Шашубай Қошқарбайұлы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Шашубай Қошқарбайұлы

(1865-1952)

Жез таңдай мен қазақтың Шашубайы.

Кіреді сөйлеп кетсем, сөз шырайы.

Жамбылмен үзеңгілес сұңғыламын

Саңылақ деп үкілеген ел шынайы, -

деп, дүбірлетіп өткен Шашубай Қошқарбайұлы - ән мен жыржың еркесі Біржан сал, Ақан сері, Шөже, Кемпірбай, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Ғазиз, Мәди сынды ақындық, әншілік, орындаушылық яки синкретикалық өнердің иесі. Тіпті, орайы келгенде, айта кетейін, қазақ елінің көшпелі тетры, дала циркі, қазақ эпосының архиві болған өнерпаз деуге де әбден болады.

Ол 1865 жылы бұрынғы Қарқаралы уезіне қарасты Балқаш болысында, «Саршыған» деген жерде туған. Анасы Күнбала: « Атаң Жандабай сынды, аузынан жыры ақтарылған бұлбұл көмей ақын болар ма екенсің?» - деп армандайды екен. Ана арманының ақиқатқа айналғаны ғой. Шашубай он екі жасында сол маңдағы байлардың шашбауын көтеріп жүрген әлді бір ақын - сымақ шалмен, он үшінде Жақай, Кенжебала сияқты осы елдің ақын қыздарымен айтысып, ел көзіне ерте түседі.

Шашубай өз заманының өнер қайраткерлерімен, даңқты, адамдармен араласып жүрген. Ол Жетісу елінде Майкөт, Жамбыл, Қуандық, Сарыбас тәрізді арынды ақындармен сөз бәйгесіне түскен, Шөжеге жолығып, онымен бірге қазақ, қырғыз елін аралады. Осы бір өнер сапарында, Шөженің айтуынан, оның Кемпірбай ақынмен айтысын жаттап алған. Қояндыда Біржан салмен кездесіп, одан мынандай бата алған:

«Арқада кім тумаған, өнер кернеп.

Сайрадың сырнайыңды көкке сермеп.

Тартынба, талабыңды тарықтырма,

Айта бер өрістетіп әннен өрнек»

Шашубай Шөже, Кемпірбай, Біржан салдарды өзіне ұстаз тұтса, замандастары - Жамбыл, Әсет, Нұрпейіс, Ажар, Қақпан, Естай, Доскейдің де ықпалы аз болмаған. Нартай, Кенендер болса, өздерін Шашубайдың шәкіртіміз деп есептеген. Шыңғыс тауының етегінде Абайға жолығып, онымен бірге аң аулап, түлкі қуысады. Үш жыл бойы Балуан Шолақпен бірге болып, қалың елге өнер шашады. Құнанбайдың «түйе палуаны» атанған, Абаймен құлын-тайдай тебісіп бірге өскен. Байқұдамен біраз бірге болғаны тағы белгілі.

Иессі қазақ жұрты от ауызды, орақ тілді, сан қырлы, өнепазды «Алмас тілді Шашубай», «Жорға Шашубай», «Жүйрік Шашубай», «жыр думанын дию перісі» деп те атапты.

Еті тірі, санасы ерте оянған Шашубай азулылыр мен тырнақтылардың да алдында да айылын жыйып, басын шұлғымағаны аңғарылады.

Би - қасқыр, бай - арам ас болды залым,

Барыстай жазды болыс тырнақтарын.

Қоян деп мені түріп жемекші едің,

Шықты ғой арыстан боп алысқаның.

Немесе:

Жасым бар жетпіс бесте, жылым барыс,

Азуым, бай дегенде, алты қарыс.

Жасымнан қас қылғанға қас болдым да,

Бермедім адамшылық, қолдан намыс.

Октябрь ревалюциясы Шашубай творчествосын жаңа бір белеске көтеріп, ақындық өнеріне кең өріс ашады. Ендігі жырлары асқақ қуат, кен серпінге ие бола түседі.

Мен жігіт көңілім шат, өмірім бақ,

Сөзім бал, тілім майда, жырым бұлақ.

Осының барлығы үшін октябрьге,

Көп алғыс күнде айтудан тынбайды жақ -

деп, Октябрь революциясына шын ризашылық сезімін білдіреді. Ақын Ленинді, Коммунистік партияны, сүйікті отанымызды тебірене жырлайды.

