КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР
КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ Шылаулардың қалыптасуЫ жӘне ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР
Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер
тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып
қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан
бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды –
көпті пікірлерімен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы
зерттеулердің бірі болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір
пікір көзқарастары қазіргі түркі тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе
бермейді. Себебі негізгі міндеті мен мақсаты белгілі бір сөз табын жан-
жақты зерттеп, оған ғылыми тұрғыдан болжамдар мен дәлелдемелер жазып,
елеулі еңбектер қалдыру емес. Мұнда тіл білімі саласындағы қайшылықтар мен
басы ашылмаған мәселелерді реттеу, қандай да бір халықтың тіл
ерекшеліктерін айқындау, тілдік жүйесін бір ізге келтіру сияқты көпшілікке
танымал грамматикалық оқулықтар жасау десек артық не кем айтқандық бола
қоймас. Мәселен, И.Гиганов Грамматика татарского языка, М.Казем –Бек
Общая грамматика турецко-татарского языка, Алтай тілдері грамматикасы,
П.Мелиоранский Краткая грамматика казак-киркизского языка, М.Терентьев
Грамматика турецкого, персидского, киргизского и узбекского языка деген
еңбектерде әрбір жеке сөз табын көбінесе ғылыми жағынан гөрі, жалпы
сипаттамалық тұрғыдан қарастырған. Жалпы жоғарыда көрсетілген грамматикалық
оқулықтарда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер
жайлы жекелей тарау болмағаныме.н, олардың табиғатына қатысты деректер жоқ
деуден аулақпыз.
Қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған тілші ғалым
А. Байтұрсынов сөзімен айтқанда Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын
аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін түйгенінше
айтуға жарау [1]. Ендеше, тілдің маңызды міндеттерін атқару үшін халықтың
өзіндік рухани тәжірибесінен туындайтын жетістіктер мен тарихи атамұра
жазба ескерткіштер тілін жан-жақты зерттеу қажет.Олай болса Орхон-Енисей
жазба ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып қана қоймай, оны
әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі. А. Саади қазақ тіліне қатысты
ойын : Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай бұрынғы қалпында
сақталып қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын
ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек деп бағалайды [2,б.18]. Осындай
таза да бай тіліміздің бойындағы қасиеттері қаншалықты шұрайлы екендігін
көрсету үшін тілдің тарихына жүгінеміз.Тілдің әрбір тарихи кезеңіндегі
күйін білдіретін жазба материалдар тіл тарихының шежіресі және негізгісі
болып саналады. Мәселен қазіргі қазақ тіліндегі бір шама шылау сөздердің
архетиптері Орхон –Енисей жазба ескерткіштер тілінде кездеседі. Бұндағы
айғақ – қазақтың ана тілі өзімен бірге туып, бірге өсіп, дамып келеді деген
сөз. Жалпы зерттеу барысында қазіргі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген
кейбір шылаулардың тарихи таным өрісі кеңейген сайын бағзы бір күрделі
немесе көмескі мәселеле рдің басы ашылып, толығып, өзіндік тілдік жүйеге
еніп, меңгеріліп отырылады. Ендігі кезде, әсіресе көне мұралардың тілін
зерттегенде әрі тарт, бері тартқа салмай, өзінің қалпында, мұртын бұзбай,
мызғытпай зерттеу керек.Олар қазіргі заман мамандарының өзіндік ой-
эксперименттері үшін жазылған емес деген орынды ескертпеге де үн қосуысыз
қажет [3,б.30]. Зерттеу нысанын тілдің теориялық тұжырымдарымен негіздеу
үшін де оларды құрылыс материалы есебінде қарамай, дайын тілдік құрал
ретінде алып қарастыру ғылым теориясы принциптерінің бірі екендігін ескере
кеткен жөн. Өз алдына бөлек категория болып қалыптаса бастаған көне түркі
руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің лексика –
грамматикалық сипатын қазіргі қазақ тіл білімі даму дәрежесіндегі теориялық
негіздермен тарзылаған уақытта, оның принциптік маңызы мен кумулятивтік
қасиеті арта түспекші. Бұл ескертпелерді ескере отырып, атамұра жазба
ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің лексика-грамматикалық сипаттын
қарастыру зерттеудің басты принципі болса, қазіргі қазақ тіліндегі шылаудың
сөз табылық дәрежесімен салыстырып, қаншалықты ұқсас - ерекшеліктері бар
екендігін айқындау – зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты. Бұл тек қана қазақ
тіл тарихын танудағы мәселе емес, жекелеген түркі тілдеріне де ортақ нәрсе.
Негізінен шылаулар категориялық болмыс ретінде түп қазығы (ауызекі сөйлеу
тілін есептемегенде ) көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен
бастап қалыптасты десек артық айтқандық болмас. Мұны Орхон-Енисей, Талас
жазба ескерткіштер тілінде қолданылған шылау сөздер құптай түсері хақ. Осы
уақытқа дейін түбірінің мағынасын, жұрнағының және жалғауының қайсысы
екенін айыра алмай келсек, енді оларды зерттеп, ғылыми баға беруді уақыттың
өзі талап етіп отыр.
Шылаулардың дербес сөз табы болып қалыптасуына байланысты айтылған
пікірлерге келетін болсақ, жалпы тіл білімі саласындағы көптеген
лингвистикалық түсініктер тәрізді сөз табы туралы ұғым өзінің шығу төркінін
көне антикалық дәуірден бастайды. Сөз табы жөніндегі алғашқы түсінік біздің
дәуірге дейінгі 4 ғасыр шамасында есім сөздер мен етістіктерге қатысты
қалыптасқан деген пікір бар [4,б.170]. С.Мұхтаров : Үнділердің ұзақ
мерзімдік тіл туралы толғамдарының нәтижесі біздің эрамызға дейінгі 4
ғасырда өмір сүрген Панинидің еңбегінде толық көрініс тапты.Ол еңбегінде
санскриттің толық жүйесін бере отырып, алғаш рет сөз таптарын ажыратты.
Кейінгі үнді ойшылдары Яска, Вапаруди, Катяанна, Патандыжалилер Панини
салған ізбен жүрді. Бұлар тілдегі сөздерді негізінен төрт сөз табына
ажыратты: есім (naman), етістік(akhyata), сөз алдына қойылатын көмекші
сөздер (предлог - unasarga) және демеулік (частица – nipata ) деп
шылаулардың алғаш сөз табы болғандығынан түсінік береді [5,б.6]. Мұны Б.
Базылханның алтайлық тектілердің дәуірлік долбарымен топшыласақ, күрделі
сөз дәуірінде абстракт сөздер қалыптаса бастаған дегенімен тұспа-тұс
келеді[6,б.11].Ал М.Оразовтың қазақ тілінің такрихи даму жолын үш дәуірге
бөлгенімен есептесек, соның біріншісі тарихқа дейінгі дәуірмен немесе
Н.А.Баскаковтың Алтай дәуірімен сәйкеседі [7,б.35]. Шылау сөз табы- даму
барысында көптеген ғасырлар бойғы тілдік процестерді басынан кешірген
туында тарихи категория . Олай дейтін себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі
кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда,
сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге
сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді. Осындай түбір мен
қосымшаның жымдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар
қалыптасқан. Тарихи шығу төркіні жағынан алып қарағанда, шылау сөздердің
бәрі дерлік атауыш сөздерден, демек әуелдегі дербес мағыналы есімдерден,
етістік формаларынан шыққан. Бұл процесс тілдің белгілі бір даму тарихында
кейбір есім,етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте
қолданыста солғындап, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының
нәтижесінде қалыптасады. Жалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр,
қазіргі түркі тілдеріне тін негізгі ортақтық – етістіктің көсемше формалары
мен есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан
барып, біртіндеп тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз
табының құрамына енген. Бұл сөз табы ретінде түркі тілдерінде басқа сөз
таптарынан кенже қалыптасқан. Олардың сөздік құрамы мен грамматикалық
құрылысы тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында әр түрлі
өзгерістерге ұшырап отырған. Бұдан жалпы сөз таптарының бірден пайда
болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығын шылаулардың
сөз табы ретінде қалыптасуынан – ақ айқын көруге болады. Осылайша дамудың,
қалыптасудың барысында сөздердің топтары сараланып, грамматикалық тұрғыдан
сөз таптарына бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялық
мағынаға ие. Себебі тіл - тілдегі әрбір сөздің белгілі бір мағынасы мен
атауы болады. Сөздердің лексика – грамматикалық топтары бір – бірінен жалпы
категориялық мағынасы мен белгілері жағынан ажыратылады. Шылау сөздердің
лексикалық мағынасынан гөрі, грамматикалық мағынасы басым болатындығы тіл
ғылымында айтылған пікір. Олар тек тіл-тілде алуан түрлі грамматикалық
мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде қолданылады.Бұл- оның басқа сөз
таптарынан ерекшелінетін басты қасиет.Екінші бір қасиеті көмекші сөздер
қатарына шылау сөздерден басқа көмекші есім, көмекші етістік және бейтарап
сөздер жатады.Бірақ солардың ішінен жалпы категориялық мағынаны иеленген
лексемелер тек шылау сөздер ғана.Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер
тіліндегі шылауларды туыстас түркі тілдердегі шылулармен салыстырып
қарағанда, оның ішінде тең жартысының астамы қазақ тілімен сәйкес
келетіндігі байқалады.Кейбір аздаған фонетикалық ерекшеліктері болмаса,
лексика- грамматикалық сипаты жағынан сабақтасады.
Қазақ әдеби тілін зерттеуші ғалымдар Ғ.Мұсабаев әдеби тіліміздің
тарихын 2- ғасырдан бастауымыз керек деп дәлелдейді.[8,б.14].Қалай дегенмен
де қазақ тілі тарихының тамыры ежелгі дәуірде жатқандығын аңғартады.Көне
түркі руникалық жазбалардағы шылау сөздер саны жиырма шақты. Соның тең
жартысы лексика - грамматикалық жағынан еш өзгеріссіз қазіргі қазақ тілінде
қолданылып жүр.
Шылаулану үрдісі- транспозиция тәсілі арқылы жүзеге асады.Ол ұзақ
жылдар бойы сұрыпталып, лексика- грамматикалық және қолданылу аясы жағынан
әбден өрістеп, ерекшеленіп қалыптасады. Олардың бастапқы лексикалық
мағыналары көмескеленіп өздеріне тән дербестіктерінен айырылып, көмекші
сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Сол
себепті шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан
әлдеқайда басым түсіп отырады.
Сонымен тіліміздегі сөз қазынамыз да бар біраз сөздер өзінің
лексикалық мағынасынан гөрі граммитикалық мағынасынан басым болып сөз бен
сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру және қосымша
мағына үстеу үшін жұмсалады.Осындай грамматикалық амал ретінде қызмет
атқаратын лексемелер тобы түркі тілдеріне ортақ мұра руникалық жазба
ескерткіштер тілінде категориялық мағынаны иеленетін шылау сөздер негізін
қалаған.Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында жалпы ұғым
категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдар болды.Кейбір
ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады.Ф.Буслаев, П.Давыдов,
А.Потебня шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен
ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына
байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді.Шылауды жеке сөз табы
ретінде қарау керек деген критерии А.Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске
асты деп қырғыз ғалымы А.Т.Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен
болатын [9,б.192].
Жалпы шылаулардың кеңес туркологиясы кезеңінде жеке бір тарау ретінде
қаралатындығы белгілі.Қазақ тіл білімінде шылау атауымен сөз табы
есебінде А.Байтұрсыновтың Тіл құралы атты еңбегінен басталады.Мұнда шылау
сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған. Ы.Шақаманова өз
зерттеуінде шылаулардың аффикске айналу қасиетінің барын жоққа шығара
алмайтындығын айта кеткен [10,б.14]. Жалпы Орхон-Енисей және Талас жазба
ескерткіштер тілімен қазіргі қазақ тілі аралығында 16 ғасырлық айырмашылығы
болғанымен, екі тілде де бар шылауларды алып қарасақ, соншалықты алшақтық
жоқ.
Кесте 1 Руникалық көне түркі ескерткіштер тіліндегі қазіргі қазақ
тіліндегісімен салыстырылуы.
Көне т. тіліүчун тегі сайу өкоқ кісре өтрі Тада баму
кідін
Қазақ тілі үшін дейін сайын ақ кейін соң Даде маме
Тате папе
Көне т. тіліғугү аша че тапа түгүл қына Бірле қоды
Қазақ тілі ғой аса шақты таман түгіл ғана Бірге бойы
қой ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz