Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушы, мәдениеттанушы
ИСЛАМ [1]
Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз
бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед
Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында
адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам
өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi
құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi
барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен
күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм
болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке
келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың
аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi. Бұлар және
осы түбiрден жасалған сәлм, сәлам, әслеме сөздерi сөздiкте
бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу,
берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда,
сәлиме етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып,
оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа
берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды
бiлдiредi. Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннет туралы дар
әс-сәлам, яғни тыныштық өлкесi делiнген (Құран Кәрім 1025). Себебi,
мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-қатерден ада, толық бақыт пен
қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Аллаһ Тағаланың есiмдерiнiң бiрi әл-
Сәлам, яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада, толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм
өзiне мойынсұнылатын дегендi бiлдiредi.
Исламның не екенiн толықтай түсiну үшiн осы сөзбен түбiрлес сөздердiң
мағыналарын әбден бiлiп алған жөн. Сонда, исламның тек сенiм мен ахлақи
(этикалық) құндылықтардан ғана құралмағаны, Батыс ұғымындағы религия
сөзiнiң исламды түсiндiруде жеткіліксіз болатыны анық болмақ. Ислам сөзi
сенiм мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбiтшiлiк пен татулықты,
жүгiну мен тепе-теңдiктi, әсiлi, тұтастай өмiр сүру салтын бiлдiредi. Ислам
Құран Кәрiмде есiмдерi аталған барлық пайғамбарларға жiберiлген иләһи
(тәңiрлiк, құдайы) дiндердiң ортақ аты. Себебi, тәңiрлiк уахидың
(Жаратушының сөздерінің елшіге жеткізілуі, откровение – М.Б.) бастаушысы
һәм әлемдердiң жаратушысы бiр Аллаһ ғана. Сондықтан, Аллаһ Тағала тарапынан
ислам деп аталған бұл дiн пайғамбарлар арқылы түрлi ғасырларда түрлi
қауымдарға баян етiлген. Ең соңғы формасы Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.)
бiлдiрiлген. Құранның бiлдiруiнше, Аллаһ Тағаланың алдындағы бiрегей хақ
дiн ислам ғана (319) және бұл дiнге сенушiлерге мұслим (мұсылман,
бағынған – М.Б.) есiмiн Жаратушының өзi берген (2278). Аяттарда өткен
пайғамбарлар мен оларға иман еткендердiң барлығы да мұсылмандар едi
делiнедi (2128, 2131-133, 2135-136, 320 және 367). Ал, мұмин (иман
еткен, қазақшада – момын, М.Б.) сөзi әр түрлi қорқыныштан және күмәннан
амандықта болу дегендi бiлдiретiн әмн сөзiнен жасалған. Демек, мұмин
өзiне аманат етiлген иман және құлшылық ету мiндетiн лайығынша атқарушы,
Иесiне тәсiлiм болушы және қуанышқа жетушi адам. Ислам күллi ғаламдағы
барлық махлұқтар мен заттар бағынатын өмiр сүру, тiршiлiк ету формасы.
Сондықтан, барлық субстанциялар мен жәндiктердiң табиғи өмiрi ислам халiнде
болады. Олардың iс-әрекеттерi мен тiршiлiгiнде бас көтерушiлiк, хаос,
асылық байқалмайды. Барлығы да тәңiрлiк заң шеңберiнде өмiр сүредi. Ал,
ақыл иесi адам баласы өз еркiмен исламды ұстанатын болса, онда оның
өмiрiнде де табиғаттың өмiрiнде де ислам, яғни бейбiтшiлiк, тепе-теңдiк
болады.
Исламдағы дiн ұғымының мағынасын анықтап алғанымыз жөн болар. Араб
тiлiндегi дiн сөзi дәйн түбiрiнен шыққан, үстемдiк, егемендiк, бас ию,
қарыздану, тапсырылу, бiреудiң бұйрықтарын орындау, оның билiгiн мойындау,
заң, жол, әдет, жауапқа тарту, жаза беру, сыйлыққа бөлеу, үкiм, мүлiк,
дағды сияқты көптеген мағыналарды бiлдiредi. Осы түбiрден жасалған және
Аллаһ Тағаланың есiмдерiнiң бiрi болып табылатын әл-Дәййан абсолюттi
құдiрет иесi, әр iстiң бодауын беретiн, хикметпен басқаратын, егемен күш
иесi дегендi бiлдiредi. Ал, осы түбiрден жасалған мәдин – құл; мәдине –
қала; тәмәддүн – дiндi яки қалалық, тәдаййұн – қарыздану; дийанат –
дiн және милләт; мұтәдәййин – дiндар һәм мойынсұнғыш дегендi бiлдiредi.
Демек, дiн дегенiмiз аса биiк билiк иесiне мойынсұнып, оған бағыну және
оның бұйрықтарын орындау дегендi бiлдiредi. Дiннiң тек Аллаһ Тағалаға тән
болуының себебi билiк иесi Жаратушының бiрегей үкiм қоюшы және құлшылық
етуге лайықты бiрегей тәңiр болуына байланысты. Ислам ұғымында дiннiң
мазмұнында көрсетiлген мағыналарды лайығынша түсiнiп, орындағандарға әжiр-
сыйлықтар, ал орындамағандарға тиісті жаза берiлмек.
Ислам дiнiнiң негiзгi қағидасы Жаратушының бiрлiгi сенiмi болып табылатын
тәухид нанымында. Құран Кәрiмде бұл қағида көптеген аяттарда лә илаһа
илла Аллаһ, яғни Аллаһтан басқа тәңiр жоқ, құлшылық етуге лайықты тек
Аллаһ ғана деп түсiндiрiлген. Жер мен көктердегi нәрселердiң барлығын
Аллаһ жаратқан. Ол – барлық нығметтердi жаратушы, әр нәрсенiң мөлшерiн (әл-
қадар) белгiлеушi, өмiр берушi, өмiрдi жоюшы, шексiз күш-құдiрет иесi,
толық үкiм қоюшы, билеушi, теңдесi, ұқсасы яки сыңары жоқ, тумаған һәм
туылмаған, кем сипаттардан ада, еш нәрсеге мұқтаж емес, шаршамайтын,
ұйықтамайтын, бiрегей көмек берушi, жасаушы, шексiз ғылым иесi Жаратушыны
бiлдiредi. Мiне, осындай қасиеттерi бар тәңiрдi Құран Кәрiм көптеген
есiмдерi және сипаттарымен бiлдiредi. Жаратушының ең көп кезiгетiн есiмi
Аллаһ. Құран Кәрiмде екі мыңнан астам жерде аталады. Ал, жоғарыда аталған
және тек Аллаһқа тән сипаттардың бәрiн яки бiрнешеуiн басқа бiреуге артқан
адам Аллаһ Тағалаға шiрк келтiрген, яғни ортақ қосқан болады. Бұл
мұсылмандық иманды зақымдайды.
Мұсылмандар Аллаһ Тағаланың мәлектерiне, барлық хақ кiтаптарға (сахифалар
мен Тәурат, Забұр, Iнжiл және Құран), Құранда есiмдерi аталған
пайғамбарлардың барлығына (Нұх, Идрис, Ибраһим, Мұса, Дәуiт, Иса, Мұхаммед
т.б.), ахирет күнiне, өлгеннен соң тiрiлуге иман етедi. Құран Кәрiм өзiнен
бұрынғы хақ кiтаптардың растаушысы және Жаратушының ең соңғы үкiмi болып
табылады. Құран Кәрiм араб тiлiнде 114 сүре және алты мыңнан астам аят
болып түсiрiлген. Мұнда Жаратушының сипаттары, әлем мен адамның жаратылуы,
құқық қалыптары, бұрынғы қауымдардың ғибратты қиссалары, ғибадаттар сияқты
көптеген мәселелер туралы айтылады. Әлемдегi барлық мұсылмандар Мұхаммед
(с.а.у.) пайғамбарға түсiрiлген Құран Кәрiмдi өзгерiссiз күйiнде оқиды. Ал,
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да өзiнен бұрынғы елшілерді растаушы ең соңғы
елші. Ислам дiнi өзiнен бұрынғы хақ дiндердi мойындау жағынан бiрегей мысал
ретiнде әлемдiк универсалды дiн сипатына ие.
Ислам пайғамбары Әз Мұхаммед (с.а.у.) 569 жылы шамасында Мекке қаласында
дүниеге келген. Әкесi – Абдұллаһ Абдұлмұтталибұлы (уаф. 569?), шешесi -
Әмина Уәһбқызы (уаф. 575577?). Әкесi туар алдында, ал шешесi кiшкентай
кезiнде қайтыс болғандықтан, немере ағасы Әбу Тәлiб Абдұлмұтталибұлының
(уаф. 619) үйiнде өскен. Мұхаммед (с.а.у.) және Меккенi мекендейтiн құрайыш
руының басым көпшiлiгi ұмми, яғни сауатсыз немесе кітап оқи алатын
дәрежеде сауаты жоқ адамдар болатын. Басқа мәдениеттермен етене қатынаста
болмаған Хижаз өлкесі арабтарының көпшiлiгi көшпелi өмiр сүрiп, өз
қолдарымен жасаған пұттарға табынушы едi. Дәстүрлі ислами деректер бойынша
Мұхаммед (с.а.у.) өзi өскен қоғамдағы жаман әдеттерге ұрынбаған, пұттарға
табынбаған. Оның адал және тура сөздi болғаны соншалық, Меккелiктер оны
Мұхаммед әл-Әмин, яғни Сенiмдi Мұхаммед деп шақыратын. Қырық жасқа
келгенде Аллаһ Тағаладан Құранның алғашқы аяттары уахи етiлiп, нәбилік
(елшілік) мiндетi тапсырылады. Әйелi Хадижа Хуайлидқызы (уаф. 619), досы
Әбу Бәкiр Әбу Кұхафаұлы (571?-634), немере iнiсi Әли Әбу Тәлiбұлы (уаф.
661) сиқяты адамдар оған бірден иман етiп, исламды қабылдайды. Күн өткен
сайын иман етушілердің саны көбейедi. Олар Мекке қаласын билеушi топ уә
дәулеттi рубасыларының аяусыз қарсылығына тап болады. Мұсылмандар мен
Рәсұлұллаһ 622 жылы Меккенiң солтүстiгiндегi Йесриб қаласына көшуге мәжбүр
болады. Һижрат деп аталатын осы елеулі уақиға Омар әл-Хаттабұлының билігі
тұсында (634-644) мұсылмандардың жыл санауының басталуы болып бекітіледі.
Хазіретi Мұхаммед (с.а.у.) Мәдинеде (Йесриб кейінтін Медине аталған – М.Б.)
ислам дiнiн насихаттап, қала-мемлекеттi орнатады, мұсылмандардың саны күрт
көбейедi. Сөйтiп, 630 жылы Мекке азат етiледi. Пайғамбарымыз қасиеттi
Кәғбаның iшiндегi пұттардың барлығын жояды. Хақ елші 632 жылы қайтыс
болғанда Арабыстан жерiнiң басым көпшiлiгi ислам дiнiн қабылдаған едi.
Ислам дiнiндегi ең маңызды ғибадаттардың бағзылары мыналар: Құран Кәрiмдi
оқу және түсiну, ғылыммен шұғылдану, жиһад ету, намаз оқу, дұға ету,
Рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару, iзгi
амалдар iстеу, ізгілікті уағыздау, адал жолмен ризық табу т.т.. Ислам
дiнiнде бәййине, яғни дәйектi дәлел болмайынша бiреудi кiналауға, айып
тағуға болмайды. Иман ету нақты дәлелдерге сүйене отырып сенудi, ал
имансыздық, шiрк (Жаратушыға ортақ қосу – М.Б.) және керi қағу –
дәлелсiздiк пен бiлiмсiздiктi бiлдiредi. Олай болатын себебi Жаратушының
барлығы мен бiрлiгiн дәлелдейтiн он мыңдаған айғақтарды көрмеу яки
мойындамау тек дәлелсiздiктiң, махрұмияттың белгiсi ғана бола алады.