Ол Ленин маған асқақ жыр да берді,

Мәңгі өшпес жүрегіме нұр да берді.

Жасаған бақытының қазынасынан

Құшақтасам құшақ жетпес сый да берді.

Октябрь революциясының алғашқы күндерінде - ақ халық таланттарын сақтауға, халық твочествосына жаңашырлақпен шұғыл көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде, көптеген өнерпаздар тұсаудан босап, советтік дәуірдің жыршысына айналды. 1940 жылы, май айында, жасының тоқсанға, творчестволық еңбегінің жетпіс бес жылдығына орай, халық ақыны Доскей Әлімбаевтің юбилейі өтті. Сонда Шашубай тұлпар шабытқа мініп, жыр дүлдүліне бостандық таңын әкелген жаңа заманға былай деп сыр шерткен:

Ертеде октябрьдің таңы қылаң,

Саңқылдап егіз туған екі қыран.

Ежелгі езген жауды талқан етіп,

Күн берген өшпес мәңгі саған, маған.

Сол күннің шуағымен сен де мен де,

Жасарып, жанаттанып кеттік демде.

Ленин ғасырының бұлбұлы боп,

Мінекей құрметтелдік туған елде -

деп, ризалығын білдіреді.

1936 жылы Шашубай Алматыға шақыртылады. Халық ішінен суырылып шыққан өнепаздардың бас қосуында Шашекең «Үш шыбық», «Тақия тайтаңы» ойындарын көрсетеді. Жамбыл, Орынбай, Доскейлермен кездеседі.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған мәдени - рухани байлығын емін -еркін игерген, халық жырының мұхитында өскен жел жетпес жүйрік халық әндері мен қисса дастандарды және толғауларды жатқа білген. «Тоты», «Қамбар батыр», «Ақтамберді», «Сұраншы Бөкей» дастандарын ел ішінде айтып жүрген. Сондай-ақ, Ақтанберді Сарыұлының «Күмбір - күмбір кісінетіп» өлеңін 1940 жылы Шашубай Қошқарбайұлының айтуынан Сәбит Мұқанов жазып алған екен. Шашубайдың «Майда қоңыр», «Ырғыма - сырғыма», «Мамық қызға», «Ақ қайың», «Сырлы қайың», «Жамалға», «Кербез кер» және тағы басқа әнедрі көпшілікке мәлім. Бұл әндерінде махаббат, өнер, табиғат туралы ой шертеді. Қай әнін болмасын, адам жанын шуаққа, мөлдір сезімге бөлеп айтады. Мәселен:

«Құс атып, аң аулаймын Саршығаннан,

Ақтұйғын жігіт едім қаршыға алған.

Күніне отыз үйрек, он қаз алсам,

Емес ем төсін шоқып, қан шығарған.

Қияға ұя салған қыран едім,

Аққудың төсіне ұйықтап талшық алған».

Немесе, «Мамық қызға»:

«Қарағым, көңілім ашық раушаннан,

Бетің аппақ жарқырап атқан таңнан.

Дидарыңды бір көрсем көңілім өсіп,

Еккен жеміс секілді миуланған.

Кәмшат бөрік шекеде жырта қарыс,

Қолаң шаш аш беліне алты оралған.

Дарияның ортасында сен бәйтетек

Мен бұлбұл бұтағына сайрап қонған».

« . . . Көк ала түтінімен лапылдаған,

Жалыны жүрегімнің басын алған.

Сенің тілің секілді алуа - шекер,

Сорсам, алтын қасықтай балға малған».

« . . . Жолым жіңішке жігітпін жолбарыстай,

Аттасам айшылық жол бір қарыстай».

Өнер пырағын ерттеп мінген Шашубайдың ақындық, әншілік болмысы, өрнек - мәнері «Сырлы қайың» өлеңінде-ақ жарқырап көрінеді.

« Сегіз пұт, сексен қадақ бұл әнімді,

Салуы басқа ақынның қиынырақ». -

дегенінен дарынның өзіне деген үлкен сенімі байқалады. «Кедейлік» атты өлеңінде Шашубайдың өмірбаяны, бастан кешкені айтылады. Кейбір тұстарына көңіл қояйық:

«Екі арсыз қатар шыққан ұйқы, тамақ,

Кедейлік ұстап алды жүндей сабап.

Өнер, шіркін, өрлетіп жатқызбайды,

Домбыра ап өлең айттым, қылып талап».

« . . . Талабым таудай туған өнерлі едім,

Емін еркін еркіме жібермейді».

« . . . Қолда мал жоқ болғанмен, көңілім бай,

Байлығым жомарттығым Атымтайдай».

Бұл кезде ақын сөздері салмақты ой, сылқым сезім, сырлы күй, ірі мағына арқалап түрі мен мазмұны араласып, жымы, жігі бөлінбейтін, поэзиялық, сұлулыққа, нәрлілікке, көркемдік ою - нақыш пен байын, артистік, әншілік өнерін биік бағалай отырып, оның өлеңдерінен «әрбір дыбысына дейін түбіттен бе, қауырсыннан ба жаралғандай, жеп-жеңіл, мөп-мөлдір» деп жазады. (Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар, Алматы. 1976. 221 бет) .

Қазақ даласындағы жәрменкелер халық ішінен суырылып шыққан өнерпаздардың ойын-сауығының куәсі болғаны баршаға мәлім.

Сол жиындар Шашубай творчествосына да кен өріс болғаны ақиқат.

Ол айтыс ақыны, композитор, әнші, сырнайшы, жонглерліқ-клоуындық өнердің де иесі, халық ақындарын асқан ептілікпен орындайтын шебер де болған. Айталық, басындағы тақиясын көз ілестірмей маңдайына секіртіп не желкесіне әкеліп ойнатады екен. Төбесімен жүргенде аяқтыдан кем соқпаған көрінеді. Доңғалаққа ұқсап, дөңгеленгенде; таяқтың ұшына таяқ қойып, дөңгелеткенде: аттың үстінде төбесімен шаншылып тұрып шапқанда, құрықты бес саусағына кезек қондырып, қарынына дейін жеткізгенде алдына қоыйлған түрлі ыдыс-аяқ, тағамдардың еш біріне қол-аяғын тигізбей дастархан бетінде қоянша жорғалағанда, «Мынау дию ма, пері ме», - деп жұрт қайран қалысады екен.

Шашубайдың ғажайып өнерімен ұшқындарын С. Бегалиннің, С. Мұқановтың, Ә. Тәжібаевтің, Е. Ысмайыловтың, Д. Әбілівтің, К. Дәукеновтың, Ә. Хангелдиннің, Қ. Әбдікәдіровтың, С. Сейітовтың, Е. Тұрсыновтың еңбектерінен көреміз.

«Мен бұл ойын өнерін Кемпірбай ақыннан, бертін кезде, Балуан Шолақтан үйренген едім. Кемпірбай тамаша ойыншы еді. Оның бір ауылға келген ізінде, кеткен ізін де көре алмайтын едік. Аяғына сырық байлап жортқанда бір түнде бірнеше көш жер жорытатын. Іңірде бірге қонып отырған Кемпірбайдың жиырма-отыз шақырым жердегі ауылдан, ертеңінде, шай ішіп отырғанын көретін едік», - дейді Шашубай (Ы. Дүйсенбаев, Ш. Құсайынов. қазақтың ауыз әдебиеті және халық ойындарындағы теарт - драмалық элементтер. - «Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы, 1948, №4, 74 -бет) Иә, сан қырлы өнердің басын қосқан Шашубай ұлан - байтақ қазақ даласында жалқы тұлға емес. Халық арасында мұндай өнерпаздар аса мол.

Шашубай творчествосының тағы бір елеулі жағы - оның айтыстары. Ол Көшен Елеуовпен (1943) және Болман Қожабаевпен (1944) айтысты. Онда ақын туған жер тереңінде тұнып жатқан қазына - байлықты тебірене жырлайды. Мысалы, Көщен Елеуовпен айтысында мынандай жолдар бар:

Жерім бар көз жеткісіз кен шалқыған,

Дүние таңырқаған зор даңқынан.

Көпіртіп, көк теңіздің көбігіндей

Сол жерден мың-мың тонна мыс қалқыған.

Немесе:

«Ернеуі, қанша алса да, кемімейтін,

Елімнің шығыстағы қазанымын».

Немесе:

«Дүниеде екі алыптың біреуі - мен,

Басқасы астар түгіл болмайды әдіп».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Цирк өнері
Ақан сері өлеңдері
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі
Әлем қалаларына саяхат
Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Қарқаралының марқасқасы –Мәди
Ән жанрлары мен мектептері
Т. Нұрмағамбетұлының шығармалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz