Тікелей салықтар және жанама салықтар
Тікелей салықтар және жанама салықтар
Салықтардың анықтамасы; мәні және мазмұны жоғарыда айтылған
болатын. Оған тоқталмай, енді салқтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз
немесе жіктейміз:
1) салық салу объектісіне байланысты;
2) қолданылуына қарай;
3) салық салу органына байланысты;
4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке
салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары
мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық
салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын
да ескереді.
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген
салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама
салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де
(кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі
кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың
фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды
саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және
тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе
қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда
салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен
мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық
(жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты
(арнаулы)болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады
және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.
Мақсатты (арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей
түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын
салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа
салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған
табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен
қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу
объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,
мүлік салығы)нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге
асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті
жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді.
Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне
сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс
салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер
(арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық
органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-
інші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материялдарын сатып
алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары
сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын
жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел
банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген
адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судъялар табыс
етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген
мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган
салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға
хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу
мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің
бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне
берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану
құқығын куәландыратын және салық соммасының бюджетке төленгендігін
растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық;
2) есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау,
қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы
төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына
қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске
алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық
службалары үшін қолайлырақ және оның Қазақстанның барлық төлеушілері
қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері
жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл
айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың және баждардың
түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық
службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың,салық сипатындағы
алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. корпорациялық табыс салығы.
2. жеке табыс салығы.
3. қосылған құн салығы.
4. акциздер.
5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлімдері.
6. әлеуметтік салық.
7. жер салығы.
8. көлік құралына салынатын салық.
9. мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 3.
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
6. теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
7. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын
алым.
8. дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені алым үшін.
9. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүру алымы.
10.аукциондардан алынатын алым.
11.елтаңбалық алым.
12.жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық
алым.
13.телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радио жиелік
спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем
ақы.
3. қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемақы.
4. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. орманды пайдаланғаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz