандағы жағдаятты,
жастық желігін тұспалдау есебінде жетекші символикалық қызмет атқарады.
Өзеннің ажарлы сәнін өрнектейтін сәби дағдысы болашақ көріністерде
түйінделетін халықтық ұғым – көңіл мен тәннің пәктігін дәріптеу идеясымен
ұласым табады. Бұл үзіндідегі таңбалық маңыздың коннотативтік сипаты басым.
Нақты мәтін аясынан тыс мән таңбаланушы, яғни өзеннің тоқтаусыз өзгеріс
үстіндегі өмір символына айналу мүмкіндігін сезінумен тамырлас.

Ал осы әңгіме телімінің көркемдік-эстетикалық қуатын арттырып тұрған –
эпитет, теңеу, метафора, кейіптеу амалдарының өзара әсерлесу үстінде табиғи
және рухани, психофизиологиялық құбылыстарды мейлінше шынайылықпен
кестелейтін зергер тіл мен суреткерге ғана тән жан дүние болмысы.

Ендігі келтіретін үзіндіні талдап жату артық. Ол Абай жолынан
алынады: Ысқақ ауылында бай үйіне алғаш кірген түйеші Жұмыр еді. Аяғында
сырма киіз етік, басында талай жылғы тозығы жеткен, сыбағысқан ескі сеңсең
тымақ. Жыртық шапанының жеңі, жұртта бір жыл жатқан қу шүберек тәрізді.
Белін құрым баудың үзіндісімен буыпты. Осы үзік бау - жоқшылықтың дарына
асылып, содан үзіліп түсіп киілген шала өлікті танытқандай (Әуезов
М.Жиырма томдық шығармалар жинағы. 5-т. – Алматы: Жазушы, 1979. – 167-б.).
Бұл – Мұхтар Әуезовтен басқа ешкімде, еш жерде кездеспейтін, ешқашан
қайталанбайтын ауыр да, күн астындағы Күнікейдей сұлу да сурет.

Бүгінгі күннің тірлік-тынысы күрделі өзгерістерге түскенмен, қара сөз
дәстүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлар лингвистикасы
Шешендік өнер туралы
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Мәтін талдау сабағында сын тұрғысынан ойлау мен жазу әдісін пайдалану жолдары
Шешендік өнердің халықтық сипаты
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысы
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Сөз құрамы
«Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда көмекші мектептің 5-7 қазақ сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының жағдайын анықтау
Пәндер