АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сұлтанәлі Балғабаев
жазушы-драматург,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
төрағасының орынбасары

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар
өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін
отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі
қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық
аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де,
Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар.
Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз
мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ
болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия
құрып саяси жолмен жүргізді.
Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет қағазға
түскен қаулы-шешім негізінде бекітілген үкімет құрды. Мемлекетті басқару,
қазақ елін дамытып-өркендету жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі
жоспар-бағдарлама жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен
үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір жүйеге
түсіріліп, ретке келтірілген жоспар-бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни,
Алаш қайраткерлері осыдан сексен-тоқсан жыл бұрын қазақ халқы толық
тәуелсіздік алған жағдайда елді қалай басқарып, қайтіп дамыту керек, ішкі-
сыртқы саясатты қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші мемлекеттермен қандай
қарым-қатынаста болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты көрсетіп, белгілеп
берген болатын. Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің осы айтып, жазып
кеткен бағдарлама-жоспарларын біз әлі күнге жете оқып, зерттеп, оны қазіргі
заманға ойдағыдай пайдалана алмай жүрміз. Тіпті, басқаларды қойғанда,
саясатпен айналысып, ұлт үшін қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың да
бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті
өмірге қолданып жүр деп айту қиын.
Болашақта Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен ой-идеяларын бүгінгі
күнге практикалық тұрғыдан тиімді пайдаланудың жолдары мен жаңа
мүмкіндіктерін ойластырғанымыз жөн. Мысалы, мен өз басым сонау тоқсаныншы
жылдардың басында белгілі қазақ тарихшылары Әбу Тәкенов пен Мәмбет
Қойгелдиев дайындаған Мұстафа Шоқайдың 1917 жыл естеліктерінен атты
кітабы Ыстамбул қаласына апарып, баспадан шығарып әкелдім. Бұл еңбекте
Мұстафа Шоқай Қазақстан ерте ме, кеш пе әйтеуір тәуелсіздік алатынына кәміл
сенген және тәуелсіздік алған жағдайда Қазақстан не істеу керек, қандай
саясат жүргізу қажет дегенді жан-жақты талдап, атап көрсетіп берген. Тағы
бір таңқаларлығы, Мұстафа Шоқайдың сол заманда айтып кеткендері мен енді
ғана тәуелсіздік алған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жүргізіп отырған
саясаты мен ұстанымдары бір-біріне өте жақын, ұқсас еді. Мысалы Мұстафа
Шоқай Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қандай қарым-қатынаста
болу керек; Қазақстандағы орыстар және басқа да ұлт өкілдері жөнінде
қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға таңба басқандай етіп көрсеткен.
Ал Мұстафа Шоқайдың сол айтқандары Қазақстанда қазір айна-қатесіз толығымен
жүзеге асып отыр. Тіл мәселесі туралы да осыны айтуға болады.
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде елімізде қазақ тіліне байланысты
үлкенді-кішілі іс-шаралар жүзеге асырылды. Көп мәселе айтылып та, жазылып
та жатыр. Міне осылардың басым көпшілігі біз ойлап тапқан жаңалықтар емес.
Мұның бәрі – кезінде Алаш қайраткерлері ойлап, жоба-жоспарын жасап, бірақ
жүзеге асыра алмай кеткен мәселелер. Соған орай, біз бұл салада үлкен
жаңалық ойлап табамыз деп шаршап-шалдықпай-ақ, сол Алаш қайраткерлерінің
көрсетіп берген бағыт-бағдарламасымен жұмыс істесек, тіл саласында көп
мәселе қазіргіден әлдеқайда тез, әлдеқайда жемісті шешілер еді.
Осыған орай мына мәселені де ашып айта кеткеніміз жөн. Бүгінгі таңда
тіл мәселесіне келгенде екі түрлі пікір бар. Оның біріншісі – тәуелсіздік
алғаннан кейін тіл мәселесі жақсы шешілуде, бұған үлкен мөлшерде қаржы
бөлініп, басқа да іс-шаралар қолға алынуда, соған орай қазақ тілінің
болашағы жөнінде алаңдайтын ештеңе жоқ дегенге саяды. Екіншісі, қазақ
халқының алпыс пайызы өз ана тілін білмейді, сондықтан қазақ тілінің
жағдайы барынша мүшкіл, ол құруға айналған дегенге тіреледі.
Осы екі пікірдің қайыссы дұрыс?!. Бірден ашып айтайын, мен өз басым
қазақ тілі құрып кетеді дегенге ешқашан сенбеймін. Рас, қазақ тілінің
басына қатер төніп, қазақ халқының ұлт ретінде жойылып кету қаупіне
ұшырағаны жасырын емес. Мұндай қауіп өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші
жылдарында болған. Мен кезінде сол туралы Қызыл кітапқа кіретін халық
деген циклді мақалалар жазып, оларды Қазақ әдебиеті газетіне, басқа да
басылымдарға жарияладым. Бірақ сол кезде осы дұрыс екен деген бір адамды
көрмеп едім. Тіпті, қазіргі тіл жанашырларының басым көпшілігі де ол
мақалаларды оқымаған болулары керек. Әрине, мен ол кезде мұндай
мәселелерді керемет ұлтжанды қайраткер, төтенше тіл жанашыры болғандықтан
жаздым деп мақтана алмаймын. Мен тек көзіммен көргендерімді, сезініп-
түйсінгендерімді ғана қағазға түсірдім. Дәлірек айтқанда, мұндай мәселерді
жазуға менің күнделікті жұмысым, істеген қызметім себепкер болды.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басынан бастап журналист болып,
түрлі басылымдарда қызмет атқардым. Міне, сол кезде жыл сайын күзде біз
газет-журналдарға жазылу науқанын жүргізу үшін түрлі облыстарға іссапармен
шығып, жұртшылықпен кездесу өткізетінбіз. Сондағы жағдайларды есіме
түсірсем, әлі күнге жүрегім ауырады. Өйткені ол кезде халықтың, әсіресе
орталық, солтүстік және шығыс облыстардағы қазақтардың өз ана тілінен
жаппай безінгенін аяқ аттап басқан сайын көретін едік. Тіпті кілең қазақ
отырған ауылдар да қазақ мектептерін жауып тастаған. Ау, ағайындар,
бұларыңыз қалай, балаларыңызды неге өз ана тілінде оқытпайсыздар?! десек
бәрі бізге бәле көргендей үдірейе қарайтын. Тіпті, Ойбай-ау, мыналар бізге
дұшпан болып шықты ғой, балаларымыз қазақша оқып, сосын кейін нан тауып жей
алмай қор болып далада қалсын деп тұр ғой мыналар дегенді мен
қазақтардың аузынан өз құлағыммен бір емес, талай рет естігенмін. Ал қазір
сол қазақтар қазақ тілі туралы айтсаң риза болып, қол шапалақтап,
төбелеріне көтереді. Жасыратыны жоқ, біз сол қиын кездерде қазақ өз ана
тілін, дінін, рухани құндылықтарын әспеттейтін халыққа айналса екен деп
армандадық. Қазір біздің сол армандарымыздың көпшілігі орындалды. Бүгінде
қазақ халқының өзіне тән ұлттық салт-санасы, мәдениеті, әдебиеті бар екенін
әлем елдері мойындай бастады. Ұлттың ұлт ретіндегі бедері сақталып қалды.
Әрине, қазақтың ұшан-теңіз проблемасы бар. Оны мойындау керек. Бұл
жерде менің айтарым, қазақтың мұңын, уайымын сөз етерде алдымен нақты
мәліметтерге, заңға сүйеніп сөйлеген жөн. Бізде, керісінше, қызыл сөзге иек
артып, тіл мен жаққа сүйеніп қазақ құрып барады, қазақ рухани тазалықтан
ада деген ешқандай мәліметсіз, дәйексіз жылаңқы пікірлерге жиі бой
алдыратындар жетіп-артылады. Мысалы, қазір қазақтың 60 пайызы өз тілінде
сөйлей алмайды деген мәлімет айтылып жүр. Бұл қайдан шыққан дерек сонда?!
Бұған айқын дәлел қайда? Менің өз басым мұндай дерекке өте күмәнмен
қараймын. Жалпы, мұндай мәліметті айту үшін нақты статистикалық
мәліметтерге сүйенген жөн. Мысалы, ең болмаса, әр облыста қанша қазақ бар,
олардың балаларының қаншасы қазақ мектебінде, қаншасы орыс мектебінде оқиды
деген сияқты мәселелерді зерттеп біліп алғанымыз дұрыс емес пе? Бірақ
мұндай нақты мәліметтер ешқандай жерде айтылмайды. Осыған орай бір мысал
айтайын. Алматыдан шығып, пойызбен сонау Ақтөбеге, оның ар жағындағы Орал
мен Атырауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаштың аруағы
Алаш жолы
Алаштың жолы
Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты
Ақпан төңкерісі
Алаш жайлы
ТОРҒАЙДАН ШЫҚҚАН ЗИЯЛЫЛАР
Алаш қозғалысы және оның Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі жайлы
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
Алаш партиясының саяси көзқарасы
Пәндер