ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ ЖАЙЛЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 940.2(574)

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ

С. Тәжіғұлова
Ғ. Мұратбаев атындағы № 17 орта мектеп, Тараз қ.

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-
жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер
сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние
жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні
өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп
жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі
болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы
қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих
ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан
табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму
тарихындағы Көне түрік дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір
сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде
сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон,
Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай
Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына
жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен
Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей
жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім
жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан
негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан
ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының
алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон
өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа
жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де
байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск
ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы
болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.
Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес
халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау
Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының
қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік
Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде
батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып
жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі
қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай
бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-
ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне
түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон
өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған
3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі
Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі –
Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В.
Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон
жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш
ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында
Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның
қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген.
Көне түркі жазбаларын кейде руна жазулары деп атайды. Оның себебі:
Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г.
Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз
елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін
келе кеңінен таралып кетті.
Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі
жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә,
халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай
сөйлемдер кездеседі: Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым,
жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа
бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері -
дейді.[1]
Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде
бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл
бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап,
түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: Менің өзімнің
ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым
қайда? - дей [2] ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз арасындағы
күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп
отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті
деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және
қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште
империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп
түсіндерді.
Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес,
күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп
отырады.
Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз
заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі
кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы
түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы
болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі.
Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз
үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан
кездеседі. Мысалы: Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег
бопты, Түн қатып[3] деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық
ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып
келеді.
Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер
Талас ескерткіштері деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан
жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер
көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра
түсті. Оның төрт қырында да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ
шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-
Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері
тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен,
Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі
бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін
дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі,
Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува,
Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы –
Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі – Ленаға
дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу
дәстүрінен қалған барлық мұралар енуі. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының
жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі.
Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне Түрік жазуымен тас бетіне 240-тай
қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Маникей әріпімен 554 бетіне
жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар
жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама жалпы түрік
халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған
кездерінде қыруар мұралар қалдырған[4] .
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі
тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына
айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой
білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас
бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық
мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жәдігерлер қазына
ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды.
Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас
батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-
қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең
байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап
өсіп жатыр.
Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық
әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа бөледі.
Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған
ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен
тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
Көне түркі жазуы - түркі халықтарының тұңғыш әріптік жазуы
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері
Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Қорқыт ата бейнесі
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Пәндер