Құран Кәрiм аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалаға, Оның елшiсi
Мұхаммедке (с.а.у.) және мұсылман әміршілерге бағынуға мiндеттi (459).
Тек, Жаратушыға асылыққа болысуға болмайды. Мұсылмандардың iстерiн реттеушi
басшы еркiн сайлау арқылы қызметке келедi. Ислам құқығында биғат деп
аталатын дауыс беру азаматтардың ерiктi түрде ризашылық бiлдiруiмен болады.
Қоқан-лоққымен яки күшпен жасалған биғат жарамсыз болып табылады. Басышының
мiндетi аяттарда көрсетiлген қағидалар негiзiнде және кеңесе отырып елдi
басқару. Кеңесе отырып басқару (шура – М.Б.) исламдағы мемлекет басқару
жүйесінің басым сипаты болып табылады (4238). Бұл басқару жүйесiнде
өктемдiк бiр адамның яки бiр таптың немесе бiр рудың ғана қолында болуы
мүмкiн емес. Шура деп отырғанымыз мемлекет басшысы мен әміршілердің,
әкiмдердiң сала мамандары мен халықтың кеңес-ұсыныстарын ескеруi, санасуы,
көпшіліктің бақылауында болуы.
Ислам қоғамының мүшелерi ағайындар болып табылады. Адамдардың нәсiл, тiл,
әлеуметтiк мәртебе, шыққан тегi жағынан үстемдiгi болмайды, барлық адамдар
тең дәрежелi, үстемдiк тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуада
(2198), яғни Аллаһтың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан аулақ болып,
кәмiл мұмин болуда. Ислам дiнi қоғамдық өмірді – жамағатты, яғни адамдардың
ұйымдасып, бiрлiкте болуын уағыздайды. Бұл бiрлiктелiк құр масса болып
бiрiгу емес, саналы һәм үйлесiмдi бiрлiктi бiлдiредi. Ислам дiнiнiң
қағидалары тек дұрыс ұйымдасқан жамағат болғанда ғана толыққанды жүзеге
асырылады. Жамағат болып ұйымдасқан мұсылмандар бiрiн-бiрi әбден танып,
бiрiн-бiрi жақсы көрiп, бiрiне-бiрi көмек берiп ынтымақтастықта болады.
Олар бiр-бiрiнiң кем-кетiгiн түгендеп тұрады. Намаз, қажылық, зекет сияқты
көптеген ғибадаттар ылғи да көпшiлiктi, жамағатты талап етедi.
Ислам нанымы бойынша жәннет расұлдардың (пайғамбарлардың) дағуатына
мойынсұнып, Аллаһтан келген хақ дiндi ұстанып, iзгi iс iстеп, жақсылық
жасаған адамдарға сыйлықтары берiлетiн құтты мекен. Адам баласы Аллаһ
Тағалаға құлшылық ету және қайырлы амалдар iстеу үшiн жаратылған. Бұл оның
бұ дүниеге келу себебi. Жаратылыс заңдары да осыны дәлелдейдi. Әлемдегi
нәрселердiң барлығы да Аллаһтiкi және адамдардың пайдалануына берiлген.
Бұған шүкiршiлiк етiп, өзiне берiлген сансыз нығметтер мен iзгiлiктер үшiн
Жаратушыға мойынсұну, бағыну адамның парызы болып табылады.
Ислам дiнi барлық қатынастар мен iс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дiн.
Әсiре сiлтеушiлiктi, әдден асуды, ысырапшылықты, шектен шыққан азғындықты
хоштамайды, дүниелiктi жексұрын санамайды. Құран Кәрiмдегi көптеген
аяттарда мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес, сонымен қатар дүниеде де
iзгi нығметтерге бөленетiнi бiлдiрiлген (2201, 7156, 16122, 1064). Сол
себептi, ахиреттегi бақытқа ие болу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz