Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы туралы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   


Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы

Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) – қазақтың ұлы
ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы,
суретші.
Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде)
дүниеге келген. Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің
хандары болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс
Уәлихановтың Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім
алған. Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және
хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды,
арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгерді. Халық мұрасын жинауды қолға алған
әкесіне көмектесе жүріп, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Едіге жырларының
нұсқаларын жазып алуға қатысты.

1847 жылы күзде әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға
орналастырады. Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі,
қазақ, араб, парсы тілдерін білетін шығыстанушы Н.Костылецкий, өркениет
тарихы пәнінен сабақ берген айдаудағы поляк оқымыстысы Г.Гонсевский,
тарихшы А.Сулоцкий, географ Е.Старков секілді білімдар тұлғалар елеулі
ықпал еткен. 14-15 жасар Уәлихановқа мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші
ретінде қараған. Сирек кездесетін көне кітаптарды алып оқуға корпус
басшылары тарапынан рұқсат берілгендіктен, ол Жайық, Еділ, Каспий алабын,
Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П.Палластың Саяхатын, Еділ,
Каспий, Орал өңірі тарихы мен этнографиясын жазған П.Рычковтың күнделік
жазбалары мен кітаптарының қазақ даласына арналған беттерін қызыға оқып,
өзі де жазуға талаптанды. Қазан университетінің профессоры И.Березиннің
тапсырмасы бойынша Уәлиханов Тоқтамыстың Хан жарлықтарына және Қыдырғали
Жалайыридың Жамиғ ат-Тауарих атты шығармаларына талдау жасады.

Кадет корпусын бітіргеннен кейін Дербес Сібір корпусының штабында
қалдырылып, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы
Г.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Оған ерекше тапсырмаларды
орындайтын офицер міндеті жүктеледі. Бұл қызметте ол бюрократтық
аппараттың, Дюгамель, Фридрихс, Кройерус, Кури сияқты шенеуніктер мен патша
өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көріп, оларға
қарсылығын білдіріп отырған. Шоқан кейінен бұл туралы достары
Ф.Достоевский, А.Майков, В.Курочкин, К.Гутковскийге жазған хаттарында ашып
айтады.

1855 жылы ол генерал-губернатор Гасфортпен бірге Жетісуға келіп
қайтады. Осы сапарда ол қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен
этнографиясына қатысты материалдар жинап қайтады. 1856 жылы Ұлы жүздің
приставы М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедиция құрамында
Ыстықкөл алабын картаға түсіру, қырғыз елін зерттеу жұмыстарына қатысады.
Сол аймақтың фаунасы мен флорасын зерттейді. Қираған көне қалалардың
орнына, эпиграфиялар мен тас мүсіндерге назар аударады. Қырғыздардың бұғы,
сарыбағыш, солты руларының арасында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең,
жыр, аңыз-әңгімелерін, соның ішіңде Манас жырын жазып алады. Сол жылдың
тамызында Қытаймен арадағы сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Ресейдің
өкілі болып баруға тиісті полковник Перемышельскийдің орнына Құлжаға барып,
Қытай мен Ресей арасындағы шекара дауын шешуге атсалысады. Уәлихановтың
Құлжа сапарынан кейін Ресей мен Қытай арасында Тарбағатай келісімін
жасаудың негізі қаланып, Құлжа мен Шәуешекте орыс консулдығы ашылған.
Құлжада 3 айдай болған Уәлиханов күзде Омбыға оралады. Қашқариядағы
мұсылмандар көтерілісін, Құлжа, Ақсу маңындағы елдің маньчжур әулеті
билеушілеріне наразылығын бақылау үшін 1857 жылы қайтадан Ыстықкөл
қырғыздарына жіберіледі. 1856-1857 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылыми
нәтижелері Уәлихановтың Ыстықкөл сапарының күнделігі, Қытай империясының
батыс провинциясы мен Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар атты
еңбектерінде баяндалған. Осы сапарларында Уәлиханов қырғыз тарихының
мәселелеріне, әсіресе, қырғыздардың Енисей алабын, Памир, Алтай тауларын
бір мезгілде қалайша мекендегеніне ой жіберген. Саян – Тянь-Шань аралығы
қырғыздардың көші-қон мекені болғаны жайлы ғылыми мәселені қолға алған. 17-
18 ғасырлардың жазба деректерін сүзуге кіріскен Уәлиханов 1856 жылдың қысын
Батыс Сібір облыстарының мұрағатын ақтарумен, Алтынхан, Жоңғар заманының
құжаттарын іздеумен өткізген. Сөйтіп, Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп
жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды тұрғыны екенін тарихта тұңғыш рет
анықтаған. Сол көне заманда қырғыздар Енисей алабымен тығыз байланысты
болғанын, Енисей мен Алтай, Жоңғар даласы, Тянь-Шань - бәрі біртұтас
географиялық аймақ болып тұрғанын дәлелдеген. Қырғыздар жөніндегі шығыс
жазба деректерін де зерттеген. Алтай мен Тянь-Шань арасында 17 ғасырда
Ойрат (Жоңғар) мемлекеті пайда болғанда ғана қырғыздардың Енисеймен
байланысы тоқталғанын анықтаған. Бұл зерттеуінде Уәлиханов қырғыздың көне
тарихы туралы еңбек жазған географ К.Риттердің, А.Гумбольдтың, шығысты
зерттеуші Шотт пен Клапроттың пікірлерін сынға алған. Уәлихановтың тарих,
география саласындағы еңбегінің даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 1857
жылы ақпанның 27-інде 20-дан жаңадан асқан Шоқан Орыс география қоғамына
толық мүшелігіне сайланады.

1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Уәлихановтың ғылым, ағартушылық
саласындағы шығармаларының жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол
ашты. 13 ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан 1603 жылы саяхатшы Гоес
қана болған Қашқарияның географиясы, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-
салтының ерекшелігі туралы үш жарым ғасыр бойы Еуропа ғылымында елеулі
мәлімет болмаған. Еуропалықтарға жабық болып есептелетін Қашқария билеушісі
Уәлихан-төре Шоқаннан бір жыл бұрын Үндістан арқылы барған немістің белгілі
географы Адольф Шлагинтвейттің басын кескен еді. Экспедицияны Қашқарияға
жіберу туралы шешімге 1857 жылы тамыздың 22-інде Александр II қол қойған.
Соғыс министрі Сухозанеттің тапсыруымен экспедицияны ұйымдастырған Гасфорт
Айрықша Сібір корпусында Уәлихановтан басқа офицердің экспедицияны басқара
алмайтындығын ескеркен. Сөйтіп, Жетісуда жүрген Уәлиханов экспедицияға
аттануға тиісті Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас ауылына 1858 жылы
маусымның 28-інде келіп, Семейде жабдықталған арнаулы керуенге қосылады.
Қыркүйектің 19-ында керуен Зауқы өзеніне жетіп, Сырт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Манас жыры
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқанның табиғатты зерттеуі
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ ((Шоқан Уалиханов туралы, 1835-1865 жж. )
Пәндер